Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

БИЛЕТ № 1

1.Құқық түсінігі  және белгілері

Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың мәнңн түсіндірудің екі жолы қалыптасқан: таптық, жалпы  әлеуметтік. Қ-ң таптық мәні – қ-ты қоғамдағы экономикалық жағынан  басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Қ-ңжалпы әлеуметтік мәні – қ-ты қоғамды ұй-п, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіну. Құқықтың белгілеріжажәне ерекше болып  екі топқа бәлінеді. Қ-ң жалпы  белгісіне ең алдымен оның әлеуметтік табиғаты жатады, яғни құқық белгілі  бір тарихи кезеңнің, нақты бір  қоғамдық қатынастардың жемісі. Қ-ң  ерекше белгілері: нормативтілігі, жүйелілігі, жалпы міндеттілік сипаты, формальды  айқындылығы, рәсімділігі, бір тұдғаға  ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, мемлекетпен байланыстылығы. Құқықтың нормативтілігі дегеніміз  – рұқсат берудің, тыйым салудың  және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез-құлықтың жалпы  көлемін бекіту. Конституция немесе басты заңдар құрайтын байланысты құқықтың жүйелілігі деп айтамыз.Құқықтың жалпы  міндеттілік сипаты, оның  нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігінен  көрінеді. Құқық нормалары мемлекеттің  нормативтік құқықтық актілерінде  бекітіледі, яғни формальды түрде  айқындалады. Құқық нормативтік  актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген  рет-жосықтылықпен реттелуі құқықтық рәсімділігі деп аталады. Құқық  тек бір ғана тұлға емес, адамдардың үлкен топтардың, халықтың, ұлттың ортақ  мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы оның келеіс ерекшелігіне жатады. Құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы құқықтың бір әрекетті емес белгісін білдіреді. Құқықты мемлекет белгілеп, айқындайтындықтан, ол тек қана мемлекетпен тығыз  байланыста болады.

2.ҚР конституциялық  құқығы – құқықтың қайнар көзі  ретінде

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты  сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә  деп толық сеніммен айтуға болады.Конституция  Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына  қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген  барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші  рет Қазақстан Республикасын  президенттік басқару нысанындағы  біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының  тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен  жатқызылады. Конституцияда демократияның  түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге  аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі  Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір  бастауы – халық” нақты жазылған.Конституцияда  республикадағы мемлекеттік билік  біртұтас деп жарияланған. Бұл билік  Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот  жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы  мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті  болдырмау үшін олардың аражігі  ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің  ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы  өз құзырларынша қызмет етеді.Негізгі  Заңда саяси бостандықтарға кең  кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар  Конституция шеңберінде емін-еркін  өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы –  меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік  меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен  мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға  тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы  қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат  мүддесіне қарсы қызмет етпеуге  тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.

3.ҚР мемлекеттік  қызмет ұғымы және қағидаттары

Мемлекеттiк қызмет-iң  принциптерi .Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:1) заңдылық;2) қазақстандық патриотизм;3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi; 8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;қызметшiлер;

Мемлекеттiк қызметшiлердiң  құқықтары.Мемлекеттiк қызметшiнiң: 1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен жәнезаңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; 6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; 8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

Мемлекеттiк қызметшiлердiң  негiзгi мiндеттерi. 1. Мемлекеттiк қызметшiлер: 1) Республиканың Конституциясымен заңдарын сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; 3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмдеазаматтардыңөтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; 5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға; 6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; 7) заңдардабелгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға; 8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; 9) мемлекеттiк құпиялардыжәне заңмен қорғалатын өзге де  құпиянысақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiнде, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; 10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; 11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге.

 

БИЛЕТ  № 2

1.Мемлекет түсінігі  және белгілері

Мемлекет— белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері: -мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады,  ған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер,полиция жатады; - мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады); -мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; - мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; -мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

2.Құқық әкімшілік  құқығы – құқықтың қайнар көзі  ретінде

Әкімшілік құқығыұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормаларыатқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:атқарушы биліктіңжұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.

Әкімшілік құқықтың жүйесі мен  көздеріӘкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;2001жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;Қазақстан Республикасының заңдары;Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер).

3.Қылмыстық құқық  бойынша қылмыс түсінігі .Қылмыстық құқық—қылмыстылықтыжәне қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек,әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғниқылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.


 

БИЛЕТ  № 3

1.Конституция ұғымы  және оның мәні

Конституция латын тіліннен (constitutio) – заң, тұрақтылық деген  маңынаны білдіреді. Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет  социалистік республикасы совет  мемлекеттердің одағында болғанда халық  бірінші – Сталинің (05.12.1936ж) және Л.Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977ж Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген  әр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға  болады, өкінішке орай ол іске аспай  қалды, себебі мемлекетте егемендік  болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі  белгісі ол егемндік.

1990 жылы 25 қазаңда «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі  туралы» Декларация қабылданды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз  егемендімізді, тәуелсіздігімізді  алдық. 28 қантарда 1993 жылы Қазақстан  Республикасының Жоғарағы кеңесінің тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда бүгінгі азаматтарымыз өмір сұріп жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция – мемлекетің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің  қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам  әрдайым заңсыс болған емеес. Сондықтан  адам үшін маңызды заңның бірі Ата  заңымыз Конституция. Көптеген елдер  оқу орындарында Конституцияны  басты пәнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтың, білмейтін маман  ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді. Дегенмен де қазақ  даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге  белгілі, Алтын орда дәүіріндегі  Шынғысханын «Ясасы», Қазақ хандығы  тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында  «қанға қан» принцип болса, Тәукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.

Конституция бүгінгі күн  мен болашаққа арналып жазылада, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата заңсыз мемлекет болмайды, Конституция –  тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде  басқа заңдар қабылданып, тармақталып  жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры  қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы ебептен Ата заңды  – Конституцияны құрметтеу қажет.Жақында 30 тамызда біз өз еліміздін Конституциясының 15 жылдығын атап өттік. Соған арналған конференцияда Ел басымыз Н.А.Назарбаев  Конституцияны дамыту тұралы шаралап  айты. Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Барлық заңдар Конституцияға сай болу қажет. Заң біздің күнделікті жүріс тұрысымызды  бір қалыпқа келтіріп отырады. Біздің біреуден жәбір көрмеуімізді және біреуге  жамандық жасаумызды қадағалмайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"