Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 18:07, курсовая работа

Краткое описание

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді..
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Содержание

I Кіріспе.............................................................................................................................3
II Негізгі бөлім
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру .............................................................5
2.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы................................9
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі..........................................................14
2.4 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару........................................................15
2.5 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату..............20
III Қорытынды бөлім........................................................................................................24
IV Қолданылған әдебиеттер............................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 54.98 Кб (Скачать документ)

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітеді және оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды. Серіктестіктің бұл жарғысын нотариатпен куәландырылуы тиіс.

Серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.

Барлық мүдделі адамдар серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы болып келеді. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.

 

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  жарғысын өзгерту тәртібі 

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Серіктестік жарғысының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндеттеледі. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.

Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган  серіктестік жарғысының өзгертілгені туралы хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы болып келеді.

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті  мемлекеттік тіркеу 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады және ол  мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар мынадай іс-әрекеттер жасауы тиіс:

1) құрылтайшылар  серіктестік құруға уәкілеттік  берген адам қол қойған серіктестік  құру туралы өтінішті;

2) серіктестіктің  жарғысын (ЖШС туралы Заңның 17-бабы);

3) заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу үшін алым  төленгенін растайтын құжатты  табыс етуге тиіс.

Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттiк тіркеу үшiн:

1) қайта құру  туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң  жалпы жиналысы уәкiлдiк берген  адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;

2) серiктестiктiң  жарғысы;

3) қайта құру  туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң  жалпы жиналысы уәкiлдiк берген  адам қол қойған, акция ұстаушылар  тiзiлiмiндегi деректер негiзiнде жасалған  серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге .

Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда(ЖШС туралы заңның17-бабының 6-тармағы) серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:

1) серіктестіктің  атауы мен оның орналасқан  жері;

2) серіктестіктің  жарғылық капиталының мөлшері;

3) серіктестікке  қатысушылардың атауы, орналасқан  жері, банктік реквизиттері (егер  құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері  мен жеке басын куәландыратын  құжаттың деректері (егер құрылтайшы  жеке тұлға болса) көрсетілген  тізбесі;

4) серіктестіктің  өз қызметін Үлгі жарғы негізінде  жүзеге асыратыны туралы нұсқама  көрсетілуге тиіс.

Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс және  олардың қойған қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек. Осы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.

 

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті  мемлекеттік тіркеуден бас тарту 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) серіктестік  жарғысының мазмұны заң актілерінің  талаптарына сәйкес келмегенде;

2) құрылтайшылар  ЖШС туралы Заңның 19-бабының 4 және 4-1-тармақтарында көрсетілген құжаттардың  бірін табыс етпегенде;

3) серіктестік  құрылтайшылары серіктестікті құрудың  тәртібін бұзғанда жол беріледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру орынсыз деген себептермен оны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға,сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтаруға оның құрылтайшылары сот тәртібімен шағым жасай алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары серіктестікті құруға байланысты және оны мемлекеттік тіркеуге дейін пайда болған міндеттемелер бойынша, егер бұл орайда құрылтайшылардың серіктестік мүдделері үшін әрекет еткені дәлелденсе, ортақ жауапкершілікте болады. Аталған адамдардың әрекеттері серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында кейіннен мақұлданған жағдайда серіктестік мұндай міндеттемелер бойынша жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің жарғылық  капиталын құру 

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылып,ол жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.

Салымдар жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны айлық жиырма мың есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растайды.

Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады.

Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке пайдалануға берілген мүліктің кездейсоқ құрып кету немесе зақымдану қаупі мүлік иесіне жүктеледі.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе проценттермен көрсетілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.

Құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Серіктестіктің жарғылық капиталын  құру мерзімдері 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 процентін, алайда жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндеттеледі

Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.

Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиісті.

Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353 бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеледі.

Қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша ЖШС туралы Заңның 31 бабының 1 тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін.

Салымның енгізілмеген бөлігін заңмен белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады және соған сәйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі.

Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы тиіс.

Өз үлесін толық енгізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы серіктестіктен өзінің серіктестікке қатысуын куәландыратын куәлік алуға құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрғанға дейін ақша енгізу арқылы оның жарғылық капиталын төлеу үшін серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында жинақтау шотына тиісті қаражат аудару үшін банкте өз атына осындай шот ашуға тиіс құрылтайшылардың бірін көрсетуі мүмкін.

Серіктестік құрылып, ол банкте өз шотын ашқаннан кейін атына жинақтау шоты ашылған құрылтайшы осы шоттан серіктестік шотына ақша аударуды 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асыруға міндетті. Құрылтайшы ақша аудару жөніндегі міндетін уақтылы орындамаған жағдайда ол серіктестікке, егер құрылтайшылар осылай кешіктірудің өзге зардаптарын белгілемесе, жинақтау шотында ұсталып қалған сомадан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353 бабында белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеледі.

Егер жауапкершілігі шектелуі серіктестіктің жарғысында оның құрылтайшылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлік енгізуі көзделсе, серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі және кейінгі кезеңге сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс құрылтайшының біреуін немесе үшінші жақты көрсете алады.

Сенімгерлік басқару туралы шартта:

1) сенімгер  басқарушының барлық құрылтайшылардың  мүдделері үшін, ал жауапкершілігі  шектеулі серіктестік құрылғаннан  кейін серіктестік мүдделері  үшін тиісті мүлікті басқаруды  жүзеге асыру міндетті;

2) жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  ол құрылған кезден бастап  пайдасына шарт жасалған және  сенімгерлік басқаруға берілген  мүлік осы кезден бастап меншігіне  ауысатын адамның құқықтарын  беру көзделуге тиіс.

  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушылардың үлестері 

Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады.

Үлес мөлшері ЖШС туралы Заңның 23 бабының 6 тармағында көзделген тәртіппен белгіленеді. Қатысушылардың тым болмағанда біреуінің жарғылық капиталдағы үлесінің қандай да бір өзгеруі (ұлғаюы немесе азаюы) серіктестікке барлық қатысушылар үлестерінің мөлшерін тиісті түрде қайта есептеуге әкеп соғады.

Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына әкеп соғады. Осы Заңда белгіленген тәртіппен үлес сатып алу үлесті сатып алушының серіктестік қатысушыларының құрамына кіргендігін білдіреді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушы үлесіне құқық заттық емес, міндеттемелік сипатта болады. 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі

Қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіндегі үлесі салым төленіп қойылған бөлігінде ғана салым толық төленгенге дейін иеліктен алынуы немесе кепілге берілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе басқа жолмен беруге, сол сияқты серіктестікке қатысушы серіктестіктің басқа қатысушысы алдындағы өз міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруге құқылы. Бұл мәмілелерді жасауға серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді.Алайда, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында ЖШС туралы Заңның 28 бабының 3-тармағында аталған шарттар көзделсе,үлесті беру кезінде бұл шарттар сақталуға тиісті болады.

Информация о работе Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру