Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:47, реферат

Краткое описание

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Европаның солтүстік-батысында Британ аралдарында орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Территориясы — 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 млн. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Америкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сияқты тағы басқа аралдар бар.

Содержание

Кіріспе. 2
1. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал. 3
1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары.. 3
1.2 Жеңістің ащы дәмі және экономикалық тұрақсыздық. 4
1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты.. 8
Қорытынды.. 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия дж.docx

— 28.72 Кб (Скачать документ)

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия 

ЖОСПАР

Кіріспе. 2

1. Ұлыбританиядағы Бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейінгі  ахуал. 3

1.1 Экономикалық және саяси  дамудың негізгі сипаттары.. 3

1.2 Жеңістің ащы дәмі  және экономикалық тұрақсыздық. 4

1.3 Ллойд Джордждың ішкі  және отарлық саясаты.. 8

Қорытынды.. 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік  Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Европаның  солтүстік-батысында Британ аралдарында  орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет.  Территориясы — 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 млн. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Америкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сияқты тағы басқа аралдар бар. Астанасы — Лондон. Ірі қалалары Бирмингем, Лидс, Глазго. Ұлыбритания әкімшілік-территориялық 4 тарихи-географиялық облыстарға бөлінген: Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, Шотландия. Ресми тілі — ағылшын. Діні — англикандық. Ақшасы — фунт стерлинг. Ұлттық мерекесі — королеваның туған күні. Ұлыбритания — парламенттік монархиялы мемлекет.

Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік  Кеңесінің тұрақты мүшесі, «үлкен сегіздіктің» мүшесі, ядролық державалардың  бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын  нығайтуға күш салуы болып  табылады. 1990 жылдардың басында елдің  бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға  келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық  Азия мемлекеттері жөнінде маңызды  міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық кұрылымдарда тиісті елдердің қызметін бакылау, діни радикализмнің  таралуына жол бермеу жатады.

1. Ұлыбританиядағы  Бірінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі ахуал

1.1 Экономикалық  және саяси дамудың негізгі  сипаттары

Британия версальдық бейбіт келісім бойынша (бірінші дүниежүзілік соғысты аяқтаған) жеңіскер — державалардың  қатарына жатты. Алайда, соғыс оның қаржылық-экономикалық жағдайын әлсіретті, тек әскери өндіріс қана күшейе түсті. Жұмысшылардың қозғалысы белсенденіп, тред-юниондардың (кәсіподақтардың) саны екі есеге дейін өсті. Осымен қатар, өнеркәсіптің монополизациялануы күшейе түсті. 1916 жылы монополистердің ірі  бірлестігі — Британдық өнеркәсіп  федерациясы құрылды, оның басты  мақсаттарының бірі болып үкіметті және мемлекеттік аппаратты монополистік капиталдың мүдделеріне бағындыру  табылды.

1918 жылғы 8-желтоқсандығы  сайлауда консерваторлар мен  либералдар лейбористердің (жұмысшылар  партиясы) біртұтас блогын құрады  және парламентке өздерінің 60 депутатын өткізді. Билік басында  жүз жылдай тұрған либералдық  партия құлдырау жағдайында болды.  Либералдардың жартысы консерваторларға, жартысы лейбористерге өтіп кетті.  Негізгі партия ретінде либералдардың  орнына лейбористер келді. 1924 жылы  лейбористардың лидері Р.Макдональд  алғашқы лейбористік үкіметті  құрды. 1924 жылы екінші лейбористік  үкімет құрылды[1].

Сонымен, Ұлыбританияда екіпартиялық жүйе бекітілді: 1923 жылға дейін —  консерваторлар мен либералдар, 1923 жылдан бастап — консерваторлар мен  лейбористер.

Партиялық жүйедегі өзгерістермен  қатар сайлау жүйесінде де демократиялық  өзгерістер орын алды. Алғашқы сайлау реформасы 1918-1919 жылдары жүргізілді. Бұл заңға сәйкес 21 жасқа толған және белгілі бір жерде алты ай тұрақты тұрған еркек жынысты  тұлғалардың барлығы дауыс беру құқығын иеленді. Әйелдер, егер 30 жасқа  толған болса және 5 фунт стерлингтен  кем емес табыс әкелетін жылжымайтын  мүлкі болса немесе осы талаптарға жауап беретін тұлғамен некеде болса  ғана дауыс бере алатын. 1928-1929 жылдардағы реформа бойынша әйелдерге ер адамдармен теңдей сайлау құқығы берілді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  жылдары үкіметтің функциялары  анағұрлым кеңейтілді. 1914 жылы Хабеас корпус актінің күші жойылды және Мемлекетті қорғау туралы акт қабылданды, оған сәйкес соғыс уақытындағы барлық билік толығымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жойылды. Алайда, 1920 жылы уақытша емес, тұрақты сипатты иеленген Төтенше  өкілеттіктер туралы заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес үкімет қоғамдық қауіпсіздікке немесе қоғамның қалыпты  өмір сүруіне қандай да бір саяси  күш қауіп төндіреді деп тапса  патшаның атынан төтенше жағдайды енгізу туралы жарлық шығару және ереуілдерге  тыйым салу құқығын иеленді[2].

Бірінші дүниежүзілік соғыс  жылдарында Британ империясының доминиондары мемлекеттің маңызды шикізаттық негізі және әскерді толтыру құралы болып табылды. 1917 жылы кезекті империялық конференцияда доминиондар империяның автономды мемлекеттері мәртебесін иеленді. 1919-1920 жылдары Канада Париждік бейбіт келісім конференциясына  қатыса отырып, доминион үшін бейбіт келсім шарттарға дербес қол қою және Ұлттар лигасында дербес өкілдігін  иелену құқықтарына қол жеткізуге  себепкер болды. 1921 жылғы 6 желтоқсанда  ағылшын-ирландық шартына қол қойылды, бұл шарт дербес доминион — Ирланд еркін мемлекетін құруды көздеді. Алайда, Ирландияның солтүстік-шығысы (Ольстер) Ұлыбританияда қалып қойды. 

 

 

 

1.2 Жеңістің ащы  дәмі және экономикалық тұрақсыздық  

 

Ұлыбритания Антанта блогының жетекші державасы ретінде Бірінші  дүниежүзілік соғыстағы жеңіс нәтижесінде  өзінің көптеген мақсатына жетті. Оның басты бәсекелесі — Германия талқандалды. Англия репарацияның көп бөлігін  және Германияның бұрынғы отар иеліктерінен мол үлес алды. Ағылшын отаршылдарының Африка мен Таяу Шығыста позициясы  нығая түсті[3].

Алайда жеңіс Англияға оңайға түскен жоқ. 750 мың адамы өлді, 1,7 млн. жараланды. Англия ұлттық байлығының үштен бір бөлігінен айырылды. 40% сауда флоты қирады. Өнеркәсіп  өнімін өндіру 20%-ға құлады. Тұрғын үй құрылысы толық тоқтады. Сыртқы сауда жағдайы  күрт нашарлады. Оның себебі Англияның  сырттан шикізат пен азық-түлік  тасымалдауы болып табылады, өйткені  соғыс кезінде оларды жеткізу  қиын еді. Әсіресе соғыс британ финансына  қатты зардабын тигізді. Англия соғысқа 10 млрд. фунт стерлингтен астам жұмсады. Соғыс шығынын еңбекшілердің  мойнына артқан британ басқарушы  тобы салықты 6 есе өсірді. Сонда  да салықтан түскен қаржы соғыс шығынының  үштен бірін ғана жапты. Қалғаны  ішкі-сыртқы соғыс заемдарынан түсті. Бұл мемлекет қарызының орасан зор  өсіп кетуіне әкеп соқтырды. Англияның  ішкі қарызы 10 есе: 1913 жылы 645 млн. ф.ст. болса, 1919 жылы ол 6,6 млрд. ф.ст. өсті. Соғыстың соңына қарай сыртқы қарыз 1150 млн. ф.ст. жетті, оның 850 ф.ст. АҚШ-тың үлесіне  келетін еді. Бұрын Англия АҚШ  банкілеріне кредитор болса, енді қарыз  алушыға айналды. ХІХ-ХХ ғасырдың барысында  ағылшын капитализмі өнеркәсіп  монополиясын жоғалтса, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде финанстық  үстемдігінен айырыла бастады.

Британ отарлық империясының да дағдарысы білініп, өсе түсті. Соғыс жағдайында империяның сауда-экономикалық байланысының босаңсуы Англияның доминиондары мен отарларында өнеркәсіп өндірісінің  кеңеюіне әкеліп соқты, бұл жергілікті буржуазия позициясын нығайтты және жұмысшылардың санын өсірді. Қазан  революциясының әсерімен Ирландия, Үндістан, Египет және басқа ағылшын иеліктерінде ұлт-азаттық қозғалыс кең етек жайды[4].

Соғыстан кейін пайда  болған дағдарыстық тенденциялар Англия басқарушы тобын консервативтік позицияда біріктірді. Британ капиталистерінің ықпалды тобы соғысқа дейінгі  капиталистік тәртіптерді қалпына  келтіруге тырысты. Алайда дүние  жүзіндегі ірі революциялық өзгерістер жағдайында олар либералдық-буржуазиялық реформизм саясатынан толық бас  тарта алмайтын еді. Қазан революциясынан соң ағылшын үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы қарулы интервенция  ұйымдастырды және отарлардағы ұлт-азаттық  қозғалысты тұншықтыра бастады. Ресей  пролетариатының революциялық үлгісінен  қорыққан, Англияда большевизм тарауынан  сескенген басқарушы топ өзінің халық арасында ықпалын сақтап қалуға жанталасып, соғыстан кейін терең  реформалар жасау кампаниясын бастады. Ол үшін ерекше қайта құру министрлігі  құрылды. Сонымен бірге экономикаға  мемлекеттік бақылауды жою механизмінің жоспары жасалды.

Лейбористік және кәсіподақ  лидерлері күрделі жағдайда әрекет етті. Олар өздерінің уысынан жұмысшы  қозғалысын шығармауға жанталасты. Сондықтан  олар антикеңестік интервенцияны айыптады, әділеттік, бейбітшілік орнату талабын  және жұмысшы бақылауы мен национализациялау  жүргізуді қолдады. Соған қарамастан олар соғыс кезінде буржуазиялық саяси және мемлекеттік механизмде қолы жеткен орындарынан айырылғысы келмеді. Реформистер лейбористік партияның программасы мен уставын дайындау барысында осы екі міндетті шешуге тырысты[5].

ХІХ-ХХ ғғ. барысында пайда  болған ағылшын еңбекшілерінің саяси  партиясының 1918 жылға дейін программалық құжаттары болмады. Жұмысшы қозғалысының өрлеуі және соғыстың аяқталуға таянғандығы  лейборист басшыларын өздері басқарған  ұйымның перспективаларын анықтауға  мәжбүр етті. 1918 жылы ақпанда қабылданған  лейбористік партияның уставы ұжымдық  және жеке мүше болуды енгізді. Бұл  партияға бұрын либералдарды қолдаған буржуазиялық-радикалдық топтар өкілдерінің  ағылуына ықпал етті де, лейборизмнің оң қанатын нығайтты.

Британ пролетариатының  жалпы тілегін айқындайтын сол  қанаттың маңызды жеңісі уставқа  оның негізгі мақсатының бірі ретінде  өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік пен өнеркәсіптің әрбір саласы мен қызмет көрсетудің әр түріне халықтық бақылау мен басқарудың ең озық системасын енгізуі болып табылады. (Устав  «партияның мақсаттары» 4 бап.) Ағылшын  капиталистерін жеңіп алған саяси  биліктен тыс өндіріс құралдарын ортақтандыру және пролетариат диктатурасын орнату міндеттерін қойылуы қатты  мазасыздандырды. Реформистік лидерлер уставтың «қауіпті» 4-ші бабын жеңілдетуге  асықты. Сол жылы жазда мақұлданған  «Еңбек және жаңа әлеуметтік тәртіп»  программасына лейбористер өндіріс  құралдарының ортақтандырудың орнына жерді және өнеркәсіптің кейбір салаларын  национализациялауды көздеген өздерінің  соғыстан кейінгі «реконструкциялау» вариантын ұсынды. Тиімді жұмысшы  бақылауының орнына «демократиялық бақылау» деген айқындалды. Шын мәнінде  бұл программа социал-реформистік, оның авторы С.Веббаның фабиандық идеясы еді. Ол шаруашылықтың мемлекеттік-монополистік базасында британ капитализмін модернизациялаудың кеңейтілген жоспары болатын. Дегенмен лейборист партия программасында жұмысшылардың  әлеуметтік заңдылықты кеңейту және елдің саяси өмірін демократизациялау  талаптары көрсетілген.

Англияда саяси күштердің  өзгергенін 1918 жылдың соңында өткен  парламенттік сайлау көрсетті. Халықтың арасында таянышын жоғалтқысы келмеген лейбористер үкімет коалициясын  тастап сайлауға дербес қатысты. Алайда консерваторлар мен либералдар коалициясы — премьер-министр Д.Ллойд Джордж жақтастары — тараған жоқ. Соғыстың соңына қарай буржуазия консервативтік партияның маңайына топтасқанымен, елдегі жағдай буржуазиялық реформизм  әдістерін қолдануды, консерваторлардың  әлеуметтік жеңілдіктер мен демагогия  жолына түсуге мәжбүр етті. Бұл жолда  коалициялық либералдардың лидері Ллойд Джордж еді.

Сайлау қарсаңында Л.Джордж кампаниясы және коалицияның басқа  кандидаттары шовинистік көңіл күй  таратты, соғыстағы жеңісті марапаттады. Онда үкіметтің жұмыссыздықпен күреске  қатысқаны да сөз болды. 1918 жылы ақпанда  қабылданған сайлау заңы бойынша  сайлаушылардың саны 8-ден 21 млн-ға ості, тұңғыш рет жасы 30-дан асқан әйелдер  сайлау құқына ие болды. Ллойд Джордж «елді оның батырларына сай етуге» уәде берді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесін  шешуге мемлекеттік көмек және 14 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде мектеп білімін беру көзделді.

Сайлау барысында консервативтік-либералдық коалиция жеңді. Ол қауымдар палатасындағы 707 орынның 484 депутаттық мандатын жеңіп  алды, оның ішінде 348 орын — консерваторлар, 136 — Ллойд Джордждың коалициялық  либералдары. Ллойд Джордж қайтадан үкіметті басқарды, консерваторлар лорд Керзон мен Э.Бонар Лоу, либерал  У.Черчилль жоғарғы қызметтерге  ие болды. Сайлау Англияда екі партиялық  жүйенің дағдарысын білдіреді. Коалицияға кірмейтін либералдардың кейбіреулері XIX ғасырдағы құдіретті либералдық партияның тікелей мұрагерлері өздерінің лидерлері Г.Асквиттің басшылығымен тек 26 депутаттық мандат ала алды да ресми оппозициялық партия болудан қалды. Бұл рольді сайлау барысында 2,5 млн. дауыс жинаған және қауымдар палатасында 60 орын иеленген лейбористік партия алды[6].

1.3 Ллойд Джордждың  ішкі және отарлық саясаты

Ллойд Джордж Дэвид (1867-1945) —  кедей мұғалімнің отбасында дүниеге  келген жас адвокат ағылшын-бур  соғысы кезінде үкіметтің саясатына  қарсы шығуымен көпке танымал  болған еді. Заңгер, кейін саясаткер. Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси  қайраткері. Либерал. 1890 жылдан 1945 жылға  дейін Уэльстен парламент депутаты. 1916-1922 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі. Саяси және әлеуметтік реформаларды жақтаушы. 1911 жылы қабылданған ұлттық сақтандыру туралы заңның инициаторларының бірі. Ллойд Джордж сауда, кейіннен қаржы министрі, премьер-министр, ал 1916—1922 жылдары либералдардың жетекшісі  болды. Ллойд Джордждың басшылық етуімен жасалған буржуазиялық реформалар Ұлыбританиядағы буржуазиялық құрылысты  нығайтуға ықпал етті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  аяқталысымен Англияның экономикасы  аз уақыт жанданды. Ол ішкі рынокта  тұтыну товарларына сұраныстың күрт артуымен және сыртқы сауда конъюнктурасының кейбір жақсаруынан туған еді. Өнеркәсіптің бейбіт кезеңге өтуі товарлар мен  қызметтің барлық түріне бағаны қауырт өсірді. 1920 жылдың сәуіріне қарай баға 1913 жылғы деңгеймен салыстырғанда  орта есеппен 2,5 есе өсті. Осыған сәйкес британ капиталистерінің табысы да өсті. Олар соғыс кезіндегі шектеулерден өздерін толық азат етуді талап  етті[7].

Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия