Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:26, реферат

Краткое описание

КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

16 желтоқсан күні баяндама.docx

— 23.72 Кб (Скачать документ)

Міне, осындай  күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның  Президентіне жеткілікті өкілеттік  беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның  “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын  жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен  қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша  берілді.

1991 ж. 1 желтоқсанда  Қазақстан тарихында тұңғыш рет  республика Президентін  бүкілхалықтық  сайлау өтті. Халықтың демократиялық  жолмен өз еркін білдіруі арқасында  Н.Ә.Назарбаев Президент болып  сайланды. Республикада көптеген  өзгерістер жасалды: прокуратура,  мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі  істер, әділет, сот органдары қайта  құрылды; Қазақстанның мемлекеттік  қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын  кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ  КСР-і үкіметінің қарамағына беру  туралы, республиканың сыртқы экономикалық  қызметінің дербестігін қамтамасыз  ету туралы, Қазақстанда алтын  запасы мен алмас қорын жасау  туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда  қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш  алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш  рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер  қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

1991 ж. 10 желтоқсанда  Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан  Республикасы болып өзгертілді.  1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында  парламент депутаттары “Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі  туралы” Заң қабылдады. Заңның  бірінші бабында Қазақстан Республикасы  тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына  жоғары иелік ету құқы бар,  тәуелсіз сыртқы және ішкі  саясатын жүргізеді, басқа шет  мемлекеттермен халықаралық құқықтық  принциптері негізінде өзара  байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының  азаматтары Қазақстанның біртұтас  халқын құрайды, олар республикадағы  егемендіктің бірден-бір иесі  және мемлекеттік биліктің қайнар  көзі болып табылады. Республика  азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын  дініне, қандай қоғамдық бірлестікке  жататынына, тегіне, әлеуметтік және  мүліктік жағдайына, шұғылданатын  қызметіне, тұрғылықты орнына  қарамастан бірдей құқықтар иеленіп,  бірдей міндеткерлікте болады  делінген. Заңда Қазақстан Республикасы  өз тәуелсіздігі мен территориялық  тұтастығын қорғау мақсатында  өзінің Қарулы Күштерін құруға  хақылы екендігі, республика азаматтарының  әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері  мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың  тәуелсіз күні ретінде бүкіл  әлемге танылды. 

Осыдан  кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами  бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына  реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер  лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан  Президенті мен жоғарғы әкімшілік  органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.

Өзінің  тәуелсіздігін алған Қазақстан  Республикасын дүниежүзінің ондаған  елі таныды. Біздің елді алғашқылардың  бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық  және консулдық өкілдіктер ашуға  кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік  пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей  бастады. Республиканың егемендікке  қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға  қол қою жүзеге асырылды.

Тәуелсіз  Қазақстан Республикасының алдында  үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан  мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің  бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты  міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі  елдерімен байланыстарын одан әрі  дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің  қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті  сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай  аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

 


Информация о работе Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы