Бутлеров Александр Михайлович
Реферат, 24 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
1828, Ресей, Қазан губерниясының Чистополь қаласы — 5(17).8.1886, Қазан губерниясы Бутлеровка деревясы — орыс ғалымы, химия ғылымының докторы (1854), химиялық құрылыс теориясының негізін салушы. 1849 жылы Қазан университетін бітіріп, 1849 — 68 жылы осы университетте жұмыс істеді. Өзінің алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазан университетінде атақты химиктер Н.Н. Зинин мен К.К. Клаустыңбасшылығымен жүргізді. Санкт-Петербург университетінің проф. (1868), Санкт-Петербург ҒА-ның академигі (1874), 1880 — 83 жылы Ресей физика-химия қоғамының президенті болды.
Прикрепленные файлы: 1 файл
hta Fqufysv.docx
— 40.27 Кб (Скачать документ)Бутлеров Александр Михайлович
1828, Ресей, Қазан губерниясының Чистополь қаласы — 5(17).8.1886, Қазан губерниясы Бутлеровка деревясы — орыс ғалымы, химия
ғылымының докторы (1854), химиялық құрылыс
теориясының негізін салушы. 1849 жылы Қазан
университетін бітіріп, 1849 — 68 жылы осы
университетте жұмыс істеді. Өзінің алғашқы
ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазан университетінде
атақты химиктер Н.Н. Зинин мен К.К. Клаустыңбасшылығымен жүргізді. Санкт-Петербург
университетінің проф. (1868), Санкт-Петербург
ҒА-ның академигі (1874), 1880 — 83 жылы Ресей физика-химия қоғамының президенті
болды. Бутлеров 1857 —18 58 жылы Германия мен Францияда
ғылыми жұмыспен айналысты. Ш.А. Вюрцтің лабораториясында (Париж) йодты метилен (СН2 І2) алуды жүзеге асырды (1858). 1861 ж. йодты метилен арқылы құмырсқа альдегидінің полимерін (диоксиметилен), одан алғаш рет жасанды қант негіздес зат “метиленитан” қосылысын алды. Бутлеров қарапайым спирттер, әсіресе, қанбаған қосылыстар қасиеттерін зерттеді, олефиндерді полимерлеу мен қайтымды изомерлердің теориялық және эксперименталдық негізін салды. 1864 — 66 жылы Бутлеровтың “Введение к полному изучению органической химии” деген іргелі еңбегі жарық көрді.
Бутлеровтың құрылыс теориясы органикалық қосылыстардағы
атомдардың өзара байланысу тәртібін көрсететін теория. Оның негізін 1861 жылы Қазан университетінің профессоры А.М. Бутлеров қалаған. Бұл теория бойынша 4 негізгі ережеге сүйенуге болады:
1) молекуладағы атомдар өздерінің
валенттілігіне сәйкес өзара белгілі
тәртіп бойынша байланысады. Атомдардың
байланысу реті химиялық құрылысты береді.
Мыс., бутан молекуласында (С4Н10) көміртек атомдары түзу (тармақталмаған)
және тармақталған тізбек түзіп, екі түрлі
орналасады;
2) заттардың қасиеттері олардың
молекулаларының құрамына қандай атомдардың
және олардың қандай мөлшерде кіргенінде
ғана емес, сонымен қатар олардың өзара
қандай ретпен байланысқандығына (хим.
құрылысына) да тәуелді болады;
3) молекула түзетін атомдар
немесе атомдар тобы өзара бір-біріне
әсер етеді, молекуланың химиялық реакцияларға
түсу қабілеті осыған байланысты;
4) құрамы мен молекулалық массасы
бірдей, бірақ молекула құрылысы әр түрлі,
сондықтан да қасиеттері де әр түрлі заттар изомерлер деп аталады. Мыс., изобутан, изопропан, т.б. Атомдар молекулаға біріккенде
бір-біріне әсер ететіндігін бейорганикалық
заттардан да байқауға болады. Мыс., сутек пен оттек әрекеттесуінен су молекуласы
түзілгенде судың құрамындағы сутек атомдары
жанбайды, ал оттек жануды қолдамайды.
Бутлеровтың құрылыс теориясы зат жөніндегі
түсінікті тереңдетті, молекуланың құрылысын
түпкілікті зерттеуге жол ашты, табиғаттағы
көптеген жаңа заттарды болжауға және синтездеуге мүмкіндік берді.
Химиялық құрылыс теориясы
XIX ғасырдың бірінші жартысында
қарқындап дамып келе жатқан өнеркәсіпке қажет көптеген органикалық
заттар (әр түрлі бояулар, дәрі-дәрмек,
жарылғыш заттар, т.б.) алынып, зерттеле
бастады. Сондықтан жинақталған тәжірибелік материалдарды жүйелеп түсіндіретін ілім
қажет болды. Сол кезде көптеген мәселелер
түсініксіз болды. Мысалы, "Екі ғана
элемент — көміртек пен сутектен тұратын қосылыстардың саны
неге өте көп (СН4, С2Н2, С2Н4, С2Н6, С6Н6 және т.б.)?",
"Бұл қосылыстардағы көміртек атомдарының
валенттіктерін қалай түсіндіруге болады?",
"Құрамдары (формулалары) бірдей кейбір
заттар (С6Н12О6 — глюкоза
мен фруктоза, С2Н6О — этил спирті мен диметил эфирі) неліктен
әр түрлі қасиет көрсетеді?" деген сияқты
сансыз көп сұрақтар туды.
Неміс ғалымдары А. Кекуле мен
А. Кольбенің зерттеулері нәтижесінде
(1857 жылдары) көміртек атомының валенттіктері төртке тең екені
және басқа көміртек атомдарымен тізбек
түзе байланыса алатындығы белгілі болды. Сол
кезден бастап көміртек атомы оның валенттіктерін
бейнелейтін төрт сызықша арқылы байланысқан "С"
таңбасы арқылы белгіленді.
Кекуле Фридрих Август (1829-1896) Неміс химигі. Кольбемен
қатар көміртектің төрт валентті екенін
болжады (1857 жылы). Көміртек атомдарының
n санымен байланысқан сутекатомдарының саны 2n+2-ге тең болатындығын
алғаш дәлелдеді. Бензол молекуласының циклді пішінін ұсынып (1865 жылы), Бутлеровтың
химиялық құрылыс теориясын ароматты
қосылыстарға пайдаланды. Ароматты қосылыстар теориясын жасады. Карлсруэде
өткен химиктердің I Халық- аралық конгресін
ұйымдастырушылардың бірі.
Кольбе Адольф Вильгельм
Герман (1818-1884) Неміс химигі. Төртхлорлы
көміртекті элементтерден синтездеуге
болатынын (1843 жылы) дәлелдеді. Карбон қышқылдарының тұздарынан электрохимиялық жолмен қаныққан көмірсутектерді
электролиздеп алу әдісін ашты (Кольбе
реакциясы). Екіншілік және үшіншілік
спирттердің болатынын болжады. Кекулемен
қатар көміртектің төрт валентті екендігін
айтты. Радикалдар теориясын қолдады.
Бірақ бұл ғалымдар органикалық химияда сол кезде түсініксіз болған көп сұрақтарға жауап беретін жалпы теорияны шығара алмады.
Осындай көп мәселелерді Қазан университетінің профессоры Александр Михайлович Бутлеров 1861 жылы негізін қалаған органикалық қосылыстардың химиялық құрылыстеориясы түсіндірді. Ол теорияның негізгі қағидалары мыналар:
Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады. A. М. Бутлеров молекуладағы атомдардың байланысу ретін заттың химиялық құрылысы депатады.
Заттың қасиеті оның молекуласының құрамына, қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болуымен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне де (яғни, химиялық құрылысына) тәуелді болады. Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула құрылымдың формула немесе құрылыс формуласы деп аталады. Зат молекуласының құрылысын осы заттың өзіне ғана тән жалғыз құрылымдың формуласы арқылы өрнектеуге болады.
Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір- бірінің химиялық қасиетіне әсер етеді. Бір-бірімен тікелей байланысқан атомдар мен атом топтарының өзара әсерлері күштірек болады.
Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының құрылысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады.