Судың әсерінен жанатын заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 14:12, реферат

Краткое описание

Жану — энергияның қарқынды бөлініп , қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін физикалық-химиялық реакция.  Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді. Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау, фторлау,  азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді,  боридтерді, силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жану.pptx

— 131.79 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  
 
 
 
 
Судың әсерінен жанатын заттар

 

Орындаған: Кабиева  А

Дуймуханова С

Тексерген: Азат С

Жану — энергияның қарқынды бөлініп , қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін физикалық-химиялық реакция. 

Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді. Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау, фторлау,   азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді,     боридтерді, силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.

Өздігінен жанатын заттар келесідей топтарға бөлінеді:

    • Ауаның әсерінен жанатын заттар (көмір, торф, ағаш ұнтақтары, жануар майлары, өсімдік майлары);
    • Судың әсеріне жанатын газдар (карбидтер);
    • Бір бірімен араласуы нәтижесінде жанатын заттар (газтәріздес, қатты және сұйық тотықтырғыштар).
    • Карбидтер – көміртектің металдармен, сондай-ақ, кремний және бормен қосылысы. Карбид ыдырамайтын, ешқандай еріткіштерде ерімейтін қатты зат. Сілтілік және сілтілік жер металдары, сирек жер элементтері мен алюминий карбиді – иондық қосылыстар; суда ацетилен немесе метан және көміртек пен сутек бөле ыдырайды. Олардың кейбіреуінің (Cu2C2, Ag2C2) соққанда немесе қыздырғанда қопарылатын қасиеті бар. Берилийдің, бордың және кремнийдің Карбиді – ковалентті қосылыстар; өте қатты, баяу балқитын, ыстыққа төзімді, химиялық инертті болады. Вольфрам, титан, тантал, ниобий карбиді өте қатты, тозуға, ыстыққа төзімді болғандықтан, бұрғыбас, жонғыш және газ турбинасы мен реактивтік қозғалтқыштардың бөлшектерін жасауда қолданылады. Темір карбиді – шойын мен болаттың маңызды құрамдас бөлігі.[
    • Сілтілік металдың карбидтері тұрақсыз және 800 С температураға дейін оңай ыдырайды.
    • Сілтілік металдың( Na2C2, К2С2) карбидтері сумен жанасқан кезде жарылыс пайда болады.
    • Сілтілік металдың карбидтері және Са, Sr, Ва карбидтері құрамында  С % ионы болады және сумен жанасуы кезінде ацетилен түзеді.
    • Сілтілік металдың және магниның карбидтері өте төмен температурада элементтерге ыдырай бастайды.
    • Сілтілік металлдар сумен жанасқан кезде жарылыс пайда болады және нәтежиесінде металл жанып, ал көміртегі көмір терінде бөлініп шығады. Сумен әрекеттескенде өздігінен жанатын заттарға кальций карбиді, сілтілік металдар карбиді, фосфорлы кальций және натрий, сілтілік және сілтілік жер металлдарының гидраттары,металлдық натрий және калий. Бұл заттардың суға түсуі өте қауіпті.  Мысалы кальций карбидінің аздаған бөліі сумен жанасқанда экзотермиялық реакция жүреді, яғни көп  мөлшерде жылу бөлінеді ( 500-700 C жоғары). Мұндай заттардың жануы кезінде сөндіру үшін суды немесе құрамында суы бар заттарды қолануға болмайды.

Кальций карбидіен жасалған эксперимент

    • Назарларыңызға рахмет!

Информация о работе Судың әсерінен жанатын заттар