Шымырбай датқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:05, биография

Краткое описание

Біз соғыстан кейін дүниеге келген балалар ес білгелі Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шымырбай датқа.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

1.

                           Шымырбай датқа

         Үнемі қару ұстап, қорғап жерін,

          Елі үшін жан   алысып, төккен терін.

          Кейінгі ұрпақтары  біле ме  екен,

          Дүниеден Шымырбайдай  дана  өткенін.

 

          Шымырбай өзі батыр, әрі датқа,

           Күрескен қарындасты  бермей жатқа.

          Озбырлыққа шыдамай қарсы шыққан,

          Имансыз жалақтаған  өңкей сартқа.                  

                                                                  ( Балта ақын)

2.

                                                                                Парыз

          Біз соғыстан кейін  дүниеге келген балалар ес білгелі  Шымырбай сайы, Шымырбай датқа, батыр, би, ел қамқоры, Шымырбай көтерген көк тас, Шымырбай жолбарыс ұстаған сай, Шымырбай қорасы, Шымырбай қаздырған арық, Шымырбайдың ерлігі туралы әке-аталарымыздың,ақындардың арнау-жырларын естіп өстік.Ол кезде теледидар, интернет дегендер жоқ. Біраз ойнап болған соң, жайылымнан мал келер тұста қырда отырған қариялардың әңгімесіне құлақ түреміз. Ас-жиын  той-томалақтарда да үлкендердің әңгімесі небір батырлар, билер, қазақ хандары туралы болып келеді.Үйге салихалы,көргені мол, айтар сөзінің  тағылымы бар қонақтар келгенде біз қатарлы балаларды босағаға отырғызып қойып тыңдататын. Сондай ділмар, тіспен түйгенді  тілмен шешетін, шешен сөйлейтін сөз қоры мол майда қоңыр дауысты кісілер баланың бойына ұлттық рухтың тәрбиелік дәнін сепкен екен ғой.  «Ұл-қызыңды ізгілікке тәрбиелеген болсаң, ержеткенде олардан игілікті әрекет күтуіңе болады» дейді біздің қазақ.Сол үлкендердің берген тәрбиесі арқылы елін сүйген, ұлт намысын жақтаған дара тұлғаларға назар аударуға, оларды силап-кәдірлеуге  бейімделесің.Қолымда ақын-жазушылардың тарихи деректері, Шымырбай бабамызды көрген адамдардың тікелей өз аузынан естіген  қариялар деректері болғандықтан қолға қалам ұстап, тәуекелге бел будым. Сабақты ине сәтімен деп 2012 жылдың маусым айынан бастадым. Әрине мұндай еңбекке кірісу үшін бар білгеніңді жаңғыртып, жаңадан қаншама әдебиет, архив (мұрағат) ақтарып, дайындық кезеңін өткізу керек. Бабамыз жүрген жерлерді өз көзіммен көріп,қолыммен ұстап, фотоға түсіру үшін де екі-үш ай уақыт кетті. Автомобиль, атқа мініп, жаяу-жалпылап тау-тасты түгел аралап шығуға тура келді.Зердеге түйген мағұлмат, жазба деректер, көңілде тұнған тұжырымдарды негізге алып, ұрпақ парызын өтемекке жазуға  кірістім.Алла, жар болсын !  Шымырбай  баба аруағы  қолдай  көр !

3.           

      Шымырбай датқа күндегі дағдысынша  бүгін де  ерте  тұрды. Құла таң да бозарып күн мен түн шекарасына жақындап келеді. Нар тұлғалы батыр түйежүн шекпенін желбегей жамылып, үй артындағы қырға   көтерілді. Қаратаудың  ең  биік  тұсындағы бұл  шатқал  кең, суы мол, іші  тола  жеміс-жидек, шаруашылыққа  қолайлы. Пайғамбар жасынан анағұрлым асқанына  қарамай батырдың   жүрісі  ширақ, кеудесін  тік  ұстайды. Біраз  жүрген  соң  шығысқа  қарап, үлкен  қойтастың  үстіне  жайғасты.  Шығыс көкжиектен  алтын садақ игендей күн нұры  шашырап әлемге  тағы бір тіршілік  нышанынан хабар бергендей. Теріскей  шығысынды Жетім  шоқы, одан  әрі Шолақтау, түскей  шығысында үлкен  Бурыл  қол созым жерде тұрғандай. Дәл тау етегінде  ұйықтап жатқан  арудай  сұлу  Билікөл көлбей  жатыр. Шіркін  бұндай да  сұлулық болады  екен-ау. Табиғаттың  құдіретін –ай. Үкілі  бөркі  басында теріскейден  түстікке  қарай аяғын созып жатқан  ару ма  дейсің. Амантүбектің  тұсында көл жіңішкеріп  адамның мойнынан  аумайды. Көлдің  тауға  қараған  тұсы  көкорай шалғын  балауса құрақ, бидайық, қара өлең  самал желмен еркелей тербеліп, екінші бір жасыл көл құрап тұрған  сияқты. Сонау оңтүстік  жағынан Тұтты сай, Саясу, Жығалы, Жұрынсай, Көкім сай, Белбұлақ, Бірікқара,Құлдың сайы, Тік асу, Жыланды, Құртты бастау, Көк бастау  Шымырбайдың өзі отырған сай және солтүстікке қарай Кепелі, Байғазы, Қараой сазы, Есіркеп, Амансай, Елікті, Бүкір, Арбатас,Ақжарлы,Күсеген сай иіле мың сан бұлақтарымен ару Билікөлді қоректендіріп отыр. Талай аң аулап, армансыз  аралаған өңірлер. Өзі отырған осы сай кейін Шымырбай  сайы аталып ғасырлар бойы  кейінгі  ұрпақтың  аузында жүретінін сезді ме екен жарықтық.Осы мезет Билікөл үстінде  мақта бұлттар үйіріле  қалыпты. Табиғаттың  сұлулығына  еліткен батырға , аспандағы мақта бұлттар ару Билікөлдің көрпесі, ал Қаратау анасы  сияқты  болып көрінді. Бір сәт сезімге бой алдырған  Шымырбай датқадан  өлең  шумақтары төгілді.

                        Көрпесі ақша  бұлттар аялаған,

                        Жастық  қып   Қаратауды  саялаған.

                        Жағасы  жасыл  желек Билікөлге,

                        Табиғат  сұлулықты  аямаған.

                        Жарысып  бір- бірімен күміс бұлақ,

4.                       

                         Өзіңе нәр береді  таудан құлап.

                         Қаратау Билікөлдің  анасы екен,

                        Үнемі  тұратығұн  сылап – сипап.

      Көктемде  құлпырған  табиғатқа  сүйсініп тұрып  өзінің де  жас – көктемі  көз  алдына  елестеп  тізбектеле  қалды. Сонау  сайдағы   нән  көктасты көріп күші  бойына  симай, ұрынарға  қара таппай жүретін кезін ойлап  мырс етті.  Сайдың  күнгей бетіне  су  шығарып  тал-дарақ, егін, егу үшін  ауыл  жігіттері арық  қазып жатқан.Дәл арық  жүретін жерде ұзындығы  екі-үш  қадам, ені екі қадам, биіктігі  адамның қара санынан келетін үлкен көктас жатыр екен. Жігіттер ары жабылып, бері  жабылып, тасты орнынан қозғалта  алмай жатыр. Сонадайдан  көріп келе жатқан  Шымырбай  аттан түсе  қалып

«мына тасты  жалғыз өзім  көтеріп  аулаққа  шығарсам, бәске не бересіңдер ?» - дедіЕгер осыны көтерсең қой сойып сені  сыйлаймыз.Онда  бопты, сөздеріңде  тұрасыңдар ғой ? – деген Шымырбай етек – жеңін  түрініп  жіберіп, тастың жанына барып ұстайтын жерін бажайлап алды. Жатқан  дәу көк тасты бір шетінен «әуп» деп көтеріп алды да, екі-үш қадам жылжытып  қойды. Келесі жолы  екінші  жағын жылжытты. Сөйтіп алты-жеті  қадам жерге шығарып тастады.Шымырбай  сен жеңдің  - деп  шуласып жатыр Данайдан  тарайтын  жігіттер.  Аман болсаң Жаныс Данайдың атын  шығаратын сен боларсың. Құттығай  атамыздың Ниязбайы  құдыққа  түсіп  кеткен өгізді  жалғыз  өзі шығарады  деуші еді,сен одан да  озып  кеттің  Шымырбай ! – деп қауқылдасып жатыр. О, заман – ай !  Ол  да  бір  дәурен  екен  ғой.Төменде  жатқан  ауыл  ояна  бастапты. Арғы  бетте  Кәрі  қораға  қарай шашырап өрлеп  бара  жатқан  отар  қой. Сайды  бойлап  тізіліп сиырлар  барады.  Мініс  аттары мен  сауын  биелер  болмаса  жылқы малы  жотада  жайылымда. Шөбі шүйгін, суы салқын  береке  ғой бұл Қаратау.Шымырбай  датқа  шығысқа  қарай  көз  жетер  жердің  бәрін     шолып тұр. Манағы  садақша иілген шығыс жақ шоқтай қызарып мені күтіп алыңдар  дегендей, сәулесін  шашырата  күн де  көрінді.    

5.

       Жаңа ғана  көгілдір  тартып бейғам  жатқан Билікөл  жаңа  бір түрге еніпті.Бір сиқырлы сәуле шашырап Билікөлдің  беті  найзалы жарық шұғылаға  толып кеткен. Ортасында қызыл, оның  шетін ала қызғылт, қызғылт-сары, сары түстер шеңбер  құрап жайылып бара  жатыр. Шылбыр  бойы  көтерілген  күн шұғыласымен қызғылт-сары сағым ойнап шыға келді. Кереметін – ай, бұндай  жерді қалай қиясың. Датқа өзінің  жүріп өткен соқпақты, тар жол тайғақ кешкен  өмір  керуеніне ой  жүгіртті. Шіркін, ой деген ұшқыр ғой, лезде төменде сарқырап  жатқан тау суындай көз алдында бірінен соң  бірі тізіліп  өте шықты. Ат құйрығын  шарт түйіп, тебінгіні тер шірітіп, тайғақ кешіп таңды атырған қар қарпып, мұзбен шөл қандырған күндер де өтті-ау бастан.Үлкендердің  айтуынша екі жүз жылдай Жоңғар  қалмақтармен арпалысып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп, итжығыс түсіп қазақ талай  боздақтарынан айырылды. Өз бабасы Төле бидің тапқырлығы,  қазақтың не бір оғлан батырларының ерлігі, Абылайдай ханының саясаткерлігі елді  сактап  қалды. Бүгінде  Жоңғар  хандығы жоқ, күйреген,  қазақты бағындырам  деп жүріп өзі жойылып  кетті. Құттығай  атасы  айтушы  еді – «Жоңғарды  жеңдік,енді тыныш  өмір болады»-деп. Бірақ  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған заманды жас Шымырбай  көре  алған жоқ. Есін  енді  біле  бастағанда Қоқанның Әлімханының  әлімжеттігін білді.  Оны  қазақтар  «Зәлім» хан деп атаған.Одан  бері  бұл жігіт боп ат  жалын тартып мінгенде құдай атқан Хұдияр ханның құқайын көрді. Қоқанға арқа  сүйеген мына  алатаудың қырғыздары сонау шығыстағы Хан тәңірінің етегінен, Іленің сол жағалауы, Қордай,Шу, Таластың  орта  ағысы тіпті  өзі тұрған Қаратаудың түстік жағын да иеленіп, қоныстанып алған жоқ па. Имансыз Қоқан хандары мен айырқалпақты қырғыздардың  бассыздығына қарсы қаншама жорық жасады. Кенесары  хан бастаған Қоқанға қарсы соғыс қырғызбен соғысқа ұласып, дулат  жігіттерінің сол  соғыста қырғынға  ұшырауы. Кенесары,  Наурызбайдың опат болуы. Шұбыртпалы Ағыбайға  күйеу бала  болғаны.Ағыбайдың  қарындасынан  тараған ұрпағым бар ма екен? Одан  сары  сақалды  шегір  көз  орыстыр  келді, зеңбірегін  сүйретіп. Қоқанның  зәлім  ханының Дулаттан  шыққан  ел  басшыларын  алдап соғып, қырғынға ұшыратқаны. «Шымыр  Байзақ  датқаны  орысқа  сатылып  кеттің  деп  зеңбіректің  аузына  байлап  мерт  қылғаны.  Ойлап  отырса  бұл Шымырбайдың өмірі  аттың  жалы, түйенің  қомында өтіпті. Қуанышынан күйініші, сүйінішінен  азабы қөп  өмір  екен. Бауырларынан, үзеңгілес  жолдастарынан небір ел  басқарып қол  бастаған  достарынан  айырылды.

6.

Бұның  көретін  жарығы бар екен, қаншама  қырғын шайқастардан  аман  қалды. Орыс  әскерімен  бірге барып ежелгі  жау қоқанды алғаны. Орыс  опа бермей  Кенесарының ұлы Сыздық сұлтанға қосылып шегіркөздерге қарсы соғыс. Жалаң қылышпен  ештеңе  бітіре  алмайды екенсін.  Кімнің  от  қаруы бар сол үстемдік  құрады.  Амал  жоқ сол орыс  бодандығын  мойындадық. Енді  алланың берген  қалған  өмірін  тыныштықпен өткізем бе десем желіккен  балаларым мен ауыл  жігіттерінің  ессіздігінен қалың Шымырдың  ішіндегі  Бәйімбеттің Құттығынан  тарайтын  Баян  батырдың ұрпақтарымен  түс шайысып қалғанымыз  дұрыс  болмады. Баянның  бауыры  Құлсарыдан тарағандар  шетінен нарқасқа. Құттықтың Елібайынан  шыққан   Саза  батырдың  ауыр  сөздерін де көтердім. Данайдан тарған он шақты үйді   қалдырып басқаларын Қаракемер  мен Жетітөбеге  көшіргенім  оңды  болды. Әйтпесе Дулат балалары  арасында  өкпе-реніш пайда болатын түрі  бар. Билікөлдің  арғы  бетіндегі ағайындарын ет жүрегі елжірей ойына алды. Елдің ынтымағы  үшін  осылай  істедім. Бұл жақында ғана  болған  жағдай.Ал, жалпы мен не тындырдым ?! Халқыма тобықтай  болса да  пайдам  тиді ме ?  Батыр датқа деген атым  болды, артымда  ерген  халқым  болды. Мен сол халқыма дұрыс басшылық  жасай алдым ба, кетігін түзеп, жетімін сүйеп қамқорлық   жасай алдым ба деген сұрақтар түйдектеліп келіп, ал  жауабын бер дегендей.Отыра берер ме еді «Датқа» - деп таңғы асқа  шақырған  бәйбішесінің  қимылын  байқады. Күн  әжептеуір  көтеріліп     қалыпты. Орнынан  тұрып  ылдидағы  үйіне қарай жүрді.

7.

                                                                                Қоқанның қылығы

      Жоңғар мемлекетіне қарсы екі жүз жылдық Ұлы Отан соғысын жүргізген Қазақ ордасы қайтсем ел мен жерді аман алып қалам деп жүріп түстіктегі мұсылман елдері елеусіз    қалып еді. Тарихта жүз жылдық соғыс дегенді білеміз. Ал екі жүз жылдан астам соғыс қазақтың маңдайына жазылған екен.Алла-тағала бұл қазақтың тұқымы жойылып кетпесін деп Абылайдай хан, ел ұйытқысы Төле би,Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би сияқты даналарды өмірге әкепті. Жонғар хандығы  жер бетінен біржолата жойылды. Абылай хан батысында аюдай ақырған Ресей, шығысында жеті басты айдаҺар Қытай арасында қайтсем қазақты аман алып қалам деп, небір айла шарғы жасамады дейсіз. Бірде елші жіберіп си-сияпат жолдаса, бір де қару ұстап тойтарыс берді. Осылай шарқ ұрып жүргенде Шығыс Түркістандағы  Қашқарлықтардың демеуімен Ферғана жазығындағы өзбектеніп кеткен байырғы қыпшақтар, сарттар, басқа да мұсылманбыз дейтін халықтар 1710 жылы Бұхар хандығынан іргесін бөліп бұрынғы Ескі қорған деген жерге  «Қоқан» деп аталатын бекініс қала    салды да, кейіннен ХVШ-ғасырдың аяғында сол өңір Қоқан хандығы деп атала бастады. 1740 жылы Иранның Нәдір шахы тарапынан жойқын шабуылға ұшыраған. Бұхар хандығы әлсіреп, шығысында Қоқан, батысында Хиуа хандықтары пайда болды. Бұхар хандығының бір уалаяты болып есептелетін Ферғана жазығындағы бұл ел біртіндеп Марғұлан, Әндіжан, Наманган қалаларын өзіне қаратып, іргелес жатқан Қазақ жеріне қол салды.

«Жау  жағадан  алғанда, бөрі етектен алды» дегендей Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы Ташкент, Дарбаза, Ходжент және көне қала   Сайрамды өзіне қаратып,қырғыздың Қарақол, Нарын, Бішкек  кенттеріне  бекініс қамалдар салып алды.Қоқандықтар  уақыт өте келе жерін кеңейтіп, ХІХ-ғасырдың басында іле өзенінің  сол жағалауынан бастап қазіргі Алматы облысының жартысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жері тұтас, Қызылорда облысының Ақмешітке (Қызылорда қаласы) дейінгі аумағын өзіне бағындырып,  алым-салық алып тұрды. Қазақ хандығының  ордасы болып келген Түркістан қаласы, Созақ, Шымкент, Сайрам, Әулиеата, Меркі бекініс қалалары, тіпті  іле  өзенінің сол жағалауы Таушубек бекінісін  салды.Бұл бекіністерге қазақ  руларынан салық жинап, әкімшілік басшылық   жасайтын  бектерін әкеп отырғызды. Ол бектердің тәртіп орнату үшін

8.

жасақталған әскері, аспасшы, атқосшы дейсіз бе толып жатқан өзбектері мен өзбектеніп кеткен басқа да ұлт өкілдері  қоса келді.Бүгінде Түркістан, Сайрам, Шымкент, Тараз, Меркі жерінде өзбекпіз дейтіндердің көпшілігі солардың  тұқымдары.  Жалпы Қоқан хандығының негізін қалаған  Шахрук-бек деген. Оның баласы Ерден-бек билігі кезінде Қоқандықтар тіпті есіріп кетті. Әлім хан билігі тұсында (1799-1809) аты көрсетіп тұрғандай Қоқан хандығы деп аталды. Ұлы жүз қазақтары оны қылығына  қарай «Зәлім хан» деп атады. 1809-1822 жылдары Омар хан билігі жүрді. Мәделі хан, Шерәлі хан, Сарымсақ хан, Мұрат ханнан соң 1840 жылдардың басынан 1875 жылға дейінгі аралықта Хұдияр хан тақта отырады. «Әндіжанда бір апам бар, бұдан өткен сорақы» -демекші Хұдияр хан тұсында қазақтардан алынатын салықтың түрі де, көлемі де бірнеше есе көбейеді. Осы озбырлығы үшін оны «Құдай атқан» деп атады.Бұрын қазақ ордасына жүз бастан бір бас мал салық беретін болса, Хұдияр хан тұсында он бастан  бір бас мал салық алынды. Тіпті әр руға қыз салығын  салды. Салықты уақтылы төлей алмаған ауылдар шабылып, мал-мүлкінен айрылды. Ұлдарын құл, қыздарын күң ретінде Ауған, Иран шығарып сатып жіберді. Өзін мұсылман санайтын бұл халықтың бауырлас қазақтарға жасаған қиянаты сорақы болды. Іргелес отырған қазақ – қырғыз арасына от тастап, қозды көсеумен түрткілігендей екі ағайынды  өшіктірумен  болды. Қоқанға арқа сүйеген қырғыздар  баяғы жоңғар соғысында  қазақтар тастап кеткен жерлерге қоныстанып, Ұлы жүз қазақтарына қыр көрсете бастады. Хан тәңірінің етегінен бастап Байынқол, Нарынқол, Кетпен таулары, Шалкөде, Қарқара жайлаулары Кегеннен Қордайға дейінгі  аралық Шу, Талас аңғарларының біраз жерін иеленді.  Ұлы жүз бауырларының қысымшылығын естіген Абылай хан Арқадан он мың сарбазымен келіп, 1765 жылы бір рет екінші қайтара 1770 жылы келіп Қырғыздарды Алатаудан асырып қазіргі шекараны белгілеп, Ақсудың Шуға құяр сағасынды ордасын тігіп солтүстік қырғыз  манаптарының қазақ ордасын  мойындау туралы антын алып еді.  77 жылдан кейін дәл сол Кекілік сеңгірде немересі Кенесары бастаған қазақ қолы қанды қырғынға ұшырайтынын  кім білген.

 Қоқаңдаған  Қоқанның  аптығын басу  мақсатында 1766-1768 жылдары Абылай бастаған қазан сарбаздары жауды түре қуып, Ташкент, сыр бойы қалаларын қазаққа қайтарды. 1881 жылы Абылай дүниеден  қайтып, қазақ арасында    бұлғақ заман басталып, береке-бірлік жоғала бастады.

9.

Қазақ сұлтандарының  билік үшін таласы, Ресей  империясының қазақ даласын отарлау саясатының үдеуі Қазан ордасын әлсіретіп, түстіктегі Қоқан, Хиуа хандықтарының Ұлы жүз түгел, кіші жүз қазақтарының бір бөлігін өз бодандықтарына  түбегейлі  бағындыруға мүмкіншілік  туғызды. Қазақ басына аласапыран заман туып, қоқан бодандығында  қалып, халық қиналды. Арғымағы толарсақтан саз кешіп, ауыздықпен су ішіп, ер-азаматы күн жамылып түн қатқан, ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қайтсем жауға бас ұрмаймын деп теңселді.

                                                                            Оғлан ұлдың дүниеге келуі

       Жаратқан ием кең ғой. Қиын-қыстау заманда  халқына ие болатын,қиыннан жол табатын ерлерді өмірге әкеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір өңірінде, Қарасора, Қасқасу жерінде Дулат тайпасы  Жаныс – Жортуыл – Жанту – Қожамберді – Құдайберді – Данай –Құттығай ұлы Асан батырдың  үйінде маңдайы кереқарыс ұл дүниеге  келеді.   Бұл Алланың  нұры жауған  1796 жылдың тамыз айы еді. Ел  аузында «жер  жаннаты»  атанған Талас Алатауының  батыс сілемдерін  құрайтын  Жабағылы, Балдыберек, Бұғылы тау, Сайрам шыңы  болып жалғаса береді. Сайрам  шыңының биіктігі  теңіз деңгейінің 4238 метр. Осы өңірдегі  таулардан қыздың  өрген қос бұрымындай  қатарласып, арқырай ағып  жатқан  Қасқасу мен Сайрамсу өзендері  табиғатқа әр  беріп, нәр беріп тұрған  керемет өзендер.Осы  жерде ұлан асыр   той жасалынады.  Сол әулеттің үлкені, әрі жол бастар биі Данай ақсақалға  шөбереңізге ат қойыңыз дейді.Дулаттың  ішіндегі Шымыр   өніп – өскен ел. Арасынан небір батыр – балуандар шыққан. Шымыр көп пе, шыбын көп пе деп текке айтпайды. Шымыр атасындай ел бастайтын дана, қол бастайтын батыр болсын.  Алланың құлағына шалынсын, сенің атың Шымырбай, Шымырбай,Шымырбай деп азан шақырып  ат қояды.

Қазақ баланың  есімін қойғанда  ырымдап қояды  ғой. Әрі көпшілігі атына заты сай болып келеді. Көреген Данай  атаның  сөзі  дөп  келді.Құттығай ұлы  Асан  үш жүзге даңқы шыққан үлкен баҺадүр  тұлға болмағанымен, батырлық  пен  ерліктен  кенде емес, орта  дәулетті  болған  кісі. Шымырбай  есін  білер  кезден  арабша  хат  танытып, соңыра бір үйір жылқы айдатып, Бұхар  медресесінде  екі жыл оқуын  жалғастырады. Жастайынан  зерек бала  шығыс  әдебиеті  классиктерінің  еңбегін  оқып, дүние танымы 

10.

кеңейе  түседі. Не  бір  хандар, әмірлер, сұлтандар мен шахтардың өмір  тарихы, мемлекет  басқарудағы әділеттілігі мен   тапқырлығы  туралы  мағлұматтармен  қанығады.Неге  менің халқым  Қоқан  бодандығында, үлкендер  айтып отыратын  қаҺарлы қазақ хандығы  неге  ыдырап кетті деген ойлар жас Шымырбайға  маза  бермейді. Сөйтіп  өзінің  ауылына, туған халқына қорған  боларлықтай үлкен азамат болуды мұрат тұтты. Шымырбай  зерделігімен қоса  13 – 14 жасынан орасан күштілігімен  ел көзіне түсті.Той  жиындардағы  көкпар     -тартыстарында  өзінен  үлкен  ауыл жігіттерін  тақымындағы  серкесімен  қоса, алдына  өңгеріп әкетіп  жүрген  Шымырбайға  жұрт  сүйсіді. Үлкен өгіздерді мүйізінен ұстап бұрай салу, асау жылқыны құйрығынан  тартып  қан тоқтата салу жас жігітке үйреншікті  әдетке  айналды. Күшімен қоса  әділдігін, сыпайылығын  жұрт  құрметтеді. Бозбаланың  бұндай  ерекшелігін   таныған ауыл, әулет  ақсақалдары кіші – гірім ел арасындағы  дауларға  билік айтуға  жұмсайтын болды. Барған  тірлігін  қанттай ғып, еш дау – дамайсыз майдан  қыл суырғандай орындаған жас жігітпен  енді  үлкендер  санаса  бастады. Шымырбайдың ерен  күшін байқаған  ел  ағалары  үлкен  той жиындарда  болатын  сайысқа  салып бағын сынады. Қарсылас шақ  келтірмеді. Не бір  сайыскерлерді   ат-патымен омақаптырды. Оның  даңқы Данай әулетінен шығып бүкіл   Жанысқа одан  асып  көп Дулатқа жайылды. Енді  ен  Дулаттың  атынан  сайысқа  шығып, бүкіл ұлы  жүзге  батырлығы  тарады.Қалың  Дулаттың  ішінен шыққан  Шымырбай баҺадүр  қоқан бектері мен хандарына  мәлім болды. БаҺадүр дейтіндей ақ бар. Бойы  240 – 250см  көлемінде.  Өйткені ол  кісіні  көргендердің  айтуы бойынша беліне  байлаған  арқар кәдімгі кісінің беліндегі қояндай ғана  көрінеді  екен.  Архардың  екі-үшеуін бір-ақ  арқалап алатын  болған. Қаратаудың  Билікөлге қараған  тұсындағы  Шымырбай  сайының  оң  жағында  дәу  көк  тас  жатыр. Арнайы  барып көріп, суретке түсіріп алдым. Тастың  ұзындығы 260см, ені 166см, қалыңдығы 68 см. Тастың  үстінде үш-төрт  ересек  адам  малдас  құрып отыра береді.Бізге тасты көрсеткен 78 жастағы Жапархан  ағамыздың айтуы бойынша – «менің  бала  кезімде  Тапы  атам (1864 жылы туылған) Дуана атам (1876 жылы туылған) Таубай  атамдар мына  тас Шымырбай  датқа көтерген  тас деп, үстінде тоғызқұмалақ  ойнап  отыратын. Ол  кісінің Тапы  атасы (менің де  атам)  талай рет  Шымырбай  батырдың  қолына  су  құйып,  атын  байлаған.

Информация о работе Шымырбай датқа