Амал шартты, Қарсылықты , үлестес сабақтас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 09:02, лекция

Краткое описание

Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған орай да бұларда хабарланған іс-әрекеттердің екеуінде бірдей орындалмай, тек біреуінде ғана жүзеге асатындығы көзделеді. Салалас сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де осындай заңдылықтың негізінен шығып жатады. Талғаулы салаластың бұдан бұрын талданған салалас сөйлемдерден өзіндік айырмашылығы бар. Ол айырмашылық – талғаулы салалас сөйлем тек қана жалғаулықтар арқылы жасалады. Мұның жалғаулықсыз түрі болмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат курмалас.docx

— 21.21 Кб (Скачать документ)

       Қазақстан  Республикасының білім және ғылым  министірлігі   

Академик Е.А.Букетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университеті     

 

 

 

 

 

 

 

 

        

         Реферат                                    

 

 

 

тақырыбы: Амал шартты, Қарсылықты , үлестес сабақтас

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

                                                              Қабылдаған: Жуынтаева З.Н.

                                                              Орындаған:  Дүйсембай Қ.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Қарағанды 2014

                                        Жоспар

 

1. Қарсылықты сабақтас

2.

3.

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

   

      Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін еленбей келді. 30 жылдары проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас.

       Шарттылық  мәндегі сөйлемдер құрмаластың  қай түрінде болса да кездесе  береді. Салалас құрмаласта оның  өзіне тән арнаулы жолдары  болады.  Шартты салалас сөйлемдерде  компоненттердегі оқиға мазмұны  бір-біріне шарттастық мәнде құрылады. Жасалуы жағынан олар әрі жалғаулық  арқылы, әрі жалғаулықсыз да келе  береді. Мағыналық көрінісі жағынан  жалғаулықсыз түрінің жалғаулықты  шартты салаластан ешқандай айырмашылығы  жоқ. Тек мұнда компоненттер арасында  ешқандай жалғаулық қолданылмайды.

      Салалас  сөйлемнің салыстырмалы түрі  қазақ тіл білімінде соңғы  жылдары саралана бастады. Алайда  тіліміздің табиғатында осындай  мәндес сөйлемдер бұрынннан да  бар. Олар көбінесе мақал-мәтелді  сөйлемдердің заңдылықтарынан шығып  жатады.

      Талғау  мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік  компоненттеріндегі оқиғалардың  орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған  орай да бұларда хабарланған  іс-әрекеттердің екеуінде бірдей  орындалмай, тек біреуінде ғана  жүзеге асатындығы көзделеді. Салалас  сөйлемнің бұл түрінің талғаулы  деп аталуының себебі де осындай  заңдылықтың негізінен шығып  жатады. Талғаулы салаластың бұдан  бұрын талданған салалас сөйлемдерден  өзіндік айырмашылығы бар. Ол  айырмашылық – талғаулы салалас  сөйлем тек қана жалғаулықтар  арқылы жасалады.  Мұның жалғаулықсыз  түрі болмайды.

        Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы коипонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады.

      Қарсылықты  бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік  компоненттерде хабарланған оқиға  нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы  қойылады. Осыдан барып олардағы  іс-әрекеттердің орындалуы бірінде  теріске шығарылады. Осындай заңдылығымен  де ол басқа бағыныңқылардан  ерекшелене алады. Қарсылықты бағыныңқылы  сөйлем синтаксистік компоненттерде  баяндалған оқиға-әрекеттердіңмазмұн  желісі жағынан бір-біріне қарама-қарсы  қойыла айтылуы негізінде жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

        Құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған зерттеулерде қарсы бағыныңқылы құрмалас сөйлем сабақтастың бір түрі ретінде кейде қаралса, кейде атаусыз қалып отырған. Мұның ең алғаш ауызға ілігуі 20 жылдардан А. Байтұрсынұлы еңбегінен басталады. Онда мұны ереуіл бағыныңқы деп атаған да, шартты рай формалы етістіктің да, де шылауына  тіркесіп айтылуы арқылы жасалатын бір ғана түрі келтірілген. Қ. Жұбанов жасаған 1936 жылғы оқу бағдарламасында да, 1938 жылы жарияланған Н. Сауранбаев мақаласында да қарсы бағыныңқылы сабақтас деген сөйлем жоқ. 20 жылдан кейін мұның ауызға ілігуі 1939 жылы жарық көрген " қазақ тілінің грамматикасы" атты оқулықта . Оқулық сабақтастың бұл түрін " қарсылықты сабақтас" деп атаған да, оның жасалуының екі түрін көрсеткен. бірінші да де шылаулы щартты рай арқылы, екінші көмектес жалғаулы өткен шақтық есімше арқылы Н. Сауранбаевтың педучилищеге арналып 1944 жылы шыққан оқулығында қарсылықты бағыныңқылы деп атап , оның жасалуының үшінші түрін, өткен шақтық есімшенің ша ше жұрнақты түрі арқылы да құрмаласатынын көрсетсе, 1948 жылы жарияланған "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі" атты еңбегінде оны " қайшы сабақтас құрмалас" деп атаған да , алдыңғы еңбегінде қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасаудың бір тәсілі ретінде алынған ша ше жұрнақты есімшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын түрін қолданудан шығарып, оның орнына үшінші тәсіл етіп, " бол, ал, бер " етістіктерінің шартты райдың болымсыз түрлерінде айтылуы арқылы жасалатын сабақтастарды жатқызған.  Оған, Әкеңнің өзі айтып бермесе, Абай аналардың қуанышпен қарсы алған көңілдерін мұңайтқысы келмеді деген мысал береді.

       Келтірілген  шолудан да байқалатындай, сабақтастың  бұл түрі де әр автор ғана  емес, бір автордың әр кездегі  еңбегінде әр түрлі баяндалып  келген. сол ала құлалықтардың  жойылып, мәселенің бір ізді шешілуі 1961 жылы баспадан шыққан " Қазіргі  қазақ тілі " атты оқулықтан  басталады. терминдік  және жасалу  жақтарын сөз еткенде бірізділік  болмағанына қарамастан, сөйлемге  анықтама беруде оны зерттеушілердің  барлығы да " қарсы бағыныңқылы  сабақтас деп компоненттері мағыналық  жақтан бір біріне қайшы мәнде  айтылатын сабақтас құрмалас  сөйлемді атайды"  деген анықтаманы  қолдайды. Бұл анықтама дұрыс.

      Компоненттерінің  мағыналық қатынастары жағынан  алғанда, қарсы бағыныңқылы сабақтас  сөйлем қарсылықты салалас сөйлемге  ұқсаса. екеуінің компоненттері  де мағыналары бір біріне қайшы  келетін оқиғаларды баяндайды, өзгешеліктері  тек құрмаласу тәсілдерінде ғана  бірінің салаласа, екіншісінің сабақтаса  байланысатыныңда. Мысалы Ол келді, бірақ мен жолыға алмадым. Ол  келгенмен мен жолға алмадым.

      Компоненттер  мағыналарындағы қарама қарсылықтың  түрлері де, олардың көріну тәсілдері  де алуан алуан. Мсалы Буржуйлар  советтің үнін өшіреміз деп  жанталасса да, жұмысшы мен шаруаның  еркін тұншықтыра алмайтынына  бұл жиналыс айғақ.

       Келтірілген  мысалдың біріншісінде бағыныңқы  компонентте  істелмекші  болған  әрекет сөз болса, басыңқы компонентте  ол әрекеттің жүзеге аспайтыңдығы  баяндалған. Ал мысалдың екінші  сөйлемінде  ондай екі түрлі  субьектінің бір біріне тікелей  қарама қарсы қойылған  әрекеттері  жоқ.  Мысалдың соңғы сөйлеміндегі  компонеттердің  мағына қайшылығы  алдыңғылардың  бірде біріне ұқсамайды. Мұңдағы қайшылық екі түрлі  затты әрекеті салыстыру, салыстырғанда  оларды теңдестіру мәніңде емес, біріне бірін қарсы қоя салыстыру  негізінен келіп туған қайшылық.

