Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 18:13, лекция

Краткое описание

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).

Содержание

1. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы.
2. Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі.
3. Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.docx

— 25.69 Кб (Скачать документ)

Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.

Патриархаттық отбасылық  қауымның бірнеше сатыдан өткенін  айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес  ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы  метрдей, немесе одан да кең үлкен  үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.

Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.

Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Ол туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.

Негізгі әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.4-30-      бб.

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996.     1-2-бөлімдер.

3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі  және орта ғасырдағы Қазақстан.  А., 1995.     

9-25-бб.

4. Рысбайұлы К.  Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім

5. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.     А., 1979.

6. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология     Казахстана. А., 1993.

Қосымша әдебиеттер

1. Кадырбаев А.Ш. История  Казахстана: первобытный мир и  древность. А.,     1998.

2. Самашев З.С. Наскальные изображения верхнего Прииртышья. А., 1992.

3. Шалекенов У. Құм басқан  қала. А., 1992.


Информация о работе Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс