Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:37, научная работа

Краткое описание

«Ұлттық ою-өрнек» атты ғылыми жұмысында, ою -өрнектердің символдық мәнге ие болуы , оның ұлттық болымысымызды бейнелейтін заттарда көрініс табуы зерттелген.
Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсат-оқушының қызығушылығы мен ұлтжандылығын,және де зерттеу әдістеріне баулу.
Сондай-ақ мұнда қазақтың ұлттық ою-өрнегін жоғалтпай одан әрі дамыту керектігіне көз жеткізілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ою туриoft Office Word (2).docx

— 57.30 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

2.Ою – өрнекте көңіл – күй мен сезім тереңдігі болады.

    Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс жағдайын, ақыл – парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім – тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою – өрнек  нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен  жеткізіп отырған.

«Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» - бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен  салынған.   

«Аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен  адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген.

Сонымен қазақ халқының табиғат, кеңісітік жайындағы дүниетанымы ертеден – ақ оның сырт пішінін кілем бетінде өрнектеу арқылы көрініс тапқан.

Ұлттық ою - өрнектедің қазіргі  заман талабына сай қолдану мен  оларды күннен – күнге одан әрі  дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда  қолдану тәсілдерімен оларды тарихын  зерттеу. Сонымен қатар үлкендердің  арасында сауалнама жүргізу мен  олның нәтижелерін тиянақтау  мен  шеберлермен, сән үйлермен кездесу  кезіндегі сұхбаттарымызды айта кетсек.

  Әр халықтың өнерінде  бояу түсі әр қалай бағаланады.

 “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны.

“Көк” - аспанның, еркіндіктің, бейбітшіліктің нышаны.

“Қызыл”- күннің, оттың, қуаныштың  нышаны

“Сары” - сағыныштың, сары уайым-қайғының, аурудың белгісі

 “Қара” - қара жердің, қайғының, бақытсыздықтың, жамандықтың  нышаны 

“Жасыл” - көктемнің, жастықтың, нышаны.

Бұдан, түр-түс ою-өрнек  өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен  шындықты көрсетуде өзіндік шешім  табатынын байқаймыз. (Қосымша-4)

 

 

Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама сұрақтары:

Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?

А) киіз үй

Ә) Қошқармүйіз 

Б) Аспан 

Оюды неде пайдаланады?

А) Кілемде

Ә) Қалада

Б) Партада

Оюлар неше бұрышты болады?

А) Ұзын

Ә) қысқа

Б) Төртбұрышты 

Ою - өрнек неде бейнеленген?

А) Әнұран

Ә) Елтаңба

Б) Ту

Өсімдік оюларына қандай оюлар  жатады?

А) Балдақ

Ә) Ағаша

Б) Ирек

Геометриялық оюларды  ата:

А) Жапырақ

Ә) Мүйіз 

Б) Шеңбер

Жануарлар оюларына жататын  оюларды ата?

А) Ирек

Ә) Түйетабан 

Б) Қармақ

 

Сұхбат жүргізу:

Күнсұлу апаның үйіне барғанда:

Күнсұлу апа осы ою - өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп жүрсіз?

Менің әжем ою - өрнек шебері болған. Әжемнің қасынан бала кезімнен қызығушылық танытып, осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем.

Күнсұлу апа қандай ою - өрнектерді көп қолданасыз?

Көбіне «қошқармүйіз»  оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану маған ыңғайлы.

Ал сіз осы  оюларды қандай қолөнерде қолданасыз?

Мен оюларды қолөнерлердің  көп түрлерінде  қолданамын, әсіресе  сырмақ, әбдіре жапқыш, бесікке жапқыш, терме алаша, құрақ көрпелерде.

 

Палшекер  апа  үйіне барғанда:

Палшекер апа  қай уақыттан бастап ою - өрнек шеберлігімен айналысасыз?

Мен бала кезімнен әжелердің  қасында жүріп, осы өнермен таныс  болғам.

Қазіргі кезде  қандай жұмыстар істеп жатсыз?

Мен қазіргі кезде көптеген жас келіндерге кеудеше,қыз жасауын жасап жүрмін.  Және көптеген еңбектерімді әрбір қазақ үйінде көре аласыздар.

Сіз осы уақытқа  кімдерді шәкірт етіңіз.дейін қандай жетістіктеріңіз бар?

Мен осы уақытқа дейін  келіндерімді,қыздарымды осы ою оюуға  баулып отырамын.

Осы қазақтың ою-өрнек  өнеріне көңіліңіз толама?Қазір  осы өнерге қандай жағдайлар жасаған?

 Қаламызда осындай  шеберлер жоқтың қасы.Қазір қазақ оюларымен тек мына «Лежебока» дүкенінде ғана жұмыс атқарады.Ал үлкен қалаларда баршылық.

 

3.Қазақы оюлардың  магиялық күші .

Шындығында, ою-өрнектердегі бедерлер халықтың қоршаған орта, өмір туралы түсініктерімен астасып жатады. Ал оның магиялық күші туралы білесіз  бе? Космоэнипсихолог Елена Гомер  бізді қазақы оюлардың адам бойына күш беретін қасиетімен таныстырды.

Осылайша қазақстандық фэн-шуйдың бағзы заманда-ақ қазақ ою-өрнектерінен басталғанын мойындап қайттық. "Оюлардың бедерлері неге түрліше болып  келеді дегенді әрқайсымызда ойға алып қоятынымыз рас. Өйткені оның барлығы  өзіндік мәнге ие" дейді Елена. Расында да, кейбір оюлар геометриялық пішінде болады. Олар үш бұрышты, ромб формасынан құралады, ал енді бір оюларда  ай, күн, жұлдыз бейнеленеді.

Қазақ оюларында жан-жануарлардың да белгісіне орын берілген, қошқар мүйізі, құс тұмсығы, құс қанаты соның  дәлелі. Тіпті гүл, жапырақ, бұтақ  кескіндерін де оюдан көре аламыз. Себебі қазақы оюлар табиғат-ананың туындыларына иек артқан. Ол оюлардағы  өрнектер өзінше бір магиялық мазмұнға ие. Сондықтан оларды ыдыс-аяқ, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, кілем, текеметтерде пайдаланған. Осылайша әр оюды өзіндік  қуатына сәйкес тиісті мақсатта қолдана  білген. "Ал бұл нағыз қазақстандық фэн-шуй болатын" дейді Елена  Гомер. Бірақ біз мұны көп жылдар бойы ұмытып кеттік.

Қазақы оюлар табиғат-ананың туындыларына иек артқан, қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген  энергоақпараттық белгілер.

Керісінше, болмыс-бітімімізбен біте қайнаса қоймайтын қытайлық фэн-шуйға бет бұрдық. Енді осы  олқылықтың орны толатын түрі бар. Астанада өткен қазақстандық "Қуанышты қалып" ("Радужная матрица") фэн-шуй сауықтыру  бағдарламасының таныстырылымынан кейін осындай ойға тоқтадық. "Қуанышты қалып" фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер  жасап шыққан қазақстандық фэн-шуйдың негізінде жоғарыда сөз еткен  қазақ халқының байырғы таңбасы - ою-өрнектер енгізілген. "Ғасырлар қойнауынан жеткен және қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген бұл энергоақпараттық белгілер ішкі-сыртқы кеңістіктің үндесуіне, бейбітшілік пен махаббатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді" дейді Елена Гомер.

Ол сөз арасында отандық  фэн-шуйдың таныстырылымына қолдау білдірген Қазақстанның мәдени мұраларын  зерттеу, ата-бабаларымыздың рухани байлығы  арқылы ұлттың жоғарғы энергетикалық  әлеуетін қалыптастырумен айналысатын "Диана" қоғамдық қорына алғысын  білдіріп отырды. Себебі бұл қордың да міндеті - әр адамның рухани шығармашылығын ашу, шығармашылық жағынан дарынды  адамдарға психологиялық және материалдық  көмек көрсету, сана-сезім сырына арналған ғылыми-философиялық мұраларды  зерттеу, рухани эзотеризм саласындағы  білімді толықтай игеру екен.

Елена Гомер 10 жылдан астам  уақыттан бері дәстүрлі қазақ ою-өрнектерін зерттеумен айналысып келеді. Ол жеке өрнектелген суреттердің адамға энергетикалық ықпал ететінін дәлелдеген маман. Ол әзірге бар-жоғы күнделікті өмірде кездесетін, ұлттық ыдыс-аяқтар, кілемдер және тағы да басқа көптеген бұйымдарды безендіру кезінде қолданылатын жеті өрнектің қыр-сырын зерттепті. Тағы да зерттеу нысанасында 19 өрнектің барын айтады. "Ою-өрнектерге негізделген фэн-шуй әдістемесі энергияны басқаруды, табиғи күш пен тепе-теңдікті сақтауды және осының арасында өмірге қуанышты оқиғаны тартуды, үндестікке жетуді, жеке өмірді саналы түрде басқаруды үйретеді. Ол қазақ халқының байырғы білімдері мен дәстүрлеріне негізделген. Олар әлемге әйгілі қытайлық фэн-шуйға қарағанда әлдеқайда пәрменді" дейді .

.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Қазақ ою – өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.

Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою – өрнек танбалары бертін келе жатқан сәндік, салтанат белгілеріне айналады. Әйтсе де, кейбір ою – өрнек үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен «қошқармүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.

Көшпелілерде өсімдік  тектес ою – өрнектер аз емес өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту олардың да жоны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын  гүл – ою – дүниенің төрт торабын, кеңістін гармониясын білдіреді. Қазақтардың  ұғымына түр – түстің де орны айрықша. Мысалы «көк» - аспанның, аспанға  табынудың, «қызыл» - оттың, «ақ» - шындық, қуаныш, бақыттың, «сары» - айырылудың, «қара» - жерлің, «жасыл» - көктемнің, жастықтың  симбылы.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататын мынадан  көруге болады: «гүл мен гүл» түйдегінің айқас бірігіп салынуы бірлікті елдің ынтымақты болуын меңзейді.

«Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен  ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от  ана», «су ана» деген тіркестер  кездеседі.

«Тау оюы» - мәңгіліктің, күш – құдыреттің символы.

Әрбір ою – өрнектегі  атау жай ғана атау емес, сол атаулар  арқылы ою – өрнектің тал бойында  жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.

Мәселен, «орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау  өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге  шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде  бейнеленген.

«Орамал балдақ» - өрнегінің  жан – жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққурға  қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай мәңгілік халқына қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.

«Өнер көзі – халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге  жасап келеді, және жасай береді.

Осындай өнер түрлерінің бірі ұлттық ою – өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау – әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.

Ұсыныстарым:

  • Қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе.
  • Оқушыларға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса.
  • Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса.
  • Оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса.
  • Шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

Мен қазақ боп туғаныма  мақтанам,

Тәуелсізбіз, егеменбіз енді кімнен жасқанам.

Елім үшін шыбын жанды  күйдіріп,

Жүректегі қайғыменен арманымды  ақтарам.

 

Біздерде бар бабалар  салған сара жол,

Ою-өрнек, қол өнерді ойға түйген дана бол,

Қандағы бар әдеп-ғұрып, салтымыз,

Қол өнеріміз санадан еш өшпесін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Сапар Төленбаев, Маргарита  Өмірбекова «Ою - өрнектердің жасалу жолдары»

М.Ш. Өмірбекова Энциклопедия «Қазақтың ою - өрнектері» Алматы 2003 ж.

// «Парасат» №1, 1999 ж. 

// «Ұлағат» №1, 2 1999 ж.

// «Қазақстан әйелдері»  №1  1994ж. 32-33 бет. 

// «Қазақ тарихы» №4 2004 ж. 

// «Бастауыш мектеп» №4  2002ж.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы