Шарттың ұғымы және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті.

Содержание

I.Кіріспе................................................................................................................3-5
II. Негізгі бөлім
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1. Шарт туралы жалпы ұғым......................................................…....………6-10
1.2. Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………............................11-26
1.3. Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....…………..…......…27-37
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы…………….............….38-41
2.2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...…….........42-46
III.Қорытынды...............................................................................................47-48
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................49-52

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_zhumys.docx

— 57.26 Кб (Скачать документ)

Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады.

Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды.

АК-ның 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар:

шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары);

пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады.

Пікір қайшылығы сотта қаралғаңда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс.

Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.

Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері. Шартты өзгерту дегеніміз — оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі.

Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.

АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесіңде.

Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібіңде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі — шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.

Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген.

Мысалы, АК-ның 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткізіліп, ол кемшіліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады. Екінші жағдай — АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта мұндай жағдайларды белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде АК-ның 389-бабының 2-тармағын келтіруге болады, онда шарт ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы көзделген.

Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Занды атауға болады, оның 103-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шарты жалға беруінің талабы бойьшша, Тұрғын үй қатынастары туралы Заң негізінде ғана бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер жалдаушы оны ұдайы бүлдіріп немесе қирата берсе және т.б.)

Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның 404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген.

АК 273 және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте "заңнама" терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұндай жағдайлар тек зандармен ғана емес, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін.

Назар аударарлық бір жағдай - АК-да "шартты орыңдаудан бір жақты бас тарту" және "шарттан бас тарту" терминдері бір мағынада қолданылады.

404-баптың 2-тармағыңда шартты  орындаудан біржақты бас тартуға  жол берілетін мынадай жағдайлар  белгіленген:

1) шартқа негізделген  міңдеттемені орындау мүмкін  болмаса (374-бап);

2) белгіленген тәртіпте  екінші тарап банкрот деп танылса;

3) шарт жасалғаңда негізге  алынған мемлекетгік орган актісі  өзгерсе немесе күшін жойса.

Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орыңдалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы, жолаушылар тасымалдау шарттары).

Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген.

Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының кәмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).

Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей-ақ, өзінің шартты бұзғаңдығын растайтын конклюденттік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа тұрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады.

Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орыңдаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. (404-баптың 3-тармағы).

Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс (404-баптың 4-тармағы).

Шартты орындаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын зандық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер зандардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады (АК-ның 402-бабының 1-тармағы).

Шартты өзгерту немесе бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе зандарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлімдей алады (АК-ның 402-бабының 2-тармағы).

Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі: егер шарт бұзылғаңда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергеңде олар өзгерген түрде сақталады (403-баптың 1- жөне 2-тармақтары).

АК-ның 403-бабыңда шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруға мүмкіңдік беретін ережелер келтірілген:

шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта, тараптар келісім жасаған немесс сот шешімі заңды күшіне кірген кезден бастап тоқтайды; шарт заңсыз деп танылғанда зандық салдар туындамайды, шарт ол жасалған кезден бастап заңсыз деп танылады (154-баптың 8-тармағы);

шарт өзгергеңде немесе бұзылғанда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды, шарт заңсыз деп танылса әр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа қайтарып беруі жалпы ереже ретіңде белгіленген (АК-ның 157-бабының 3-тармағы).

Шарт өзгергенде немесе бұзылғаңда пайда болған шығындар барлық жағдайларда бірдей өтелмейді, ол үшін шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты едәуір бұзуы себеп болуы тиіс (АК-ның 403-бабының 5-тармағы).

Тараптар шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзарту іс жүзіңде жаңа шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан ол АК-ның 397-бабының шарт жасасу тәртібіне арналған ережелері бойынша жүргізіледі. Яғни, шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс.

Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күшіңде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшіңде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзіңде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.

 

2. Шарттың орындалуын  қамтамасыз ету

2.1. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымына анықтама беретін болсақ ол қанадай-да бір екі тараптың өзара келісіп шарт жасасу барысында шарттың орындалуы үшін алдын-ала жасалатын шаралар. Шарт бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің, яғни несие берушінің ырқында ғана емес, борышкердің де еркіне, жасаған әрекетіне байланысты. Өйткені борышкерде шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті әрекеттерді жасауға міндетті. Шарттан (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндет емес талап етуге құқық береді, бұл несие берушіде болады. Бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер несие берушіні қандайда бір әрекетті орындауға мәжбүрлей алмайды, қайта шартта көрсетілген міндетті орындауға борышты. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол — жеке-белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік.

Жалпы ережеге сәйкес шарт бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік беріп, шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін алдын-алу шараларын жасайды. Сонымен қатар несие беруші, шарттық қатынастар бойынша борышкердің шартты орындамауына байланысты, борышкерден шығындардың орнын толтыртуын талап етуге құқылы. Кез келген шартты орындау, жалпы ереже бойьшша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе шарттың бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (шарттың орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде) шарттың орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістер деп аталады.

Азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің шарт талаптарын тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады.

Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді: борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату — бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе шартты орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады; борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды  орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады; несие берушіге белгілі бір затгар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру ("адамға емес, заттың құнына сенемін") — бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады; борышкер шартты орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы — бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады; борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай талапты орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніңдегі шартты орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Бұл жерде айта кететін бір жағдай — шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің тізбесі тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді шартта көзделген өз міндетін тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістеріне жатады. Жалпы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы ережелері қолданылады, өйткені міндеттеменің өзі шарттан туындайды.  Негізінен аталған дәстүрлі әдістермен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің акцессорлық сипатын қарастырайық. Шартты қамтамасыз ету әдістері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін шарт талаптарына қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін шарт талаптарының заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Информация о работе Шарттың ұғымы және түрлері