Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны КУРС КУКЫК.doc

— 286.50 Кб (Скачать документ)

Заман өзгерген сайын қоғамдағы лайықты мінез-құлқы жөніндегі талаптар да өзгеріп отырады. Әр бір қоғамдық тап өзінің моральдық нормаларының немесе қазыналарының жүйесін жасап алады, ал егер саяси үстемдік өзінің қолында болса,онда ол,әрине үстемдік етуші ретінде өз моралын орнықтырады. Бірақ мұның өзі мораль жүйелерінде жалпы адамгершілік мазмұн болмайды деген сөз емес. Қоғамда адамдардың мінез-құлқының қарапайым нормалары болады, оларсыз бірде-бір қоғамдық тәртіп өмір сүре алмас еді. Моральды қолдап отырған күш-ең алдымен қоғамдық пікір. Бірақ мораль тек қоғамдық пікірдің арасында өмір сүрмейді. Адамның өз мүдделері, оның табиғи сезімі мен бейімділігі, ең алдымен өз борышын сезіне білетін кемелденген санасы адамгершілік мінез-құлықтың жетілуіне тікелей қатысып отырады. Моральдық норма немесе принцип адамның санасында: «Өтірік айтпа», «Басына қиындық түскен адамға көмектес» деп бұйыру райында әрекет етеді. Бірақ олар әрқашанда адамның өз сезіміне байланысты,ол үшін қайдағы бір бөгде нәрсе болып саналмайды, белгілі бір қоғамдық қажетті ғана емес,сонымен бірге өз парызының, ар-ожданының саналы түрдегі талабын бейнелейтіндіктен де мінез-құлқын реттеп отырады. Моральдың ішкі кепілдігі-ар болып табылады. Моральдық нормалар-бұл жазбалы емес ереже, ол адамның сана-сезіміне ұялаған, ұрпақтан-ұрпаққа таралған, әрине өмірге сай о да өзгеріп тұруы ықтимал. Демек, моральдық нормаларды орындау-әр адамның ішкі нанымына байланысты. Қоғамды реттеу қабілеті кең барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі –ниеттілік адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы. Моральдық нормаларға мынандай сипаттар тән:

1. Тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктерне байланысты қалыптасады. Құл иеленушілік мемлекеттегі моральдың талаптары қазіргі заманның мораьдарымен сай келмейді. Мысалы; Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамында саудамен айналысу, алыпсатарлық ісімен шұғылдануды қоғамдық көзқарас мүлдем басқа.

2. Моральдық нормаларды іс жүзіне асыру -тек сендіру арқылы болатын құбылыс.

3. Реттеу шеңбері бойынша моральдық нормалар құқық нормаларына қарағанда  өмірдің барлық саласын қамтиды.

4. Моральдық нормаларының теориялық негізін этика құрайды.

5. Қоғамда қабылданған моральдық нормалар жеке адамдардың мінез-құлықтарын бір қалып көзқарасымен қабылдайды. Одан тысқары қимыл әрекеттер қоғамдық санамен айыпталады. Мысалы; автобуста қарт адамдарға орын беру немесе бермеу басқада көптеген әрекеттер. Моральдық қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең негізгі қағидаларының бірі. Г.Ф.Гегельдің пікірі бойынша «моральдық дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі». Мейірімділікті қалыптастыруда ислам дінінің  рөлі өлшеусіз және әліде тәрбиенің  ең тиімді құралы.

Құқық пен моральдың бірлігі.

1) олар әлеуметтік норманың әртүрлігін көрсетеді және бірдей нормативтік негізі бар.

2) құқық пен мораль бір мақсатты көздейді-қоғамдағы тәртіпті сақтау, адам құқықтарын қорғау, әділеттікті жақтайды.

3) құқық пен мораль әртүрлі көлемде бір объектіні реттейді-қоғамдыық қатынастарды, ол бір адамға не топқа бағытталады. Олардың талаптары көбіне бір-біріне сәйкес келеді.

4) құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субъектілердің рұқсат етілетін не рұқсат етілмейтін шекараларын айқындайды.

5) құқық пен мораль философиялық жағдайда  экономикалық, саяси, мәдени категорияларға ие, яғи бұлар қоғамда оларды бір типті етеді.

6) құқық пен мораль жалпы құқықтық құндылықтардың негізі, қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуының көрсеткіші ретінде көрінеді.

7)әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;

8) олардың реттеу объектісі біреу- қоғамдық қатынастар;

9) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды. [11, 86 б.]

Мораль құқық бұзушылықты әсіресе қылмысты жазалайды. Мұндай жағдайларда құқық пен мораль бір. Кез-келген құқыққа қайшы әркеттер моральғада қайшы әркеттер болып табылады. Құқық заңды сақтауды көздейді, соны моральда жақтайды. Бұл таңқаларлық жағдай емес, құқық моральға негізделеді. Ол адамгершіліксіз бола алмайды. Екі реттеушінің түпкілікті мақсаты бір. Құқық заңмен бейнеленген адамгершілік бейнесінде көрінуі кездейсоқтық емес. Құқық пен моральдың арақатынасы адамдардан азаматтық сапаның көрініс табуын көздейді. Құқық пен мораль өздерінің  функцияларын жүзеге асыруда ортақ мақсатқа жету үшін бір-біріне көмектеседі.

Құқықтың мақсаты адам «адамның бірлесіп өмір сүруін қалыптастыру, өзара қиыншылықтармен, күрестер, келіспеушіліктер болған жағдайда рухани күшті азырақ жұмсау». Моральдың да негізі осы.

Негізгі ерекшеліктері:

Құқық пен мораль ең алдымен қалыптасу және құрылу тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Құқық тек қана мемлекетпен, жасалады, толықтырылады, өзгертіледі, санкцияланады бұл жағдайда мемлекет құқықтың саяси жасаушысы болып табылады сондықтан құқық адамдардың жай еркіндігін емес, оның мемлекеттік еркіндігін, жай ғана реттеуші емес негізгі мемлекеттік реттеуші болып табылады.

Мораль басқаша қалыптасады. Оның нормалары мемлекет пен емес және олар қандайда бір арнайы мақсатты қызметтің негізі болып табылмайды. Олар адамның тәжірибелік қызмет процксінде кенеттен пайда болып, дамиды. Адамгершілік нормалары даму үшін биліктің келісімі қажет емес, әлеуметтік қоғамның топтарымен, яғни олардың басшылармен мойындалса ғана болғаны.

 Құқық пен моральдың  арасындағы  айырмашылықтар төмендегідей:

 Құқықтан моральдың айырмашылығы  мемлекеттік емес маңызға ие. Бірақта бұл моральдың қалыптасуына мемлекет ешқандай әсер етпейді деген сөз емес. Мұндай әрекеттер көптеген жолдар арқылы жүзеге асады; құқық арқылы, саясат, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, бүкіл қарым-қатынас жүйесі арқылы. Алайда мемлекет тікелей адамгершілк нормаларын бекітпейді. Құқық пен мораль қамтамасыз ету тәсілі бойыншада бөлінеді. Құқық мемлекетпен жасалатындықтан мемлекетпен қорғалады құқықтың артында мәжбүрлеу аппараты тұр. Ол құқықтық нормаларды бақылайды және орындамағандарды жазалайды құқық нормасы бұл өтініш, тілек, кеңес емес, қоғамның бүкіл мүшесіне тиіс биліктің талабы, бұйрығы. Басқаша айтқанда бұл нормалар жалпы міндетті маңызға ие.

Мораль басқаша қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік аппарат күшіне емес, қоғамдық пікірге сүйенеді. Адамгершілік нормалары бұзылған жағдайда мемлекеттік органның араласуын қажет етпейді.

1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болды;

2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;

3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды  реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;

5)  қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар  қоғамдық  әсер ету шараларымен қамтамасыз  етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық  пен заңсыздық, құқыққа сәйкестік пен  қайшылық тұрғысынан реттейді.

Құқықпен мораль көріну формасы бойынша ажыратылады. Егер құқық нормасы арнайы мемлекеттің заңи актілерінде көрініс тауып, институттарға топтастырылып, кодекстермен жинақтарға жүйелендірілсе, адамгершілік нормаларына мұндай сипаттар тән емес. Олар анайы жасалмайды, адамдардың, қоғамдық өмірдің қатысушыларының санасында пайда болып, өмір сүреді. Алайда моральдік нормалар бұл тек қана жазылмаған заңдар ғана емес. Олардың көпшілігі мысалы, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламасы мен ережелері жазылған құжаттар, әдеби және діни ескерткіштерінде көрініс табады.

Құқық пен мораль мазмұны бойынша және олардың адамдардың санасына әсер ету тәсілдері бойынша ажыратылады. Егер құқық субьектілердің арасындағы қарым-қатынастарды заң және міндеттілік тұрғысынан реттесе; заңды-заңсыз, жазаланатын-жазаланбайтын. Мораль адамдардың іс-әрекетіне жақсылық-жамандық, мадақтау, адал-арам, қайырымды-қайырымсыз, ар, ұят, парыз тұрғысынан қарайды. Құқық рұқсат етілген және тиым салынған әрекеттерді кеңінен көрсетуімен, формальды анықтылығымен, алдын-ала санкцияны белгілеуімен ерекшеленеді. Ал, мораль болса, жазалаудың түрлерін көрсетпейді.

Құқық пен мораль оны бұзған жағдайда жауапкершілік нысаны бойынша ажыратылады. Қарама-қайшы әрекеттер жай жауапкершілікті емес, ерекше заңи жауапкершілікті белгілейді. Оны орындау бәріне міндетті. Адамгершілік нормасын бұзған жағдайда нақты процедура жоқ. Мұнда жазалау әрететері бұзған адамға ескерту жасау, сөгіс беру, ұйымнан шығару сияқты шаралармен шектеледі. Бұл мемлекет алдындағы жауапкершілік емес, қоғам, ұжым, отбасы алдындағы жауапкершілік құқық пен мораль адамдардың әрекетіне деген талаптардың деңгейі бойынша ажыратылады. Бұл деңгей құқыққа  қарағанда моральда биік. Ол көп жағдайда тұлғадан заңдарды көбірек талап етеді. Мысалы мораль сөзсіз кез-келген өтірік айту, жала жабу, алдау сияқты формаларды жазалайды. Мораль ешқандай антиқоғамдық әректтерді жақтырмайды. Құқық өте қауіпті деген жағдайларды жазаласа, адамгершілік нормалары индивидтің әрекетіне  көбіне талапшыл келеді. Құқық адамдарға үнемі адал, тәртіпті, әділ, болуға мәжбүрлей алмайды. Бұлар заңмен жазылмаған. Мораль болса осыған шақырады. «Адамгершілік заңдарының абыройы шексіз биік» Гегель. Құқық пен мораль әрекет ету сферасы бойынша ажыратылады. Құқыққа қарағанда моральдың кеңістігі үлкен және олардың шекаралары бір-біріне сәйкес емес. Құқық қоғамдық өмірдің маңызды деген облыстарды реттейді мысалы меншік, билік, еңбек, басқару. Ол өзінің реттеу шекарасынан мыналарды тысқары тастайды мысалы, достық, сүйіспеншілік, сән, талғам. Құқы өзінің шекарасынан шығып, «ерікті» және «еркін» руханиқозғалыс сферасына араласпауы керек. (И.Ильин) Бұл жерде моральдық, этикалық және басқада әлеуметтік нормалар әрекет етеді. Құқыққа қарағанда адамгершілік қоғамды жан-жақты қамтиды. Ол «әмбебап».(Е.А.Лукашева) Құқық пен моральдың тарихи жағдайы әртүрлі. Құқық белгілі бір әлеуметтік эволюцияның баспалдағында пайда болса, мораль қоғамда үнемі бар және бола бермек.

 Мораль-қоғамдық сананың бір  формасы, маңызды әлеуметтік институт. Ол белгілі өмірлік қалыптасқан көзқарастарды, бағалауларды соның негізінде пайда болатын тәртіп нормаларын,адамдардың бір-біріне, мемлекетке, отбасына, жалпы қоршаған ортасына деген қарым-қатынастарын білдіреді Келтірілген негіздемелер тек жалпы моральды бір ғана қырынан танытады. Оның мазмұны және құрылымы өте кең. Моральдағы ең маңыздысы-жақсылық пен жамандықтың көрініс алуы. Адамгершілік адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы ғана емес, өзіне деген көзқарасы, ар-намысы, сыйластығы, өзін тұлға ретінде түйсінуі. И.Кант «Кімде-кім өзін құртқа айналдырса, аяқпен басып –жаншылдым деп арызданбауы керек», деп көрсетті. Маңызды әлеуметтік құндылықтар,яғни ар,намыс бұлар заңмен қорғалады. Ар-өмірденде артық. Осыған байланысты халық даналығында мынандай сөз бар: «Малым жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» Шындық және өтірікте моральдың бір бөлшегі болып табылады. Тұлға үшін жоғарғы заңда, жоғарғы сотта өзінің жеке ұяты саналады. Себебі, ол адамгершілігінің ең толық, терең белгісінің бірі деп саналады.

 

Қортынды

 

 

Кез келген қоғам даму барысныда адамдардың тәртіптерін, мінез құлықтарын реттемей өмір сүре алмайды.сондықтан да қоғамда тәртіп орнату үшін, қатынастарды реттеу үшін әлеуметтік нормалар қажет.

Осы курстық жұмысымды қорыта отырып, алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Өйткені, мен бастапқы алдыма қойған сұрақтарға жауап бердім және осы тақырыптық түп түпкіріне жеттім деп ойдамын.

Осы курстық жұмысты жазу барысында қиыншылықтардың бірі: қазақ тіліндегі әдебиеттердің, оқулықтардың жетіспеуінде. Көптеген әдебиеттер орыс тілінде жазылған.

Ұлттық ғылымдарымыздың ішінде осы курсттық жұмысты жазуға көмектескен Т. Ағдарбеков, Жоламан, А.Қ. тәукелов ағаларымыз болды.

Олар өздерінің «Құқық және мемлеккет теориясы» оқулығы арқылы көптеген сұрақтарға жауап алуға көмектесті.

Өзіміздің ана тіліміздегі оқулықтар көп болған жағдайда осы курстық жұмысты жазу оңайға түсері күмәнсіз еді.

Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;құқық қоғамдағы бостандықты,әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал. Құқық–қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экрнрмикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде, «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес» -деді.

Құқықтық норманың құндылығы:

  • құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
  • құқықтық нормалар халықаралық,мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.

Информация о работе Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы