Халықаралық тасымалдаудың ұғымы және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 17:47, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы халықаралық әріптестіктің әр түрлі салаларында белсенді қатысушыларының бірі. Бұл қызметтегі маңызды бағыттарының бірі – халықаралық тасымалдау саласын нығайту мен дамыту болып табылады.
Халықаралық транспорт құқығында бүкіл КСРО аумағында негізгі көрсеткіштері бойынша екінші орынды иеленген, қуатты көлік саласы Қазақстанға мирасқорлыққа қалған еді.
Саяси құрылымының өзгеруіне қарамастан, бұрынғы кеңестік республикалардың құқықтық базасы – КСРО көлік кодексі және КСРО үкіметінің нормативтік құжаттары, жаңа жағдайларға бейімделмеген болатын. Бұл жағдайлар теориялық және тәжірибелік сипаттағы мәселелердің пайда болуына алып келді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халтасымалдау1 (1).docx

— 25.67 Кб (Скачать документ)

1 Халықаралық тасымалдаудың ұғымы және мазмұны

 

Қазақстан Республикасы халықаралық әріптестіктің әр түрлі салаларында белсенді қатысушыларының бірі. Бұл қызметтегі маңызды бағыттарының бірі – халықаралық тасымалдау саласын нығайту мен дамыту болып табылады.

Халықаралық транспорт құқығында бүкіл КСРО аумағында негізгі көрсеткіштері бойынша екінші орынды иеленген, қуатты көлік саласы Қазақстанға мирасқорлыққа қалған еді.

Саяси құрылымының өзгеруіне қарамастан, бұрынғы кеңестік республикалардың құқықтық базасы – КСРО көлік кодексі және КСРО үкіметінің нормативтік құжаттары, жаңа жағдайларға бейімделмеген болатын. Бұл жағдайлар теориялық және тәжірибелік сипаттағы мәселелердің пайда болуына алып келді.

Қазақстанның көлік саласының дамуы, республиканың тасымалдаушыларының құқықтық базасының нығаюы және олардың халықаралық тасымалдау бәсекелестік қабілеттерінің өсуі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің         тұрақты назарынын шықпайды. Мемлекеттің мүддесін қорғау, Қазақстан Республикасының көлікті пайдаланатын жолаушылар мен жүктерді пайдаланатын субьектілерінің рөлін анықтау, сонымен қатар әуе кеңістігін, темір жол, автомобиль және теңіз флотын пайдаланушылардың қызметіне қатысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияға сәйкес “Қазақстан Республикасының көлік туралы” Заңға 1994         жылы 21 қыркүйекте қол қояды.

Кез келген көліктің жай-күйі мен дамуы әрбір мемлекет үшін ерекше маңызға ие. Себебі көлік – тасымал құралы.

Дүние жүзіндегі географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік тасымалындағы байланыстардың түрлерін ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие болатын шешу жолдарын ұсыну осы зерттеу жұмысының басты жаңалығы болып табылады. Қазіргі таңда барлық мемлекеттердің тасымалының тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті өсуде. Әйтсе де олардың заман ағымы бойынша инновация мәселесін алға қою қажеттіліктен туындайды. Сол сияқты кейбір елдердің осы мәселесі күн тәртібіне қойылып келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы тасымалдау нарығы бойынша көптеген елдермен тәжірибе алуда, оның басты себебі отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы ету. Осы орайда қалыптасқан жағдайда бар және өмір сүріп отырған халықаралық конвенцияларға сүйене отырып, отандық секторға халықаралық тасымалдау (жолаушылар мен жүктер) саласы бойынша ұсыныстар енгізу – тағы да зерттеудің жаңалығы бола алады. Ол көптеген нормативтік актілер арқылы анықталып, теория мен тәжірибе ұштасады.

Халықаралық көлік құқығы – халықаралық жеке құқықтың құрамдас бөлігі. Халықаралық көлік құқығы құқықтың ерекше жүйесі болып табылады, яғни ұлттық құқықтан айырмашылығы, онда жоғарғы транспорттық билік және басқару, соның ішінде әрбір мемлекетте қалыптасқан заң шығарушы, атқару және сот органдары қатыспайды. Ол өзінің бағыты бойынша жалпы демократиялық сипатқа ие. Өйткені оның нормалары халықаралық көлік құқығының субьектілерінің еріктерімен келісу кезінде қалыптасады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік мәніне тәуелділігі жоқ.

Халықаралық көлік құқығы халықаралық қатынастар жүйесінде көптеген сипатқа ие. Олар тікелей және жанама болуы мүмкін. Аталмыш ұғымның бөлігі ретінде халықаралық тасымалдау категориясы нақты мәселе болып қалыптасқан.

Тасымалдаудың экономикалық түсінігі – жүктер мен жолаушылардың орын ауыстыруы, ол бір орыннан екінші бір орынға ауысу қажеттілігінен туындайды.  Бұл қатынастар:

  • транспорттық ұйымдар;
  • жүк жөнелтушілер;
  • жүк қабылдаушылар;

          -  жолаушылар сияқты элементтерден тұрады және олардың қатынастары келісім негізінде реттеледі.  Егер аталмыш элементтер мемлекет арасында жүзеге асатын болса, онда ол халықаралық тасымалдаудың негізгі мәнін береді.    1929 жылғы «Варшава Конвенциясына» сәйкес халықаралық тасымалдау деп конвенцияның құрамына кіретін мемлекеттер арасында жүзеге асатын жіберілген орыны мен белгіленген орыны анықталған тасымалдаудың ерекше түрін         айтамыз.  Осындағы келесідей талаптар халықаралық тасымалдаудың негізгі мәнін ашады: егер тасымал бір мемлекеттің ішінде жүзеге асатын болса, онда ол халықаралық болмайды. Сол себептен онда жоғарыда аталған элементтер орын           алуы тиіс.

Осы елдердің құқықтық қатынастары олардың арасындағы келісім шарттарымен анықталады.

Құқықтық қатынастардың  тасымал келісімінің қорытындысы немесе оны орындаудың барлық жиынтығы    және оның құрылымдық элементтерін қарастыру маңызды. Оның ішінде жүкті тасымалдаудан жолаушыларды тасымалдаудың айырмасын ажырата білу керек. Тасымалдау келісімінің мәні тасымалдаушы           сыйақы үшін жүкті немесе жолаушыны белгілі бір көліктермен бір орыннан басқа бір  орынға жеткізуге міндеттенеді.

Тасымалдау келісімінің заңнамалық мазмұны Гамбург ережелерінің 1 -бабының 6 - тармағында қарастырылған. Ол бойынша барлық нормалар жүктерді жол тасымалымен тасымалдаудың барлық келісімдеріне қолданылады.

Келісім екі тараптың ерікті түрде екі жақты келіссөз орнатылғаннан кейін жасалынды деп саналады. Сонымен жүкті тасымалдау келісімі консенсуалды          болып табылады, яғни құқықтық қорытынды екі тарапты келісімінен кейін пайда болады. Бірақ басқа да балжамдар бар. Ол көптеген ұлттық заңнамаларда қарастырылған. Мысалы Қазақстан Республикасы «Азаматтық кодексінің»                  689- баына сәйкес «жүкті тасымадау келісімі бойынша бір тарап ( тасымалдаушы) оған басқа тараппен (жөнелтуші) тапсырылған  жүкті белгіленген орынға           жеткізуге және құқықты қабылдап алушы тұлғаға тапсыруға міндеттенеді, ал жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін келісімге немесе тарифке сәйкес ақы           төлеуге міндеттенеді». 

Келісім шынайы болып табылады, сонымен қатар жөнелтушінің жүкті        жеткізуі және қабылдауы үшін тапсырылғаннан кейін ғана жасалынған болып саналады.

Жолаушыларды тасымалдау келісімі бойынша оның жүзеге асу уақытының анықталуы туралы қажеттілік туады. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі             бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынады.

Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау келісімі екі түрлі сипатқа         ие. Ол әрқашанда транспартировканың ақысыздығымен байланыспайды, яғни құқықтық доктрина және сот тәжірбиесі тасымалдау келісімінің ақысыз түрін қарасытырады. Сонымен тасымалдау келісімінің заңи анықтамасы әр мемлекетте сыртқы формасы бойынша ұқсас болып келеді,   бірақ  кейбір айырмашылықтар кездеседі. Жүкті тасымалдау келісімінің құқықтық табиғаты туралы үш негізгі концепция бар:

  1. Тасымалдау келісімі мердігерлік келісімінің бір түрі болып табылады;
  2. Тасымалдау келісімі жалдау келісімінің бір түрі болып табылады;
  3. Тасымалдау келісімі жеке өзіндік келісім болып табылады.

 

Тасымалдау келісімі мердігерлік келісімінің бір түрі болып табылады деген           ол бойынша мердігер өз туекеліне тапсыруышының тапсырмасы пікір, яғни ол бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға, ал тапсыруышы қабылдап және атқарылған жұмыс үшін ақы төлеуге міндетті.  Ол пікірді еуропа заңнамаларының өкілдері               де қолдап отыр.

Жүкті тасымалдау келісімі мердігерлік келісімінен айырықша ерекшеленеді,  бірақ, ұқсастықтары да аз емес және негізгі белгілері сәйкес келеді: біріншіден, жөнелтуші де, қабылдаушы да тапсырысушымен салыстырғанда көптеген құқықтардан айырылған, олар қатынастардың мәні бойынша, жұмыстың ақысыз түрде қайта жасалынуын  талап ете алмайды. Олар тасымалдаушының келісімді         кеш атқарғаны үшін  келісімнің күшін жоя алмайды. Қабылдап алушы бұл        жағдайда тасымалдаушыдан  айыппұл талап ете алады; екіншіден., тапсырысушының алдында мердігердің мүліктік жауапкершілігінің заңи сипаты ерекше? Бір          жағынан, клиенттің алдында тасымалдаушының, басқа жағынан: біріншісі тапсырманың обьектісінің  жойылуына жауап береді; ал тасымалдаушы келісімнің емес, тасымалданушы обьектінің жойылуына жауап береді. Келісімнің обьектісі болып жүкті тасымалдау болып табылады; үшіншіден, басқа келісімдер болмаған жағдайда, мердігер өзінің материалдарымен  жұмысты жасауға міндетті. Осыған орай, мердігердің жұмысы толығымен немесе жартылай тапсырысшының материалдарымен жасалынуына жол беріледі.  Ал тасымалдау тек қана тасымалдаушының күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады, тек кейбір жұмыстар ғана жөнелтушінің немесе қабылдаушының қатысуымен жузеге асырылады, бірақ бұл жұмыстар келісім іске асып біткеннен кейін жасалынады. Бірақ екі келісімнің де мазмұны қызмет көрсету болып табылады.

Тасымалдау келісімін жұмысқа жалдау келісімімен топтастыру Францияда қолданылады және де  өздерінің азаматтық заңнамасына нұсқа ретінде           Францияның АК қолданатын мемлекеттер болып табылады, Франияның АК-нің 1779 бабына сәйкес, жұмысқа және қызметке жалдаудың 3 негізгі түрі бар:                                      1)жұмысшы адамдарды жалдау, олар өздерінің қызметін көрсетеді;

2) тасымалдаушыларды жалдау, олар  жолаушылармен жүктелді тасымалдауға  міндеттенеді;

3) мердігер негізінде.

Бұл анықтаманың тамырларын француз АК негізделген рим құқығынан       іздеу керек. Рим құқығы да жалдаудың 3 түрін ажыратты:

1) Затты жалдау;

2)Жұмыс күштерін жалдау;

3)Тапсырма немесе мердігерлік.

  Бұл жерде байқайтынымыз, екі топтастыру бір-бірінен ерекшеленеді, Француздық жүйеде  сол 7-ші титулдың 2-ші бөлімімен реттелетін заттарды           жалдау жоқ. Ал тасымалдаушыны жалдау 1779 баптың жеке бөлімінде қарастырылған және 2-ші бөлімнің 7 титулының 3-ші бөлімімен реттеледі.

   Мұнда тасымал жерде, суда  деп бөлініп, ондағы сақталатын  және жөнелтілетін заттар жөнінде  қарастырылады.

Тасымалдаушы заттардың барлық жағдайларына жауап береді, егерде белгілі           бір жағдаймен заттар жоғалып немесе жарақат алған жағдайда жауапкершілікті            өз мойнына алуы тиіс. Қоғамдық құрғақ жолды немесе су көлігі және қоғамдық жүктің иеленушісі ондай жағдайда барлық шығындарды өтеуі тиіс болып табылады.

Сол сияқты қоғамдық құрғақ жолды немесе су көлігі және қоғамдық жүктің иеленушісі, қайықтың иесі т.б. субъектілер барлығы азаматтар да қоғамға ортақ заңдарға бағынады. Осымен қоса  тасымалдауға қатысты ережеге 1807 жылғы француздық еңбек кодексі жатады, онда барлық жағдайлар қарастырылған.

Осы мақсатта Француздық мемлекеттік басқарушысы  қосымша жұмыс            күшін қамтамасыз етеді, тасымалдың реті мен келісімі заттай (сол сияқты адам түрінде де), сонымен қатар жеке келісім шарттарды да болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 689 және 690 баптарына          сәйкес келісім шарт тасымалды жеке келісім шарт ретінде анықтайды және          жолаушы (жүкте болсын) келісімі ол жеке келісім шарт деп табылады.

691- бап бойынша анықтама 689 баппен  сәйкес келмейді, ол бойынша мәселе  тасымалда емес, мәселе ондағы  көліктің орналасқан орыны туралы  айтылады. Осыдан қорытынды шығаратын болсақ, келісім шарттан тасымалдың айырмашылығы, ондағы реалды еместігінде және консенсуалдығында.

Тасымалдау келісімі арнайы болады, сол себептен ол құқықтың ерекше жеке институтына жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықаралық тасымалдаудың ұғымы және мазмұны