1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 05:34, реферат

Краткое описание

Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды."Мың өліп мың тірілген",енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.

Содержание

1.КІРІСПЕ............................................................................................3
2."Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер........................................................................5
3.1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасы.......................6
4.Жазықсыз жапа шеккен жастар...................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................17

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 31.16 Кб (Скачать документ)

 

Жазықсыз жапа шеккен жастар

Енді жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік "сынақтан”  өткен, қорланып, намыстары тапталған  жандар өмірінен деректер берейік. Шымкент  облысы, Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, зейнеткер Ақпал Молданазарованың сол кездегі Конституциялық сотқа  жазған арызынан үзінді:

"Менің қызым Кенжегүл Молданазарова  Алматы дәрігерлік институтының  студенті. 1986 жылдың 18 желтоқсаны күні  көшеде келе жатқан кезінде  солдаттар "торына түсіп”, басынан  қатты соққы алды. Ауруханада  қызымды дұрыс қарамай, тез  шығарып жіберген. Ол алаңға өзінің  немерелес сіңлісі, байланыс техникумының  студенті Анар Бәдренованың қайда  екенін білуге барған. Анар да  соққыға ұшыраған.

Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында  емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын  оны Ташкентке алып бардық. Ондағы зерттеу кезінде басына қатты  соққы тигендіктен миына қан  құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние  салды.

Қызымның өліміне кінәлі қанішер  солдаттар мен милиция қызметкерлері  және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.”  Көздеріне қан ұялаған жендеттер  қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдулла  Рузиевтың сол кездегі басынан  кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық.17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге  жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер  небір сұрақтар қойып, менің қайдағы  бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры  мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа  оралдым.

 

 

Бірақ та 1987 жылдың қаңтарында мені қайта  шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев  менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап  етті. Көнбеп едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы.

Айдауда жүргенде ең бір қиын учаскелерде  болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан шыққандай  болды”.

Алматы оқиғасының жаңғырығы басқа  қалаларға да жетті. Барлық жерлерде студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып отырған  орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде жергілікті билік органдары жазалау әрекетіне  көшті. Сондай жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев Конституциялық сотқа былай деп жазды:

"Алматыдағы оқиға туралы  естіген соң, біз студенттер  бірінші хатшы Г.В.Колбиннің атына  қарсылық хат жаздық. Жоғары оқу  орындарының студенттері қол  жинауда белсенділік танытты.  Сол үшін бізді ұстап, соттады.  Мені бірден "есі” дұрыс емес  деп тапты. Күштеп "емдей” бастады. 8 ай бойы олар жүйкеге әсер  ететін дәрілерді беріп, осылайша  менің "саяси көзқарасыммен”  күресті.

...Кейіннен мен Жоғарғы Соттың  шешімі бойынша ақталдым, өйткені  менің іс-қимылымда еш қылмыс  жоқ деп тапты. Әйтсе де бұл  толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер  анықтаған "дерт” әлі де  алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің  жандайшаптары улаған менің денсаулығымды  кім қалпына келтіреді? Олар  осы күнге дейін адам құқын  таптағандарын, сау адамды ауру  қылғанын, мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын  еске алғылары келмейді.

 

 

 

Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, бала-шағалы болдым. Бірақ  та сонау бір аязды күндері  тапталған ар-намысым кейде түн  ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі  билік органдары сол кездегі  оқиғаға саяси баға беруге батылы бара ма екен?

1992-1994 жылдарғы Конституциялық  сотқа жазылған осындай хаттардағы  оқиғаларды талдап қарайтын болсақ, онда жазалау әдістерінің бір-бірімен  ұқсастығын байқаймыз. Сол кезде  бұқаралык ақпарат құралдары  бұл туралы неге жазбаған? Оның  себебі айдан анық. Егер шындықты  адамдар білетін болса онда: "Бір  топ бұзақы маскүнемдер мен  нашақорлардан басқа Қазақстанның  еңбеккерлері пленум шешімін  бірауыздан мақұлдады”, деген жалған  ақпар иесі – ТАСС-тың өтірігі  шығар еді. Сонымен бірге ойдан  шығарған ақпараттарды таратуға  қатысқан Соломенцев пен Колбиннің  беделі түсер еді.

Олар үшін ең қорқыныштысы осы болатын. Бірақ, бір нәрсе айқын: алаңға шыққан жастардың қимылын билеп-төстеушілер  бәрібір қылмыс деп жариялады. Осыдан барып олар жастарды соққыға алды. Қазіргі күнге дейін қанша  адам тұтқындалғанын ешкім айта алмайды. Өйткені, құқық қорғау органдарының құжаттарында "келісім” жоқ. Олардың  жаттанды жауабы: "Сақтауға деген  шектеулі мерзімнің бітуіне байланысты барлық құжаттар кезінде өртелінген”.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында  бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат  көтеріліс болды. Совет өкiметi  тұсында бұрын-соңды кездеспеген  құбылыс Алматыда демонстрация "Брежнев  алаңында қаптаған жұрт”, "Көшелерде  сап түзеп бара жатқан жастар”  деген лебiздер ескен желдей  гулеп тарап жатты. Елеңдеген  ел түсiне алмай дал болды.  Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл  оқиға 1825 жылғы орыс декабристерiнiң  iс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан  қаһармандары "қазақ декабристерi”  аталып, бiрден-бiрге айбыны асқақтай  түстi. ”Жалын атқан жастар арандап  қалды-ау” деп жанашырлық ниет-пейiл  бiлдiргендер де болмай қалған  жоқ. Бiрақ ол сөздер ашық  айтылмай, "аузы күйген үрiп  iшедiнiң” кебi келiп, жасырын  үрке қарап, бiр-жар адамдардың  басы қосылып шүйiркелескенде,  сыр шертiскенде ғана айтылып  жүрдi. Жалпы үрей, қорқыныш билеген  жұрт сең соққандай күйде едi. "Қазақ" деген қаным бар  деп бастап, "Еркек тоқты құрбандық,  атам десең атыңдар" деп  аяқтаған қайсар Қайраттың даусы  да тым жақында естіліп еді  ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей "тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған халық" нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де "бас шұлғып, үнсіз көнетін" әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды.

Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге  еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат... Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа  батыл қараймыз.

Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы  жастарының серпілісі азаттық қозғалысы  шежіресіндегі ең бір жарқын белес  болып табылады. «Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза  жарылысы. Яғни біздің халқымыздың  тіл мүддесі, рух мүддесі –  осының бәрінің қосындысы ашу-ыза  тудырғаны шындық. Қазақ халқы  орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау  кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден  астам ұлт-азаттық көтерілісін  өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке  бастаған көтеріліс – Желтоқсан  көтерілісі», - деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін  ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға  емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен  көтеріліс екендігінде дау болмаса  керек. Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды  тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті  күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу  жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл  күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға  қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан  Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете  жүруіміз керек.

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1998 ж. 

2. Қазақстан тарихы Очерктер. Алматы 1999 ж. 

3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы 2003 ж. 

4. Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж.


Информация о работе 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы