Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 00:49, реферат

Краткое описание

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамға» кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және «алтын адамның» Астанада өткізілетін тұсаукесеріне мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінетін болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

срсп тарих2.docx

— 21.00 Кб (Скачать документ)

Мәтін көлемі

Айнагүл САҒДИ

Жарияланған уақыты: 28.01.2005

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамға» кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және «алтын адамның» Астанада өткізілетін тұсаукесеріне мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінетін болды.  
 
Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, бүгінгі таңда қазақ жерінен сақ, үйсін мәдениетінің 200-ге тарта ескерткіштері табылған. Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығындағы сол ескерткіштердің біріне жататын биіктігі 8 метр, диаметрі 97 метр қорғанды қазу барысында қабырханада жерленген адам табылған. 
 
- Қорған үш қабаттан тұрады, бірінші қабаты топырақ үйінді, оның ішінде тас үйіндіден тұратын оба бар. Оның биіктігі 4, ал диаметрі 22 метр. Осы тас үйіндінің ішінде қима ағаштан жасалған қабырхана бар. Ол жердің бетіне орналасқан. Қабырхананың ішкі еденінің аумағы - 33,6 шаршы метр. Осы үлкен қабырханада жалғыз адам жерленген екен. Сол заманда қабырхананың тоналғандығы анықталды. Табылған адамның киім әшекейлерінің бір бөлігі қолымызға тиіп отыр. Олардың ұзын-саны 4 жарым мыңнан астам. Бұлар әшекей түрінде жасалған құйма алтындар. Бұған дейінгі алтын адамдарда қаңылтыр алтынды әшекей бұйымдар болса, бұнда құйма алтын. Біз осындай деректерін ашқаннан кейін бұл Қазақстан жеріндегі үйсін мәдениетінің үшінші «алтын адамы» деп жариялап отырмыз, - дейді Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Ташкенұлы. 
 
Ал екінші «алтын адам» 1999 жылы Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылған еді. Атырау облыстық мұражайының кіші ғылыми қызметкері Гүлназ Ахметованың айтуынша, бұл қорым да бірнеше рет тоналған. 
 
- Қорым дөңгелек болып келеді. Ғалымдардың айтуынша, біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген сарматтар тайпасына жатады. Және олар біз өлгеннен кейін де әрі қарай өмір сүретін боламыз деген ұғыммен көптеген заттарды өздерімен бірге көмген. Қорымның жоғарғы жағы 4, ал астыңғы жағы 12 бөлікке бөлінген және қорымның айналасынан тас мүсіндер табылған. Ғалымдардың айтуынша, сарматтар тас мүсінді бекерден-бекер қоймаған. Олардың ұғымы бойынша, бұл тас мүсіндер қорымды пәле-жаладан қорғап тұрады. Содан кейін үлкен бір тайпаның көсемі болғандығы айтылады. Қолында асатаяғы бар, шашы ұзын. Бет-әлпетіне реставрация жасаған Қырым Алтынбеков деген ғалымның айтуына қарағанда, бұлар иран топтас елдерге жатады, бірақ жартылай көшпелі, жартылай тұрғылықты өмір сүріп жүргеннен кейін көшіп-қонып жүрген тайпаның бірі, - деді Гүлназ Ахметова. 
 
Ақтөбе облыстық тарихи мұраларды қорғау жөніндегі инспекцияның басшысы Бекарыстан Мырзабаев бүгінде облыс көлемінде «алтын адамдарды» насихаттау жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтады. 
 
- Қоғамда өз орны бар ел басқарған, патша болған адамдарды ғана алтынға орап қойған. Сондықтан, Қазақстан жерінде әлі де алтын адам табылуы мүмкін, алайда бұл тарихта өте сирек кездесетін құбылыс, - дейді Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Ташкенұлы. 
 
Шілікті жазығынан табылған үшінші «алтын адам» толық құрастырылып болғаннан кейін Астанада оның тұсаукесер таныстырылымы өткізілетін болады деді ғалым.


Информация о работе Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының рөлі