Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 21:25, контрольная работа

Краткое описание

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар “азаматтық құқық қатынастар” деп аталады. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда, сатушы мен алушының арасында Азаматтық Кодексінде көрсетілген сату-сатып алу мәмілесін туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті. Ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе затында сапа жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемісті болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға немесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.

Содержание

Кіріспе…..............................................................................................................................................3
Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері.....................4
Заңды тұлғалардың түрлері...................................................................................................6
Заңды тұлғаларды тарату тәртібі..........................................................................................7
Тапсырма: кестені толтырыңыз............................................................................................9
Қорытынды.......................................................................................................................................12
Қолданылған әдебиет.......................................................................................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР азаматтык кукык бакылау.doc

— 102.50 Кб (Скачать документ)

Құрылтай шартынан басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте  заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.

Қайта құру дегеніміз – заңды  тұлғаның құқықтар мен міндеттерінің  мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу  тәсілі болып табылады. Қайта құрудың 5 түрі бар:

  1. біріктіру;
  2. бөлу;
  3. қосу;
  4. бөліп шығару;
  5. өзгерту.

Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе заң құжаттары мен уәкілдік ететін органның шешімімен немесе құрылтай құжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен, жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғарғы органымен қабылданады. Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер заңды тұлға мүлкін меншіктенуіші ол уәкілдік берген орган құрылтайшылар немесе заңды тұлға құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органның шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлға атынан әрекет етеді. Бөлу балансын жасайды және заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады. Заңды тұлғаны біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлға тіркелген кезден бастап, қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлға оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен құрған кезде мемлекеттік регистірінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба жасалған кезден бастап, олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаны қосқан кезде олардың әр қайсысының құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлға ауысады.  Өткізу актісі мен бөлу балансына қойылатын талаптар Азаматтық Кодекстің 47 бабында қаралған. Қайта құрылған заңды тұлға мүлкі жаңадан құрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе мирасқорына өтеді. Біріктіру, қосу, өзгерту кездерінде  өткізу актісі негізінде жасалады. Ал бөліп шығару, бөлу жағдайлар бөлу балансы негізінде жасалады. Тарату заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Азаматтық Кодекстің 49 бабына сәйкес:

  1. заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің;
  2. меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша;
  3. құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берген заңды тұлға органының  шешімі бойынша заңды тұлға кез – келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.

 Ықтиярсыз тарату сот шешімімен:

  1. банкрот болғанда;
  2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу мезгілінен жарамсыз деп танылғанда;
  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылғанда;
  4. тиісті рұқсат (лицензия) алынбаған қызметті, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда,
  5. заң құжатткарында көзделген басқа жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайылдаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезенінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді. Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет министрлігіне хабарлайды. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібімен мерзімі туралы ресми баспа сөзде жариялайды. Ал несие берушілерге хатпен хабарлайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап 2 айдан кем болмауы керек. Тарату комиссиясының құрамына төрағасы, бухгалтері және заңгер кіреді. Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған сондай – ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып, сотқа жүгінсе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.

 

Тапсырма: кестені толтырыңыз

 

Жарлғылық копиталы қатысушылардың үлесіне салындарына бөлінген комерциялық  ұйым шаруашылық серіптестік деп  танылады. Шаруашылық серіптестіктерді құру мен олардың қызметі 1995 жылы қарашада. ҚР Призидентінің шаруашылық серіктестік туралы заң күші бар жарығы мен реттелінеді шаруашылық серіктестіктің түрлері:

  1. Толық серіктестік.
  2. Жауапкершілік серіктестік.
  3. Қосымша жауапкершілігі серіктестік.
  4. Сенім серіктестік.
  5. Комерциялық акционерлік қоғам.

Шаруашылық серіктестігі құрылтайшылар заңды тұлғада  жеке тұлға да бола алады.

Толық серіктестік пен сенім серіктестіктің құрылтайшылар мен қатысушылары Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қасушылары өзіне тиесілі барлық мүлкі мен ортақ жауапкершілікпен болатын серіктестік деп танылады.

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша өзгі жарлығы капиалға салымдар мен жауап беретің ал бұл сомалар өздеріне тиесілі оған өздері еленген мөлшерді еңгізілген салындар арқылы жауапкеретің серіктестік қосымша жауапкершілік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз  серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкі мен қосымша жауап беретің немесе одан да көп қасушылармен тар серіктестіктің салымшыларын мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығы мен бір немесе одан да көп қатысушыларды еңгізетің және серіктестік кәсіпкерлікті қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады серіктестік басқару жоғары органы мен оның қатысушылары жалпы жиналысы өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметі жүзеге асыру үшін атқару органдар құрылады, ол алқалы немесе жеке дара болып танылады.Сонымен қатар шаруашылық серіктестікте болжау органдары: қадағалау кезені құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам дегеніміз  өзінің қызметің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсаттарына акциялар шығаратың заңды тұлға болады.Акционерлік  қоғамның дауыс берушісі акциялары 20% - таң астам басқа қатысушы басымрақ занды тұлға болса ол тәуелді қоғам деп танылады.   

 

Кестені толтырыңыз:

 

Шаруашылық серіктестігінің атауы

Оның тіркеу құжаттары мен жарғылық капиталы

Қатысушылардың құқықтары мен  міндеттері

Органдары

1

ТС (толық серіктестік)

құрылтай шарты,

жарғылық капиталының мөлшерiн  оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ  ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек

Азаматтық Кодекстің 63-71 баптары

атқару органдары

2

СС (сенім серіктестік)

құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.

Азаматтық Кодекстің 72-76 баптары

басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi

3

ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), Жарғылық капиталдың мөлшерiн ЖШС құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек

Азаматтық Кодекстің 77-83 баптары

Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi осы Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi.

4

ҚЖС (қосымша жауапкершілігі серіктестік)

құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты)

Азаматтық Кодекстің 84 бабы

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке, осы бапта өзгеше көзделмегендiктен, осы Кодекстiң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк туралы ережелерi қолданылады

5

АҚ (акционерлік қоғам)

құрылтай құжаттары (жарғы және құрылтай шарты), жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

Азаматтық Кодекстің 85-93 баптары

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.


 

 

 

Қорытынды

 

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп  есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе  мемлекеттік заңды тұлғалардың  маңызы, яғни құқықтық  жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімінің” авторы. Ол былай деп айтқан: “мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой ” деген уәж айтады.

Азаматтық Кодекстің адемик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тарты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкелерінің ұжымы.

Ал, ғалым Д.М.Генкин “әлеуметтік  ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші-директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыу ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты мүлік” тәрізді  ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай  кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға  “адамдардың қатысы” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін  “жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.

Бұл мәселе туралы батыс европа әдебиетінде  де әртүрлі теориялық көзқарастар  кездеседі.Мәселен,К.Ф.Савиньи “фикция  теориясының” негізін қалады. К.Ф.Савиньи  көзқарасы бойынша , шын мәнінде  құқық субъектісінің қасиетін тек  адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстрАзаматтық Кодекстің циялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, “органикалық теорияның” тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

 

Қолданылған әдебиет:

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан (Жалпы бөлім) (келесі берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
  2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік / Шарттар жинағы./ - Алматы, 2007.
  3. Жайлин Г. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы /Жалпы бөлім/ - Алматы: Дәнекер, 2009.

Информация о работе Азаматтық құқық