Ацетилсалицил қышқылы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 22:21, реферат

Краткое описание

Ацетилсалицил қышқылының негізгі ықпалдарына қабынуға қарсы, ауыру сезімін басушы, қызуды төмендететін және ұюға қарсы әсерлері жатады. Ацетилсалицил қышқылын ішке қолданғаннан кейін асқазан ішек жолдарында тез сіңіріледі; тік ішектегі абсорбциясының ықпалдылығы шамалы, бірақ балауызды ішке қолдану қабілеті жоқ науқастарға тағайындайды. Ацетилсалицил қышқылын жеңіл және шамалы ауыр ауырсынуды жеңілдету үшін қолданады, мысалы бас ауыру, бас сақинасының жедел ұстамаларында (7.1 бөлім), ауыспалы сүйек-бұлшық еттерінің ауруларында және дисменорее аурулары кезінде, сонымен қатар дене қызуын төмендету үшін қолданады.

Содержание

1.КІРІСПЕ.
2. АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ.
3.ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МӨЛШЕРЛЕНУІ.
4. ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ, КӨРСЕТКІШТЕРІ, КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ.
5.ЗЕРТТЕУШІЛЕР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.
6.АСПИРИН ТЕРІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛАДЫ.
7. АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУДЫҢ 8 ӘДІСІ.
8. Фармакологиялық қасиеттері
9.Дәрілік затта қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ АЙДАНА.docx

— 111.84 Кб (Скачать документ)

                                                  АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ

   ЖОСПАРЫ:

1.КІРІСПЕ.

2. АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ.

3.ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ  МЕН МӨЛШЕРЛЕНУІ.

4. ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ, КӨРСЕТКІШТЕРІ, КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ.

5.ЗЕРТТЕУШІЛЕР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.

6.АСПИРИН ТЕРІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛАДЫ.

7. АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ  ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУДЫҢ 8 ӘДІСІ.

8. Фармакологиялық қасиеттері

9.Дәрілік затта  қолдану жөнінде мамандарға арналған  нұсқаулық

 

КІРІСПЕ.Бұл бәрімізге жақсы таныс дәрі. Дененің қызуын түсіреді, бас ауырғанда жеңілдетеді, әрі арзан.Бұл дәрінің ең белсенді құрамы салицил қышқылын алғашқыда үйеңкі ағашынан алған кейін ағзаға токсиндік әсері анықталып 19 ғасырдың соңына қарай ғалымдар ацетилдісалицилқышқылын ойлап тапты, және осының негізінде заманауи аспирин дәрісін дайындай бастады.Цалицилаттар ежелге дәрілік құралдарға жатады. Тіс болмаса бас ауырғанда аспирин таблеткасында ешқандай дәрі тиімді көмектесе алмайды. Егер сіз ауыру басталғанын сезіне бастасыз, болмаса суықтаудың белгілері біліне бастаса бірінші әрекетіңіз екі түйір аспирин дәрісін ішіп алып өзіңізге демалыс жариялап, ұйқыны қандырсаңыз қателеспейсіз.

    Біздің ата-Аналарымыз осылай істеп келген. Кейбір әжелеріміз басы ауырса да, іші ауырса осы дәріні алдыртатын. Неге екенін соңғы уақытта аспириннің ағзаға зиян екені туралы дәрігерлердің пікірі жиілей бастады. Осылай мамандар ғана емес, тұтынушы халықта екіге жарылды, бірі   жедел көмегі бар дәріні жақтайтындар да, екіншісі қарсыластары.Енді сіз бен біз осы таблетканың құрамына үңіліп, қасиеттерін саралап көрейік. Ол қызуды түсіреді, ауыруды басады, тағы бір керемет қасиеті қан қысымын қалпына келтіреді. Сондай-ақ қанды сұйылтатын кереметі де бар, егер күніне бір-екі таблетка аспирин ішетін болсаңыз, өзіңізді өте жақсы сезінесіз, қан қысымыңыз түсіп немес көтеріліп кетіп мазаламайды, бас ауыруының алдын аласыз.Бүгінде аталған дәріні күнде ішкенде қанның құрамының жақсаратыны ғалымдар ғана емес қарапайым адамдарға да белгілі, сондықтан да көптеген адамдар қан аурулары, жүрек қан тамырлары, қан айналымы ауруларының алдын алу үшін аспиринді дәрігердің кеңесінсіз-ақ қабылдайды. Адам ағзасына зиян келтірмейтінен болу керек бұл дәрі дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсызақ сатылып жатыр.      Байқасаңыз аспиринді ішкі ағзаларға жасалатын операциялардан кейінде (оның ішінде жасанды түсік тастату, босану кезеңдері де бар) қабылдауға нұсқау беріп жатады. Яғни оның әсері қан тез сұйылып, жиналып қалу қаупін сейілтеді. Осы кішкентай ғана дәрінің адамды обырдан (рак ауыруы) сақтандыратын да ғажайып қасиеті бар. Егер сіз аспиринді апта бойында бірнеше күн жүйелі түрде қабылдайтын болсаңыз өзіңізді аталған дерттен 50% сақтандырдым деп есептей беріңіз. 
    Жуырда ғана ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп , нәтижесінде аспиринді ұдайы тұтынған адамдардың онкологиялық аурулармен соның ішінде асқазан және сүт безі обырымен мүлдем ауырмайтынына көз жеткізген.

                                                                                                                                                                                                                                                                                    

    Ацетилсалицил қышқылы .Ацетилсалицил қышқылының негізгі ықпалдарына қабынуға қарсы, ауыру сезімін басушы, қызуды төмендететін және ұюға қарсы әсерлері жатады. Ацетилсалицил қышқылын ішке қолданғаннан кейін асқазан ішек жолдарында тез сіңіріледі; тік ішектегі абсорбциясының ықпалдылығы шамалы, бірақ балауызды ішке қолдану қабілеті жоқ науқастарға тағайындайды. Ацетилсалицил қышқылын жеңіл және шамалы ауыр ауырсынуды жеңілдету үшін қолданады, мысалы бас ауыру, бас сақинасының жедел ұстамаларында (7.1 бөлім), ауыспалы сүйек-бұлшық еттерінің ауруларында және дисменорее аурулары кезінде, сонымен қатар дене қызуын төмендету үшін қолданады. Оны ревматоидты артрит кезіндегі ауырсынуды және қабынуды төмендету үшін қолдануға болады, бірақ жақсы көтеруіне байланысты басқа СЕҚҚЗ-ға көбірек мән береді. Ацетилсалицил қышқылын оның ұюға қарсы әсеріне байланысты кеңінен қолданады (12.5 бөлім). Ауырсынуды басу мөлшерін қолдану кезінде жанама әсерлері айқын емес, оларға асқазан ішіек жолдарының тітіркенуі, бронхтың тарылуы және жоғары сезімталдық науқастарда тері реакциялары, қан кету уақытының ұзаруы болады. Қабынуға қарсы мөлшерін қолданған кезде жанама әсерлері жоғары болып келеді, оларға созылмалы салицилизм (салицил қышқылымен улану), ол кезде құлақтың шулауы және кереңдік жатады. Ацетилсалицил қышқылын 16 жастан кіші балаларға қолданбау керек, себебі Рейе синдромы (гепатоцеребральды синдром: энцефалопатия және бауырдың зақымдалуы) даму тәуекелі бар, арнайы жағдайлардан басқа ювенильногоартрит болуы мүмкін. Тағы ескеретін жай, балаларда және жасөспірімдердегі вирусты жұқпалы аурулар мен қызба жағдайларында тағайындамау керек.  
      Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Антиагреганттық заттар ретінде: тәулігіне 100 мг – 250 мг, ұзақтығы: ИЖАА; миокардтың аурусыз түрінде; тұрақсыз стенокардияА; миокардтың инфаркты (40-325 мг 1 рет тәулігіне); жүрек қақпақшалары протездеуде, баллонды ангиопластикадаВ, стент орналастырғандаВ. Аортальды шунттың тромбозының және окклюзиясының алдын алу шаралары үшін – 325 мг әр 7 сағат сайын интраназальды орналастырылған зонд арқылы, кейін пероральды 325 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Жүрек тамырларының атеросклерозды емес зақымдалуы кезінде (Кавасаки ауруы)В кезінде. Жүректің қос жарғақты қақпақшасының ақауларында, ревматизмді емес жылыпдауық аритмияда, қос жарғақты қақпақша пролапсында – 75 – 325 мг/тәу. Ишемиялық инсульт және өтпелі мидың ишемиясы – 160 -300 мг/тәу 48 сағат бойы болжалданған инсульттың басталуынан кейінА. Аортоартериит (Такаясу ауруы)В. Қайталанушы ӨАТЭВ, өкпе инфарктыВ. Жедел тромбофлебитА. Дресслер синдромыD. 
      Жедел ревматизмдік қызба, ревматоидты артрит, созылмалы полиартрит – тәуліктік мөлшерде 5-8 г ересектер үшін және 150-200 мг өмірдің 1 жылында немесе 50-70 мг/кг дене салмағына (2 жастан артық емес) балалар үшін; тағайындау жиілігі – 4-5 реттен тәулігіне. Емдеу курсының ұзақтығы клиникалық динамиканың және зертханалық көрсеткіштерге байланысты болып келеді және 6 аптаны құрайды. Препаратты алып тастау біртіндіеп жүргізіледі 1-2 аптаның ішінде. 
     Әр түрлі ауру қарқыны шамалы ауырсынулар (бас, тіс ауырсынулары, артралгия, миалгия, невралгия, невриттер, дисменорея); қызба жағдайлары (ЖРВИ, суық тию және

басқа да жұқпалы аурулар) – ересектерге бір реттік мөлшерде тағайындайды 250 мг-нан 1 г-ға дейін. Тағайындау жиілігі 4-6 реттен тәулігіне. Бір реттік мөлшері балалар үшін жасы мен дене салмағына байланысты болып келеді және 10-15 мг/кг құрайды; тағайындау жиілігі – 5 ретке дейін тәулігіне. Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспауы керек. 
   Кері көрсеткіштері.Салицилаттарға аллергиялық және аллергияға ұқсас реакциялар; «аспиринді» бронхиальды демікпе; асқазанның және 12-елі ішектің жара аурулары; қан кетулерге бейімділіктің жоғары болуы (гемофилия, тромбоцитопения), метроррагии және/немесе меноррагии; аяқ қапаны (мөлшерге тәуелді ықпал); анамнезіндегі бауыр аурулары; бауырдың циррозы. 
     Сақтандыру.11 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек өмірге қажетті көрсеткіштер бойынша дәрігердің қатаң бақылауымен ғана тағайындайды (салицилаттардың улылық ықпалына ерекше сезімталдықта). Нәрестелерде олардың элиминациясы баяу жүреді, ересектерге қарағанда. ЖРВИ немесе тұмау кезінде ацетилсалицил қышқылын балаларға қолдану кезінде Рейе синдромының даму қаупі жоғарлайды, ол ОЖЖ-нің және бауырдың терең зақымдалуымен сипатталады және өлімге әкелуі жоғарлайды (30-40%-ға дейін). Ацетилсалицил қышқылы бронхиальды демікпемен немесе обструктивті бронхитпен зардап шегетін науқастарға тағайындағанда, бронхтың тарылу ұстамаларын жиілетуі мүмкін. 
    Жүктілік: FDA категориясы D. Аспириннің тератогенді әсері, жүктіліктің бірінші үшайында үзіліспен қолданғанда анықталынбаған. Жүктіліктің асқынуларының (кешкі токсикоз, ұрықтың құрсақ ішіндегі өсуінің тоқталуы) алдын алу шараларында препаратты аз мөлшерде (60 мг/тәу) қолдану ұсынылады. Босанудың алдында 1-2 апта алдын ацетилсалицил қышқылын тағайындау кері көрсетілген. Салицилаттар плаценттік кедергіден тез өтеді. 

      Жанама әсерлері. Жанама әсерлерінің жиілігі мөлшерге тәуелді болып келеді. Ацетилсалицил қышқылының жоғары мөлшерін қолданған кезде, 3 г/тәу жоғары болғанда, 50% науқастарда жанама әсерлері дамуы мүмкін. 
     Жиі кездесетін жанама әсерлері. 
-Жүректің айнуы, құсу, эпигастридің ауруы, диарея. 
-Қанның реологиялық және ұюының бұзылуы. 
    Жиі кездеспейтін жанама әсерлері. 
-Аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, Квинке ісінуі, бронхоспазм). 
-Ретімен қолданған АІЖ эрозивті-жаралы зақымдалулары мен қан кетулері мүмкін. 
-Бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылыстары. 
-Бастың айналуы, бастың ауруы, қайтымды көздің бұзылыстары, құлақтың шулауы.  
     Сирек кездесетін жанама әсерлері. 
-Шеткі қан суретінің өзгерістері (тромбоцитопения). Трансаминаза деңгейінің жоғарлауы. Рейе синдромы.

    Зерттеушілер аспириннің пайдасымен қатар зиянының да бар екендігін алға тартуда Голландиялық ғалымдардың жасаған зерттеулері нәтижесінде аспиринді шектен тыс қолданудың зияны анықталды. Әсіресе, осы дәрі арқылы жүрек талмасы немесе сал ауруларынан айығуды қалаған әйелдерге керісінше қарсы көрсетілімі барын ескертуде.

    «European Heart Journal» атты ғылыми журналда жарияланған зерттеулерге сәйкес, жүрек талмасы ауруынан сақтану мақсатымен он жыл бойы аспирин пайдаланған 50 әйелдің тек бірінің ғана діттеген мақсатына қол жеткізе алатындығы анықталды.

    Голландиядағы «Утрехт» медициналық ор-талығының докторы Джанник Доррестеиннің жетекшілігіндегі ғалымдар өздері жүргізген зерттеуге сәйкес, 45 және одан жоғары жастағы 28 мың денсаулығы қалыпты әйелге аспириннің әсеріне көз жеткізу үшін АҚШ-та жасаған зерттеулердің нәтижесін жариялады. 

    Аспириннің қанды сұйылтатын қасиеті бар екендігі анық. Алайда бұл «пайдасының» денеде дақ пайда болу секілді ауруларға себеп болатындығына назар аударған зерттеушілер жүрек талмасы мен сал ауруының 2,4-нен тек қана 2,2-ге азайғанын дәлелдеу арқылы аспириннің пайдасынан зияны басым екендігін айтып дабыл қағуда. 

    Мамандар осы жылы жүргізілген зерттеулердің бұдан бұрын жасалған осы бағыттағы екі зерттеумен бірдей нәтиже бергенін айтады. Аталған зерттеуде аспириннің жүрек талмасы ауруының алдын алса да, сал ауруына қарсы ешқандай ықпалы жоқ екендігін анықтаған мамандар зерттеу барысында күн сайын бір аспирин тұтынған 1111 әйел мен ер адамдарға жасалған зерттеуде аспириннің тек біреуінің ғана ажал тырнағынан қорғайтынын жариялады. 

    Д.Доррестеин жасаған зерттеуі жайындағы баяндамасын: «Аспириннен пайда көретін әйелдердің саны өте аз. Егер де тек бір адамға пайдалы деп 49 адамға аспиринмен ем көрсетсеңіз, онда ешкімді де аспиринмен емдемеу керек », - деп қорытындылады 
 
    Аспирин тері ісігінің алдын алады

    Стэнфордтағы Медицина мектебінің ғалымдары аспириннің меланомадан қорғай алатындығын анықтады.

    Мамандар 12 жыл бойы терісі ақ түсті америкалықтарды бақылауға алып, статистикалық материалдар жиған. Зерттеу жұмысына ұзын саны 60 мың әйел адам қатысқан.

    Мәліметтер талдаудан өткізілген соң, пациентер аптасына кем дегенде 2 рет аспирин қолданған кезде меланоманың одан әрі асқынуының ықтималдылығы 21 пайызға азайғандығы белгілі болған.

    Ғалымдардың айтуынша, аспиринд жиі қолданған тәжірибеге қатысушы 15 мың әйелдің 115-інде меланома пайда болған, Ал 35,5 мың ешқандай препарат қолданбаған нәзік жанды арулардың тек 344-інде ғана тері ісігі орын алған.

     Зерттеушілер, осылайша, аспирин терідегі ісіктердің өсуін белгілі мөлшерде баяулатады деген шешімге келіп отыр.

    Медиктер, сонымен қатар, меланомадан сақтанудың бірден-бір жолы уақытты күн астында    өткізуден қашу екендігін ескертті.

    АСПИРИННІҢ 8 ПАЙДАСЫ.Аспириннің пайдасы медицинада ғана емес, күнделікті тұрмыста да шаш етектен. Тек оны біліп, қажет кезде пайдалана білсеңіз болғаны...

1. Аспириннің бір таблеткасын гүл тұратын ыдысқа салсаңыз, сыйлықтың ғұмыры ұзара түседі. Бұл әдісті сіздің де білетініңізге сенімдіміз.

2. Дәл осы флора тақырыбын жалғастырып көрелік, аспириннің топырақтың құрылымын жақсартатын қасиеті бар. Мәселен, қышқылдылығы төмендеп, саңырауқұлақпен зақымдалған топырақты аспиринмен емдеп көріңіз. Ол үшін бір литр суға бір таблетка аспиринді ерітесіз де, ауруға шалдыққан жерге құясыз.

3. Өте төмен температурада отырған аккумулятордың кесірінен көлікті оталдыру қиынға соғады. Сондайда, дистилденген аз ғана суға жарты таблетка аспиринді салыңыз да, ертіндіні құйыңыз. Аспирин мен электролиттің реакциясынан аккумуляторда қысқа уақытқа жететін қуат пайда болады. Бұл көлікті оталдыруға жетеді.

4. Аспириннің көмегімен теріден пайда болған дақтарды кетіруге болады.

Жарты стақан суға 2 таблетка аспирин салыңыз да, ертіндіні киім салынған кір жуғыш ыдысқа құйыңыз. Үш сағаттан кейін киімді шығарып алып, кір жуатын ұнтақпен жақсылап жуу керек.

5. Аспириннің терідегі қызыл дақтарды, безеулерді кетіруге шамасы жетеді. Аспириннің әсері байқалмай жатса, рәсімді тағы да қайталаңыз. Соңында сабынмен жуып тастау керек.

6. Сүйел де, аяқтың қажалуынан пайда болған жарақаттар да аспириннен "қорқады". 5-6 таблетка аспиринді ұнтақтап, бір шәй қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Кейін оған шәй қасық су қосасыз. Қоспаны жаралы жерге жағып, сулықпен орап тастайсыз да, полиэтилен қалтасын киесіз.

7. Егер сізді ара шағып алған болса, аспириннен көмек сұрап көріңіз. Ол үшін шаққан жерді дымқылдап, аспирин таблеткасымен ысқылаймыз.

8. Бассейндегі хлорлы судың боялған шаштарға кері әсер беретінін барлығы біледі. Егер сіз шашыңыздың түсін өзгерткіңіз келсе,бассейнге түскеннен кейін аспирин ертіндісімен шашты ысқылаңыз (бір стақан суға 6 таблетка аспирин), 15 минуттан кейін сүйікті су сабыныңызбен жақсылап жуасыз.

    Аспиринді күнделікті тұрмыста пайдаланғаннан гөрі, "жедел жәрдем" ретінде қараған жөн. Сондай-ақ, қоспаларды қолданбас бұрын аспириннің сапасына, сақталу мерзіміне көңіл бөліңіз

    Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.Ішу арқылы қабылдағаннан кейін ацетилсалицил қышқылы негізгі метаболит - салицил қышқылына айналады. Ацетилсалицил қышқылы мен салицил қышқылының ас қорыту жолында сіңуі жылдам және толық жүреді. Қан плазмасындағы барынша жоғары деңгейіне 10-20 минуттан кейін (ацетисалицил қышқылы) немесе 45-120 минут өткенде (салицилаттардың жалпы деңгейі) жетеді. Қышқылдардың плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі концентрациясына байланысты болады, олар ацетил салицил қышқылы үшін  49-70 % және  салицил қышқылы үшін - 66-98 % құрайды. Енгізілген препарат дозасының 50 %  бауырдан бірінші өту кезінде метаболизденеді. Салцицл қышқылының глицинконъюганты, генизин қышқылы мен оның глицинконъюганты ацетилсалицил және салицил қышқылының метаболиттері  болып табылады. Препарат организмнен метаболиттер түрінде негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Ацетилсалицил қышқылының жартылай шығарылу кезеңі 20 минутты құрайды. Салицил қышқылының жартылай шығарылу кезеңі препараттың қабылданған дозасына пропорционал өседі де 0,5, 1 және 5 г дозалар үшін тиісінше 2,4 және 20 сағатты құрайды. Препарат гематоэнцефальдық бөгеттен өтеді, сондай-ақ омырау сүті мен синовиальдық сұйықтықта анықталады.

Информация о работе Ацетилсалицил қышқылы