Скифтер патшалыгы
Реферат, 28 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. 5 ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Гередоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанды.
Содержание
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Скиф данасы — Анахарсис
2.Скиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдар
3. Скиф мәдениеті
ІІІ. Қорытынды
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скифтер патшалығы.docx
— 65.00 Кб (Скачать документ)Бұл тайпалар жайлы Страбон
еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі
грек географы әрі тарихшысы «География»
еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға
дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары)
мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің
шығысына қарай тұратындар массагеттер
мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон
жалпылама скифтер деген атаумен береді.
«Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар.
Олардың арасындағы барынша белгілілер:
асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер.
Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп
санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады…
аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа
алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын
жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір
аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен
айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер),
скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап
тіршілік етеді», — деп жазды. Бұдан Страбонның
тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне
ұқсас екендігін аңғаруға болады.
Скиф данасы — Анахарсис
Орталық Азия мен Қазақстан
жерін мекендеген скифтердің шығыстан
батысқа қоныс аударуы
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді.
Плутархтың «Жеті данышпанның сауығы» деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: «Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат… скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!»
Сақ-скиф
үштігі: ат әбзелдері, қару-жарақ және
"аң стилі" Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларынд
Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір
әлемі мынадай факторларымен ерекшеле
аталған облыстардың, аумақтардың жақын
әлеуметтік-экономикалық негізгі нышандарымен;
даладағы тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстарымен;
ортақ мәдени дүниетанымдарымен;
Ежелгі Грекия, Ахманид парсыла
Ол қоладан, сүйектен, темірден
Скиф-сақ әлеміндегі
қоғамдық ұйымдар Б. з. б. I мыңжылдықтың басы сақ
қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар
ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу
үрдісінің жедел жүруімен сипатгалады.
Қазақстан жерінде бұл ұзаққа созылған
үрдістің басталуы сақ заманының алдындағы
қола дәуіріне ұштасып жатады. Сол кездің
өзінде-ақ алғашқы ірі қоғамдық еңбек
бөлінісінен, мыс пен қола металлургиясының
тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен
патриархаттық, ал одан кейін шағын және
моногамиялы отбасылар окшаулана бастады. Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін
барып отбасылық меншіктің шыққанын айқын
көрсетеді. Мұндай арнаулы әлеуметтік
институт таңбалардан — б. з. б. II мыңжылдыктың
аяғында және I мыңжылдыктың басында қыш
ыдыстар мен кейбір қола заттарға салынған
жеке меншік белгілерінен көрінеді. Алғашқы
қауымдық қатынастардың ұшырауы сақ заманында,
б. з. б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында
одан әрі жалғаса берді. Сақ қоғамынын
экономикасындағы көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығына көшуден, металлургия
өндірісінің өсуінен тұган прогрестік
өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне,
айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына
және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің
шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі
кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін
болу жөнінде бір кезде болған алғашқы
тендіктің орнына археологиялық деректемелер
бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі
келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің
сақталуы тұсында малға отбасылық жеке
меншік пайда болды. Бір кезде әмбебап
әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік
қатынастар кандас-туысқандық байланыстармен
сәйкес келіп барынша тығыз астасқан рутуыстық
жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип
бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын
бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында
қоғамдық құрылыстың рулық байланыстарға
тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, ал
түптеп келгенде қауымдардың рулық текке
қарамастан, экономикалық және аумақтық
мүдделер негізінде құрылуына алып келді.
Көршілестік қауым жерді меншіктенуші
болған суармалы егіншілік елдерінің
көпшілігіңде осындай болды. Мұнда рулықбайланыстар
көршілестік кауым- дардың өндірістік
мүдделерімен қайшылыққа ертерек түсті.
Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі
және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер
жаңа қоғамдык кұрылымдарда ұзақ уақыт
сақталды, бірақ енді көшпелі қауымның
өндірістік негізі ретінде емес, экономикалықтенсіздікпен
канаудың шың мәніндегі қатынастарын
бүркемелеген рулық байланыстар түрінде
сақталды. Алғашқы рулық қатынастардың
ыдырау заманын әскери демократия кезеңі
немесе алғашкы көршілестік қауым кезеңі
деп атайды. Соңғы анықтама қазіргі уақытта
барган сайын жиі қолданылады, ойткені
ол заманның әлеуметтік-экономикалық
сипатын негұрлым дәл береді.Бірақ көршілестік
(жер) кауымның түрлері бірдей болмады,
сондықтан мұндай анықтаманы әмбебап
анықтама деп атауға болмайды. Екі ұғымның
да — әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым
ұғымдарының бір-бірін жоққа шығармайтынын
атап өткен жөн. Олар тек алғашкы қауымдық
кұрылыстың ыдырау заманындағы қоғамдык
құрылымының әр түрлі жақтарына баса назар
аударады. Патриархаттың пайда болуы — оның бастапқы
кезені, ал соңғы шебі таптық құрылысқа
көшу болды. Сақ заманы қоғамдық құрылысының
құрылымын схемалық тұрғыдан былайша
елестетуге болады: шағын туыс отбасылар
тобы (патронимия) — көшпелі қауым — тайпа
— тайпалар одағы. Бұл құрылымның патронимия
деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен
патриархаттық-рулық әулеттін үлкейіп,
табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды.
Ол бөлінген әулет басшысының есімімен
аталды. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар
жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік,
аумақтық белгі алынды, бірақ көшпелі
және жартылай көшпелі қауымдарға тән
белгі рулық институтгардың консерватизмінде
және отбасылардың бірігу принциптеріне
олардың ықпалының күштілігінде болды.
Тайпа қоғамдық кұрылыстың маңызды сатысына
айналды. Тайпаға тән ең басты этникалық
және саяси сипаттардың қатарында оның
өз жерінің, атының және осы тайпаға тән
диалектінің болуы, діни үғымдарының және
діни ғүрыптарының ортақтығын, ортақ істерді
талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы
көсем мен әскери басшының болуы тән болды.
Бұл енді әскери-демократиялық құрылыс
ие болған қоғамдық билік пен басқарудың
ұйымдастырылу түріне айналды. Тайпалық
одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының
әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы
үлгісі болды.
Қорғандарды, обаларды, темір дәуірінің
қоныстарын, сондай-ақ жазбаша деректерден алынған мағұлматтарды зерттеу
осы кезең қоғамының әлеуметтік құрылымы жайында
көптеген мағлұматтар береді. Сонымен
қатар әртектес жерлеу құрылыстары мен жерлеудің
әдет-ғұрыптарын зерттеу ерте темір ғасырындағы
көшпенді қоғамның күрделі ұйымдары туралы,
мұндағы әр түрлі әлеуметтік жіктер туралы айғақтайды. Ерте темір дәуірінде ежелгі
обалардың құрылымында көрініс
"Алтын адам" жауынгердің киімін киген, Жауынгерлік даңқты алып жүруші бейне көшпенді ортадағы жоғары идеалды білдіреді, осылайша көсемдер мен билеушілер әскери сословиеден шыққандар болып есептеледі. Сонымен қатар жауынгер бейнесі арғымағына құрметпен қарайтын көшпенді ұғымыны да саяды.Қалыптасып келе жатқан көшпелі қоғам белгілі бір көзқарасы бар, ашық әлеуметтік жүйеге айналды: малшы, қажет болған жағдайда, жауынгер де болды, ал әйелдер өз жауапкершілігіне ерлердің саяси қызметін де алып, оны абыроймен орындады. Ашық әлеуметтік жүйе көшпелілерге, олардың өмір сүруінің өзгермелі жағдайларына икемденуіне мүмкіндік тудырды.
Идеология
Далалық өркениет Күнге, табиғ
Бас киімдегі ағаш басындағы құстардың бейнеленуі,
сондай-ақ құс тәрізді бейнелер өз мәніне
ие болды. Құс — аспан мен Күннің жалпы
адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап,Құдайларға ғарыш шекара
Есік обасы дәлелденіп отырған тезисті растайтын қосымша маңызды мағлүматтар береді. Есіктегі жерлеуге жұмсалған түрлі бұйымдар — қоғамның жоғары дәрежелі тұлғасының байлығы мен билігінің өлшемі. Лауазымды адамдарды сақтардың өздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында жерленгендерді патшалар деп атауга болады. Бұл орайда қателік лауазымды атақтың айтылуында болуы мүмкін, ал оның мазмұны мен мәні толық сай келеді.
Антик авторларының Азия
скифтері қоғамының әлеуметтік жіктелуі
туралы мәліметтерін жинақтау — әлеуметтік
атақтардың қалай айтылғанын түсіндірудің
бірден-бір мүмкіндігі.Сақтардың иерархиял
Жинакталған ақпарат мынадай
қорытындыны негіздейді: сақтар өздерінің
өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп,
кең лақатқа қойған, ал олардың үстіне
зәулім архитектуралык ескерткіш — алып
оба тұрғызған. Қоғамның басқа мүшелерін жерлеу ғұрпы
иерархиялық басқыш сатыла- рының төмендеуіне
карай оңайлатылып отырған. Ғұрыптың әлеуметтік жағдайға қарай
саралануына ата-баба аруақтарына, әсіресе
патшаларға — күн бейнелі күшті камқоршыларға
табыну үлкен рөл атқарды. Патшаның жеке басы дәріптеліп, ол иерархиялық
сатының ең биік тұғырында тұрған күн
бейнелі кұдай дәрежесінде көрсетілген.
Күнкөсемінің мұрагерлері жерлеу ғұрпының
рәсімдерін сақ патшалары әулетінің бұлжымастығын
идеологиялық жағынан негіздеу мақсатымен
бұқараға діни ықпал жасау ретінде пайдаланған.
Есік сағының алтын киімінен бір ғана
қызықтыра тандандыру мәні аңғарылып
қоймайды, қайта оның әлеуметтік салмағы
көбірек болғаны, саяси-насихат мақсатын
көздегені күмәнсіз. Жарқыраған киім патшаның тұлғасын асқақтатып,
оны күн бейнелі құдай дәрежесіне көтерген.
Бас киіміндегі зооморфтық бейнелердің
діни-идеологиялық мазмұны осы қорытындыны
растайды. Есік жауынгері бас киімінің мандай жағындағы
қанатты және мүйізді пырақ бейнесіне
күрделі символика негіз етіліп, сақтардың
діни дүниетанымының қағидалары бейнеленген. Есік олжаларының қарастырылып отырған
проблема үшін маңызы жазу ескерткішінің
- жазбасы бар күміс тостағанның табылуына
байланысты арта түседі. Жазуды көне түркі
және парсы-арамей әліпбиі негізінде ажыратып
оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар. Кез
келген қоғамда жазудың бөлу фактісі әлеуметтік-экономикалык
ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік құрылым үлгісіндегі қоғамдық құрылыс
түрі осындай орган болуы мүмкін. Мемлекет пен жазудың п