XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 22:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыста болашақта санынатын Оңтүстік аймақтағы энергетикалық кешеннің энергетикалық көрсеткіштеріне сараптама және есептік зертеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:
- Болашақта Оңтүстік аймақта салынатын фотоэлектрлік күн стансаларының көрсеткіштеріне талдау жүргізілді;
- Қазіргі кездегі күн энергиясын пайдаланудың негізгі өндірістік саладағы бағыттарына сараптама жасалды;
- Оңтүстік аймағындағы күн энергияcының рессурстарының мәліметтері жыинақталды ;
- Күннің қозғалыс моделі және күн ресурстарын анықтау есептік алгоритмі құрылды;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Д_КОЖАНОВ.doc

— 4.07 Мб (Скачать документ)

II топ электрмонтерлерге, электрослесарьларға, электрдәнекерлеушілерге, практиканттарға және практикант – электриктерге беріледі. Бұл топты алу үшін берілген қондырғыда кем дегенде бір ай жұмыс істеу және аз ғана болса да электртехникалық білімі болуы,жұмыс кезінде негізгі қауіпсіздік шараларын ұстануы және ток соғу қауіпсіздігі туралы нақты түсінігі болу керек.  

III топ электртоктың ұруы туралы түсінігі бар, алғашқы көмек көрсете алатын, электрқондырғыда жұмысшыларға қадағалау жүргізе алатын және кем дегенде 6 ай стажы бар техниктерге, жаңа бастаған инженерлерге, практиканттарға, накладчиктарға және электрмонтерлерге беріледі.  

IV топ пайдаланудың техникалық ережесін, электрқондырғыда қауіпсіз қызмет атқаруды білетін және электрқондырғыда жұмыстың қауіпсіз істейді ұйымдастыра алатын, берілген қондырғының сұлбасының элменттерін талғай білетін кем дегенде 1 жыл стажы бар жұмысшыларға беріледі.   

V топ кем дегенде 6 ай стажы бар мастерлерге, техниктерге, инженерлерге және кем дегенде 5 жыл стажы бар практиканттарға және мастерлерге, сонымен қатар монтерлерге беріледі. Жұмысшылар IV топтың талаптарын білу қажет және ереженің әрбір пунктінің талаптары неден болатыны туралы нақты түсінікке ие болуы қажет, жұмыстың қауіпсіз орындалуын және кез келген кернеу кезінде қадағалауды ұйымдастыра алу керек.

Іске қосылған электрқондырғылардың жұмыс істеуі кезінде токөткізгіш  бөлікке тиісу өте қауіпті. Электр тогымен зақымдану жиі кездесетіннің  себебі токқабылдағыш оқшаулағышының зақымдануы. Осы жағдайда оның металды  сыртқы қабаты ток өткізгіш бөліктің жалаңаш жерімен байланысты болады, сондықтан оған жақындау өте қауіпті, бірақ оны байқау мүмкін емес.

Электрлік зақымдану  екі түрге бөлінеді: 1) электрлік екпін, ол кезде ток ішкі ағзаны зақымдайды, оның әсерінен жүйке жүйесінде мүгедектікке әкеледі, тыныс алу және қан айналу тоқтайды; 2) электрлік зақым, ол кезде электрлік доғалық әсерінен дене терісі күйіп қалады.

Зақымдану нәтиже әсерінің негізгі факторы болып ток  күші, оның өту уақыты және денеге әсері  табылады. Токтың өтуінің «қолмен - қол», немесе «қол - аяқ» жолы қауіпті болады, себебі осы жағдайда ток ағзаның тыныс алу және жүрек бөліктері арқылы өтеді.  

Соққы беретін токтың күші ылғалдан және қабат жағдайына  байланысты өте кең аралықта тербелетін, кедергіден және адам денесіне берілетін кернеуден тәуелді болады. Қалыпты жағдайда адам 1-1,5 мА жиілікте айнымалы токтың, ал 5-7 мА жиілікте тұрақты токтың түтіркенді әсерін сезеді. Осы токтар табандылықты және сезілетін деп аталады. Олар адам өміріне қатты қауіп төндірмейді және адам өзі тізбектен босанып шыға алады.

5 - 10 мА айнымалы токта түтіркену әсері біршама күшті болады, ол кезде бұлшық етте ауыру пайда болады, содан тырысады. 10-16 мА ток кезінде ауыруы қатты болып, аяқ және қол бұлшық етінде тырысу күштей береді де адам өзі тізбектен босанып шыға алмайды.

25 мА айнымалы ток кезінде тек қана аяқ – қол бұлшық етінде ауыру болмайды, сонымен қатар кеуде жасушасында да болады, ол тыныс алу параличіне әкеледі. 50 мА ток тынысалу орган жұмысының бұзылуына, ал 100 мА және одан да көп болғанда 1-2 с жүрек бұлшық етінің зақымдануын әкеледі. Осы кезде жүрек жұмысы тоқтайды, соның әсерінен жалған өлім болады. [21]

Егер электр тогы соққанның  нәтижесінде зардап шегуші жалған өлім күйінде болса, онда алғашқы дәрігерлік көмек жасанды тыныс алу жасау  керек. Барлық мамандандырылған персонал электр тогы соққанда, күйіп қалғанда, үсіп қалғанда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете алу керек.

Электр тогы соққанда көрсетілетін көмек екі кезеңге  бөлінеді: зардап шегушіні электр тогынан  босату және дәрігер келгенше алғашқы көмек көрсету. Зардап шегуші электр тогынан босату үшін тез арада электрқондырғыны жақын арадағы сөндіру аппаратымен өшіру және зардап шегушіні құрғақ киімнің соңғы жағынан резинкалы қолбақпен ұстап керек жерге апару керек. Егер осы кезде зардап шегуші тыныс алмаса, онда жасанды тыныс жасамау қажет.

Оқшаулағыш қорғаныс құралы негізгі және қосымша болып  екіге бөлінеді. Негізгі оқшаулағыш қорғаныс құралы электрқондырғының  жұмыстық кернеуіне төзе алады, оның бар болуы кезінде кернеу бар  ток өткізгіш бөлігіне жанасуына рұқсат етіледі. 1000 В кернеуге дейінгі электрқондырғыларға оперативті штангы және қысқыш, диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағышьты тұтқышы бар құрал-саймандар, кернеу көрсеткіштер және 1000 В кейінгі электрқондырғыларына оқшаулағыш штанг, оқшаулағыш және токөлшеуіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштер, оқшаулағыш баспалдақтар жатады.

Ал қосымша болып  электрқондырғының кернеуіне есептеліп  жасалмаған және қорғаныстың қосымша  шарасы ретінде қолданылатын, оқшаулағыш қорғаныс құралдары табылады. 

Жарақат алу тері қабатының зақымдануымен тығыз байланысты, соның нәтижесінде зардап шегушінің ағзасына таңу материалынан микроб түсуі мүмкін. Жарақаттану кезінде түрлі зардаптарды болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану керек:

- тез арада алғашқы көмекті көрсету үшін дәрігерге бару;

- жарақатты сумен жууға  және май жағуға болмайды;

- жарақаттан құмды,  ұйыған қанды алмау;

- жарақатты кір матамен  және оқшаулағыш лентамен байламау;

Ең дұрысы жеке пакеттен байлау матаны және бинтпен таңып  қою қажет. Таза бет орамалды немесе кенеп шүберекті пайдалануға болады.

Үсіп қалған кезде дененің үсіген бөлігін жүннен жасалған қолғаппен немесе мауыты қиынды кесегімен ысқылау керек. Содан кейін үсіген бөлікті бөлме температурасындағы суға салып, қызарғаннан кейін оны маймен (борсық майы, сала) майлайды және жылы етіп таңады. Күрделі күйік болғанда жарақатқа қол тимейтіндей етіп, киімді абайлап шешеді, жеке пакеттен тазаланған матаны қойып, оның үстіне мақта жабады, содан кейін бинтпен таңып, зардап шегушіні емделуге жібереді. Осындай алғашқы көмек пармен, электрлік доға әсерінен, ыстық мастиктен болатын күйік түрлерінде көрсетіледі. Осы кезде металл қалдығын немесе кірді алып тастауға болмайды. Электр доғадан көздің жарық арқылы болатын күйік кезінде бор қышқылдан дәкені басады және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.[22]   

Жұмыстың қауіпсіз орындалуы  үшін арнайы қорғаныс амалдары,  электрқондырғыда жұмыс істейтін, сақтандырушы адамдар  қызмет атқарады. Барлық қорғаныс амалдары сыналады. Олар тағайындалуы бойынша оқшаулағыш, шектегіш және көмекші болып келеді.

 

                                                                                                         4.1 кесте

 

Қорғаныс қорларының электрлік сынауының нормасы  және мерзімі

 

Аталуы

Электрқондырғының кернеуі, кВ

Сыналатын кернеу, кВ

Ұзақтылығы, мин

Сынау кезеңі

Сырттай қарау кезеңі

Оқшаулағыш тістеуіктер

1 – 35

Үш сызықты кернеу, 40 аса

5

2 жылда

бір рет

Жылына бір рет

Токөлшеуіш тістеуіктер

10

Үш сызықты кернеу, 40 кем емес

5

Жылында бір рет

6 айда бір рет

Кернеу көрсеткіш, (оқшаулағыш бөлік)   

110 кем емес

Үш сызықты кернеу, 40 кем емес

5

-

-

Фазалау үшін қосымша кернеулі түтік 

2 – 6

6

1

-

-

Активті токтың ағу принципімен  жұмыс істейтін, кернеу көрсеткіштер

0,5 дейін

1

1

-

Пайдалану алдында

Оқшаулағыш сабы бар монтерлік  аспабы

1

2

1

-

Сол сияқты

Резиналы диэлектрлі қолғап

1

2,5

1

6 айда

бір рет

 

Резиналы диэлектрлі ботилар 

Барлық кернеу үшін

15

1

3 жылда 

бір рет

6 айда бір рет

Резиналы диэлектрлі галоштар    

1 дейін

3,5

1

Жылына 

бір рет

Сол сияқты

Резиналы диэлектрлі кілемдер

1

3,5

2-3  см/с жылдамдықпен созылу

3 жылда 

бір рет

Жылына бір рет


 

Электрқондырғыларда  1000 В кернеуге дейінгі құралдарға диэлектрлік ботилар мен галоштар, резиналы төсемдер, оқшаулағыш қабаттар, ал 1000 В кернеуден жоғары электрқондырғыларға диэлектрлік қолғаптар, ботилар және резиналы төсемдер, фарфорлы оқшауламадағы қойылымдар жатады.

Қорғаныс қоры ретінде  тыйым салатын, күні бұрын сақтайтын, рұқсат ететін және ескертетін болып  бөлінетін, плакаттар қолданылады (сурет 4.1). Тасымалдау плакаттары токөткізбейтін материалдардан (картон, фанерлер, пластмассалар), ал тұрақты плакаттар қаңылтырдан және пластмассадан жасалынады. Ескерту плакатынан басқа персоналдарға жазым немесе апатты жағдайға әкелетін, қате іс әрекетті болдырмауға, нақты алдын алу шараларын қолдану қажеттілігін көрсететін плакаттар қолданылады (сурет 4.2).

 

4.1 сурет Қорғаныс қоры ретінде тыйым салатын, күні бұрын сақтайтын, рұқсат ететін және ескертетін плакаттар

 

 

Оқшаулағыш штангтар таратушы қондырғылар (ТҚ) бір полюсті айырғыштың пышақтарын қосу және айыру және тіректік оқшауламада қатты шина бекітілуінің әлсіреу орнын анықтау үшін арналған.

1кВ дейінгі кернеулі электрқондырғыда жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын, резинкалы диэлектрлік қолғаптар бірдей мөлшерге ие болады, бірақ электрқондырғының кернеуіне байланысты сыналады. Қорғаныс құралына сонымен қатар қоршау құралдары жатады, олар өзімен біргеток өткізгіш бөліктерді уақытша қоршау үшін тасымалды қалқандарды (щиттар) және торларды көрсетеді.

 

 

4.2 сурет Қызметкерлерге жазым немесе апатты жағдайға әкелетін, қате іс әрекетті болдырмауға, нақты алдын алу шараларын қолдану қажеттілігін көрсететін плакаттар

 

Көмекші қорғаныс қорларына  сақтандырғыш белбеу, сақтандырғыш арқан, монтердің мінгіш құралдары, темір бетонды тіректі көтеру үшін лаздар, қорғаныс көзілдірігі, противогаздар, брезентті қолғаптар жатады.

Сөндіріліп тұрған қондырғыға қателесіп кернеу берген жағдайда жұмысшылардың  сенімді қорғанысы үшін қимасы 25 мм2 иілгіш мысты сымнан жасалған, тасымалды жермен түйістіргіш қызмет атқарады. Сым үш фазаға және төртіншіге, яғни жермен түйістіру шинасына жалғау үшін үш арнайы қысқышқа ие болады.

Барлық қосалқы станциялар, электр желінің трансформаторлы  және таратушы пунктері кәсіпорынның басты инженермен бекітілген, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. Қорғаныс құралдарын сақтауға тұрақты бақылау бекітіледі: олар ылғалдан, ластанудан және механикалық зақымданудан қорғалуы қажет.

Электрқондырғыны қауіпсіз пайдалану және жұмыс істеу үшін оған оқшаулама қолданады, токөткізгіш бөлікке дейінгі арақашықтықты сақтайды, қорғаныс қоршауларын пайдаланады, қате операциялар жасамау үшін аппаратты және қоршауды бұғаттайды (блокируют), электрқондырғының сыртқы қабатын және қондырғы элементін жермен түйістіреді, трансформаторларды, сонымен қатар қорғаныс құралдарын, ескерту сигнализациясын, плакаттарды бөлетін потенциалдарды түзетеді.

Трансформатор оқшауламасының сипаттамасын, оның майының сапасын  жеткілікті жоғары деңгейде ұстау керек, сонымен қатар трансформаторда орнатылған, әртүрлі аппараттың түзуленгенін бақылап отыру керек, сол кезде ғана трансформатордың ұзақ сенімді жұмысын қамтамасыз ету мүмкін. 

Трансформаторды және майлы  реакторларды пайдалану кезінде  олардың ұзақ және сенімді жұмысын келесі жолдармен қамтамасыз ету керек:

- температуралы және  жүктемелік режимнін, кернеудің  деңгейін бұзбау;

- май сапасына және  оқшаулама сипаттамасына норманың  қатал сақталуы;

- салқындау қондырғысының,  кернеу реттелуінің және май  қорғанысының түзуленген күйінде ұстап тұруы;

Трансформаторлар 25 – 30 жыл аралығында ұзақ үзіліссіз жұмыстың есебінен құрастырылады. Осы уақыт аралығында трансформатордың пайдалануының апатсыз сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жүктеме бойынша оның номиналды берілгендерін, кернеу деңгейін, салқындау режимін бақылап отыру керек. Осы ережелердің бұзылуы  трансформатордың қызуының жоғарылауына, оның оқшауламасының тез тозып кетуіне және оның мезгілсіз жұмыстан шығуына әкеледі.

Күшті трансформаторларда сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін пайдалану процесінде кезектен тыс сынау және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. [22]

Барлық қоршаулар және қорғаныс қабаттары механикалық  беріктілікке ие болуы және жақсы  бекітілуі керек. Крановщиктер, машинистер, стропальщиктер, слесарлар, монтерлар арнайы программа бойынша оқытылудан және мамандандырылған комиссиямен алынған аттестациядан және оқытылу туралы куәлік берілгеннен кейін кәсіпорын бойынша бұйрықпен жұмысқа жіберіледі. Осындай мамандандырылған комиссиямен өткізілетін сынақ жылына бір болады.

Жүккөтергіш машина және көмекші жүк көтеру құралдарының мерзімді қарау журналында қарау  кезіндегі нәтиже жазылады және слесармен, монтермен табылған бұзылғандық  туралы белгі қойылады.    

 

 

4.4  Қол-аяқ контуры бойынша тоқ өткен кездегі адамның жалпы

кедергісін  табу

 

Шешуі. Қол-аяқ контуры  бойынша тоқ өту жағдайы үшін адам денесі кедергісінің көрсететін сызба мәндері кең шектерде өзгереді. Мысалы, Rp, Rk ылғалдылыққа қатты тәуелді: егерде тері қатты ылғалды болғанда 200 – 300 Ом құрайды, егерде тері ылғалды терінің құрғақ жағдайда оншақты километірде құрайды. Ағзаның ішкі ұлпаларының кедергісі Rк, Rвн мынаған тең:

                                                                                        (4.1)

Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері