Шумер өркениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шумер өркениеті.docx

— 38.80 Кб (Скачать документ)

Шумер өркениеті

        XIX ғасырдың  соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің  мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

Оған дәлел, Қос өзеннің  ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.

Ғалымдардың айтуынша, бүл  келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе  керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы  туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым  көпшілігі келімсектерден құрылғаны  анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере  алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге  белгілі дәрежеде эсер еткен болса  керек», — деп жазады.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.

Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша  сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер  тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне  сәулет қосты.

Дүние жүзіндегі алғашқы  жазуды ойлап табу да осы дарынды  халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын  жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір  таңқаларлық жағдай дінтану оқу  бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.

Мектептерде шәкірттердің білімін  сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік  қарым-қатынас, келісім шарттарға  ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс  есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет  пен өнер өркен жайды. Адамзат  қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гиль-гамеш туралы аңыз»  қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы  жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін зерттеген шетел  ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының  Варка қаласы) негізгі бас шаһар  болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің  Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы  түрғындары — шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты  дамыған. Өз қүдайла- рын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны»  — аспан, «Киі» — жер, демек  олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер  иесіне «Ки» деген атақ бер- ген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам  қүдай бар деп есептеген. Олардың  біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне  байланысты ғалымдардың бүлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Төурат пен  Ӏнжілді қүдай сөзі, не болмаса  қүдай сөзін қаз-қалпында жеткізген  пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос  өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-шумерлердің  мифологиясы аңыздары мен дастандарының  көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

 

"Авеста  кітабы"

Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде  күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін  қолданатынымыз- ды айтсақ та жеткілікті сияқты.

Шумер мәдениетінің тағдырына  келеек, шумер елі шапқыншылыққа  ұшырап, б.з.д.б. 3-мыңжылдықтың аяғында  се¬мит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейін Вавилон, Ассирия  мемлекеттері орныққаннан кейін  де бүл өркениет адамзат медениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала береді. Ол өзінің ішкі рухани қуаты мен ізгілік мүраттары арқылы қайтадан жаңғырып, бүгінгі заман бейнесінен қайта көрініс тапты. Осы орайда шумерлердің байырғы отаны Евразия қүрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы жөніндегі тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер өркениеті мен түркі өлемі мөдениетінің озара тығыз байла- ныста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Қазірдің өзінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне үқсас сияқты толып жатқан ғылыми түжырымдар осы пікіріміздің айқын дөлелі сияқты.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вави¬лон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер  және Аккад облыстарын өзінің қол  астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде  екі метрлік тас діңгекке сыналап  жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының  шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен  әдет-ғүрыптары және дүниетанымы  кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін  тек Библиядан, сондай-ақ Геродот- тың  жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы  Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында  таңқаларлық археологиялық жаңалық  ашып, осы бір үлы мөдениеттің  көмескі жақтарын айқындауға жол  салып берді.

 
Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан  бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан  жарықтарына жай ғана табынып  қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың  қайталану заң- дылықтарын есептеп  шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде  тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда  астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.

Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық ету үшін балшықтан жаратылған. Вавилондықтар көп құдайларға табынған, солардың ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн құдайы, Син — Ай құдайы, Адад — Жауын- шашын құдайы, Нергал — Өлім құдайы, Ирра — Соғыс құдайы, Вильги — От құдайы. Вавилон құдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық қасиеттер табылды. Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды, байлық пен мансаптан да бас тартады, күншілдік, даңққұмарлық, өз мүддесін ойлау, түрақсыздық сияқты жат қасиеттер оларға да төн болды. Адам тағдыры осы қүдайлар қолында болды, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай білді. Абыздар шынында да көп білетін — бүған абыздар ортасында дүниеге келген Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері абыздар мен жүлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болған. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғаттан тыс дүние есебінде қүрметтелген. Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және үлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Грек-рим мәдениетінің арасындағы өзара байланыс қандай болса, ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі көршілері вавилон- дықтарға қатысы да сондай болды. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалым- дар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал (б.з.д. 665—635 ж.) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса қүнды шығарма- лары бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондық өдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ал осы сарайдан табылған «өліп бара жатқан үрғашы арыстан» (б.з.д. VII ғ. Лондон. Британ музейі.) —дүниежүзілік маңызы бар өнер туындыларының қатарына жатады. Денесіне садақ қадалып, енді ең соңғы күшін жинап алып орнынан көтерілуге әрекет жасап тұрған бүл ұрғашы арыстан трагедиялық үлылыққа бөленген. Жан тапсырар алдындағы аласапыран сәтті мүсінші өте әсерлі де, нақты бере білген. Б.з.д. Ассирия өнері патшаның билігін, оның құдіретін дәріптеді. ӀӀ-Сарон патшаның (б.з.д. VII ғ.) сарайында адам бейнесіндегі аса зор, әрі айбынды қанатты бұлақтар бейнеленген. Әрбір бұқаның тура бес аяғы бар. Осы бейнелерді көргенде: «Артық аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сұрақ еріксіз ойға келеді. Белгілі ғалым Л. Любимовтың пікірінше, «Бүлар қайырымды кемеңгерлер, патшалардың салтанатты сарайларын жаулардан қорғаушы күзетшілер, сарайға кіруші әркім жанынан өтіп бара жатқанда — ауыр салмағымен, қозғалысынан, ал алдынан қарағанда —одан да кем соқпас айбарлы сабырлылығымен зәре- қүты қалмай қорқып түруы үшін оған артық аяқ жасалған». (Любимов Л. Ежелгі дүние өнері. — Алматы,1980. — 124-бет).

Ассирияның Алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Осылай алдыңғы Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет орнықты. Оның құрамына Вавилон мен  Ассирия, Кіші Азия мен Египет, Мидия, Армения, Сирия және Орта Азия да енген  болатын. Өзі бағын- дырған халықтардың  мәдениетінен сусындаған Иран мөдениеті  негізінен Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. Олай болса «Иран шумерлік мәдениетінің екінші үйі болып табылады»  де¬ген А. Тойнбидің пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ. Иран мәдениетінің шарықтаған кезеңі — Ахменидтер династиясының үстемділігімен (б.з.б. VI—IV ғ.) тұспа-тұс келеді.


Информация о работе Шумер өркениеті