       Қарсылықты  бағыныңқы да қарсы мағынада  айтылатын, қарсылық мағынаны білдіретін  бағыныңқы компонент емес, басыңқы  компонент. Бағыныңқы компонетте  белгілі бір істі істеу немесе  істемеу үшін жасалған әрекет  баяндалса, басыңқыда оның керісінше  болғандығы баяндалады, басынқыда  оның керісінше болғандығы баяндалады. Мысалы Келер күнде көз алдына  осынша ақ айқын елес берсе  де, Ушаков ашық алысуға кете  алмайтының сезді. Екі көзі алдында  жатқан сөздерге Көпейдің сергек  зейін салып отырғаны байқалады.

       Бағыныңқы  компоненттегі белгілі бір әрекеттің, жағдайлардың логикалық нәтижесі  болуға тиісті табиғи қорытындысы  ретінде күтілген жайлар басыңқы  компонентте олай болмай шығады. Мысалы  Дәркенбай екі мықты  мырзаның қыспағында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін  қатты айғайлап айтып қалды.

       Екі  компонент арасындағы қарама  қарсылық мағынада бағыныңқы  компоненттың белгілі баяндауыш  формада айтылуы арқылы жасалады.  Ондай баяндауыш формасына мыналарды  жатқызуға болады.

       1. Бағыныңқы  компонент да, де шылауына тіркескен шартты рай формалы етістікке аяқталады. Мысалы, Анау жанжал уақытында, сол жылдары, Күнту басқа жаққа шығып кетсе де, Оразбай оны бір аяғынан іліп қалды. Дәрмен мен Мағаш , Кәкітайлар өздері сүйсінген ойларын аша алмаса да, Абай айтқан жайларға соншалық ынтыға қызығып тыңдайды.

      2.Бағыныңқы  компонент көмектес жалғаулы  есімшеге аяқталады. Мысалы, Қыс  қыстаулары басқа болғанмен, жаз  көбіне бірігіп  отырады. Барлығы  сол  Байтасқа жүрісін бастатқанмен, ән сәнін Әмір мен Үмітейге бағынтады .

     3.Бағыныңқы  компонент шартты рай формалы  етістікке аяқталады да, әр компонент  құрамында мағына жағынан бір  біріне қайшы келетін сөздер  болады. Ондай сөздер антоним  сөздер болуы да , етістіктің бірі  болымды, екіншісі болымсыз түрі  болуы да мүмкін. Мысалы, Зұлымдық  жалғыз ғана қалада екен десем, ел іші де шылқыған әділсіздік  екен. Өтірікші бала екен десем, мұның шешесінің де көз жұмбайды  екен ғой.

      4.Бағыныңқы  компонент көсемше формалы етістікке  аяқталады да, басынқы компонентте  бағыныңқы компоненттегі негізгі  пікірге қайшы мәнде айтылған  сөз болады. Мысалы, Секретарь Анатолий  Кондратьевичтің қызына Байжанның  жуырда үйленетінін біле тұра  бұл жөнінде ресми кенес үстінде  ыңғайсызданды. Гүлнәр Марфуғаны  сыйлай тұра, көңіліне қарай тұра, шын сүйген Байжанмен бос уақыттарын бірге өткізбей тұра алмады. Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті.

    

      5.Бағыныңқы  компонент ша, ше қосымшалы есімшеге  аяқталады да, сөйлем бағыныңқы  компоненттегі іс әрекеттің, жай  күйдің болғанынан басыңқы сөйлемдегі  іс әрекеттің артықтығын көрсетеді. Бірақ ондай артықшылық екі  түрлі іс әрекеттің теңдестіру  түрінде емес, біріншіге іс әрекетке  қарсы бола отырып, екіншідегі  іс әрекетті қолдау түрінде  болады. Мысалы,

                      Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

                      Еменге иір бұтақ бітсейші,

                      Қыранға тұғыр қыларға,

                      Ханнан қырық туғанша,

                      Қарадан бір ақ тусайшы,

                      Халықтың кегін қусайшы 

       Жалғыз  жүріп жол тапқанша, көппен бірге  адас. Сыртың сайлы болғанша, ішің  майлы болсын. Мынның түсін білгенше, Бірдің атын біл.  Білемін, ол  бүгін Құнанбай баласының жолы  болғанша, Қауменнің қанқұлысының  жолы болсын деп отыр.

