Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:08, реферат

Краткое описание

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Австро-Герман блогының құрамында Германия, Австрия-Венгрия, Түркия және Италия болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асем реферат.docx

— 45.88 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері  жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық  пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Австро-Герман блогының құрамында Германия, Австрия-Венгрия, Түркия және Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы отарлар мен ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері, ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері болатын. Негізі соғыс екі жақтан да басқыншылық сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамыз) кірісті. Австро – Герман блогының ойлаған жоспары — Францияға соққы беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді.

1914 ж. 15маусымда Сараевода серб  ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының  мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты  өлтірді. Бұл оқиға халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен кейін Австрия-Венгрия  Сербияға 24 сағаттың ішінде  орындалуы талап  етілген ультиматум тапсырып, қанағатанарлық жауап ала алмаған соң, дипломатиялық қатынасын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары алдындағы міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия  Сербияға 15 шілдеде соғыс жариялады. Германияның бейтарап саясат ұстану жөніндегі Франция мен Ресейге  қойған ультиматумы халықаралық жағдайды  ушықтырып жіберді. Германия 19 шілдеде – Ресейге, 21 шілдеде – Францияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары-Австралия,Канада, Жаңа Зеландия және Оңтүстік  Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың  38 мемлекеттері тартылды.  Бірінші дүние жүзілік соғыс ең алдымен аталған державалардың экономикалық мүделерімен, аграрлы елдердің шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін  таласы мен отарлық үстемдікке ұмтылумен сипатталады. Ұлыбритания мен Франция Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса, Германия дүние жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты.   

 

 

 

  1. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

"Ерікті" капитализмнің  империалистік кезеңге өтуі басты  капиталистік елдердің басқарушы  топтарының жартылай шексіз билігін  көрсететін жоспарлардың пайда  болумен ерекшелінеді. Англияда  бұл жоспар "бұдан да үлкенірек Ұлыбритания" құру жоспары еді. Нәтижесінде ағылшындар басқа дүниежүзі халықтарын өзіне бағындыруды жоспарлады. Германияда банктік және өндірістік магнаттар "Ұлы Германия" немесе "Ортақ Еуропаны" кұруды жоспарлады. Жоспар бойынша Германия Австро-Венгрияны, Балканды, Алдынғы Азияны, Скандинавия, Бельгия, Голландия мен Францияның бір бөлігін алуды, сонымен қатар Африкада үлкен Герман отаршылдық империясын құруды, Тынық мұхиты бассейні арқылы Оңтүстік Америкаға ықпалын күшейтуді көздеді. Француз қаржылық олигархиясы елде реваншистік жағдай туғызып, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруға тырысты. Бұған қоса жоспарда Рур бассейнін жаулап алу және француз отаршылық империясын Африкадағы герман иелігі есебінен кеңейтуге ұмтылды. Ресейдегі буржуазия мен помещиктер Балқанда өздерінің саяси жэне әскери биліктерін орнатқысы келді. Сонымен қатар Константинополь мен шығанақтарды иеленуге, өз ықпалына бүкіл Иранды кіргізуге жағдай жасады. Ресей орыс жапон соғысындағы жеңілістеріне қарамастан Қиыр Шығысқа байланысты жоспарларын іске асыруға үміттенді. Австро-Венгрияның басқарушы топтары өздерінің Болгария, Румыниядағы экономикалық және саяси ықпалына қанағаттанбай, Сербияны талқандап, оны өз вассалына айналдыра отырып, Балқан түбегіндегі шығыс және батыс бөлінде гегомониясын күшейтпек болды. Италиян империалистері Триста Италиясын, Албанияны бағындыруға және Кіші Азияны бөлуге қатысумен Африкадағы отаршылық иеліктерден үлесін алуға, Жерорта теңізі бассейінде италияның гегемониясын орнатуға ат салысты.

Жапонияда бүкіл Шығыс  Азия мен Тынық мұхитымен шектесетін аймақтарында жапон билігін орнатуды жоспарлаған еді.

Империалистік державалардың  осы жоспарларын іске асыруға  дайындығы және оны орындауда  жеке әрекеттері халықаралық аренадағы  қайшылықтарды тереңдетіп, жаңа қақтығыстар  тууына әкелді.

Герман империалистерінің  отаршылық экспансиясының күшейуі  ағылшын-герман қатынастарының күрделенуімен қатар Германия мен Франция арасындағы кақтығыстың өрістеуіне әкелді.

Басқарушы топтар одақтасы Ресейдің Қиыр Шығысқа әсерінің күшеюінен қауіптенді. Нәтижесінде ағылшын-француз келісіміне келуге әкелді. 1904 жылдың 8 сәуіріндегі орыс-жапон соғысы басталғаннан кейін, Англия мен Франция келісімге келді. Негізгі мазмұны Англияның Египетте билігіне құқығын мойындау және Францияның Мароккаға байланысты шарттарын қанағаттандыруы болды. Кейін ағылшын-француз бас штабтарында әскери мәселелер бойынша құпия келіссөздер басталды. Осылай ағылшын-француздық Антанта пайда болды. Ол Ресей мен Германияға қарсы бағытталды.

Германия империализмі өз тарапынан орыс-жапон соғысында Ресейдің әлсіреуін пайдаланып, алдына қойған негізгі үш мақсатына жетуге үміттенді:

1. Ресейге тиімсіз сауда  келісімге отыру. 

2. Француз-орыс одағын бұзу, Францияны Еуропа континентінен бөлектеу.

3. Германияның Таяу Шығысқа  енуіне экономикалық, саяси жағдай  жасау. 

Сонымен қатар герман дипломатиясы Патшалық Ресейді өз жағына қаратуға күш салды. 1905 жылдың 24 шілдеде Кайзер Вилгельм II Николайға кұпия келісім жасауды ұсынды. II Николай шартқа кол қойды. Оны білген Франция француз-орыс одағын бұзу туралы қауіп төнді. Бьерк келісімі осылай өз күшіне енбеді. Бірақ империалистік державалар арасында Ресейді өзіне қаратуға тырысу жалғасып жатты.

1904 жылы француз қаржыгерлері  біршама ықпалды саясаткерлер  қолдауын иеленіп, Марокко сұлтанына  үлкен қарызды тиесілі кылды.  Ол порттағы кеден және полиция бақылауымен салынды. Бұл талаптарды орындау Марокко тәуелсіздігінен айырылатынын айқын көрсетті. Герман империалистері Францияның жоспарына қарсы келіп, араласуды жөн көрді.

1905 жылы 31 наурызында Вельгельм  II Танжер Марокко портына келіп,  Германияның ешқандай державаның  Мароккоға билік етуін қолдамайтынын  және оған барынша қарсылық  көрсетуге тырысатынын жариялады. 

Германия Англияның реакциясына  соқтықты. Ағылшын өкіметі француз премьер-министрі Рувьеге Марокканы Германияға бермеуді, Делькассені орнында қалтыруды кеңес етті. Англияға Германия шабуыл жасаған жағдайда құрлыққа 100-115 мың ағылшын әскерін түсіруге уәде етті.

1906 жылдың басында Альхесирасте (Испанияның Оңтүстігінде) Марокко мәселесі бойыншы конференция ашылды. Онда халықаралық аренадағы күштердің жаңа орналасуы анықталды. Франция Англия жағынан накты қолдау тауып, ол ағылшын-француз қамалынан көрінді. Орыс-жапон соғысында әлсіреген Ресейдің қаржылық жағдайы қиындап, шетелден қарыз алуға кажеттілік үлкен болғандықтан, конференцияда Францияға дипломатиялық қолдау көрсетуге келісті. Франция өз кезегінен революцияны басуға қаржылық қолдау көрсетті. Альхесирас конференциясында Италия өзінің одақтасы Германияны емес, Францияны қолдады. Бұл 1900 жылы Үштік Одақта болғандығына қарамастан, Солтүстік Африканы бөлу туралы құпия келісімге келгенімен түсіндірілді.

Екі жылдан кейін 1902 жылы Италия мен Франция өзара бейтараптылық жаңа келісімге қол қояды. Бұл Италияның Үштік Одақтан шығуына әкелді.

Нәтижесінде бұл конференцияда  Франция дипломатиялық жеңіске  жетті. Конференция формальды түрде барлық "ұлы державалардың" экономикалық теңдігін мойындады. Бірақ та елдегі "ішкі қауіпсіздікті" Мароккалық полицияның үстінен бақылау Францияға берілді.

Британ империясы Жапония көмегімен Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясын әлсіретуге тырысты. Енді Ресей Британиямен жақындасуға әрекет етті, себебі Германия мен соғыс және Шығыстағы ұлт-азаттық козғалысты басу керек еді. Ресейдің батыс еуропалық капиталына тәуелділігі арта түсіп, орыс-жапон соғысынан кейін қарсыласы Германияға қарсы Англиямен келісімге келуге тырысты. Нәтижесінде Герман дипломатиясының орыс-жапон, кейін ағылшын-орыс жағдайы ушығады деген жорамалы орындалмады.

Ағылшын-орыс келіссөздері барысында отаршылық мәселелерге байланысты ымыраға келді. 1907 жылды 31 тамызында қол қойылды. Иран 3 аумаққа бөлінді: Солтүстік бөлігі Ресей ықпалында болса, оңтүстігі-Англияда, ал орталық бөлігі екі державаның "ерікті" бақталастығына байланысты бейтарап аумақ болды.

1907 жылы ағылшын-орыс келісім  нәтижесінде Англия, Франция, Ресейдің әскери-дипломатиялық империалистік топтары – Үштік келісімге отыруы аяқталды. Ол басқа империалистік топ Үштік Одаққа Еуропа түпкілікті бір-біріне қарама-қарсы екі әскери блокқа бөлінді.

1908 жылы халықаралык қақтығыс  Босния мен Герцеговинаның Австро-Венгриямен  аннекциясына байланысты туды. 1878 жылы Берлин трактаты бойынша бұл екі провинция Австро-Венгрия әскерімен оккупацияланып, бірақ формальды түрде Осман империясы кұрамында болған еді. Австро-Венгрия иеліктеріндегі кіші түрік революциясынан қауіптеніп, Босния мен Герцеговина түпкілікті аннекциялау кезі келді. 1908 жылдың 7 қарашасында Австро-Венгрия үкіметі Босния жэне Герцеговина аннекциясын ресми жариялады. Бұл Туркия мен Сербия тарапынан қарсылыққа ұшырады. Патшалық үкіметте мұны халықаралық конференцияда қарастыруды ұсынды. Германия белсенді түрде одақтасына көмектесті. Оның Ресеймен қақтығысы бірнеше айға созылды. Нәтижесінде Австро-Венгрия Германия араласуымен 1909 жылы ақпанда ақшалай компенсация арқылы Түркиядан Босния мен Герцеговина аннекциясына келісімін алды. Кейін австро - венгриялық үкімет өз әскерін Сербия шекарасына шоғырландырды. Наурызда Сербияға, Ресейге ультиматум қойды. Соғысқа дайын болмаған Ресей Германия талаптарын орындады.

Босниядағы тоқырау Балкандағы кайшылықтардың өрістеуіне әкелді. Әсіресе  Ресей мен Сербия арасында болғанымен Австро-Венгрияға да қатысты еді. Антанта ішіндегі салқындылық және негізгі империалистік топтар – ағылшын-француз-орыс пен австро-герман келіспеушілігінің тереңдігін көрсетті.

Антантаның құрылуы және оған Герман қарсы әрекеттері халықаралық  қатынастарда маңызды өзгерістерді білдірді. Ірі отаршыл Англия мен  Франция арасындағы жағдай, Таяу Шығыстағы, Ирандағы Англия мен Ресей қайшылығы маңызды емес, екі рөлді иеленді. Бірінші орынға Англия мен Германия арасындағы империалистік қайшылықты экономикалық, саяси және отаршылық бақталастықтан туындаған жағдай теңіз карулануының жарысуы кайшылықты өрістетті.

Англия Германияға қарағанда  теңіз карулануы бойынша алдында тұрды. Англия үкіметі егер Германия Англияның теңізде күштілігін мойындағанда теңіз қарулануын біраз шектеуге келісім берді. Бұл 1907 жылы Гаага халықаралық конференциясында, кейін 1908 жылы Эдуард VII мен Вильгельм II келіссөздері барысында әрекеттер жасалды. Екінші жағдайда Германия нақты түрде ағылшын ұсынысын қабылдамай койды, бақталастықты жалғастыра берді. Сонда ағылшын үкіметі Германияға әр ірі кеме кұрылысына осындай екі ірі кеме жасаумен жауап берді. Германия Англияға қарсы компанияны күшейтті

1912 жылы 9 қазанда Черногория  Туркияға қарсы соғысты бастады, 17 қазанда оған Болгария, Сербия келесі күні Греция кірді. Бірнеше күн ішінде үлкен жетістіктерге жетті.

Серб әскері Вардардың  жоғары бөлігін, Албанияның солтүстік  бөлігін алса, гректер Салониканы басып алды. Болгар әскері Стамбулға қарай жылжыды. Түркия қасында Эдирне, Яника және Шкодер қамалдары ғана қалды.

1912 жылы 3 қарашада түрік үкіметі ұлы державаларға бейбітшілік аралықты ұстануды ұсынды. Әр ірі еуропалық держава Балканда жағдайды өз пайдасына қолдануға тырысты.

Кейін Лондонда ұлы держевалардың  елшілерінің жиналысы және бейбіт келісімнің жағдайлары туралы Түркия мен балқандық одақтастар арасындағы келіссөздер басталды. Империалистік державалар бұл келіссөздерге өзіндік әсері күшті болды. Бірқатар мәселелер бойынша бойынша қарама-қайшылықтар да туындай түсті.

Осылайша, Сербияның Адриатикада  портты беру жөніндегі талабы Австро-Венгрияның қарсыластығын тудырды. Германияның қолдауымен Австро-Венгрияның Сербия территориясында әскерін шоғырландыруды бастады. Ресей Сербияның территориялық келіспеушіліктерін қолдады, бірақ ашық түрдегі қақтығысты болдырмауды тапсырды. Ал, Франция көлемді Еуропалық соғыстың туындаған жағдайда, Болгарлық және Сербтік әскерді австро-германдық блокқа карсы қолдауды көздеді. Осы мақсатпен Пуанкаре патшалық басшылықты Австро-Венгрияға карсы Сербияға колдауды күшейтуге шақырды. Париж биржасы Ресейге тек әскери қажеттіліктерге арналған, жаңа қарыз берді. Бірақ, мұндай жағдайларға қарамастан, державалар ірі соғысты бастауға батылы жетпеді, Сербияға өзінің жоғарыдағы талаптарынан бас тартуға тура келді.

Болгариядағы Сербияның  жаңа территорияларға ие болуынан туындаған  жағдайларды пайдаланып және өзінің патша Фердинанд Габсургке криетурасына сүйенген Германия мен Австро- Венгрия, Болгарияны Балқан одағының басқа мүшелеріне қарсы шығуға итермеледі.

Ал, Сербия және Черногория, Греция өз араларында Болгарияға қарсы әскери одақ құрды; кейін оған мүше ретінде Румыния кірді. Ресейдің төніп тұрған жаңа қақтығыстың болдырмауына арналған барлық іс -әрекеттері нәтиже бермеді. Өзінің әскери басылымдылығына сенген Болгария, 1913 жылы 29 маусымда өзінің бұрынғы одақтастарына шабуыл жасады.

Осылайша, екінші балкан соғысы басталды. Қысқа мерзім ішінде Болгария талқандалып, бейбіт келісімді ұсынды. 1913 жылы 30 шілде күні Бухаресте бейбіт конференция ашылып, 10 тамызда Болгария мен Сербия, Греция, Румыния арасында бейбіт келісімге қол қойылды; 29 қыркүйекте Болгар-түрік бейбіт келісіміне де қол қойылды. Түркиядан тартып алынған Македонияның бір бөлігі; Оңтүстік Македония және Батыс Фракия, Греция құрамына; Оңтүстік Добруджа – Румынияға, Фракияның шығыс бөлігі Эдирнемен – Туркияға кірді.

Нәтижесінде, Болгария өз қарамағында  бірінші балкан соғысының нәтижесінде  иеленген жер территориялардың ішінен тек Македонияның кіші бөлігін және Батыс Фракияны ғана сақтап қалды. Австро-германдық империализмі Балқан одағының ыдырауымен пайдалануды көздеді. Бағдад темір жолының құрылысымен герман әскери миссиясы Таяу Шығыста герман империалистерінің жағдайының нығаюын көрсетті.

1914 жылға таман халықаралық  жағдай негізінен империалистік  қарама-қайшылықтардын аса кауіпті  шегіне жеткен еді, яғни олар: ағылшын-германдық, орыс-австриялық, француз-германдық. Бұл екі империалистік әскери блоктар негізінде жүзеге асты. Антантаның үш державаларының арасында туындаған көптеген қарама-қайшылықтарға қарамастан,олар герман-австриялық одаққа төтеп бере алды. Британдық және германдық империалистердің арасында антоганизм және немістерді тек қана Ресей мен Францияның күшімен жеңе алмауы Англияның олар жақ болуын сөзсіз етті. Туындаған жағдай Ресей мен Францияға оған үміт артуға мүмкіндік берді; Грей мен Комбонның арасындағы хат алмасу және де Англия-Франция арасындағы жасалған әскери-теңіз конвенциясы бұл есептеулердің шындығына күмән келтірмеді. Бірақ, орыс және француз саясаты үшін Англияның ұстанымы жайлы нақты ой болмаған.

АҚШ, Англия немесе Ресейдің жеңісін және нығаюын қолдамады. Бірақ Германияның жеңісі, оның бүкіл  Еуропада өз гегемониясын орнату каупі  одан да қатерлі жағдай еді. Осындай  жағдайлардың барлығын толығымен қарастырған  АҚШ басшылығы американ саясатының мынадай бағытын анықтады: АҚШ-тың  бұл соғыста бейтараптығы еді.

Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық