1965 жылғы шаруашылық реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:57, доклад

Краткое описание

60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

12.docx

— 27.75 Кб (Скачать документ)

Тұрғын үй құрылысында  оң өзгерістер байқалды. Мысалы, зерттеуші Б. Біржановтың есептеулері бойынша, тек Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының өзінде ғана 1970 жылы 69,6 шаршы метр тұрғын көлемі бар 1 807 пәтер, 109 орынға арналған асхана, сағатына 156 адамға арналған 15 монша, 250 орынға арналған 5 балалар бақшасы, 880 орны бар 2 мектеп салынып, іске қосылды, 46 елді мекен электрлендіріліп, 2 551 пәтерге газ берілді.

Көптеген елді мекендерде коммуналдық жағдайлары бар сапалы үйлер салынып, жолдарға асфальт  төселді, ауылдар көгалдандырылды. Бірқатар шағын елді мекендер мен  шопан үйлеріне электр жарығы жеткізілді. 1976 жылы Петропавл жылу-электр орталығының іске қосылуымен Солтүстік Қазақстан республикадағы толық электрленген өлкелердің біріне айналды. Село (ауыл) еңбекшілерінің тұрмыс дәрежесі сапалық жағынан жақсарды. Мәселен, 1970 жылдан 1975 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақтас шағын ауылында 8 жылдык мектеп үйі, клуб, медицина пункті, монша, оннан астам тұрғын үйлер салынып, іске қосылды.

 
И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы  жаңа әдісі. 70- жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді. Сондай адамдардың бірі - И.Н.Худенко еді. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле» совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын еңгізе бастады. Мысалы, ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді, қағаз- бастылықты құрт азайтып, шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығая түсті. Мұндай бастама бұрынғыша шаруашылық жұргізудің ескі әдістерімен бұйрық беріп, өмір етуге үйренгендерге ұнауы мүмкін емес еді. Совхозға бірінен соң бірі республика Ауыл шаруашылығы министрлігінен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерінен әр түрлі комиссиялар жиі келе бастады.

И.Н.Худенконың тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса оның ісі сотқа беріліп, сотталды. Түрмеге отпырғызылған  И.Н.Худенко сонда қайтыс болды. Тек  бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар  басталған кезде И.Н.Худенко Қазақ  КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен  ақталды.


Информация о работе 1965 жылғы шаруашылық реформасы