Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:43, доклад

Краткое описание

«Этномәдениет» сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз.
«Этнос» - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік,этномінез - құлық айқындалады.
Этномәдениет – этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс – салт,әдет – ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Содержание

Этникалық мәдениет және білім
Этносаралық толеранттылық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде.pptx

— 266.71 Кб (Скачать документ)

Этномәдениет  этнопедагогика негізі ретінде.

 

Орындаған: Капарова А.А. ,

                                                              Дюсембекова А.Т.

                                             Тексерген: Шаяхметова М

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті

 

Қарағанды 2012 жыл

жоспар

 

    1. Этникалық мәдениет және білім
    2. Этносаралық толеранттылық.

Этникалық мәдениет және білім

 

     «Этномәдениет»  сөзінің   этимологиясын   екіге  бөліп қарастырамыз.

    «Этнос» - тарихи  қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт.  «Этно»  күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы  халыққа байланысты:    этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік,этномінез - құлық   айқындалады.

    Этномәдениет – этнографияның құрамдас  бөлігі  болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың  этногенезін, заттық, рухани  мәдениетін, тұрмыс – салт,әдет – ғұрып ерекшеліктерін  зерттейтін  ғылым

 

 

    Екінші  компоненті  «мәдениет»  араб  тіліндегі    «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала»  мағынасын берсе , «медэни» - «қала тұрғыны»  деген ұғымды  меңзейді

    Мәдениет  орта  ғасырлық  мұсылман  мәдениетінің  өркендеу  кезеңінде  қалыптасқан   түсінікпен  байланысты. Қазақтар  ХХ  ғасырға  дейін  «мәдениет»  сөзін қолданбады. Бірақ , «мәдениет»   терминінің  орнына   әдет –  ғұрып   нормаларының  ережесі   ретіндегі  көрсеткіші  болып   табылатын  басқа  синонимдер  қолданылады.

Мәдениет  туралы анықтамаларды былайша жүйелеуге  болады:

 

мәдениет

Тұлғаның мінез-құлқы  мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі

Заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы;

Іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі

Қоғамның  әртүрлі  әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін- өзі шығармашылықпен жетілдіру  әдісі

Адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі

   Мәдениет  ұғымына ғылыми тұрғыда нақты  түсінікті Ю.Л.Ожегов берген.

    • Ол «мәдениет-әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкідамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайды әдениет өндірістікғ саяси және т.б. қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез келгенінің сапалық көрініс ретінде қарастырылады;

 

    • Философиялық сөздікте:
    • мәдениет-адамзаттың болмыс пен санасының барлық салаларындағы әлеуметтік прогрестік шығармашылық қызметі, бұл қызмет «адамзат тарихының байлыған жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған, адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі. Мәдениет әлеуметтік болмысты сақтау және жаңарту үшін адам қолданылатын формалардың эволюциясын дәлелдеуде айқындалады, ал формалары дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы».

 

Қазақстан Республикасының  «Мәдениет туралы» заңында:

    • «Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы».

 

 

Материалдық мәдениетте

адамдардың  өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқақажетті бұйымдар және т.б.

 

Рухани  мәдениетте

-тіл,  ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін,  салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі  шығармалары және т.б. құндылықтар  ретінде  қарастырылады.

 

    • Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:

    “мәдениет-адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі”

    • Сонымен, «мәдениет» дегеніміз- адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.

 

    • Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері.
    • Мәдениеттің ең жоғарғы нәтижесі-адамдардың қоршаған ортаға шынайы  көзқарастары  мен сенімдерін қалыптастырып,  мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады.
    • Мәдениеттің  көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның  қалыптасқан бағытына ; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің  әртүрлі  тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдануына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады.

 

    • Этномәдениет  мәселесі   ерте  заманнан  түрлі  ғылым  өкілдерінің  қызығушылығын  тудырған.
    • Этникалық  мәдениет - мәдениеттің базасы  және  құрамдас  бөлігі , ол   белгілі бір қызмет  атқарады  және  өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.
    • Этнопедагогикалық мәдениет-этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.
    • Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті  қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
    • Мәдениет өндіріс  пен қоғамдық  сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;

 

    • Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі  мен нәтижесі  арқылы  көрініс табады.
    • Әтномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
    • Этникалық мәдениет- халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылыған іске асыратын нысан.
    • Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.

 

Этносаралық толеранттылық  

 

    • 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның  бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген 
    • «Толенранттылық принциптері декларациясында» келесі анықтама ұсынылады:«Толеранттылық-біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қармы-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық –бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес».

 

    • Этникалық толеранттылық- басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу.
    • Толеранттылық тәрбиелеу жолдарын қарастыру мәселелері әртүрлі заң шығарушы, атқарушы органдар, дін басылары, дін өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, университеттер және мектептер жүйелі түрде талқылауда.

 

    • Ұлттық бірлік доктринасы эносаралық келісімді айқындап, қазастандық біртектілікті одан әр қалыптастырудың өзекті құжаттарының бірі болып табылады. Доктринаның қажеттілігі  өмірдің өзінен, жалпы біздің тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр.
    •  Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.

 

    • Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған.
    • Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

 

    • Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз. 
    • Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет - адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Қолданылған әдебиеттер:

 

    • АБЕНБАЕВ СЕЙСЕНБЕК ШОКПАРБАЕВИЧ, автореферат “Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері”. Түркістан, 2010
    • ДӘУЖАНОВА ЛАЗЗАТ МҰРАТҚЫЗЫ, реферат, «Оқу үдерісінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениет қалыптастыру», Қызылорда, 2012 ж
    • http://www.etno-centr.kz/kaz/
    • http://www.abai.kz/node/1935, Айтмұхамбет Тұрышев. Мәдени мұраның лингвистикалық ғылыми негіздері.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде