"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 17:29, реферат

Краткое описание

Сүт – бұл табиғат даярлаған ерекше өнім. Сүттің құрамы өте күрделі – химиялық құрамының толықтығы бойынша сүтпен ешбір табиғи тағаммен салыстыруға келмес. Сүттің химиялық құрамына пластикалық, минералды, энергетикалық, реттегіш заттар мен дәрумендер кіреді.
Сүт ақуыздары, ет және балық ақуыздарына қарағанда, әлде қайда толыққанды және тезірек қорытылады. Ақуыз адам ағзасында жаңа жасушаларды түзу үшін қажет. Сүттің ақуыздары үш құрамдастан тұрады: шикі сүтте еріген күйінде болатын казеин, альбумин және глобулин.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сүт және сүт өнімдері
Сүттің түрлері
Сүттің химиялық қасиеттері
Сүттің кұрамы мен пайдасы
"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент
Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ СҮТ.docx

— 54.97 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент

 

1. "Сүт және  сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне  қойылатын талаптар" техникалық  регламенті (бұдан әрі - техникалық  регламент) Қазақстан Республикасының"Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.  
      Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:  
      1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;  
      2) ішетін сүт және ішетін кілегей;  
      3) сүт қышқылды өнімдер;  
      4) сүзбе және сүзбе енімдері;  
      5) қаймақ;  
      6) сиыр сүтінен жасалған май; 
      7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; 
      8) майлы паста;  
      9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы;  
      10) ірімшік және ірімшік өнімдері;  
      11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.  
  2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген. 
  3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. 

4. Осы техникалық  регламент балалар тағамдарына  арналған, емдік, алдын алу және  диеталық мақсаттағы үй жағдайында  дайындалған сүтке және сүт  өнімдеріне, сүтті және сүтті  құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, жеке тұтынуға арналған сүт  және сүт өнімдеріне, сүтті және  сүтті құрайтын, құрамында сүт  бар консервілерге, сондай-ақ сүт  өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын  тағамдық қоспаларға, бояғыштар  мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды. 
            4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.  
      4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды:  
      1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау);  
      2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста;  
      3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау;  
      4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау);  
      5) сақтау, тасымалдау, сату;  
      6) кәдеге жарату, жою.    

 

      4-3. Сүт және сүт  өнімдерін сәйкестендіру мынадай  мақсаттарда жүргізіледі:  
      1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу;  
      2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау;  
      3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау;  
      4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі.  
      4-5. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді:  
      1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары);  
      2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.  
      4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі.  
      4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі:  
      1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда);  
      2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі;  
      3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда);  
      4) - 5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; 
      Ескерту. 4-7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды:  
      1) сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру жүргізген ұйым туралы мәліметтерді;  
      2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты;  
      3) сәйкестендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын;  
      4) оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері туралы мәліметтерді;  
      5) сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде);  
      6) сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін;  
      7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді;  
      8) осы өнім партиясының мөлшерін;  
      9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді;  
      10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын;  
      11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны, оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейді;  
      12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды.  
      4-9. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс.  
      4-10. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне  қойылатын талаптар

 

Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады: 
      1) ілеспе құжаттардың болуы; 
      2) сүт және сүт өнімдері, оны қолдану және сақтау шарттары туралы ақпараттың болуы; 
      3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.

Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.  
      Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.  
      Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.  
      Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.

Сүт және сүт өнімдерін өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.  
      Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.  Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты және кілегей шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынады. 

Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2) оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.

Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2) оС температурада сақтауға жол беріледі.

Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы  
8 оС-дан аспауға тиіс.

Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.

Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:

1) 4 оС температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;

2) 6 оС температурасына дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға (резервтеуге) жол беріледі.  
      Қабылдау кезінде температурасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.

Бұзаулағаннан (төл алудан) кейінгі алғашқы жеті күнде және суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда анықталған титрленетін қышқылының жоғары болуынан, термикалық өңдеуге жатпайтын сүт-шикізаты сүт өнімдеріне және сүті бар өнімдерге қайта өңдеу үшін қабылдауға жатпайды.  
      Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат қабылданбауы тиіс.

Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.

Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін, сау жануарлардан алынған сүт-шикізатының өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылығы ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы жоқ деген сипаттағы термикалық қайта өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен расталады.  
      Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы міндетті.

Сүт шикізатында және кілегей шикізатында уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің, радионуклидтердің, сондай-ақ микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген, рұқсат етілген шекті деңгейден (нормадан) аспауға тиіс.  
      Сүт шикізатында және кілегей шикізатында жуу, дезинфекциялау, бейтараптандыру құралдарының қалдықтары болуына жол берілмейді.

Өндірісте пайдаланылатын сүт шикізаты, кілегей шикізаты, сүтке жатпайтын компоненттер, тағамдық қоспалар, технологиялық заттар кіріс биқылауға ұшырайды. Оларды сақтау және сүт пен сүт өнімдерін өндіруге дайындау қайта өңдеу өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ластануды болдырмайтын шарттармен жүзеге асырылады. Технологиялық мақсатта пайдаланылатын су ауыз су қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 Орамалары (ыдыстары) ашылған және (немесе) бүлінген және  жарамдылық мерзімі өтіп кеткен  ұйытқыларды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.  
      Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.

Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталған персонал жүзеге асырады.

Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.

 Технологиялық  үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің  ластануын болдырмау үшін темекі  өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға  және тамақ өнімдерін қабылдауға  медициналық аптечкалар мен жеке  заттарды сақтауға, персоналдың  әсемдік заттар мен бижутерияларды  тағып жүруіне рұқсат етілмейді.  
      Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.  
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.  
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.  
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.

Информация о работе "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент