Ингибиторлы қорғағыштың тиімділігінің төмендеуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 11:28, курсовая работа

Краткое описание

Дегенмен 70 жыл арасында бұл мәселелер нақты шешімді талап етті. Сондықтан 70жыл аяғында бұл сұрақтарға ерекше мән бере бастады. Дегенмен бұл уақытта Өзен сияқты ірі кенорындарда коррозия мен тұз және парафин шөгінділерімен күресетін дайын іспеттес мәселелер болған емес. Парафинді мұнаймен күрес хим реагеннтер барына қарамастан, құрамында 28% дейін парафині бар мұнай өнеркәсіптік масштабта 1962ж алғаш ашылған болатын және кәсіпорында қолданылған химиялық реагенттер тиімсіз болды. Сондықтан парафин шөгінділерімен күрес бойынша бұл сұрақтардың өнімінің өндірудегі біріншісі шөгінділерге қарсы реагенттер болып табылады.
Қондырғының тұз шөгінділері және коррозиясы жөніндегі сұрақтарға іспеттес суреттер бейнеленген. Алғаш әлемдік тәжірибеде теңіз суының қабатты құрамы бойынша және кенорынынның сулануы бұл сұрақтардың шаблонсыз және техникалық рационалды шешімін талап етті. Бұл жағдайда мәселені шешуді жылдамдату үшін, импортты реагенттер қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
1.1 ӨЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.2 XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ.
1.3 ТЕКТОНИКА.
1.4 5А БЛОГЫНЫҢ МҰНАЙ , ГАЗ ЖӘНЕ СУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ.
1.5 МҰНАЙ , ГАЗ ЖӘНЕ СУДЫҢ ҚАНЫҚҚАНДЫҒЫ.

2 ТЕХНИКО – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1 XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ СКВАЖИНА ҚОРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ.
2.2 СКВАЖИНАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.
2.3 МҰНАЙДЫ ӨНДІРУ КЕЗІНДЕ ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ
ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ.
2.4 XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ СКВАЖИНАЛАРЫ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІН БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІН АНЫҚТАУ. 2.5 ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНГИБИТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
2.6 ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНГИБИТОРЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
2.7 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ширубаев курсовая .doc

— 3.83 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1    ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  БӨЛІМ.

1.1  ӨЗЕН КЕНОРНЫ  ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.2  XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ  СТРАТИГРАФИЯСЫ.

1.3  ТЕКТОНИКА.

1.4  5А БЛОГЫНЫҢ МҰНАЙ  , ГАЗ ЖӘНЕ СУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ        

       ҚАСИЕТТЕРІ.

1.5  МҰНАЙ , ГАЗ ЖӘНЕ  СУДЫҢ ҚАНЫҚҚАНДЫҒЫ.

 

2     ТЕХНИКО  – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

2.1   XIV ҚАБАТТЫҢ 5А  БЛОГЫНЫҢ СКВАЖИНА ҚОРЫНЫҢ    ДИНАМИКАСЫ.

2.2  СКВАЖИНАРДЫ ПАЙДАЛАНУ  ЖАҒДАЙЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

2.3  МҰНАЙДЫ ӨНДІРУ  КЕЗІНДЕ ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНІҢ ПАЙДА  БОЛУ 

        ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ.

2.4  XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ СКВАЖИНАЛАРЫ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІН БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІН АНЫҚТАУ.                                                                                                              2.5  ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНГИБИТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

2.6  ТҰЗ ШӨГІНДІЛЕРІНЕ  ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНГИБИТОРЛАРДЫҢ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

2.7   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  ПРОЦЕСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН  ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР.

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзен кенорнын игеру  кезеңінен бері 40 жыл өтті және алғаш 15-20 жыл мұнай кенорнының коррозия, тұз және парафин шөгінділерімен байланысты мәселелерімен, мұнай кәсіпорын құрылысы және кенорындарының қарқынды дамуына байланысты көптеп айналысқан болатын.

Дегенмен 70 жыл арасында бұл мәселелер нақты шешімді  талап етті. Сондықтан 70жыл аяғында бұл сұрақтарға ерекше мән бере бастады. Дегенмен бұл уақытта Өзен сияқты ірі кенорындарда коррозия мен тұз және парафин шөгінділерімен күресетін дайын іспеттес мәселелер болған емес. Парафинді мұнаймен күрес хим реагеннтер барына қарамастан, құрамында 28% дейін парафині бар мұнай өнеркәсіптік масштабта 1962ж алғаш ашылған болатын және кәсіпорында қолданылған химиялық реагенттер тиімсіз болды. Сондықтан парафин шөгінділерімен күрес  бойынша бұл сұрақтардың өнімінің өндірудегі біріншісі шөгінділерге  қарсы   реагенттер  болып табылады.

Қондырғының тұз шөгінділері  және коррозиясы жөніндегі сұрақтарға іспеттес суреттер бейнеленген. Алғаш  әлемдік тәжірибеде теңіз суының қабатты құрамы бойынша және кенорынынның сулануы бұл сұрақтардың шаблонсыз және техникалық рационалды шешімін талап етті. Бұл жағдайда мәселені шешуді жылдамдату үшін, импортты реагенттер қолданылады.

Дегенмен бұл берілген тапсырманы түбегейлі шешімі болған жоқ, дегенмен импортты химияллық реагенттер қымбатшылық болды, бірақ жоғары емес тиімділік қажетті нәтижені алуға мүмкіндік бермеді. Бірақ ең бастысы бұл реагенттер негізінен американдық өндірісте өндірілді және олардың серіктесі «Жалпы нарық» болды, өткен ғасырдың 70-80жж Америкамен созылған қатынас өзіндік реагенттердің өтеміне айналды, ал кері жағдайда олардың өтемін қайтарды. Содан бұл мәселенің шешімі жеке химиялық реагенттерді жетілдіруде, жіберу және енгізуде тоқтаусыз қатысу шараларын талап етті.

Қазіргі уақытта Қазақстан  және БҰҰ елдерінде жоғары белгіленген  мәселелерімен күрес үшін және химиялық реагенттерді қолдану және жетілдіруде тенденциясы өсіп келеді.

Химиялық реагенттерді пайдалануда мұнай жоғары қызығушылықтар химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіптер дамуымен түсіндіріледі.

Екінші маңызды емес жолы химиялық реагенттерді мұнай өндірістік қондырғыларда тоқтаусыз қолдануға болады. Бұл әсіресе парафинді және жоғары парафинді мұнай өндіруде үлкен роль атқарады. Дегенмен бұның оң жағына қарамастан, өнеркәсіпте химиялық реагенттерді кең қолдану әмбебап ингебитордың болмауында екен. Сондықтан өндіру әдістері және скважина және мұнай өнімінің физика-химиялық құрамында қолданылатын бұл шарттарға кез келген жағдайда индивидуалды ингибитор қажет болды. Батыс Қазақстан мұнай және газ кенорынның қарқынды дамуына байланысты бұл мәселелер ауыр сипатты қамтиды, сондықтан тиімді және қымбат емес химиялық реагенттерді жетілдіру мұнай өндіруің актуалды мәселесі болып табылады. Арзандату тауары, сондай-ақ нақты кенорын шарттарына қолданылушы химиялық реагенттер әсерін және сапасын жоғарылатуда қарастырылады.

Мангышлак кенорында  жергілікті химиялық кенорынның қосалқы  жарты өнімді қолдану жұмыстары  жүргізілуде (пластикалық масса  зауыты, Тенге кенорнының газ коденсаты  және Қазақгаз өңдеу зауыты), дегенмен бұл жан жақты жұмыстар қазіргі уақытта әр түрлі себеп күштеріне жүктелген.

Бұл мәселелер біркүндік  сипат емес, сондықтан олар нақты  және оперативті шешімді талап етеді  және бұл сұрақтар қаншалықты тез  шешуі Манғыстау ірі кенорнының тұрақты және ритімді жұмысына тәелді.

 

 

 

 

 

 

 

    1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  БӨЛІМ

 

1.1 ӨЗЕН  КЕНОРЫНЫ  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  МАҒЛҰМАТ

 

Өзен кен орны Маңғыстау  түбегінің геологиялық әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп  аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде  орналасқан.

Әкімшілік жағынан кен  орны территориясы Маңғыстау облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңа Өзен қаласы, ол кен орнынан оңтүстікке қарай 8-15 км-де орналасқан. Батысында 80 км – Жетібай қаласы, ал 150 км – Ақтау қаласы.

Орографиялық жағынан  Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз  жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар, олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі – 132 м “Қарагие” ойпаты.

Аудан рельефі өте күрделі құрылысымен сипатталады. Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағына қарай кемерлер түрінде күрт үзіледі.

Өзен ойпаты 500 км2 ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.

Қарастырылып отырған  аудан топырағы мен өсімдіктерінің сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының маусымдылығынан пайдаланылмайды.

Аудан климаты күрт континентальды, шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық, құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымен сипатталады. Жазда максималды температура +45 °С, минималды температура қыста –30  °С.

Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз. Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен  көктем-күз мезгіліне келеді.

Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.

Жаңа Өзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету  альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.

Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын  темір жол бар.

Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан ары  Ресейге жөнелтіледі. Жолаушы және өндірілген газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына түседі.

 

    1. XIV ҚАБАТТЫҢ 5А БЛОГЫНЫҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ

 

Өзен кен орнында  терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы  шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен  салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т.б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.

Өзен кен орнының  мұнайгаздылығы юра және кейде бор  шөгінділерімен байланысты. Кен орнының  геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды  горизонттары анықталған. І-XІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор - газды, XІІІ-XVІІІ горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай-газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XІX-XXІV горизонттары мұнайгазды.

Пермь-триас  (РТ) шөгінділері  Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.

Пермь-триас жүйесі (РТ)

Жоғарғы пермь терең  метаморфизм іздері бар күңгірт  полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалыңдығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.

Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бүл шөгінділер жалпы қалыңдығы 1500-1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген. 

Юра жүйесі (J)

Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м.

Төменгі бөлім (J1)

Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Қүмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.

Құмтастар мен алевролиттер цементі  сазды немесе сазды-кремнийлі. Саздардың  түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы  негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрылым дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120-130 м. Төменгі юра қимасында XXІV-XXV екі өнімді горизонт айқындалған.

 Ортаңғы бөлім (J2)

Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдығы 700 м аален, байос және бат ярустары айқындалады.

Аален ярусы (J2 a)

Аален ярусы негізінен  мортсынғыш, құмды-галькалы жыныстардан  құралған және орта юра қимасының  базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және қоңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас.

Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXІІ горизонттың  табанымен өтеді.

Байос ярусы (J2 b)

Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос  ярусының шөгінділері негізінен  арасында көмір қабатшалары бар  алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар, жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500-ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.

Төменгі байос (J2 b1)

Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470 м, және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қатталады. Қүмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар көбіне қарасұр, тіпті қара, кейде қоңыр түсті.

Жоғарғы байос және бат  ярустары (J2 b2+bt)

Олардың шөгінділері  арасында саз қабатшалары бар  біршама қалың құмтастар мен  алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген.

Алевролиттер сазды, құмтасты, ірі түйіршікті және құрамы айқын  емес. Саздар қара қоңыр-сұр. Байос және бат шөгінділерінің арасындағы шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен  өтеді. Жоғарғы байос-бат шөгінділерінің қалыңдығы 100-150 м.

Жоғарғы бөлім (J3)

Жоғарғы юра бөлімінде  негізінен теңіз шөгінділері  мен жануарлар  қалдықтары түрінде  кездесетін келловей, оксфорд және кембридж ярустары ерекшеленеді.

Келловей ярусы (J3 k)

Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, қарасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті. Қүмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр. Қүмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері көп. Келловей ярусында XІV  горизонттың жоғарғы бөлігі мен XІІІ  горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135 м.

Оксфорд-кембридж шөгінділері (J3о- km)

Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын  бағалағанда оксфорд-кембридж шөгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының үстін жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде көрінеді. Ол саз-мергель жыныстарының біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд-кембридж шөгінділерінің қалыңдығы төменгі будақ үшін 50-55 м, жоғарғысы үшін 30-97 м.

Информация о работе Ингибиторлы қорғағыштың тиімділігінің төмендеуі