Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

         Бейнелеу  өнерінде негізгі қойылымды зерттеу, қоршаған дүниені, өмірді тану  жатады. Ал, балаларға сурет салуға үйрету міндеттерінің бірі – табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді сала білу, рең, түстерін дұрыс келтіру тәсілдерін табу. Атақты орыс педагогы, бейнелеу өнерінің майталманы П.П. Чистяковтың «Неғұрлым көп білсең, соғұрлым көп көресің» деген сөздерін келтіре отырып, бастауыш мектеп оқушыларына затты табиғи және оның мәні мен түрін көрсете отырып бейнелеуге үйрету арқылы шығармашылық, бейнелеу қабілетіне үйретуге болады.

         Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.

      Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің таңдатқан музыкалық үзінділерінен есту – бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаттары  шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде ғана емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек.  Сондай-ақ мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту мен тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану қажет.

       Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдаумен, есіне қалғанын елестете сурет салумен, кескіндеме эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты. Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттері әдеби әуездік шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық көрінеді. Ол туған жерінің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.

 

 

ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ

          Теория әрқашан практикамен ұштасып  жататындығы баршамызға мәлім. Сол  себептеп мен курстық жұмысыма  байланысты зерттеу жұмысымызды  Күршім ауданы Қарабұлақ ауылының  қазақ орта мектебінің 3А, 3Б қазақ  сыныптарында жұмысымды жүргіздім. Мұндағы эксперимент сыныбы 3А, бақылау сыныбы 3Б сыныбы. Эксперимент сыныбында барлығы – 19 оқушы бар. Оның 11 қыз, 10 ұл бала. Оқушылардың 3 озат, 8 екпінді, қалғаны орташа оқитын оқушылар. Ал, бақылау сыныбында барлығы – 18 оқушы бар. Оның 10 қыз, 8 ұл бала. Оқушылардың 4 озат, 7 екпінді, қалғаны орташа оқитын оқушылар.

          Эксперимент сыныбы:                                     Бақылау сыныбы:

Оқушының аты-жөні

Оқушының аты-жөні

1

Абылайханов Мирас

1

Аққожина Сая

2

Абілова Жансая

2

Әмірешов Қуанышбек

3

Амангелдинова Күнсұлу

3

Бекбосынов Нұрсерік

4

Аспандияров Арғынбек

4

Гайсин Нұрболат

5

Әлиакперов Серік

5

Досымханов Нұрдаулет

6

Әлімқұлова Салтанат

6

Даметкенов Жантас

7

Берікболова Ақниет

7

Жалманбетова Арайлым

8

Боранбаева Нұркамила

8

Исин Қанат

9

Ғалымғожин Серікбол

9

Қанапиянова Назгүл

10

Ғибатов Әлібек

10

Лепесова Роза

11

Даниярова Жайна

11

Махматқұлова Лена

12

Дамолдин Ерік

12

Махамбетов Сырым

13

Дамолданов Ермұхамбет

13

Мукашова Марал

14

Думанбаева Айсұлу

14

Мұратбеков Ерғұлан

15

Діркімбаева Камила

15

Намазбекова Аяулым

16

Жантабетова Салима

16

Нұрмұғамбетжанов Олжас

17

Заманбеков Жансерік

17

Нұрсейітова Үміт

18

Исина Мейіргүл

18

Ошақбаев Талаптан

19

Кемпірбаев Ержан

   

          Зерттеу жұмысымыздың барысында алдыма қойған негізгі мақсатым – оқушыларға бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау және оларға тәрбиелеу жолдарын табу. Осы мақсатты негізге ала отырып эксперимент жұмысын жүргіздім.

          Соған орай менің негізгі міндетім: сынып оқушыларының талап тілектері мен мүдделерін, олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу болса, оқушыларды зерттеу үшін ата-анасы және басқа да сабақ беретін мұғалімдермен байланысты болу, жеке ерекшеліктерін білу мен есепке алу міндетті. Оқушылардың бейнелеу өнеріндегі икем дағдыларын зерттеуді жүргізу ісі сабақ барысында жүзеге асады.

         Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгерту мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалдарына байланысты.  Сондықтан да, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспарын жасаған жөн.

        Зерттеу жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін төмендегідей жүйелі түрдегі жұмыстарды мен іс-әрекеттерді  іске асырдық:

       Бейнелеу өнеріндегі сабақ жүргізудің прогрессивті жолдарымен жүргіздік. «Прогрессивті» деген сөздің ұғымы, қысқа мерзім ішінде үлкен-үлкен нәтижеге жету. Кез-келген пән, соның ішінде бейнелеу өнері, бір орында қатып қалмаған догмалық пән емес. Оның заман, өмір алға жылжыған сайын уақыт талаптарына сай бірге дамып,  үнемі қозғалыста болып отыруы – өмірлік заңдылық. Осы тұтса әрбір ұстаз өз сабағына, пәніне, шығармашылықпен қарап, оны тереңдетіп оқыту мәселесін қолға алу керек. Тереңдетіп оқыту дегеніміз – бір ғана бағдарлама шеңберінен шықпау емес, оны күрделене түсіріп, оқушылар ойларын жетелейтін, олардың қызығушылығын арттыру арқылы жан-жақты білім беру.

       Енді, өз тәжірибеме сүйеніп сурет өнерінен сабақ беру үрдісінен жүргізген эксперимент жұмысымның кейбір жолдарын нақтылайын.

         Бейнелеу  өнерінде кескіндеме өнерінің  анағұрлым тоғысатын жері –  бұл кескіндеме өнерінің жанрлары. Кескіндеме өнерінің жанрлары  туралы оқушыларға қажетті білімдер беру кезінде ана тілі, дүниетану, еңбек, тәрбие сағаты, математика, музыка т.б. сипаттағы мәліметер, ұғымдар айтылды және соған қатысты ойлар іске қосылды. Мәселен, батальдық жанр тақырыбындағы суреттер, шығармалар, туындылар ұрыс, шайқас, соғыс жөнінде тарихи кезеңдерді, көріністерді бейнелейді. Ол жанр туралы балаларға қызықты, драмаға толы әскери ұрыс қимылдарды бейнелейтін картиналарды көрсетуде, сол картиналарды оқиға желісі туралы әңгіме айтуда оқиғаның қысқаша тарихын әдеби тілде суреттеу жүргізіледі. Балалар салған суреттерінде сезім арқылы және ұсынылған ақпараттарды, мәліметтерді есінде қорыту арқылы бейнелейді.

          Пейзаж  жанры балаларды дүниетану пәніндегі  өлі және тірі табиғат, яғни  заттар мен денелер, табиғат құбылыстары, ауа-райы, сонымен қатар тірі организмдер немесе өсімдіктер, жан-жануарлар, құстар, адамдар туралы білімдерімен етене байланыста түсіндіріледі. Пейзаж салу эстетикалық адамгершілік тәрбиенің пәрменділігіне елеулі ықпал жасайды. Сұлу табиғаттағы алуан түрлі құбылыстар туралы өлеңдер, әндер тыңдап, аңыз-әңгімелер естіп, дүниетанымдық көзқарстарын байытатын қосымша түсініктемелерді түйсіктерінде түю арқылы сан алуан қилы суреттердің туындауына пейзаж жанры ықпал жасайды.

         Портрет  жанры болса, адам туралы ғылымдармен және дүниетану, тарих, әдебиет пәндерінің байланысында балалардың жас ерекшеліктері мен бағдарламалық талаптарына сәйкес игертіледі. Портретті бейнелеу барысында әрбір жүргізілген сызықты, штрихтағы тонды, үздіксіз нұсқамен салыстыру арқылы оның арасындағы айырмашылықты түсіне отырып бейнелеуге үйрету. Яғни, портреттің биіктігі, ені, жалпақтығын кескіндейміз. Келесі кезеңде нұсқаны іздеу. Бұнда табылған бейне теңдей екі бөлікке бөлінеді, бөліну үрдісі нұсқа арқылы жүрзеге асады. Айталық, киімді адам нұсқасының шамамен  жамбастан сәл жоғары жағына өтеді. Келесі көңіл бөлетін нұсқаның жоғарғы бөлігі. Төбе бас сызығынан бөлінген сызыққа дейін, нұсқа бойынша қандай бөлшектер орналасқан, осы бөлшектерді мұқият түрле ретімен орналастыру жүйесі анықталады. Бірінші бөлімге: бас, мойын, иық, кеуде, шынтақ буындары енеді. Адам бейнесінің пропорциясын құруда міндетті түрде үлкен тұрпатты көлемдерден бастап, кіші тұрптты көлемдермен салыстырылып отырады. Бұл үрдіс тиімді өту үшін «жарық-көлеңке», яғни нұсқаның жарық түсіп тұрған беткейі мен оның көлеңке беткейлерін орта тон арқылы ажыратып отырып салу. Келесі кезең нұсқаның пішініне сай оның тұрпатын беру, яғни кеңістіктегі оның көлемін көрсету. Бұл үрдіс тондық қатынстар арқылы жүзеге асады. Нұсқаны мұқият бақылай отырып, ондағы өте тон жағынан ауыр, қою, қараңғы тұстары анықталады. Айталық, ауыр тон - оның шашы. Келесі кезеңде, дененің материалдық қасиетін көрсету, яғни киім болса оның мата түсі, көз, бет, шаш т.б. бөлшектерінің мәнін ашатын түстерін анықтау.

         Тұрмыстық  жанр көбінесе дүниетану, халықтық  ән-күй, еңбекке баулу материалдарының  ұсынылуы барысында қамтылса, ал  натюрморт жанрыны арқылы математика, ана тілі, тарих, еңбекке баулу, дүниетану, сызу т.б. мәндердің материалдарының қатынасымен сипатталады. Натюрморт салыстыру, композициялық шешім табу, зат пішінін тану, өлшемдік қатынасты білуге көмектеседі.   

      Бағдарлама бойынша, нұсқадан қарап сурет салу, арнайы бір тақырыпқа сурет салу, бейнелеу өнерінен әңгіме, конференция сабағы т.б. қамтылған. Тақырыптық сурет салу алдын ала байқау жүргізгеннен кейін, көз алдына елестету арқылы тұрады. Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу заңдылығымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Тақырыптық сурет салуда оқушылар өздерінің білетін, көрген, түсінетін заттары мен құбылыстарын салуды қалайды. Дегенмен, олардың қызығушылығы, әлі білмейтін, қызықты заттарды, құбылыстарды тануға деген талпынысы жоғары болғандықтан, пәнаралық байланыс негізінде тақырыптарды кеңейтуге мүмкіндіктер жасап отырдым. Балалардың алдын ала нақты, көрнекті, дәйекті түсіндірілмеген тақырыптаға салатын суреттерінің мазмұны кедей болды, әрі композициялық, құрылымдық шешімдері мен сюжеті әлсіз, көбінесе дұрыс болмай шықты. Сондықтан ұсынылған тақырыптар балаларға қызықты болып, сезімдерін оятып, қиялдарын іске қосып, елестеулерін дамытып, эмоциялық толқыныстар тудырып отырды. Бұл мәселенің шешілуі пәнаралық байланыс арқылы ерекше сипатқа енді, мысалы, «Күз» туралы қарапайым музыкалық шығарманы тақырыпқа сай пайдаланып балалардың тақырыпты әр тараптан әрі көркем ашуына мүмкіндік берді, сөйтіп суреттің мазмұнын байытуда жәрдемдесті. Эстетикалық циклдегі пәндер ретінде бейнелеу өнері мен музыка пәндерінің байланысын әрбір сабақ сайын жүргізіп, бейнелеу өнеріндегі пәнаралық байланысты жүзеге асырдым.

          Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағынына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аударып отырдым. Баланың тақырыптық сурет салуда шығармашылық, ой-өрісін, оның қиялын асыра бағалаудан сақ болу қажет. Тақырыптың қызықсыз болуы, оның біржақты, көңілсіз, сезімсіз түсіндірілуі, ұсынылуы, сонымен бірге, оқушылардың тақырып бойынша ойша, затқа қарап сурет салуға ынтасын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көркемдік талғамының төмендеуіне, танымдық іскерлегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да, бейнелеу сабақтарында пәнаралық байланыс материалдарының және оларды оқу- тәрбие үрдісінде пайдалануда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке дербес ерекшеліктерін, олардың бейнелеу өнеріне, сұлулыққа деген талпынысын ескерудің маңызы өте зор.

          Нұсқаға қарап сурет салу айталық, натюрморттың бейнесін салу керек делік. Алдымен натюрморт денелерін оқушыларға ыңғайлы етіп бір немесе екі жерден орналастыртамыз, оқушыларға орналастыру, композициялық құрылымы туралы мағлұмат беремін. Сұрақ-жауап тәсілі бойынша «Натюрморт» дегеніміз не? Ол қай халықтың сөзі. Оның шығу тарихы қандай, қандай суретшілерді білеміз, натюрморт арқылы ойды беруге бола ма? Болса оған дәлел қандай суретшілер еңбегін білетіндерін сұрадым. Сонымен қатар бүгінгі салайық деп отырған натюрморт денелерінің аттары, айталық сүт құятын құмыра және тігінен қойылған тандыр нан туралы да «жетелеу» сұрақтары арқылы олардың қолданылатын жерлері адам өміріне қажеттілігі, олардың жасалыну жолдары және тарихи мазмұндылығы дәстүрдегі олардың атқарып келе жатқан қызметтері туралы ойлары мен білімдерін жетілдіремін. Оқушылармен сабақты бастамас бұрын қағаз беттеріне орналастыру (компоновка) заңдылықтарын еске түсіреміз. Өйткені, әрбір оқушы жұмыс орнына байланысты натюрморт көрінісі, оның композициясы әртүрлі болып келетіні заңдылық құбылыс. Сол себептен натюрморт денелерінің орналасу заңдылығына байланысты, формат көлемін тігінен бе, әлде көлденеңінен бе анықтату керек. Келесі кезең бірізділік заңдылығымен қағаз бетіне қарындашты ақырын баса отырып формаларды сызықтар арқылы келтіре орналастырып салады. Содан кейін одан артық сызықтарды өшіріп, бір жүйеге келтіреді. Қарындашпен орындалатын жұмыс біткеннен кейін, натюрморттың түстері мен реңдерін, жарық және көлеңке жақтарын бояуға кіріседі. Ақырында оқушылар аяқтап болған соң олардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады.  

       Бастауыш мектеп  оқушыларының ынта-ықыласын, қызығушылығын  арттыра отырып, кескіндеме өнеріне  байланысты өзбеттілік жұмыстарын  жақсартуға көп көңіл бөлу керек. Ал, бұл жұмыстың негізін оқушылардың өз бетінше іздену жолдары құрайды. Бала сабақта қызығушылықпен жұмыс істесе, бұл көрсеткіш бейнелеу өнерінің дұрыс ұйымдастырылған сабақтарында анық байқалып тұрады, онда баланың қозғалыстары еркін әрі жеңіл болып, қанағаттанушылық, рахат сезімі басым келеді, сөйтіп оқушыға қажетті бейнелеу қабілеттерінің қалыптасу деңгейі жоғары болады. Психологтардың анықтауы бойынша қызықты жұмыспен шұғылданған балада есту, көру қабілеті артып, шаршап-шалдығуы ұзақ уақыт болмайды. Керісінше, оқушы өзін қызықтырмайтын нәрсемен шұғылданса, онда ол қабілетсіз, епсіз көрініп, ақыл-ой және эмоционалды жағынан нашар дамиды. Сондықтан оқушылардың жақсы көретін, өздерін еркін сезінетін бейнелеу өнері сабақтарында оларға сызықтар сызғызып, бояулармен боятып, ән айтқызып, көңілдерін, шабыттарын оятып, ертегі айтып, жұмбақ жасырып, қиялдатып, есептетіп, санатып, дүниені таныта отырып, пәнаралық байланыс орнату – бейнелеу өнері сабақтарында кескіндеме өнерін оқытудағы әрбір сабақтың міндетті элементтері болуы тиіс. Яғни, К.Д.Ушинский тұжырымдауынша, табиғаттың негізгі заңында бала әрдайым іс-әрекетті талап етеді, сонымен бірге ол іс-әрекеттен емес, бірсарындылық пен біржақтылықтан шаршайтындығы анықталған.

Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары