Қазақстан тарихындағы көшпелілердің материалдық мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 20:51, реферат

Краткое описание

Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі біреңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан тарихындағы көшпелілердің материалдық мәдениеті.docx

— 49.61 Кб (Скачать документ)

Қостан киіз үйге өтетін баспана  — күрке, абылайша түрінде, кепеден  қоржын үйге өтетін баспана — қақыра (бастапқы аты белгісіз) түрінде  болғаны даусыз. Қостың сырықтарының ұшы енді бұрынғыдай бір буда шөппен бай-ластыра салынбай, ортасында  түтін шығатын тесігі бар шығыршыққа кигізілетін кейіпке енген. Алайда қостың ортасына қарай еңкіш қабырғасы уақытша пай-даланудың талаптарына сай келгенімен, көшпелі қауымның өмір бақи тұрып, күнелтуіне ыңғайсыз екені көріне бастаған. Сырықтардың ұшы енді арнайы тесіктері бар шеңберге (шаңырақтың бастапқы түрі) қадалатын болғандықтан қостың қаңқасы түзеле түскен.

Өстіп, қоста шаңырақтың пайда болуы баспананың бұл түрінің түбегейлі өзгерістерге түсуіне жол ашқан. Оның сырықтары енді екіге бөлініп, төменгілері бірте-бірте бір-бірімен қабыстырылатын керегенің, жоғарғылары шаңыраққа қадалатын таяқшалардың (уықтардың) кейпіне ене бастаған. Осылай кереге, уықтардың бастапқы түрлері пайда болған. Жүздеген жылдар өткеннен кейін күркенің (қостың) қабырғасы қазіргі киіз үйдікіндей, оп-оңай құрастырылып-ажыратылатын торкөз қабырғалардан (керегелерден), оларға байластырылатын, түп жағы иіңкілеу болып келетіндіктен құрылғыға күмбез келбетін беретін уықтардан, шаңырақтан, маңдайша, табалдырық, босағадан құрастырылатын екі жаққа айқара ашылатын ағаш есіктен (сықырлауық) тұратын қалыпқа келгені қазақтың киіз үйін аса мұқият үйлестірілген құрылыстардың қатарына қосқан.

Киіз үйдің кереге-уықтарының, мандайша, табалдырық, босағасының терме немесе ызба таңғыштармен, арқан-жіптермен  байластырылатыны мәлім. Тек сықырлауықтың  ғана мандайша мен табалдырыққа ергенек[2] арқылы бекітілетіні бар. Қазақ арасында «Ергенек кетсе, есіктен береке кетер» деген мәтелдің кеңінен тарағаны оның «Ауызбірлік кетсе, отбасынан құт кетер» деген пәлсапалық мәнімен тікелей байланысты. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан осы бір ата сөзінің біздің замандастарымыз үшін де өнегелі өсиет болып қалғаны даусыз.

Ал баспананың тұрақты түрлеріне  көшу үрдісі Қазақстан жағдайында көпшілік қолды материалды қарастыру мен  мекенжайдың жер ыңғайына қарай  орайластырылған нұсқаларын қалыптастыру ісімен қатар дамыған болса керек. Мұны кепенің жертөлеге, жертөленің қақыраға алмасу үрдісінен де аңғаруға болады. Кепенің құрылымы жөнінде біз жоғарыда айттық. Оның біршама дамытылған баламасы жертөлені тұрғызудың ең қарапайым әдісі мынадай болған: әдетте жерді шаршылап қазып, топырағын босатқаннан кейін, үстіне су құйып, қидаланған малдың қылымен, қой жүнімен, сабанмен иін қандыра араластырып балшық илейтін де, қазылған шаршының жиегіне бірінің үстіне бірін қатар-қатар етіп жұмбаз ұратындықтан құрылыстың қабырғасы көтеріле беретін. Дайындалған материал біткен соң, шұңқырды төмен қарай тағы да үңгіп, қопсыған топырақтан балшық илеп, жұмбаздау әдісімен қабырғаны онан әрі көтере түсетін. Күн түсетін жақтан жалғыз терезе, есік шығарылатын. Төмендетілген жердің тереңдігі мен тұрғызылған қабырғаның биіктігі теңелген кезде, іші-сыртын лаймен сылап, төбесін мығым етіп қамыспен, шөппен жабатын да, лаймен сылап тастайтын болған.

Жертөленің ортасына от жағылатындықтан  төбесінде әдейі қалдырылған  ойыққа түтін тартатын мұржаның шыбықпен шабақталған қарапайым нұсқасы орнатылатын болған.

Тұрпайы жертөленің бізге жеткен баламаларының  бірі Сырбойы диқандарының ауладан тысқары егістіктің басына жаз айларына арнап тұрғызатын уақытша баспанасы — өлшек те жертөле үлгісімен салынатын. Тек оның іші-сырты сыланбаған, итарқасы ағаш бұтақтарымен, жыңғылмен, көк жан-тақпен жабылатын да, жел ұшырып кетпес үшін үстіне әр жерден қам кесек, кеуіп үлгіре қоймаған батпақ тоңғағы тасталатын болған.

Жертөлені қазақ шымнан да, қам  кесектен де, тақтатастан да соққан. Ал қақыраны төрт қабырғалы етіп кіре берісімен қоса тайланған шөптен, қамыстан, шабақтан, балшықтан тұрғызған. Іші-сырты, төбесі сылақ арқылы тәртіпке келтірілетін және оттық арқылы жылытылатындықтан баспананың бұл түрі кепе мен жертөлеге қарағанда едәуір алға кеткендік болған.

Арада жүздеген жыл, бәлкім, одан да көп уақыт өткеннен соң қақыраның негізінде кейіннен қазаққа тән тұрақты мекенжайдың жетілдірілген түрлерінің дамуына тікелей ықпал еткен қоржын үй пайда болғаны ықтимал.

Бір қызығы, қазақ қос, күрке сияқты жылжымалы баспананың түрлерін киіз үймен қатар пайдалана бергені секілді, кепе, жертөле, қақыра түріндегі баспана нұсқаларын тұрақты мекенжайдың кейінгі жетілдірілген үлгілерімен қоса әжетіне жарата білген. Мұны қазақтың қайта реттеуге көне қоймайтын тұйық шаруашылығында, күнкөрісінде, тұрмысында ғасырлар бойы мардымды өзгеріс болмағанымен де байланысты қараған жөн.

Қазақ мекендеген ұлаң-ғайыр кеңістіктегі күнкөріске байланысты қалыптасқан баспананың о бастағы түрлерінің бірі — осыдан шамамен үш мың жыл бұрын пайда болған, қаңқасы арба үстіне көбіне мығым, сирегірек жинастырып, ажыратылатындай етіп орналастырылатын тұрғын үй үлгісі. Мұндай үйлер ғұндарда да, түркілерде де, көшпелі ұйғырларда да, моңғолдарда да болған. Ал қазақтағы «Доңғалақты үй», «Үйлі арба» жөнінде біздің білетініміз орта ғасырларда бізде болған Гильом де Рубрук, Әбу Аб-даллах Ибн Баттута, Фазаллах Ибн Рузбихан, Антони Дженкинсон секілді шетелдік авторлардың жазып қалдырғандары ғана. Азғана құнды материал академик П. С. Палластың «Сапарнамасында» бар. Бірнеше өгіз, түйе қосарлап жегілетін үйлі арбаларда малдың қуығынан, қарнынан тартылған терезелері, кіріп-шығатын есігі, оттығы, көлеміне қарай екі, төрт, алты, тіпті онан да көп дөңгелегі болған.

Бату заманында-ақ «Алтын орданың  құрамында «Қазақстан» деген  аймақ болған». Сол өлкені мекендеген елдің үйлі арбасын Ибн Баттута былай суреттеген: «Дөңгелекті құрылғыны олар «арба» деп атайды. Арбаның үстіне тұрғызатыны — бір-біріне қайыспен байластырылған ағаштардан құрастырылған күмбез сияқты қаңқа».

«Олар тұратын үйлер ағаш кеспектерінен  құрастырылып, бұтақтармен ша-бақталған, төбесінде жоғары қарай мойнын созып, ықшамдана түсетін оттықтікі  сияқты дөңгелек түтігі бар арба үстіне орналастырылады да, үнемі аппақ болып жарқырап тұруы үшін жүнге әк, ақ топырақ (шамасы бор болар — Ө. Ж.), сүйек үгіндісін қосып басқан ақ киізбен қапталады екен»[3]. Үйлер мейлінше кең, ені 30 фут (1 фут — 0,3048 м.), дөңгелектерінің арасы 20 фут болған. Осындай үйлі арбаға 22 өгіз жегілген.

XVI ғасырдағы парсы деректерінің  бірінде жат жұрттықтарға зәулім биік ғимараттай болып көрінген қазақтың доңғалақты үйлері жайында мынадай мағлұмат бар: «Олардың (қазақтардың — Ө. Ж.) мұндай үйлері ағаштан тұрғызылған, қаңқасы сарайдікі сияқты көтеріңкі және мейлінше кең. Ақ қайыңнан құрастырылған қабырғалары мінсіз, өте сәнді, киізбен, сирек кез-десетін түстерге боялған қой терілерімен қапталған. Осындай үйлерде қазақтың сұлтандары мен ақсүйектері тұрады. Құрылымы ерекше үйлестірілген доңғалақты үйде 20 адамның жатып-тұруына болады екен. Мұндай үйлерді қосарлап жегілген көп түйе тартады. Үйлер зәулім, биік және сыйымды, тұс-тұсынан ашпалы көздері бар терезе ойықтары берілген. Сырты киізбен жабылған. Ішкі жиһаздары әмірлер мен сұлтандардың сарайларындағыдай мейлінше әсем және үйлесімді».

Қос ат жегілетін жеңіл күйме көбіне бойжеткен қызға, жас жүбайларға, бәйбішеге тек көліктің ғана емес, жол үйдің де қызметін атқарған. Мұндай жеңіл құрылғыны соғыс кезінде шапшаң қимылдап, ұрыс әрекеттеріне жедел басшылық ететін қолбасшылар да пайдаланған.

Үйлі арбалардың қазақтағылары  баспананы құрастырып-жинастырып әуре болмай-ақ, үдере көшіп күнелтуге мүмкіндік беретін құлазыған кең даланың табиғатымен байланысты болғанымен, құрылымдық жағынан олардың сәулеткерлікке қосқан үлесі шамалы. Әйтсе де олардың төрт бұрышты немесе бес бұрышты құрылғысы сәулет өнеріндегі шаршы үшкіліне, шеңбер бөлшектеріне дөп келетінімен қызықтырады. Кезінде көшпелі шаруашылыққа қызмет еткен түрғын жайдың сирек кездесетін бірден-бір нұсқасы бола тұра, үйлі арбалардың XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне қарай тұрмыстан шығып қалуының өзіндік себептері бартын. Оның ең бастысы арагідік үзілістермен 200 жылға созылған жоңғарлармен, қалмақтармен шайқаста, ешқашан толастап көрмеген жаугершілікте еді. 1723—1729 жылдардағы «ақтабан шұбырынды» кезіндегі елдің босып кетуі, даланың байлығына қармалауышын созған Ресейдің отарлау саясаты, Орта Азия хандықтарымен, әсіресе Қоқанмен, Хиуамен қақтығыстар елдің көшіп-қонатын кеңістігін тарылта түскендіктен XVIII — XIX ғасырларда көшпелі қазақтың негізгі баспанасы кәдімгі өзімізге белгілі киіз үй бола бастаған.

Қазақ сәулеткерлігі осылайша сонау  ежелгі заманнан бастап қалыптасқан. Далада тұрғызылған құрылыстардың ең алғашқыларынан (одан бұрынғылары сақталмаған) саналатын сынтастар, сандықтастар, ықтасындар, дің-діңгектер, іргесі шеңбер болып қаланатын да, сүйегі сүйірленіп бітетін бір бөлмелі үйдің нұсқасы — шошала қазақтағы құрылыс ісінде қаңқалық құрылымдардың, тіреугіш-ұстындардың, төбе жабынның орнығу үрдісін аңғартады. Ал оның деңгейі аңызақ желді, үскірік аязды болып келетін ұлан-ғайыр кеңістіктегі көшпелі тіршілік пен Сырбойындағы, Арыс, Келес, Шыршық, Талас, Шу, Іле алқабындағы жартылай отырықшы және отырықшы күнкөрістің мүмкіндіктерімен шектелген.

Қазақта тұрақты және жылжымалы  баспананың екеуінің бірден болуы —  оның отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі топтарыньщ арасалмағы әр түрлі бола тұра, қожалық ету тәсілдерінің, күнкөрісінің бір-бірімен тікелей байланыстылығынан,  тұрмыс-салтының  бірегейлігінен, мінез-құлқының ұқсастығынан туған жағдай. Алайда зерттеушілерді қайран қалдыратыны — қазақ құрылысшыларының әсіресе үй тұрғызуда, оған қолайлы жер, материал тандауда ұқыптылык көрсете білгені. Мұның өзі сәулеткерлік тарихында көптен келе жатқан бірден-бір ыңғай табыс екені мәлім. Басқаны былай койғанда, бар құдіреті құрылыстың мығымдығынан, кескінінің тұрақтылығынан, түрінің үйлесімділігінен көрінетін әлемге танымал классикалық сәулеткерліктің өзін де табиғи ортаны, жер ыңғайын тиімді пайдалану, кеңістікті ұйымдастыру деңгейінен бөліп қарауға болмайды. Ойлы көзге қай-қайсысы болса да тұрған орнында шынайы да керемет болып көрінетін әлемге әйгілі құрылыс үлгілері — Акрополь де, Тәж-Маһал да, Шахі-Зинда мен Әзірет Сұлтан да тундра түкпірінде немесе меңіреу тайгада, Бетпақдала мен Үстіртте ұсқынсыз болмаса да үйлесімсіз көрінуі мүмкін. Әйтсе де мұқият ұқыптылық көрсете білсек, мұндай келеңсіздікке жол бермеуге болар еді. Ал біздің еркімізден шығып кеткен және бүгін шешімін табу оңайға түсе қоймайтын шаруаны қалай орнына келтірерсің.

Жасыратыны жоқ, қазақтың бүгінгі  калпы — аңыз-ертегілердегі үмітпенен  жоқ қуып, тоғыз тарау түйіскен жолайырыкқа тап болғандықтан, қай  соқпақпен кетерін білмей, дал болатын жалғыз атты жолаушының кебі. Самарқаулықтан ба, салақтықтан ба, әлде әкімге бас иген жарамсактықтан ба, мінсіздіктін тегінен көрінетін ата-баба мұрасы үлгілерінің біразынан көз жазып қалғанымыз өкінішті-ақ. Оның кездейсок, шешімнің жемтігі болып, «көлденең жүрген көк аттының» қанжығасында кеткені де аз емес.

Біздін зерттеуіміздін негізгі  мақсаты — казақтың дәстүрлі өнерінің ұмытыла бастаған салаларының бірі — халық сәулеткерлігінің ерекшеліктерін үйреніп-білу арқылы Қазақстанда ғылым, мәдениет пен өнер саласында қалыптаса бастаған жаңа әлеуметтік жағдайға азды-көпті ықпал ету. Мұның өзі ата-баба мұрасын қорғау, қалпына келтіру және пайдалануда тығырықтан шығудың жолын қарастыруға қосатын үлес болмақ.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1 . Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. 

 

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. 70-75 бб., 81-100-бб. 

3.Қазақстан тарихы. Бес  томдық. 1-том., 3-бөлім. 3-5 тараулар. 
         

4. Рысбайұлы К. Қазақстан  Республикасының тарихы, 3-бөлім 

5.Махмұд Қашқари. Түбі  бір түркі тілі. А., 1993.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Көшпелілердің материалдық мәдениеті

 

2.Киіз үй

 

3.Киіз үйдің түрлері

 

4.Тұрақиы және жылжымалы  баспана түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәңгір хан атындағы Батыс  Қазақстан аграрлық техникалық университеті

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан тарихындағы  көшпелілердің материалдық мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                

 

   Тексерген: аға оқытушы Хайдаров Е.Е.

Орындаған: Машинажасау факультетінің

ХТНВ-11 группасының 

студенті Камидуллиева Д.М.

 

 

 

 

 

Орал 2013 жыл


Информация о работе Қазақстан тарихындағы көшпелілердің материалдық мәдениеті