Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 17:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазір қоғамымызда еуропалық мәдениет үстем болып, жаһандану үрдісінің етек алуы жас ұрпақты халқымыздың көркемдік мәдени мұраларымен, дәстүрлі әстеттіқалық талғамымен сұсындатып, ұлттық рухта тәрбиелеуді талап өтеді. Бұл, өз көзегінде, жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбие мен білім берудің ғылыми негізделуін қажет өтеді. Ғылыми негіздеу өнер теориясында да, жеке пәндерді оқыту әдістемесіпде де керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудан туындайтын әдістемелік тәрбиелік теориялық сұрақтар да көзек күттірмейтін мәселелер.

Содержание

Кіріспе 3
Пейзаж жанры.
1.1. Табиғатты бейнелеудің жанр ретінде қалыптасу тарихы 6
1.2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен
көркемдік құралдары і2
і.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы. Әбілхан
Қастеев шығармашылығындағы пейзаж 22
1.4. Шығармашылық ізденіс : 27
1.5. Шығармашылық жұмыс 29
2. Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану
2.і. Бейнелеу өнерін оқыту негіздері. Күнтізбөлік-тақырыптық жоспар 3і
2.2.Оқүшылардың кеңістік туралы түсініктері мен бейнелі ойлау
қабілеттерін дамытудағы жаттығулардың маңызы 36
2.3. Нұсқадан салу, елестөте отырып және есте сақтау бойынша сурет
салып үйрету жаттығулары 40
2.4.Түстану және эстеттіқалық тәрбие 4і
2.5. 5-інші сыныпта пейзаж сабағын өткізу жоспары 45
Қорытынды 5і
Қолданылған әдебиеттер 53
Қосымша 5'

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану.docx

— 151.86 Кб (Скачать документ)

Ян Ван Эйктің шығармашылығында картинаның ең кейінгі бөлігі де тұтас көрінісінен ажыратылмайды. Суретші туындыларындағы әлем үндестігі табиғат туралы орта ғасырлық христиан түсініктерімен мағыналас. Дегенмен, бұл әлі де бізге мәлім пейзаж жанры емес, ал жанрлық немесе діни картина. Оның негізгі кейіпкерлері табиғат аясында бейнеленіп, табиғат композиция тұтастығына жету құралы ғана болды. Оның «Гент альтары» (1432ж.) картинасы бүкіл әлемдік мазмұнда жазылып, керемет өсімдіктер көмкерген нақты жер көрінісін бейнелейді.

Картинадағы бейнелер неғұрлым шынайы бейнеленсе, көрермен ондағы оқиғалардың шынайылығына соғұрлым тез сенеді. Яғни, киелі көріністің өте таныс табиғи ортада өтуі, оның аңыз емес, шындық екенінің дәлелі. Нидерланд өнеріндегі пейзаж бейнесінің дәлдігі туралы айтқанда, бұл дәлдіктің салыстырмалы екендігін ескерген дұрыс. Шын мәнінде, бұл дәуір суретшілері нақты пейзаж көріністерін сирек салды. Көбінесе олар туған жерінің табиғатын бақылаудан алған әсерлері мен тау, жартас сарынындағы дәстүрлі діни түсініктерді біріктірді және олардың негізінде «қажетті типтегі» пейзаж жасады.

Биік көкжиек сызығы табиғат элементтерін вертикаль бойымен кезек кезек орналастыруға мүмкіндік беріп, белгілі бір кеңістік тереңдігін көрсетеді. Әрине, Нидерланд пейзажында кеңістік иллюзиясы көрсетілген, бірақ оның жасалу әдісі сызықтық перспективаға емес, суретшінің түйсігіне негізделеді.

Нидерланды мектебімен салыстырғанда, Италия ренессансындағы сюжет тұтастығы ортақ үйлесім нүктесі бар математикалық жолмен құрылған кеңістіктің сәттік көрінісімен үндеседі. Математикалық әдіспен шығарылған перспектива Италия суретшілеріне XV және XVI ғасырлардың өзінде ақ қала пейзажының фонында киелі діни оқиғаларды бейнелеуге мүмкіндік берді. Алайда, артқы фондағы ғимараттар табиғи ортадан гөрі театр сахнасын еске көбірек түсіретін еді.

Пьеро делла Франческа. Портретте пейзажды фон ретінде бейнелеген алғашқы Италия суретшісі. Ол табиғатты бейнелеуде өзінің интуициясына емес, перспектива заңдылықтарын тыңғылықты зерттеп, өзі жасаған кеңістікті бейнелеу ережелеріне сүйенді. Әрине ол жасаған перспективада көп қателіктер болды. Мысалы, алыстағы төбелер мен жақындағы төбелер арасында еш айырмашылық болмады, ағаштар да өзгеріссіз бейнеленді. Ал Леонарда да Винчи өзінің атақты «Джаконда» шығармасында портрет шебері ғана емес, пейзаж жанры аясында жаңалық ашқан суретші ретінде де танылды. Бұл тұманды жазу әдісі «сфуматта». Сфуматта әдісі картинаны ғажайып қозғалыс иллюзиясымен толтырады.

Пейзажға деген үлкен қызығушылық Венеция мектебінде де болды. Бұл мектеп суретшілері өздерінің композицияларында адам мен табиғатты өте шынайы біріктіре білді. Алдыңғы қатарлы Венеция кескіндемешілерінің бірі Джорджоне. Оның 1500 жылы жазылған «Нөсер» картинасы Венеция кескіндемесінің ары қарай гүлденуіне ықпал етті. Бұл картинаның басты жаңалығы оның негізгі мазмұнының табиғат құбылысын ашуға арналуында. Мұнда бір ғана нөсер сарынымен біріктірілген пейзаж маңызды орын алады. Және суретші табиғат күші мен адам жан дүниесін өте шебер байланыстыра білді.  Катинада бейнеленген адамдар сезімі табиғаттағы құйынмен бірдей. Пейзажда күннің күркіреуі, желдің гуілі, жапырақтардың сыбдыры, судың шолпуы сезіліп тұрғандай. Будақ жауын бұлтыннайзадай жарып түскен найзағай картинаға қорқыныш пен үрей береді. Бұл картина басқаша «Суретшінін отбасы» деп те аталады.

Осы кезеңде пейзажға деген қызығушылық Италия суретшілерімен қатар оңтүстік Германия суретшілерінде де байқалады. Германия суретшілерінің ішінде пейзаж жанрына үлкен қызығушылық тантытқан суретші Лукас Кранах болды. Бұл суретші жұмыстарының ең басты ерекшелігі табиғат көрінісінен әсер алу арқылы бейнелеу. Оның пейзажында қалың ағаш орманы көп бейнеленеді, адамдар пейзаж түбінде яғни ең алыста орналасады және көп жағдайда төмен көкжиек сызығы қолданылады. Оның белгілі жұмыстарының бірі 1504 жылы жазылған «Киелі отбасы» туындысы. Юұл картинадағы кейіпкерлері қоршаған табиғатпен тығыз байланыста бейнеленген. Жалпы Дунай мектебі (Оңтүстік Германия, Дунай жағалауына дейінгі Австрия) өкілдерінің шығармашылығында адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болып табылады.

Альбрехт Альтдорфердің «Александр Мақедонскийдің Дарий патшамен соғысы» (1501жыл) атты шығармасында алып табиғат ортасында бейнеленген ұлы тарихи оқиға құжынаған құмырсқаның илеуіндей ғана көрінеді. Стихиялар шайқасы, жарық пен қараңғылық, күн мен бұлт, жартас пен мухит өте әсерлі бейнеленген.

Пейзажды өзінің жанрлық композициясына Питер Брейгель де енгізді. Ол пейзажды өмір драмасы не комедиясы өтіп жатқан сахна алаңы сияқты қолданды. Бұл суретші адам өмірін табиғатпен бірге байланыста ғана көрді және шығармаларында да осыны насихаттады. Ол бірде адамның табиғатпен тұтастығын, үйлесімін берсе, енді бірде табиғаттың ұлылығына адамның күйбең тірлігін қарсы қояды. Суретшінің адамның әлемдегі орны туралы ойлары «Икардың құлауы» картинасына негіз болды.

  1. ғасырдың екінші жартысында испан суретшісі Эль Греко шығармашылығында пейзаждың эмоңияналды драмалық түрі пайда болды. Атақты «Толедо көрінісі» картинасында күңгірт аспанда күн сәулесімен нұрланған қала көрінеді. Биік тау басындағы сарайлар, төбе бойымен биікке өрлеген қала қабырғалары өткір сынық силуэтте бейнеленген.
  2. ғасырда бірқалыпты, асқан сұлулығымен көзге түсе қоймайтын табиғаты бар, жазық далалы Голландияда реалистік пейзаж пайда болды. Пейзажға тарихи және аллегориялық композицияны Питер Паульс Рубенс енгізді. Оның салтанатты, үлкен серпінмен жазылған пейзаждары тарихи жанрда жазылған шығармаларынан бірде бір кем емес. Оның динамикалық композициясында барлық табиғат элементтері: ағаш, сүрлеу жол, өзен, жартас, үлкен кедергілерді жеңіу үшін көп күш жұмсайтын сияқты. Негізін Рубенс қалаған бұл пейзаж түрін Б.Р.Виппер стихиялық деп бекер атамаған.

Италияда жұмыс істеген француз суретшісі Клод Лоррен пейзаждарында идеалдық сипат басым. Лоррен пейзажы сол дәуірдің нағыз жңалығы болды. Суретші үшін пейзаждың өзі оның үлкен қызығушылығын тудырды. Бірақ бейнелеу өнерінен әлі де өз орнын ала қоймаған жанр тапсырыс берушілерді қанағаттандыра алмады, сондыктан да ол Библия тақырыптарына жиі оралды. Аса дәріптелген табиғат ұлы тыныштыққа толы. Лоррен Италия табиғатын шынайы нұсқадан бейнелемей, табиғаттың ең әдемі деп тапқан көріністерінен өзі құрастырады. Оның композицияларында    картина    шетіндегі    ағаштар    шымылдық,    ал    алыс жоспардағы төбелер театр декорациясын еске түсіреді. Лоррен картиналарында Италия жазының жылуы бар да, жан төзгіссіз ыстығы жоқ. Аспан әлемінің үлкен кеңістігі мен су қоймалары картинаға ауа тербелісін, жазғы самалдың жылуы мен жеңілдігін енгізетін сияқты. Бұл суретішінің пейзаждарындағы үйлесім осы жанрдың кейінгі дамуына әсер етті. Р.Камминг ол туралы былай деп жазды: «Жүз жыл өткесін оның жұмыстары пейзаж кескіндемесінде, сонымен қоса Лорреннің кескіндемешіл рухына ұмтылған саябақтық өнерге үлкен әсер етті». Адамзат пен табиғаттың бірлігін насихаттай отырып Лоррен лирикалық идеал пейзаж жасады.

Тағы да бір Италияда пейзаж суретшісі ретінде өз орнын тапқан француз суретшісіі – Никола Пуссен. Ол да табиғат пен адам арасындағы байланысты бейнелеуге ұмтылып, героикалық пейзаж түрін тудырды. Онда әсемдіктің басты өлшемдері – беріктік, тұрақтылық пен күш. Пуссен кескіндемесі өнер дамуына көп әсер өтті. Ол XVII ғасырдағы классицизмнің негізін қалаушы және XIX ғасырдағы академизмді негіздеушілердің бірі. Пуссен пейзаж кескіндемесінде әлемдегі адамның орны туралы сұраққа жауап беруге тырысады. Оның кейінгі кезең жұмыстарының басты тақырыбы мәңгі өмір сүретін табиғат әлемінің әрқилылығы болды.

XVIII ғасырда Италияда пейзаждың жаңа түрі – «ведута» пайда болды. Архитектуралық ведутанық тамашы шебері Каналетто Венецияның тамаша көріністерін естелікер қалдырды. Сан Марко алаңы, Үлкен алаң, қала құрылыстары. Суретші алаңсыз, күн шуағына бөленген мерекелік көңіл күйдегі қала көріністерін бейнелеуге ұмтылды.

Ағылшын суретшісі Томос Гейнсборо «Мистер Эндрюс пен Миссис Эндрюс» (1748-1749) картинасында портрет пен пейзажды шебер үйлестірді. 0л пейзаж арқылы білімді помещиктердің бейнесін бере алды. Картинадағы адамдар солға жылжытылған. Мұндай асимметрия рококо стиліне тән. Суретшінің енгізген жаңалығы қиялдағы пейзажды бейнелеу емес, шынайы ауыл көрінісін бейнелеу. Суретші портрет шебері ретінде танымал болды. Бірақ ол әрқашан пейзажды жоғары бағалады: «Менің портреттен жүрегімнің айнитындағы сондай, алыс бір ауылға кетіп қалып, сонда пейзаж жазып, қалған өмірімді тыныштықта өткізгім келеді»  деп жазды суретші.

XIX ғасырда пейзаж жанрына  жаңа көзқарас қалыптасты. Бұрын бұл жанрдағы жетістіктерімен таңдаулы мемлекеттер ғана танылса, енді пейзаж жанры әлемдік бейнелеу өнерінде кеңінен тарады. Бұл уақыттағы романтизм бағыты пейзаж жанрына да әсер өтті. Эмоциялық қанықтылық табиғат құбылыстарының қарама қайшылығын көрсететін мәнерлі пейзаждар романтизм өкілдерінің қызуқандылығына сәйкес келді.

Өткір сезім мен әсер, табиғат құбылыстарының тылсымы, құписы мен тентек мінезі XIX ғасырдағы ағылшын суретшілері Джозеф Меллор мен Уилльям Тернердің шығармашылығынан көрініс тапты.

Джон Констебльдің шығармашылығында табиғат басқа кырынан көрінеді. Ол өзінің туған жерінің көріністерін бейнелейтін сарынмен ғана шектелді:   Саффалк  графтығы,   ондағы   Детхем  даласы  мен   Стур  өзенінің жағалауы. Өзен жағалауындағы ескі құрылыстар, диірмен, балық аулап жатқан шаруалар оның негізгі нысандары болды.

Франция пейзаж кескіндемесінде өзіндік орны бар суретші Камиль Коро пейзажға жаңаша кырынан қарады. Ол шығармашылығында бір мезетте классицизм, романтизм мен реализм белгілерін көрсөте отырып, француз пейзаж кескіндемесінің барлық жетістіктерін біріктіріп, оның ары қарай гүлденуіне елеулі үлес қосты. Коро жарқын лирикалық, романтикалық сарындағы жалпыланған реалистік пейзаж бейнесін жасады. Ол «валер» әдісі (жарық күшіне байланысты ажыратылатын түс реңі) арқылы жеңіл қозғалыс пен таңғажайып нәзіктікті бере алды.

1840 жылдары бірнеше француз  суретшілері Барбизон ауылына  тұрақтап өздерінің топтарын  құрды. Кейін бұл бастама жаңа мектептің қалануына себепкер болды. Елді мекен атауына байланысты «Барбизон мектебі» деп аталып кетті. Суретшілер табиғатта көргендерін әсірелемей, жалпыламай дәл беруге тырысты. Табиғат аясында нұсқадан өте көп ізденіс жұмыстарын жасап, картинаны шеберханада жазды. Барбизондықтардың пейзажы біршама құрғақ көрінгенмен, кезінде олар жанрдың дамуында үлкен рөл атқарды. Топ белсендісі Теодор Руссо Барбизонда ғана емес, Францияның басқа да онша елеусіз өңірлерінде картиналар жазды. «Тас емендер» (1855) картинасынан суретшінің салмақтылық пен беріктікке деген ерекше ықыласы байқалады.

XIX ғасырдың үшінші  жартысында Францияда кескіндеменің  әсер бағыты дүниеге келді. Ол өз атауын Клод Моненің «Әсер - Таңның атуы» (1873) картинасынан алды. Французша «әсер» - «impression». Импрессионистер табиғаттың сәттік жағдайын, үнемі өзгерістегі жарықты беруге ұмтылды. Олардың әсерлі мәнерлеу құралдарын іздеуі нәтижесінде палитрадағы түстік гамма ашаңдана түсті. Бұл бағыттың ерекшелігі - әсердің өткірлігі, табиғатты терең тану, жұмыстағы жарық пен ауаның молдығы. Клод Моне табиғаттағы ауа тынысын беруде көп ізденді. Ауа кеңістігі мен судағы нәзік тербелісті берудегі шеберлігіне ол «Бель-Ильдегі жартастар» (1886) картинасында жетті.

Поль Сезан ешқашан көшіруге ұмтылмады. Ол өзі өткерген сезімдерді көрерменде оятуға ұмтылды. Сезан көлем, пішін, түс арқылы тамаша жұмыс істеді.

Жорж Сера пуантализм әдісін ойлап тапты. Ол бояу дақтарымен жарыққа толы картиналар жазды. Суретшінің өзі бұл әдісті «дивизионизм» («бөлшектеу» деген мағынада) деп атады. Оның пікрінше жазық бетте реттілікпен дәл орналасқан түс дақтары жарық әсерін жақсы береді «Сера өз сюжеттеріне тылсымдық пен монументікті, реттелеген геометрияны енгізді» (қарындасы Венди Беккет). Өнер критиктерінің сыны да оның осы бағыттағы ізденістеріне кедергі жасай алмады. Сераның кескіндемедегі ізденістері фовизм, кубизм, италья футуризмі мен неміс экспрессионизмінің алғышарты болды.

Пейзаждағы романтикалық дәстүрлер XIX ғасыр ортасындағы орыс 
пейзажына да ықпал етті. Бұл ықпал әсіресе М.Н.Воробьева пейзаждары мен 
И.К.Айвазовскийдің маринасында анық байқалады. Пленэрге қызығушылық, 
табиғатты философиялық түсіну А.А.Ивановтың пейзаж әдістерінен де көрінеді.

Орыс     реалистік     пейзажының     гүлденуі     передвижниктер шығармашылығымен тікелей байланысты. Ол И.И.Шишкин кескіндемесінде эпиқалық сарын алса, А.У. Саврасовта лирикамен толысты. Лирикалық пейзаждың дамуына И.И.Левитанның қосқан үлесі зор.

Пленэрлік кескіндеме, кеңістіктегі ауа мен жарыққа қызығушылық орыс импрессионист шеберлері шығармашылығынан да көрінді.

XX ғасыр өнерінде әлемдік  өнердің реалистік дәстүріне  сүйенген прогрессивті бағыт суретшілері ерекше құрметке ие болды.

Соңиалистік рухтағы кеңес пейзажы туған жер табиғатының сұлулығымен кеңес адамдарының еңбегін дәріптеді. Кеңес пейзаж кескіндемесінің алыптары - В.Н.Бакишев, И. Е. Грабарь, Н. П. Крымов, А. В. Куприн, А. А. Рылов. М. С. Сарьян, П. В. Кузнецов, К. Ф. Юон өздерінің шығармашылық жолдарын Ұлы Қазан төңкерісіне дейін бастады. Кеңес үкіметі билігі кезінде бұл суретшілердің туындылары жаңа мазмұнға ие болды, елдегі соңиалисттік қоғамның құрылуын көрсетуге ұмтылды. 1920 жылдары кеңестік өнеркәсіптік пейзаж қалыптаса бастады. Халық үшін тарихи маңызы болған жерлерді бейнелейтін бағыт та пайда болды.

Қазіргі пейзаж бірішама кең ұғым. Ол суретші сезімдерін көрсететін нәзік лириқакық та, Отан келбетін бейнелейтін патриоттық та бола алады. Заман өзгерістері барысында пейзаж түрлері кебейді, қазірде бейнелеу өнерінде шамамен қырыққа жуық түрі аталады. Пейзажды бейнелеу әдістемесі де толысып, баии түсті.

і.2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен көркемдік құралдары

 

Кескіндеме (живопись) — бейнелеу өнерінің бір саласы және ең бай түрі, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық қуаныш сыйлайды. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1) монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбөсіпе (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер); 2) қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар; 3) сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.). Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары тағы да жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндемесі, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен (төз балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар. Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады. Кескіндеме туындыларын жасауда ақварель, гуашь, пастель, түшь та молынан қолданылады.  Кескіндеме шығармалары негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеменің баурау, еліктіру ныңшілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қылқалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі.

Информация о работе Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану