Мухтар Ауезов (1897-1961)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 19:54, реферат

Краткое описание

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 124.50 Кб (Скачать документ)

«Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің  зиратына келіп қаза табады. Қараңғы  түндегі табиғат құбылысы үрейі  ұшқан баланың ішкі сезімімен  тұтасып, өте әсерлі бейнеленген. «...Бір  мезгілде, Қасым қорқып, дірілдеген жүрекпен маңайына жалтақтап әр нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті...»  Жетім балаға рахымсыздық жасаған  тас бауыр жандардан мейлінше түңілесің. Сондай-ақ, сол кездегі  өмір шындығын жете тануға итермелейтін әмеңгерлік салтқа лағынет айтқан Рабиға "(Қыр суреттері"), құса болып  – өмірін қиған Ғазиза ("Кім  кінәлі?"), т.б. – бұлардың тағдыры  бір-біріне ұқсас болғанмен, әрқайсысы  өмір талқысында өзіндік ерекшелігімен  әр қырынан көрінеді. Бұл әңгімелердің бәрінде жағымды кейшкерлер бір-бірімен  тағдырлас, қорғансыз, жетім, жесір, көкірегі мұң шерге толған аяулы жандар. Жазықсыз құрбан кейіпкерлер тағдыры  бұлай болып қала бермейтініне жазушы үлкен үміт, сеніммен қарайды. Бізді  де сендіреді. Бұлардың аянышты халінен  құтылудың жолы, азаттық үшін күрес  екенін автор шындықты шынайы суреттеу арқылы жетеді. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятында анық көрініс тауып, әлеуметтік теңсіздік тартысы үлкен суреткерлік  күпшен бейнеленеді. Демек, алғашқы  мақала, алғашқы әңгіме, пьесаларының өзінде-ақ М.Әуезов ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралығымен, көреген білімпаздығымен  танылды. Өмірді жан-жақты қамтып, терең сипаттаған бұл дүниелер – жазушының реалистік қол таңбасының айғағы.

М.Әуезов қаламынан туған 30-40 жылдардағы әңгіме, хиқаяттардың қай-қайсысында болмасын кездесетін терең де нәзік  психологизм, өзгеше үн мен тіл көркемдігі, жаңа сапа, ой-қиял жүйріктігі табиғи дарынымен  тоғыса келіп, автордың суреткерлік  талантын паш етеді. Бұл туындылар  қазақ прозасындағы ерекше құбылыстың әсем үлгісі болумен бірге, ұлы эпопеяға бастар жолдың, шығар шыңның алғашқы  дайындық баспалдақтары екеніне  күмән келтірмейміз.

Ұлылық үлгісі

 

Мұхтар Әуезов Абай тақырыбын, Абай өмірі мен өнерінің мән-мағынасын  бар ынта-ықыласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді. Жазушы ұлы ақынның  өпшес мұрасын, тарихи тұлғасын өз халқының тыныс-тіршілігімен, бүкіл өмір жолымен  бірлікте алып суреттеп көрсетті. Ол жөнінен  автордың «Өз жайымнан мағлұмат»  естелігінен талай сырды ұғамыз. Сондай-ақ жас ойшыл жазушылық  міндеттің не екенін ерте танып, жете ұғына білді.

Тарихи бір дәуірді  толық қамтитын қазақ даласының  бүкіл тыныс-тіршілігімен, өмірін жан-жақты  суреттеп көрсететін ұлы эпопеяға автор  үлкен дайындықпен келді. «Абай  жолы» романының негізгі арқауы – заман шындығы, сол кезеңде  өмір сүрген адамдар арасындағы қарым-қатынас, күрес-тартыс, күйініш-сүйініш. Жазушы халық есінде сақталған естелік, әңгіме оқиғаларын, Абай туралы мұрағат  материалын, ақынның өз мұрасын жинап, зерттеп, ой елегінен өткізе отырып, ұлы  туындысына кеңінен ұтымды пайдаланды. Автордың өзі: «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар  жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өкінішке орай, бұл кезде  ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді», – деп жазады. Абай туралы ұзақ уақыт материал  жинаудың қиындығын  былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі  романға байланысты жұмыс сипатымды  мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің  жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы  шоқты тауып алып, оны демімен  үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ  болған кешеуіл жолаушының харекетімен  салыстырар едім. Көне көз қариялардың  күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол  көрсетіп отырды. Алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы  сұлу ажарын елестетуге тырыстым».

Бұл романдардың негізгі  арқауы – өмір шындығы, сол өмірде әрекет жасаған тарихи болған адамдардың арасындағы қарым-қатынас, күрес-тартыс, күйініш пен сүйініш. Жазушы халық  жадында сақталып қалған кейбір оқиғаларды, фактілерді, әсіресе Абай турасындағы  мұрағаттық материалдарды, есте қалған мәліметтерді, ұлы ақынның қалған мұраларын кең, өнімді пайдаланған. Әйтсе де әрбір көркем әдебиетке  тән ойдан қосу, сол арқылы өзінің нысаналанған ойын толығырақ, қонымдырақ етіп жеткізуге ұмтылуының да өте  орынды екенін атап айтқан жөн.

Эпопеяның басты қаһарманы  Абай болғандықтан, шығарманың өн бойындағы  шытырман оқиғалар желісі, сан алуан  кейіпкерлер әрекеті, тағдыры Абай төңірегінде шоғырланып, ілгері дами түседі.

Данышпан ақынды әлем жұртшылығына танытқан «Абай жолы» эпопеясы барлығы 4 кітаптан тұрады. Мұнда: Абайдай алыпты туғызған қазақ халқының өзгелермен қай жағынан да терезесі тең, дарынды, ақылды, ақ жарқын, жомарт, сері, өнерпаз  халық екендігін, ешкімге ұқсамайтын өзіндік мінезі, ұлттық рухы, салт-дәстүрі  бар екені эпопеяда жан-жақты  суреттеледі.

«Бұл тамаша эпопея бізге  тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың тұрмыстың небір ғажайып  картиналары мен адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті. Әуезов қаламымен тарих қайта тірілді, ауылдар өмірі, адамдар тағдыры  бой көрсетті. «Абай» эпопеясы, –  шығармашылықтың тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына  терең бойлаған туынды, ақын мен  поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі  ең шоқтығы биік үздік шығарма»,–дейді М.Луконин.

Ш.Айтматов: «Бұл роман бүкіл  түркі тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың  да адамзат мәдениетіне қосқан зор  үлесі... Әлемді көз алдыңа келтіру  үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата  көтеріп, жар салу үшін өз биігің –  Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың  болу керек», – дейді.

«Абай жолы» эпопеясы туралы айтылған бұл пікірлердің бәрі –  М.Әуезовтің ерекше талантына, халық  алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз құнды баға.

Бұл роман арқылы жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны  дәлелдене түседі.

 


Информация о работе Мухтар Ауезов (1897-1961)