Созылмалы жағармайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 16:31, аттестационная работа

Краткое описание

Жағармайлардың майлардың алдындағы басты артықшылығы: оқшауланып жабылмаған (герметикалық емес) үйкелісу түйіндерінде тұрып қалу қабілеті, яғни, кіші және орташа күшсалмақтарда ағуы болмайды; өте жақсы жағылулық және қоргаушылық қасиеттері, жоғарғы үнемділігі. Созылмалы жағармай кең таралуы оның ашық және нашар нығыздалып жабылған үйкелісу түйіндерінде жабысып тұру қабілетімен түсіндіріледі. Оларды сұйық майларды қолдану мүмкіншілігі жоқ жерлерде пайдаланады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 34.70 Кб (Скачать документ)

Созылмалы жағармайдың  консервациялық қасиеті олардың  металл беттерді ылғал мен оттегінің  әсерінен қорғау қабілетін қамтамасыз етеді. Атмосфераның зиянды әсері ауада  күкіртті газдың және басқа белсенді қосылымдар болатын өндірістік аймақтарда өседі. Созылмалы майлар консервациялық қасиеті бойынша минеральдық  майлардар маңызды артықшылықта. Қалыңдығы жүзден бір миллиметрдей жағармай қабаты 100%-тік ылғалдылықта көп айлар бойы коррозияны болдырмайды.

Фреттингті болдырмау қасиеті созылмалы жағармайлардың үйкелісетін беттерге оңай енуімен байланысты. Фреттинг немесе фреттинг-коррозия – үйкелісетін беттердің циклдік, шамалары бойынша кішкентай ығысулармен байланысты қажлуының ерекше түрі. Күшсалмақ, тербелістердің жиілігі мен амплитудасы өскен сайын фреттинг күшейеді. Бірақ амплитуда өскен кезде үйкелісу аймағына жағармайлық материалдардың енуі жақсарып, қажалу азаяды.

Жағармайлардың  сыныптамасы мен маркіленуі. Созылмалы жағармайларды атқаратын қызметі бойынша төрт топқа бөледі: антифрикциялық, консервациялық,т канаттық, нығыздаушы (МЕМСТ 23258-78).

Антифрикциялық  жағармайлар қосылысатын бөлшектердің тозуы мен сырғанаулық үйкелісін төмендетуге арналған. Бұл топтың жағармайларын бірнеше топшаларға бөледі: әдеттегі температураға арналған (жұмыстық температурасы 700С-ге дейін) әдеттегі қызметтерге арналған; жоғарылатылған температураға арналған (1100С-ге дейін) жалпылық қызметке арналған; көпмақсаттық (жұмыстық температурасы -300С-ден +1300С-ге дейін және жоғарылатылған ылғалдылық жағдайлары үшін); қызуға төзімді (жұмыстық температурасы 1500С және жоғары); аязға төзімді (жұмыстық температурасы -400С және төмен); жырылуға қарсы және тозуға қарсы (түйісулік кернеуі 2450 МПа тербелістік мойынтіректерге  және өзіндік күшсалмақ 147 МПа-дан жоғары сырғанау мойынтіректеріне арналған); химиялық тұрақты (агрессивтік ортада жұмыс істейтін үйкелістік түйіндерге арналған); аспаптық; төмендеткіштік (трансмиссиялық); орнығулық молибден дисульфиті, графит және басқа пасталар); терең маманданған(үйкелісетін беттерге қойылатын қосымша талаптарды қанағаттандыратын); брикеттік.

Консервациялық  жағармайлар металл бұйымдар мен амшиналарды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде коррозияны болдырмауға арналған.

Канаттық  жағармайлар болат канаттардың, тростардың, болат канаттардың органикалық өзекшелерінің тозуы мен коррозиясын болдырмауға арналған.

Нығыздаушы  жағармайлар саңылауларды нығыз жабуға, арматураларды бөлшектеуді және жинауды жеңілдетуге, құрылым нығыздаушыларына, бұрандаларға, бөлінетін немесе басқа жылжитын бірігулерге, оның ішінде вакуумдық жүйелерге де арналған. Нығыздаушы жағармайлар арматуралық, бұрандалық және вакуумдық деп бөледі.

Жағармайлардың  маркіленуі. Әрбір жағармайдың белгіленуі оның атқаратын қызметі, сипаттамасы және құрамы туралы ақпарат беретін атының  (солидол, литол, графиттік және т.б.) индексінен тұрады. Индекстік белгілеу келесі ретпен орналасқан бес әріптік және цифрлық индекстерден тұрады: жағармайдың атқаратын қызметіне сәйкес топтың немесе топшаның кқрсеткіші; қоюлатқыш; қолданылатын температуралық аралығы; дисперстік ортасы; жа,армайдың консистенциясы. Кейбір индекстері дазылмауы мүмкін. Маркісіне сәйкес қатты қосылымдар  графит, молибден дисульфиті, қорғасын және т.б. белгіленетін г, д, с және басқалар енгізілуі мүмкін. Қоюлатқыштың типі (индексі) орыс әріпімен белгіленеді.  

Кешендік  сабын жазба әріппен к белгіленеді, сонан кейін сабынға сәйкес индексі  көрсетіледі, мысалы, кКа, КБа. Екі немесе одан да көп қоюлатқыштар құрама индекспен  белгіленеді: Ка-На, Ли-Ба және т.б., жіне де бірінші орында жағармайдың құрамына кқп мөлшерде кіретін өоюлатқыштың индексі жазылады. Қоюлатқышты белгілейтін  М, О, Н индекстері (сабын, органикалық, анорганикалық) жоғарыда көрсетілген  тізімде қоюлатқыш жазылады.температуралық интенрвал бөлшекпен көрсетіледі, ондағы цифрлар   есе кішірейтілген  температураның мәніне сәйкес келеді. Мысалы, 3/13 белгіленуі берілген

 

9.4-кесте. Қоюлатқыш типінің индексі

Қоюлатқыш

Индекс

Қоюлатқыш

Индекс

Сабын:

- алюминийлік

-барийлік

-кальцийлік

-литийлік

-натрийлік

-қорғасындық

-мырыштық

-кешендік

-сабындар қоспасы

Қатты көмірсутектер

М

Ал

Ба

Ка

Ли

На

Св

Цн

К

М1 – М2

Т

Органикалық заттар:

- пигменттер

- полимерлер

- уреаттар

- фторкөміртектер

Анорганикалық  заттар:

- балшықтар (бентониттік)

- күйе

- силикагель

О

Пг

Пм

Ур

Фу

Н

Бн

Сж

Си


 

жағармай -300С-ден +1300С-ге дейінгі интервалда жұмыс істей алатынын білдіреді. Жағармай тұтқырлығы 2000 Па*с аспайтын ең төменгі температура деп белгілейді. Дисперстік ортаның типін келесі әріптермен белгілейді: мұнайлық май – н, синтетикалық көмірсутектер – у, күрделі эфирлер – э, фторсилоксандар – ф, органикалық сұйықтар кремнийі – к, галогенкөміртектік сұйықтар – ж, перфторалкилполиэфирлер – а, басқа майлар мен сұйықтар – п.жағармайда қатты қосылымдардың барлығын мына әріптермен белгілейді: графит – г, молибден дисульфиті – д, қорғасын ұнтаңы – с, мыс ұнтағы – м, мырыш ұнтағы – ц, басқа қатты қосылымдар – т. Екі немесе одан көп майларды қос әріппен белгілейді (НК, уэ және басқа), бұл кезде бірінші дисперстік ортаның құрамына көп мөлшерде кіретін майдың индексі тұрады. «п» деген индексті дисперстік ортаның құрамына кіретін синтетикалық немесе басқа май тізімде көрсетілмегенде қолданады. Мұнайлық майда жағармайды жасаған кезде «н» индексі көрсетілмейді. Оны жағармайды мұнайлық және тағы да басқа майдың қоспасынан жасағанда көрсетеді.

Созылмалы жағармайдың  сыныбын арап цифрымен белгілейді.

 

9.5-кесте. Консистенция сыныбына тәуелді жағармайдың пенетрациясы

250С кезіндегі пенетрация саны

Консистенция сыныбы

400…430

335…385

310…340

265…295

220…250

175…205

130…160

85…115

Ниже 70

00

0

1

2

3

4

5

6

7



Информация о работе Созылмалы жағармайлар