Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 10:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы....................4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы..........................7
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар...................17
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.......................21
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой монти.docx

— 66.26 Кб (Скачать документ)

Сонымен, азаматтық  құқық қатынас субъектілері   мыналар:   

1.      Қазақстан азаматтары, шет елдік  азаматтар, жеке азаматтығы жоқ  тұлғалар   

2.      Қазақстандық жеке шет елдік   заңды тұлғалар   

3.      Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық  бірлестер   

Азаматтық құқық қатынас объектілері.  Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған тәртібі көрінеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың  спецификасы сол,  оның мүшелері өз тәртібі мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге жер ете алады. Азаматтық құқық қатынас субъектілерінің тәртібі  азаматтық мүліктік құқықтық қатынастық объектісін құрайды. Субъектілердің өзара  әрекет  ету  процессіндегі жеке материалдық игілікке бағытталған тәртібін бөліп көрсетуге болады.  Біріншісі, азаматтық мүліктік, құқықтық  қатынас  мазмұнын құраса, екіншісі – оның объектісін құрайды. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың  өз мазмұнымен  объектігі әсерінің  механизмі келесідей: құқықтық тұлға өз тәртібімен сәйкес материалдық игілікке  бағытталған  әрекет жасайтын міндетті жаққа әсер етеді.   

Жеке  мүліктік емес құқықтық қатынаста болып   - бедел, жетістік қызмет  репутациясы, адам аты,  заңды  тұлға атауы,  тағы басқа сияқты материалдық игіліктерге  бағытталған  жақтардың  тәртібі табылады.  Бірақ кез келген азаматтық құқықтық қатынаста  объект адам қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті белгілі бір  игіліктерге бағытталған оның мүшелерінің тәртібінен сипатталады.     

Мүліктік  және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар. Қандай  қоғамдық  қатынастын азаматтық  құқық нормасымен реттелгеніне  қарап, мүліктік және жеке мүліктік емес  құқықтық қатынастарды  бөліп көрсетеді.  Мүліктік құқықтық қатынастар құндық қатынастарды  реттеу нәтижесінде,  ал жеке мүліктік  емес – азаматтық заңның  жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу  нәтижесінде  бекітіледі. Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынас  спецификасы субъективті құқықты қорғаудың  ерекше  әдістерін  анықтайды. Мүлік құқығы   зиянның  орнын  толтыру  жолымен  қорғалса,  жеке мүліктік  еемес құқықты  қорғау  басқа  әдістермен  жүргізіледі. 

Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларын құқықтар міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары  мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.

Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңда жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі бір дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы – талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді.

Мәселен, автордың шығармасына жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.

Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.

Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.

Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабандағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптардың осындай әрекет жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді.

Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекет жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергің жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.

Азаматтық құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілгендіктен, әрбір өкілеттіліктің әдетте бірнеше белгілер болады.

Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды.

Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер – жекелеген өкілеттіктер құрайды.

Бірақ құқықтық қатынастардың шегінде өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін.

Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы  жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттілік).

Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратан қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.

Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай  қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық-құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

 Азаматтық  құқықтық қатынастарға құқық  берілген немесе міндетті адам  ретінде  қатысу мүмкіндігі құқық  субъектіліктің болуын талап  етеді, ал ол құқық қабілеттілігі  мен әрекет қабілеттілігін қамтиды.

Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабіллеті әрекет қабілеттілігі болады.

Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. «Жеке адамдар» ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды.

 Басым  көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық  қатынастардың субъектілері Қазақстан  Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқытық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың қағидалары  тек на таралады дегенді білдірмейді.

 Қазақстан  Республикасы Конституциясының 12-бабына  сәйкес, Конституцияда, заңдарда және  халықаралық шарттарда өзгеше  көзделмесе, шетелдіктер және азаматтығы  жоқ адамдар республикада азаматтар  үшін белгіленген құқықтар мен  бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ  міндеттерді атқарады3.

Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып табылады. Ұйымдардың филиалдары  мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола  алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды (АК-ның 43-бабы).

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады (33-бап).

Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады.

Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлағлар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбегі Азаматтық кодексте берілген (34-бап).

Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет  пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді (АК-ның 111, 112-баптары).

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде).

Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.

Құқықтық қатынастардың объектілері жөніндегі заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар.

Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез- құлқы ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның субъектілерінің материалдық және материалдық емес игілігіне бағатталған мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың да объектісі бола алады.

Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарға бөлінеді4.

Мүліктік игіліктер мен құқықтарМүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады.

Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадыр-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармашылығына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтары жатады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекетінқабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың кұқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

Құқықтың кабілеттілігінің негізінде азаматтар:

- өзінің  меншігіндегі мүлікке ие бола  алады;

- мүлікті  мұрагерлікке беріп және өсиет  ете алады;

- заңмен  шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен  шұғылдана алады;

- заңды  тұлға құра алады;

- заңмен  тыйым салынбаған кез келген  мәмілелер жасап міндеттемелерге  қатыса алады;

- тұрғылықты  тұратын жер таңдап ала алады;

- әдебиет  пен өнер, ғылыми еңбектердің  авторы, өнертапқыштық және басқа  да заңмен қорғалатын интеллектуалдық  қызметке авторлық құқығы болуға;

- басқа  да мүліктік және мүліктік  емес құқықтарға ие бола алады.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан пайда болады.

Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:

- он төрт жасқа толмағандар;

- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ

келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы