Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 13:16, практическая работа

Краткое описание

Құрал-жабдықтар: химиялық стакан (50 мл), спиртшам, пробирка ұстағыш, пробирка (4 дана) пипетка (3 дана), құмырсқа альдегидінің сулы ерітіндісі (W=3%), күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, мыстың (ІІ) сульфатының немесе хлоридінің ерітіндісі, натрий немесе калий гилроксиді, күкіртті фуксинқышқылы.
№1 тәжірибе Формальдегидтің күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

прак саб.docx

— 23.31 Кб (Скачать документ)

№1 тәжірибе  Этил спиртінің (ректификаттың) құрамындағы суды анықтау.

Құрғақ пробиркаға 1г сусыз  мыс (ІІ) сульфатын салып үстіне 1 мл этил спиртін (ректификат) құямыз. Пробирканың  аузын тығынмен бекітіп, пробирканы қатты сілкіп, біраз уақытқа қойып  қоямыз. Егер ректификат құрамында  су болатын болса, ақ түсті ұнтақ  зат көк түсті мыс купоросына айналады. Сусызданған спиртті келесі тәжірибеге пайдаланамыз.

№2 тәжірибе  Cпирттердің суда ерігіштігін анықтау және олардың бейтарап қасиеттері.

Үш пробирка алып, әрқайсысына 1 мл-ден  фуксинге боялған су құямыз. Бірінші пробиркаға 0,5 мл этил спиртін,  0,5 мл бутил спиртін,  0,5 мл  изоамил  спиртін құямыз. Қоспаны жақсылап сілкіп араластырамыз. Этил спиртінің  шексіз мөлшерде суда еритінін, бутил  спиртінің – аз еритінін, ал изоамил  спиртінің мүлдем ерімей, пробирканың  жоғары жағына көтеріліп кеткенін  байқауға болады. Бұл құбылыстан көмірсутектер  радикалдарының ерігіштікке әсерін қалай түсіндіруге болады?

1 мл боялмаған этил  спиртінің ерітіндісін алып, екі  пробиркаға бөліп құйып, үстіне 1 ;2 тамшыдан қызыл лакмус, 1 ;2 тамшыдан  көк лакмус ерітіндісін тамызамыз.  Индикатордың түсінде өзгеріс  бола ма? 

Практикалық жұмыс.№4

Тақырыбы:  Көп атомды спирт глицериннің  қасиеттерін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: пробирка (2 дана), глицерин, мыстың (ІІ) сульфатының  немесе хлоридінің ерітінділері (0,5 моль\л),  натрий гидроксиді  ерітіндісі.

№1 тәжірибе  Глицериннің физикалық қасиетін анықтау.

Глицеринді  2мл пробиркаға құйып алып, пробирканы әртүрлі жаққа  қарай шайқап, глицириннің тұтқырлығына, түсіне, иісіне назар аударыңдар. Глицериннің  түсі, тұтқырлығы, иісі  жайлы не айтуға болады?

Пробиркаға 1мл су құйып алып, үстіне 4-5 тамшы глицерин тамызыңдар. Алынған ерітіндіні шайқаңдар. Үстіне тағы да, бір, екі тамшы глицерин тамызып шайқаңдар. Глицериннің  суда ерігіштігі жайлы не айтуға болады?

 

№2 тәжірибе  Глицериннің мыстың (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.

Бірінші тәжірибеде алынған  пробиркадағы глицерин ерітіндісіне 2 тамшы мыс тұздарының ерітіндісін  тамызып, үстіне ашық көк түсті мыстың (ІІ) глицераты пайда болғанша  натрий гидроксидінің ерітіндісін  тамызыңдар. Бұл глицериннің сапалық  қасиеті болып табылады.

Практикалық жұмыс.№5

Тақырыбы:Фенолдың қасиетін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: пробирка  (3 дана), фенолдың ерітіндісі, натрий гидроксиді, темірдің (ІІІ) хлориді ерітіндісі, фенолфталеин.

№1 тәжірибе  Фенолдың қышқылдық қасиеттері.

Пробиркаға 5 тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызып, үстіне 1 тамшы фенолфталеин ерітіндісін  тамызамыз. Ерітінді әлсіз қызғылт  түске боялады. Боялған ерітіндінің  үстіне бояу түсі жойылғанша жәйлап фенол  ерітіндісін тамызамыз. Әрбір фенол  тамшысын тамызған сайын пробирканы шайқап отыру қажет. Жасаған жұмыстарыңыздан  қорытынды шығарып, қажетті реакция  теңдеуін жазыңдар.

№2 тәжірибе  Фенолдың темірдің (ІІІ) хлоридімен әрекеттесуі.

Пробиркаға 1 тамшы фенол  ерітіндісін тамызып, үстіне 5 тамшы  су тамызамыз. Алынған ерітіндіге 1-2 тамшы темірдің (ІІІ) хлориді ерітіндісін  тамызамыз. Ерітінді күлгін түске боялады. Есте сақтаңдар: бұл фенолға сапалық  реакция болып табылады. Реакция  нәтижесінде күрделі комплекс түзілетін  болғандықтан реакция теңдеуін жазудың  қажеті жоқ. Жұмыс жасап болған соң, пробиркадағыз ерітіндіні  қалдық құятын ыдысқа құю қажет.  Фенол  өте улы зат болғандықтан раковинаға құюға мүлдем болмайды.

№3 тәжірибе  Фенолдың  бром суымен әрекеттесуі.

Пробиркаға 3-4 тамшы фенол  тамызып үстіне тамшылата отырып бром суын тамызамыз, ақ түсті тұнба  пайда болғанша тамыза береміз. Біршама  уақытта біртендеп отырып ақ түсті  тұнба пайда болады. Есте сақтаңдар: бұл реакция фенолға тән сапалық  реакция болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу