Қолданбалы қолөнер туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

2.3 Бұйым шығыны 

Пайдаланған материалдар

мөлшері

бағасы

Жиыны

1

Жиһаз матасы

1,5м

1000т

1500т

2

Желім

3шт

500т

1500т

3

Картон

3шт

250т

750т

4

Рамка

3шт

1000т

3000т

Барлығы

6750


 

3.Оқу-әдістемелік бөлімі

3.1 Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі

Ұлттық құндылықтарымыздың бүгінде әлемдік брендтермен  құйысқан түйістіріп қатар шаппасына  еш әддісі жоқ. Расы осы, қолөнер бұйымдарымыз бұрындары тұсаулы аттай ауыл-аймақты төңіректеп жүруші еді, бүгінде шоқырақтап желетін ыңғай танытып жүр. Оның ғасырлар тасасында ұмытылып қалып кетпей, бүгінге жетуіне аянбай тер төгіп атсалысқан, әрине, қолөнер шеберлері.Одан қалса қазақы тамыр, ұлттық жады жібермейді деуге де болар. Соның арқасында ұлттық қолөнер бұйымдарымыз бүгінде босағадағы орнын босатып, төрге озды. Ықылым заманнан бүгінгі ғасырға ұмытылмай жетіп, жыл өткен сайын жасарып, жаңаруға бет алғаны көп. Соның бірі – қыз жасауы. Ұзатылып бара жатқан қызға ата-анасы, ең алдымен, жасауын жабдықтап, тұрмысына қажетті бұйымдарды әперіп, ең бастысы – құрақ көрпе, құрақ жастық, құрақ көрпеше беретіні белгілі. Бұл да – көнеден келе жатқан ырым. Басы құралсын, басы көбейсін дегеннен туған салт. Ұлттық қолөнер түрінің тап осы жасау-жабдыққа келгенде кейінге кеткенін емес, алдыға озып кеткенін бағамдауға болады. Бүгінде қыз жасауын дайындаумен айналысатын түрлі фирмалар көп. Базарға барсаңыз да, шертіп жүріп таңдап алуға мүмкіндік мол. Көрпе-жастықты жиып қоюға арналған сандықтың неше атасын таба аласыз. Бұрындары сандық, кебежелерді өзбекстандық шеберлер жасайтын. Сол себепті де осы жиһаз түрін жылтыратып, шығыстық мәнерде безендіретін. Бүгінде, шүкір, өз шеберлеріміз қошқар мүйіз оюын ойып салып, қазақы қалыпқа келтірді. Сандықтың оюланғанын да, қымбат тастармен безендірілгенін де таңдап жүріп сатып алуға болады. Ал енді осы сандықтың үстіне жиылатын көрпе-жастықтың да неше атасы бар. Әсіресе құрақ көрпешеге деген сұраныс басым. Айтып өткеніміздей, өзгенің түтінін түтетуге ұзатылып бара жатқан қыздың басы құралсын, оңалсын деп құрақ жастықты, құрақ көрпешелерді ырымдап қосатыны белгілі. Бағзы заманда қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, ісмерлер киімнен қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жарату үшін олардан әртүрлі бұйымдар тіккен. Содан құрақ құрау өнері бастау алған. Далада да, қалада да көптеген қазақ отбасының төрінен құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Мақтанарлық-ақ жағдай. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында екі жақ бір-біріне құрақтан жасалған, әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен жөн-жоралғысын жасайтын болды. Ұлттық бренд болуға сұранып-ақ тұрған құрақ өнері, расында, шетелдіктердің қызығушылығын оятып отыр. Әрине, дамыған елдің азаматтарын қымбат көлік пен зәулім сарайлармен қызықтыра алмасымыз анық. Олардың біздің ұлттық қолөнер бұйымдарымызға қатты қызығатыны белгілі. Тіпті сән орталығы саналатын француздардың етік не болмаса көйлектеріне зер сала қарасаңыз, қазақы оюларымыздың ұрланғанын байқар едіңіз. Елімізде өтіп жатқан түрлі іс-шаралар барысында шетелдіктердің ұлттық қолөнер бұйымдарымызды көптеп сатып алатынынан-ақ оның қаншалықты құнды екенін бағамдауға болады. Тек қыз жасауында ғана емес, өзге тойларда да құрақтың орны қаншалықты қымбат екені білініп тұрады. Мәселен, сүндет тойда баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Әртүрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындарды қолөнер бұйымдары дүкенінен сатып алуға болады. Құрақ жастықты бүгінде қонақ жастық ретінде де, диванға арналған шынтақ жастық ретінде де пайдаланып жүргендер көп. Ал көбіміз кезінде құрақ ойыншықтар болғанын біле бермейміз. Оны үй ішіне сән беретін бұйым ретінде ғана емес, балаға ойыншық ретінде де тіккен. Әрі кәдесый ретінде тігуге де болады. Шеберлер құрақ ойыншықтардың ішінде кішкене пөстек, доп, ат, күшікті де құрақтан тіккен. Мұндай елде жоқ ерекше бұйымдарды диван үстіне, автокөлік ішіне де көз тарту үшін қоюға болады. Бір қызығы, бүгінде құрақ құрау әлем бойынша сәнге айналыпты. Бірақ әр елде әрқалай аталады. Мәселен, АҚШ-та – квилт, Еуропада – пэчворк, орыстар құрақ жұмысы деп атайды. Францияның Эльзац қаласында жыл сайын құрақшылардың әлемдік байқауы өтіп тұрады. Оған тілек білдіргендердің бәрі қатыса алмайды. Жұмыстарын қарап, сұрыптап, іріктеп алады. Елімізден әлемдік додаға бірді-екілі ғана адам қатысқан. Көбіне құрақ көрпенің де түр-түрі болатынын көпшілік біле бермейді. Күйеу көрпе, шай көрпе, төр көрпе деген түрлері бар. Сондай-ақ жас жұбайларға арналған қос жастық деген бар. Қос жастықты жұбайлар бір-бірімен үйлесіп кетсін, бастары ажырамасын деп біріктіріп жасайды. Жер жастық, шынтақ жастық, шал жастық дегендер де бар. Құрақ көрпе – қазақтың ісмерлік өнерінің ішінде ерекшеленетін өте құнды жәдігер. Бәсекелестер көп болған сайын бағаның өсе түсетіні ақиқат. Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құралатыны белгілі. Этнографтардың айтуынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үшбұрыш су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып есептеледі. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында – ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды белгілейді.

Мектеп оқушыларына  халқымыздың қолөнерін үйретумен  эстетикалық тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.  Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді.

 Эстетикалық тұрғыдан  дамымаған адам өзін қоршаған  ортадан тек оқулықтан нұсқаумен  жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады. Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарында суретші-ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылатын, оны айырықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған. Тұжырымдамада былай делінген: «Жоғары білім беру мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру». Ғылым мен техниканың жаңа қазіргі уақыттағы саласы ғылыми техникалық өркендеудің жобалы-өндірістік үрдістеріне қатысушылардың әрқайсысының кеңістіктік ойлау қабілетін ерекше талап етеді.

Суретші-ұстаз яғни бейнелеу өнерінің оқытушысы тәуелсіз Қазақстанның көркем педагогикалық білімі мен  мәдениетінің жай-күйін анықтаушы  тұлға. Осы тұлғаны дайындап, қызығушылығының, эстетиқалық білім мен тәрбиесінің дамуындағы басты түйіні бола алатын және болуы қажет болатын мықты тұтас жүйе бұл бейнелеу өнері бойынша маман сүретші мұғалім дайындайтын қазіргі таңда Бейнелеу өнері кафедрасы болып табылады. Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес. Қазіргі уақытта мектепте колөнерге үйрететін ұстаздың біліктілігеп артыру, оларға шығарлашылықпен жүмыс жасауға арнайы кәбінеті, әдістемелік қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем іс-әрекеттер үшін қажетті материалдар алуға көмектесу қажет. Жоғары оку орындарының Бейнелеу өнері мамандығына түскен студенттер тек мектепте көркем эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстарын болашақ жастарды тәрбиелеуге арнайтын ұстаз болумен қатар, еңбек ақысы жақсы фирмаларда дизайнер-суретші болып еңбек етіп жүр. Қазіргі кейбір жастарымыз суретші-ұстаз болған өздерінше қор деп санайды, қаржыгер, заңгер болсам деп армандайды, менің ойымша, суретші-ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін табиғаттың тек адамға берген бір сыйы екенін ұмытпағанымыз жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті күшейту қажет.

 

 

3.2.Оқушыларды қазіргі қолөнерге сай кәсіпке даярлаудың

мүмкіндіктері

Қазақ халқының қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқы-кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетін тікелей мұрагер және сол дәстүрді дамытушы , жаңғыртып айтушы.

Бұл процеске әр кезеңде  Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайралармен халықтардың сондай-ақ Оңтүстік Сібір , Орта Азиямен орыс халқының да мәдениеті әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп , үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды.

Қазан төңкерісіне дейінгі  қолөнердің дамуына қазақ қауымының  әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі  өмір, біртіндеп отырықшылыққа өту  процесі, бұрын үстем болып келген шаруашылықтың ыдырай бастауы , көрші  елдермен , әсіресе Ресеймен сауда  қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлар әсері айтарлықтый ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының қаламен байланысы нашар болды.Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігі қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болғандықтан , негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері , көбінесе кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналды. Соның өзінде колөнер шеберлерінің еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады.

Қазіргі уақытта революцияға  дейінгі қазақ халқының қолөнер  табиғатын жан-жақты , этнографиялық  тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері-жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бірі. Үлкенді - кішілі қай халық болсын, дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы құнды мұра.

Ежелгі  өрнектік  элементтердің  дамуындағы  тарихи деректер, болашақ  мамандар үшін, олардың  шығармашылық  жұмыстарында  елеулі орын алады. Өрнектік  элементтердің  жасалуын, түрленуін, олардың  тарихи  дамуын зерттеп, тарихи көркемдік  әдебиеттермен егжей-тегжейлі  жұмыс атқарылуы арқасында  құнды  тарихи деректер жинақтауға  мүмкіндік жасайды.

Өркениеттi қоғам мен  тәуелсiз мемлекеттiң  гүлдене түсуi өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен  бiлiмдiлiгiн талап етедi. Әр халықтың  ұлттық  мәдениетi дегенiмiз  - оның ең бiрiншi  қолөнерi.  Қазақ халқының сәндiк қолданбалы қолөнерiнiң өсу жолы, өзiне тән даму  тарихы бар. Б.з.б. III- II ғасырларда аң стилiндегi өнер бiртiндеп құлдырай бастайды. Аң стилi бiрте-бiрте ою-өрнекке айналады.  Оның орнын түстi тастан  көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да әшекейлеу тәсiлдерi қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль басады. Жануарлар дүниесiнiң бейнелерi схемаға айналып, бай полихромдық өрнекке сiңедi де, қолданбалы өнер туындылары шығады.  

Б.з.б. VI-IV ғасырлардағы екiншi  кезеңде жеке өзi, бiр орында тұрған күйiнде бейнеленген жануарлар бейнелерiнiң орнына құрылымы күрделi, динамизмге толы  сюжеттер шығады. Жүрiп келе жатқан аңдардың бедерлi бейнелерi, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шөп қоректi жануарларды тарпа бас салып жатқан көрiнiстерi бар композциялар  көбiрек кездеседi. Бейненiң қозғалыста екендiгiн көрсетудiң басқа да  техникалық әдiстерi: қисық, сызықтар жүйесi, жануарлардың дене мүшелерiн бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. бейнелер қолданылады. Бұл өнер дайын күйiнде сырттан бiр жақтан әкелiнген жоқ, сақ  мәдениетiнiң негiзiнде туды. Ою өрнектiк полихромияның кейбiр әдiстерi б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетiле бастады. Сақтардың қолданбалы өнерiнiң  маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара  байланыста дамыды.  Солардан бiзге жеткен қолданбалы өнерiнiң бiрнеше түрiн: геометриялық, өсiмдiк тектес, зооморфтық, символдық түрлерiн бөлiп көрсетуге  болады. Сонымен қатар сақтардың қолданбалы өнерiнiң маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланысты дамыды. Алайда көркемдiк металға қарағанда ою-өрнек салынатын органикалық негiз (терi, киiз, ағаш, жүн, маталар) тез шiридi. Сондықтан да ою-өрнек творчествосының кейбiр үлгiлерi тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба томында сақталған, оның iшiнде бұл үлгiлер Алтайдың  Пазырық қабiрлерiнен табылған.

Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң  талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп,  жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан  қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы  мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Қазақтың өрнекті  әшекеймен істелетін қолөнерінің  түрлері де, атаулары да жетерлік. Солардың  ішінде халық арасына  көбірек  тарағаны  - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі  тым  ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне  бірдей ортақ әсемдеп  әшекейлеудің негізі болып  келді.  

 Ою деген  сөз бен өрнек деген сөздің  мағынасы бір.   Өрнек дегеініміз  әр түрлі  ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген  көркемдік  түрлердің, әшкейлердің ортақ  атауы іспеттес. Сондықтан  көбінесе  ою-өрнек  деп  қосарланып  айтыла  береді.   

 Ою-өрнектің  біздің  заманымыздың  мыңдаған  жылдар бұрынғы  халықтарда  да соншалық ескі  дәуірден бері келе  жатқан  халықтық өнердің  бір  түрі болып  саналады.  Қазіргі   шеберлердің іс үлгілерін  зерттеу  нәтижесінде анықталған  ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар. Өрнектердің  шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен  байланысты  екенін  көрсете келе  олардың  даму ерекшелігін, дәуірдің, адам  баласының  сана-сезіміне қарай  өрнектің  таңба,  элементтердің  дамуы мен өркендеу  ерекшелігін байқауға болады.  

 Ою-өрнектің  дамуы,  сонымен қатар  дәуірдің  даму  тарихына  қарай сәулет өнеріндегі  стильдік  сипатқа ие болды.  Архитектура-дағы  өрнектердің  сипаты  дәуірге байланысты сипат алса,  барлық  сол кездегі  бейнелеу  өнерінің  түрлері соған  байланысты дамып,  стильдік  бағытта орын алады. 

 Өрнектік элементтердің  түрленуі оның  тарихи дамуға  байланысты екенін, өрнектік сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек элементтерінің  айырмашылықтары  олардың  адам өміріндегі  тарихи дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты.

Ою-өрнектің бірінші тобы - жан-жануарлар әлемінен алынған  топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан оның дүние танымында  малға көп орын берілген. Өмірлік  мүдде мен қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт, сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері-мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі, құйрығы кездесетін болған.       

 “Қошқар мүйіз”-қазақ  дәстүрінде ең көп ұшырасатын ою. Ежелден қой баққан халықтың қошқар мүйіз оюға деген ықыласы бөлек болған.  “Қос мүйіз”, “қыңыр мүйіз”,”бұғы мүйіз” атты оюлар тұрмыста көп пайдаланылған.        

 Көнеден келе жатқан  өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты  (космогониялық) оюлар. Қазақ қашан да қияли жүйрік халық. Қазақтар ежелгі заманда-ақ ғарыш сырын ұғуға тырысқан. Өз қиялдарын тұрмысындағы заттарды жасауға немесе безендіруге пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Зооморфтық ою-өрнек аң стилiнiң көптеген сюжеттерiне негiзделдi. Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, текелердiң, бұланның, бұғының мүйiздерiн схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдiс болды. Қайсiбiр затта бiрнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуi де  жиi ұшырасады. 

 Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы, алдымен Күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық”, “Ай гүл”  деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.  “Ай гүл”  қазақ тарихындағы алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. 

Информация о работе Қолданбалы қолөнер туралы ұғым