Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 11:32, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Құқықтық қатынастар туралы толығырақ мағлұмат беру.
Міндеті: Құқықтық қатыстардың қоғамдық қатынастардағы орнын анықтау, ол үшін құқықтық қатынастарды түсініу оның мазмұны мен түрлерін қарастыру. Құқықтық қатынастардың объектісі мен субъектісін білу және занды фактілердің классификациясы нақты білу.
КІРІСПЕ 3
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ
1.1. Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны 5
1.2. Құқықтық қатынастардың түрлері 9
1.3. Қоғамдық қатынастар 12
ІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2.1. Құқықтық қатынастардың субъектілері 15
2.2. Құқықтық қатынастардың объектісі 22
2.3. Занды фактілер (айғақтар) және олардың классификациясы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ
1.1. Құқықтық қатынастардың
түсінігі мен мазмұны
1.2. Құқықтық қатынастардың
түрлері
1.3. Қоғамдық қатынастар
ІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2.1. Құқықтық қатынастардың
субъектілері
2.2. Құқықтық қатынастардың
объектісі
2.3. Занды фактілер (айғақтар)
және олардың классификациясы
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өзектілігі: Құқықтық қатынастардың пайда болуларының алғашқы шарты құқық нормалары болып табылады. Бірақ, мемлекет қабылдаған құқық нормалар өзінен-өзі құқықтық қатынастарды реттемейді. Реттеу процесі, тетіктері іс жүзіне асу үшін өмірде болатан жағдайлар қажет. Тек ғана адам әрекеттері және табиғи оқиғалар құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына тікелей әкеліп соқтырады Бірақ, өмірде, адамның тұрмыс-тіршілігінде өмірлік жағдайлар өте көп, сан алуан, әр түрлі. Олардың барлығы құқықтық қатынастарды қалыптастырмайды. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін құқық нормаларының гипотезасыңда көрсетілген, бекітілген өмірдегі жағдайлар қажет. Тек сонда ғана құқықтық қатынастар пайда болады. Өмірдегі болатын жағдайлар заңды маңызы бар фактілер деп аталады.
Заң ғылымында заңды маңызы бар фактілер деп, өмірде болған жағдайлардың заң және құқықтық нормалары арқылы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын айтады.
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Жұмыстың мақсаты: Құқықтық қатынастар туралы толығырақ мағлұмат беру.
Міндеті: Құқықтық қатыстардың қоғамдық қатынастардағы орнын анықтау, ол үшін құқықтық қатынастарды түсініу оның мазмұны мен түрлерін қарастыру. Құқықтық қатынастардың объектісі мен субъектісін білу және занды фактілердің классификациясы нақты білу.
Көлемі: Курстық жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ
1.1. Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны
Құқықтық қатынас - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.
Құқықтық қатынас
жалпы құқықтық нормалардағы
бағдарламаларды (обьективтік құқық)
белгілі (субьективтік) құқыққа және
қоғамдық қатынастарға
Құқық субьективтік
жағынан алғанда, жекелеген құқық,
ондағы жалпы заңды құқықтар
және міндеттер белгілі
Құқықтық қатынас
мемлекетпен қорғалатын
Біріншіден, құқықтық
қатынас құқық нормаларының
Құқық нормаларымен
құқықтық қатынастардың қарым-
Екіншіден, құқықтық
қатынастардың, қатынасушылары өзара
заңды құқықтармен және
Үшіншіден, құқықтық
қатынас сапалы ерікті сипатта
болады. Жеке адамдардың еркінен
тәуелсіз обьективті пайда
Төртіншіден, құқықтық
қатынас мемлекет кепілдігіне
алынады және қажет болған
кездерде оның күшімен
Құқықтық қатынас
әр түрлі негіздерге
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік, байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескеріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсатары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылады.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершілік түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асырылады.
Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатысуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
1.2. Құқықтық қатынастардың түрлері
Құқықтық қатынастар
қоғамдағы әлеуметтік
1. Қоғамдық барлық
қатынастар және нормативтік
актілер құқықтың жүйе-
2. Құқықтық норманың
атқаратын ісіне қарай
3. Құқықтық қатынастар
мазмұнына қарай екіге
4. Құқықтық қатынастардың
субьектілерінің жағдайларына
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік қүбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.