Мемлекетпен құқықтын пайда болуы
Курсовая работа, 12 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр. Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
АҒРЫС ИГП курстық жұмысы2014-2015.docx
— 65.60 Кб (Скачать документ)КІРІСПЕ
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы
мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде
материалдық және рухани игіліктер өндіріліп,
тұтынылып және айырбасталып жатады, осының
өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы
мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған,
өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың,
реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының
болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе
ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге
ықпал ететін және олардың динамикасы
мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және
ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға,
тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан,
тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі
ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын
жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге
көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп,
біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне
деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз,
олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа,
өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер
жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып
жатады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын
және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат
қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне,
сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың,
әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және
жеке адамдардың арасындағы қатынастардың
маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып,
қоғамдағы істердің жағдайына белсенді
түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне
ғана тән функциялары, әсер ету нысандары
мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде
сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда
әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен
көзге түсетін күрделі саяси организм
ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің
пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің
күштілігімен сипатталатын өндірістің
азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның
бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым,
су шаруашылық объектілері өндірістің
негізгі құралына айналды, оларды иелену
үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында
рулық байланыстар мен қарым-қатынастар,
ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын
жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың
байланысы мен қарым-қатынасы басқаша
шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық
үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы
азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік
жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан
«шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат,
халифат, хандық, сұлтанат) еді. Курстық
жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға
қызмет етуі керек, оның мүдделері мен
қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал
етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды
қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық,
адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық
потенциалға, басқарудың, реттеудің және
ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік
ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына
оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке
қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық
ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда
болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекет пен
құқықтың пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау,
әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда
болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі
заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық
жұмыс кіріспе бөлімнен және де мемлекет
пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына
бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда
мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған
екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тізімі
1 Бөлім Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар