Ампелография нені зерттейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция

Краткое описание

Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ампелография.docx

— 73.34 Кб (Скачать документ)

 

Ерте алматылық- өте ерте пісетін  асханалық сорт 105-110 күн, активті  температуралар жиынтығы 2100-2300°С. Жемісі Жемчуг Сабадан кейін 5-7 күн піседі. Жазда қою жасыл түсте, ал күзде  ашық сары түске ие болады. Гүлдері  қосжынысты. Жүзім шоғының орташа көлемі 200г цилиндр-конусты болып  келеді. Қабығы жұқа, жұмсағы шырынды. Дәмі оте жағымды, мускат ароматты. Тамыз айының ортасында піседі. Өнімділігі бойынша Жемчуг Сабадан асып түседі. Қантының мөлшері-17,2%, қышқылдылығы -5,2 г/л. Аязға төзімділігі орташа, жабылған кезде көп жағдайда таңбалы некрозбен  ауырады. Ауруларға төзімділігі  орта, балғын күйде қолдануға ыңғайлы.

 

Нимранг,Алиготе жүзім сорттарына сипаттама бер.

3.Нимранг-Орта Азияның тасымалдауға  төзімді,классикалық асханалық сорттардың  бірі.Жүзім түбі күшті қседі,үлкен  қалыптасуды ұнатады.Жапырағы бүтін  немесе сәл таралған.Гүлі фүнкциональды  аналық  болып келеді.Жемісті  жаұсы салуы үшін ең таңдаулы  тоңазтқыш сорттары болып келеді,Шоқ  жемісі ірі,бұтақшалы,тығыздығы  орташа.Шоқ жемісінің салмағы  430грамм,ал жекеленген шоқ жемісінің  салмағы 1.5килограммға дейін жетеді.Жемісі  ірі,шар тәріздес,жасыл сары,күн  жағынан қарағанда қызғылт түске  боялып тұрады.Вегетация кезеңі  басталғаннан піскенге дейінгі  мерзімі-155күн.Өнімділігі жоғары.Бұл  сорт дәмінің сапалылығымен бағалы.

Алиготе-орта ерте пісетін франциялық сорт.

Жүзім шоғының көлемі орташа, цилиндр  тәріздес, тығыз.

Жемісі орта көлемді, домалақтанған,алтын  түстес ашық жасыл.

Жұмсағы оте шырынды, дәмі кәдімгідей.

Түптерінің ұздығы орта, өркендердің  өсуі жақсы.

Өнімділігі жақсы, бірақ таңбалы  некрозбен ауырған болса өнімділігі күрт төмендеп кетеді. Аязға төзімділігі  жоғары, таулы аудандарда қосымша  жабусыз-ақ қыстап шыға алады. Жамбыл және Алматы облыстарында аудандастырылғын. Шампан және асханалық шараптар жасауға қолданылады.

 

 

Сұр шірік, бактериалды рак ауруымен күрес.

Бактериальды рак ауруының әсеріне  жүзім діңінің ашық бөліктері  ұшырайды. Зақымданған жер қабықтың астындағы ауалы көпіршік сияқты көрінеді, уақыт өте келе ол қабықты  тесіп, сыртқа шығады. Көпіршіктің диаметрі 30 см-ге дейін жетуі мүмкін және ол көбінесе ызғарлы аяздан кейін күзде  немесе қыста жарылады.

Бактериялық рак- ауырған кезде  өсімдіктің штамбтары мен жеңдерінде әр түрлі үлкендікте, формада өсінділер  пайда болады. Басында олар жұмсақ, ақ түсті болады, бірақ уақыт өте  келе олар қарайып, қатаяды. Ісіктер  әдетте зақымданған жерлерге бактериялар  енгеннен кейін пайда болады.

Күресу шаралары- төмпешіктерді  алып, сосын қызғылт түсті марганцовкамен дезинфекциялайды.

¢ Сұр шірік (Botrytis cinerea) – жүзім, қызанақ және т.б. өсімдіктермен мәдени өсімдіктердің ауруы. Өсімдіктердің гүлдері, жапырағы, сабақтары мен жемістері  құртылады. Ең алдымен әлсізденген кәрі өсімдіктердің төменгі жапырақтары зақымданып, сосын сабақтарына таралады. Сабақтарында ақшыл қоңыр құрғақ дақтар қалыптасады. Жемістердің зақымдануы түбінен басталып, барлық жемісті тез жайлап алатын сұр түсті дақтар пайда бола бастайды. Оның беті суланып, сұр зең жауып қалады.

¢ Жүзім шаруашылығында сұр шірік жаңа ашылған бүршіктермен өркендерді  суық әрі ылғал көктемдік ауа-райында жайлап алады және де  олардың солуына алып келеді, Әлсіз желдетілетін аймақта ең  алдымен жапырақтарда қоңыр дақ пайда болады. Құрғақ ауа болған кезде көктемдік инфекция таралуын тоқтатады. Алайда ауру белгілері сақталып тканьдері әлсіз болады, әрі өркендері сынғыш және солғыш болып қалады. Зақымданған гүл шоғырлары солып, қоңырланып және сұр шірік ауруының белгілері байқалып, сал болып қалады.

¢ Мыс әрі көптеген органикалық фунгицидтердің улағыштығы сұр шірікті құртуға жеткіліксіз.

 

 

 

 

Жүзім өсімдігінің вегетациясының 3,4 фазасына сипаттама бер.

 

Гүлденуі. Гүлдену басталғаннан аяқталғанға  дейін жүреді. Фазаның ұзақтығы сортына  қарай 8-14 күн. Қалпаққа ұқсағаны түсіп  қалады.аталықтары бойларын жазып, тозаңқаптан  тозаңдар шашылады, яғни тозаңдану  жүреді. Гүлдердің тозаңдануға бейімділігі  ол ашылғаннан кейін 4-6 күнге дейін  созылады. Функционалды аналық гүлдері  бар сорттарда жасанды тозаңдандыру, ал гүлдері және түйіндері 60-70℅-ға дейін  түсіп қалатын қос жынысты  сорттарда қосымша тозаңдандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жидектің өсуі. Гүлдеу аяқталып, түйнек сала бастағанға дейін жүреді. Фазаның  ұзақтығы ортаа есеппен 30-60 күнге  дейін созылады. Жидек түйінінің  көлемі ұлғаяды және фазаның соңынды  сортына сай көлеміне жетеді, бірақ  көк күйінде қалады. Жидектің қышқылдық  құрамы жоғары шегіне жетеді, ал қант енді жинала бастайды.фаза соңында өркен  мен жапырақ өсуі тоқтайды. Өркендерді байлайды, зиянкестер мен аурулармен күресу жалғастырылады, суғарылады, үстемелдеп қоректендіріледі. Өркендерінің өсу  күші әлсіреген жүзім сорттарында  өркен ұштарын шырпу жүргізіледі.

 

 

Күлгін Тайф,Сенсо, Тербаш сорттарына ампелографиялық сипаттама.

 

Қызғылт тайфи-Орта Азиялық кеш  пісетін классикалық  асханалық  сорт .Жүзім түбі күшті өседі.Гүлі қос жынысты.Жапырағы бес қалақшалы,терең  тарамдалған.Қою көк,тор көзді,жапырағының төменгі жағында сирек өрмек салбырап тұрады.Шоқ жемісі ірі конусты.Шоқ  жемісінің салмағы 2 килограммға дейін жетеді.Жеміс ірі,цилиндр,үшы тегіс.Жемісін күн жағынан қарағанда түсі күлгін,кқлеңке жағынан қарағанда жасыл сары түсті болып келеді.Еті тығыз,сықырлап тұрады.Вегетация кезеңі 155-162 күн.Активті  температуралар жиынтығы 3700С .Пісі мерзімі-Оңтүстік Қазақстан облысында қыркүйектің бірінші он күндігі,Қызылорда облысының оңтүстігінде және Жамбылда қыркүйектің екінші жартысында піседі.Суыққа  да құрғақшылыққа да айтарлықтай төзімді.Бұл сорт дәнінің сапасы өте жоғары,шоқ жемісі әдемі,сақтауға және тасымалдауға төзімді болып келеді.Қызғылт Тайфи Қазақстан оңтүстігіндегі  жүзімді аймақтардың бәрінде аудандастырылған.

Сенсо (Cinsaut или Cinsault) - Жүзімнің әмбебап  сорты. Жеміс шоғы орта көлемді, конусты, кейде цилиндрлі-конусты, орташа тығыз  немесе тығыз болып келеді. Жүзім  шоғының массасы 154-210г. Жемісі қою  көк, қабығының қалыңдығы орташа, серпімді. Жұмсақ-шырынды, кішкене қыртылдақ,жағымды  дәмі бар. Жемісінің массасы 260-340г. вегетация  ұзақтығы 148 күн, активті температуралар жиынтығы 2855°С. Қыркүйек айының екінші жартысында піседі. Жоғары өнімділігімен  ерекшеленеді 75%. Милдью, оидиум, бактериялық  рак, сұр шірік ауруларына төзімсіз, көп жағдайда филлоксерамен зақымданады.

Тербаш-орташа кеш пісетін түркмендік асханалық-техникалық сорт. Жапырақтары  орташа, домалақ, бес кейде жеті қалақшалы. Гүлі қосжынысты. Жеміс шоғы көлемді, конус немесе цилиндр тәріздес. Жемісі орта және ірі, шар тәріздес, ашық жасыл, ал толық піскенде янтарлы-сары түске  енеді. Вегетация кезеңі 150 күн, активті  температуралар жиынтығы 2900°С. Түптері  мықты, өнімділігі 160-200 ц/га. Тасымалдауға өте қолайлы және аязға төзімді. Оидиуммен зақымданады. Құрғақ өнімдер  дайындауға сонымен қатар асханалық  және десерттік шараптар жасауға  пайдаланылады.


Информация о работе Ампелография нені зерттейді