Айша бибі кесенесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 17:39, реферат

Краткое описание

Айша бибі кесенесі — ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткіштті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (ХЫ- ХЫЫғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айша-бибі кесенесі.docx

— 137.11 Кб (Скачать документ)

                   

 

 

Айша   бибі  кесенесі  —   ХІ-ХІІ    ғасырлардағы    сәулет өнерінің   көрнекті ескерткіші.   Жамбыл облысы    Жамбыл ауданында    Айша   бибі   ауылында орналасқан.    Сырты    керамикалық   плиталармен   қаланып,   ойып жасалған   өрнектің сән-салтанаты    мен  сан түрлілігі  жағынан   Қазақстандағы  басқа  мемориалдық-дәстүрлік   ескерткіштер   ішінде   оған   тең   келетіні   жоқ.   Ескерткіштті  қалаған кірпіштердің   әртүрлілігінің   өзі   таң  қалдырады. Оның  алғашқы қалпы  біздің уақытымызға  дейін  тек   батыс   қабырғасында   сақталған.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (ХЫ- ХЫЫғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.

 Мазар сырты   ерекше   қапталған, оны тек Бұхарадағы  Исмаил   Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады.

 

Ескерткіш туристтерді тек  қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен  қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.

 “Қазақ жобалау-қалпына келтіру”   институты  Айша   бибі    кесенесін   қалпына келтіру    жұмысының    жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

      Реферат

    

      Тақырыбы:   Айша-бибі  кесенесі 

       Пәні : Орта  ғасырлардағы  Қазақстан тарихы                                                                             

      Орындаушы:  7  «г»   сынып   оқушысы                          

Жақсығұл         Мәншүк  

 

 



Информация о работе Айша бибі кесенесі