Алкалоидтарға анықтама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 18:53, реферат

Краткое описание

Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық қосылыстары бар негізді. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттеріде бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%. Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

Содержание

1) Алкалоидтарға анықтама;

2) Қазақстанда кездесетін, құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер тізімі;

3) Алкалоидтар туындылары;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Prezentatsia_1.pptx

— 1.20 Мб (Скачать документ)

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫ

 

ФАКУЛЬТЕТІ:  ЖАЛПЫ  МЕДИЦИНА

КУРС :  І

ГРУППА: 103 “Б”

 

 

Тақырыбы: “Алкалоидтар.”

 

Орындаған: Ален Н.Н.

Тексерген: Жүгініс Н.М.

Жоспар:

 

1) Алкалоидтарға  анықтама;

 

2) Қазақстанда  кездесетін, құрамында алкалоидтары  бар дәрілік өсімдіктер тізімі;

 

3) Алкалоидтар туындылары;

 

Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық  қосылыстары бар негізді. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен  жүйкені  қоздыру және басу  үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттеріде бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.

Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

 

 

Алкалоидтардың жалпы схемасы

Өсімдіктердің дәрілік қасиеттерінің негізі

 

Алкалоидтар

 

Гликозидтар

 

Кумариндер

 

Флавоноидтар

 

Дубильді заттар

 

Эфир майлары

ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН, ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ТІЗІМІ

     Бұл — жабайы өсiмдiктiң бiр түрi.Шығыс Қазақстан-да өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары аурулары-мен ауырғанда қақырық түтсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препораттар антисеп-тикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады.

 

     Қарандыз

  
Жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалган дәрiлер қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.

 

Мия

      Шырғанақ – бұл жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстан-да өседi. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады.

 

Шырғанақ

  
Жас жапырақтарынан алынған шырыны мен спирт iрiңдi жараны, күйiктi, терiнiң қабыну ауруларын емдейдi. Алоенiң шырыны созылмалы iш қату ауруына да қолданы-лады. Алоеден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi. Кептiрiлген сығындысынан алынған спирттi тұндырмасы немесе құрғақ экстракты iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ сiңiру жұмысын жаксартады және тәбет көтередi.

 

  Алое

  
Дәрiлiк жалбызтiкен — жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея, бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi ретiнде қолданылады, содай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.

 

Жалбызтiкен

 Сирек кездеседі. Зайсан қазаншұңқырының оңтүстігінде орналасқан таулар (Саур, Тарбағатай) мен Алтайдың эндемигі. Бұл орташа биіктікті (80 см дейін) бұта солтүстік беткейлерде, тауалды және қалың емес жапырақты ормандарда өседі. Ол үшкір формалы бұтақтардан және біршама ірі элипс тәрізді тұтас жапырақтардан тұрады. Хош иісті гүлдері бозқарағанның гүлдеріне ұқсайды. Бөріжидек мамыр - маусым айларында гүлдеп, маусым - шілдеде жеміс береді.

 

 

 

Алтай бөріжидегі. 

Өсімдіктің гүлдеу мерізімі - маусым-шілде, ал жеміс беруі - шілде-тамыз айларына сәйкес келеді. Халық медицинасында пиязшықтың қайнатпасын жүйке және бауыр ауруларына, ал шикі күйінде - ревматизм мен түрлі жараларға қолданылады. Бұл өсімдіктен сонымен қатар маталарды бояйтын қара бояу алынады.  

 

 

Лалагүл  

Алтай эндемигі болып табылатын ерекше бұта. Жекелеген гүл шоғырына жинақталған біржынысты гүлдер. Сібір бұтасы мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді. Жапырақтарын кейде шайдың орнына, ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруы (гепатит) жүрек - қантамыр жүйесін емдеуге пайдаланады.

 

 

 

 Алтай Сібір бұтасы.

     

 

 

Жер асты бөлігінің жағымды иісі бар, қызғылт - сары болып келеді. Сондықтан  «алтын тамыр» немесе «қызғылт тамыр» деп атайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді.

Тамырынан дайындалған препараттар  ми және жүрек қызметін қалпына келтіру мен жұмысқа деген қабілетін арттыру үшін қан аздықты, ісікті, қант диабетін емдеу үшін пайдаланылады.

 

Алтын тамыр              

        Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары бар,ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.

 

Меңдуана

    Кептірілген жемістері тершығаратын, суық тигенде терлететін дәрілердің құрамына кіреді. Өте ащы дәрілердің  дәмін басу үшін да кеңінен қолданылады.

 

Таңқурай

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған). Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді.

Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).

Папаверин — опиумдық алкалоид, спазмаларға және  гипотензияға қарсы дәрілік препарат,

 

Алкалоидтар туындылары

 

Морфин, морфии - апиынды көкнәрдін сүт сөлінен алынатын ауырғанды басатын есірткілік зат. Ұйықтататын кұрал (белгіленген дозадан жоғары у ретінде әсер етеді).

Эфедрин (Ephedrinum) — құрамында әртүрлі эфедралар бар алкалоид(Ephedra l.),

Эфедралар типине жатады.Орталық Азияның таулы аймақтарында ,Батыс Сібірде және Забайкальеде  өседі

 

Атропи́н (лат. Atropinum) — антихолинергиялық  препарат. Кристаллданған, Су мен спиртте оңай еритін,иіссіз, ақ ұнтақ.

 

Алкалоидтар туындылары

            Пайдаланған әдебиеттер

 

1) А.А.Петров, Х.В.Бальян, А.Т.Трощенко  “Органикалық химия”-Алматы 2006жыл

2) www.googlе.kz

3) www.google.ru

4) www.wikipedia.org

 


Информация о работе Алкалоидтарға анықтама