       Қарсы  бағыныңқылы сабақтас сөйлем  жасауда  жоғарыда  талданған  тәсілдердің  атқаратын  қызметтері  бірдей емес.  Олардың  ішінде  қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем  жасауда жиі  қолданылатыны  да  және сөйлемнің мұндай түрін  құрмаластыру ең негізгі функциясы  болып  есептелетіні де көмектес жалғаулы  есімше мен да де шылаулы шартты рай формалы сөздер. Бұлардың солай екендігі қазақ лингвистикасында құрмалас сөйлем синтаксисінің алғаш зерттеле бастаған күнінен ақ танылған. ал кейінгі екі тәсілдің, яғни шартты рай формалы етістік пен ша ше жұрнақты есімшенің қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем  жасаудағы  рөлі алдыңғылардан біраз өзгеше.  Мағыналары бір біріне  қарама - қарсы  келетін жай сөйлемдерді құрмаластыру үшін де қолданылады. Мысалы: Тәкежанның ұрлатқаны шын болса, ол малдың жоқтаушысы  өзі болатыны  ескертіп отыр. Бүкіл жұмысшы көтерілсе, оған қаланың ұсақ қолөңершілері мен оқушылары дем беріп бас көтерер еді. Біз өткел басына келсек, ұзақ шұбақ табын табын өтіп жатыр екен. Мен келсем, менен әлдеқашан бұрын жұрт жиналып қалған екен. Қарсы келген топ қашан уйге кіріп болғанша , қызығына, ойын күлкісіне қарап аңырасың да тұрасың.

      Келтірілген  мысалдың  алдыңғы төрт сөйлемінде  бағыныңқы компонентті  шартты  райлы етістікке аяқталған.  Бірақ  компоненттерінің  мағыналық  қатынастары  жағынан алдыңғы екеуі шарттық  қатынасты білдірсе,  кейінгі  екеуі мезгілдік қатынасты білдіреді. ал енді  - ша, - ше жұрнақты есімше  арқылы құрмаласқан кейінгі екі  сөйлем компонеттері өзара мезгілдік  қатынаста тұр.

     Қарсы бағыныңқылы  сабақтастың өзіндік бір ерекшелігі  сол, оның бағыныңқы компоненты мағыналық жағынан басыңқыға меңгерілмейді,  оның белгілі бір мүшесіне жетектеліп, белгілі бір сұрауға жауап болып, тұрлаусыз мүшелер атқаратыңдар тәріздес қызмет  атқармайды. Мұндағы бағыныштылық компонент баяндауышының тек формалық жағынан тиянақсыздығында ғана, ал компоненттердің мағыналық  қатынастары жағынан алғанда қалыпты қарсылықты салалас сөйлеммен бірдей.

     

     

      

      Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы коипонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады.

      Қарсылықты  бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік  компоненттерде хабарланған оқиға  нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы  қойылады. Осыдан барып олардағы  іс-әрекеттердің орындалуы бірінде  теріске шығарылады. Осындай заңдылығымен  де ол басқа бағыныңқылардан  ерекшелене алады. Қарсылықты бағыныңқылы  сөйлем синтаксистік компоненттерде  баяндалған оқиға-әрекеттердіңмазмұн  желісі жағынан бір-біріне қарама-қарсы  қойыла айтылуы негізінде жасалады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердегі  орын алатын әр түрлі мағыналық  көріністі ескере отырып,  оларды жалпы екі түрге бөліп қарастыруға болады: реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы.

Информация о работе Амал шартты, Қарсылықты , үлестес сабақтас