Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-4
1 Құқық нормаларының түсінігі
1.1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.........................5-10
1.2 Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері.......................10-13
2 Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі
2.1 Құқықтық нормалардың ерекшеліктері........................................14-17
2.2 Құқық нормаларының жіктелуі......................................................17-21
Қорытынды...........................................................................................22-23
Пайдаланған әдебиеттер.............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык норма курсавой.docx

— 44.68 Кб (Скачать документ)

5) Декларативтік норма – негізігі  құқықтық идеялар  жариялану  мағынасында  көрсетіледі. Мысалы ,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізуге  кодексінің 8-нормасында қылмыстық   процестің  барлық міндеттері  былай деп жарияланған : « Қылмыстық процестің міндеттері   қылмыстарды тез және толық  ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу  және қылмыстық  жауапқа тарту , әділсот талқылауы  және қылмыстық заңды  қолдану болып табылады .

6)  Құқықтық  реттеу тәсілі бойынша   құқықтық нормалар диспозитивтік ,  императивтік ,  мадақтайтын және  ұсыныс беретін  түрлерге жіктеледі:

а)  Диспозитивтік норма –  субъектілерге  өз тараптарынан  құқықтары мен міндеттерін  өз қалаулары бойынша  іс жүзіне асыруға  мүмкіндік және құқықтық қатынастарға  түскен жағдайда еркіндік  таңдау мінез – құлқы  қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары    осы санатқа жатады.

ә) Импиративтік норма –  қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі  және  екі жақтың келісімі бойынша  өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормаларыимперативтік болып саналады.

б) Мадақтайтын норма – құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез – құлықтары  қызметінің тәртіптері  мен түрлері  бекітіледі. Сол арқылы  субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие  болады. Мысалы ,  бекітілген норма бойынша  жазасын түзеу колониясында  өтеп жүргендер  үлгілі тәртібі үшін  мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе   адам көмбе тауып алған болса  Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынадай  марапаттайтын норманы бекітеді: « Тарих  және мәдениет ескерткіштеріне  жататын заттардан тұратын  көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының  меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда  ондай көмбе табылған   жер учаскесін пайдаланушы немесе  көмбені тапқан адам  осы көмбе құнының  елу прценті мөлшерінде  сыйақы  алуға құқылы».

в) Ұсыныстық нормалар – мемлекет және құқық теориясында  жиі пайдаланылады.  Мысалы , Қазақстан Республикасы  Президенті қабылдаған  жарлықтарында Үкіметке арнайы  бір саланы  реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .

7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және  құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді:

а) Реттейтін нормалар – бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен міндеттерін  олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын  анықтайтын норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру , мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.

б) Құқық қорғайтын норма – құқық бұзушылыққа барған  субектілерге  мемлекет атынан  шара, күш қолдану арқылы  қол сұғылған , бұзылған  құқықтарды  орнына келтіреді, реттейтін  нормаларды  қорғау функцияларын  атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде  әкімшілік , қылмыстық кодекстің  ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы  мағына бекітілген

Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.

Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.

1.      Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі.

2.      Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.

3.      Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:

«Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.

Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.

Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады.

Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.

Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.

Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.

Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.

Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.

Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.

1995 жылы қабылданған Қазақстан  Республикасы Конституциясының 1 бабында  біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтырады  деп бекітілген. Осыған орай және  елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.

Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.

Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.

Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады. 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев  Теория государства и права: учебное  пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.

2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің  қазақша – орысша және орысша  – қазақша қысаша түсіндірме  сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.

3. А. Жакупова «Конституция  – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.

4. Ә. Әділхан «Адам құқы  – ең жоғары құндылық» // Заң  және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.

5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды  құқықтық қорғау және олардың  құқықтары мен бостандықтарының  кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.

6. Г. Адрасулова «Юридическое  значение, функции и эффективность  применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.

7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева  Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.

8. «Қазақстан Республикасының  Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.

9. «Қазақстан Республикасының  мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.

10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық  тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың  іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.

11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық  теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың  баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б

12. «Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.

13. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан  өз дамуындағы жаңа серпіліс  жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан  халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.

14. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан  – 2030» Алматы, 1998ж.

15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық  негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.

16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев  «Құқықтық сана мен құқықтық  мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.

17. Н.И. Матузов, А.В. Малько  Теория государства и права: курс  лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.

18. «Общая теория государства  и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.

19 «Общая теория государства  и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.

20. С.Д. Баққұлов Құқық  негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.

21. С.А. Дьяченко «Сильная  власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.

22. С. Ынтымақов « Қоғамдық  қор: құқықтық жағдайының өзекті  мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.

23. Т. Мамедсупиев «Правовая  природа нормативных постановлений  Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б

24. Т. Мырзамбетов «Конституция  еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының  кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.

25. Т. Ағдарбеков Мемлекет  және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.

26. Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның  сот өндіріснде сот шешімдерін  қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.

27. Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың  дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді  қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.

28. С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б. 

 

 

 


Информация о работе Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі