Рента шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 20:03, курсовая работа

Краткое описание

Рента қарым қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданған соң (күшіне енгізілгесін) пайда болды. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір бойы асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қауіпі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.

Содержание

Кіріспе........................................................................................ 3
І. Негізгі бөлім
1.1Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы….........................4
1.2 Рента шартының ерекшелігі.............................................................................9
ІІ - бөлім . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрақты рента шарты......................................................................................14
2.2 Ғұмырлық рента шарты..................................................................................19
2.3 Өмір бойы асырауда ұстау шарты.................................................................22

III – бөлім
Қорытынды............................................................................. 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............... 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

827 Рента шарты.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)

Сондықтан, бiз рента  алушы өз мүлкiне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмiр бойы асырауда болып келетiн тұлғаның бұрынғы мүлкiне шектеулi заттық құқық

ретiнде анықтауға  болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзiне берiлген тұрғын үйге (жайға) пайда болады.Өмiр бойы асырауды берген кезеңде рентаны төлеушi рента төлеу үшiн берiлген мүлiктiң құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуiне қажеттi шараларды қолдануы қажет.

Сондықтан рентаны алушыға өмiр бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын (немесе сақталмағанын) бақылау (байқау) құқығы берiледi деген ақылға сыйымды. Рента төлеушiнiң бұл мiндетiн бұзғаны шартты елеулi бұзушылық болып бағалануы керек. Өзiнiң мiндеттемелерiн рентаны төлеушi елеулi бұзған реттерде рентаны алушы өзiне оның өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуi үшiн берген мүлкiн қайтаруды талап ете алады.

 Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып алу бағасын төлеудi талап етуде болып келедi. Рентаны сатып алу жағдайлары ҚР АК 528 бабына сəйкес анықталады (ҚР АК 539 бап 2 тармақ). Өмiр бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келедi. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеушi рента алушыны асырау үшiн жұмсалған шығындардың өтелуiн (сатып алу бағасының есебiне жатқызылуын) талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешiм, рента (өмiр бойы

асырауда ұстау) шарты  рентаны сатып алу жолымен  тоқтатылатын реттерге қатысты соның заңды негiздерiне мұқият қарауды талап етедi.

Барлық орын алған  жағдайлар (фактiлер) дабағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын терiс пиғылмен пайдалануына жол берiлуi мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  Қорытынды

 

Сонымен,  қорыта  айтар  болсақ  рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы)  екінші  тараптың  (рента төлеушіге)  меншігіне  мүлік  береді,  ал  рента  төлеуші  рента  алған  мүлікке  айырбас  ретінде  рента  алушыға  белгілі  бір  ақша  сомасы  түрінде  немесе  оны  ұстау үшін  өзге  де  нысанда  қаражат  беру  түрінде  мезгіл-мезгіл  рента  төлеп  отыруға  міндеттелген.

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  рента  шартының  үш  түрі  көзделген:  1)  тұрақты  рента  шарты;  2)  ғұмырлық  рента шарты;  3)  өмір  бойы  асырауда  ұстау  шарты.

Тұрақты  рента  тараптары  болып  рента  алушы  және  рента  төлеуші  табылады.  Тұрақты  рента  алушылары  болып  азаматтар  және  коммерциялық  емес  ұйымдар  келеді.

Ғұмырлық  рента алушы ретінде бірнеше субъектілер бола  алады.  Ғұмырлық  рента алушылар  егер  шартта  өзгеше  көзделмесе  бірдей  тез  құқылы  болады  (олардың  үлестері  тең).  Ғұмырлық  рентаны алушылардың  біреуі  қайтыс  болса,  онда  оның  рентаны  алу  құқығындағы,  шартпен  өзгешелік  қарастырылмаса,  артында  тірі  қалған  рента  алушыларына  өтеді  (ауысады).

Өмір  бойы  асырауда  ұстау  шарты  бойынша  рента  алушы  –  азамат  өзіне  тиесілі  қозғалмайтын  мүлікті  сол  азаматты  және  ол  көрсеткен  үшінші  бір  адамды  өмір  бойы  асырауда  ұстауды  жүзеге  асырауға  міндеттенген  рента  төлеушінің  меншігіне береді.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

  1. Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 30  тамыз 1995  ж.
  2. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  27  желтоқсан  1994  ж.(жалпы  білім)
  3. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің 1 шілде 1999  ж. 
  4. Жайлин  Ғ.А. Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  құқығы.  Оқулық.  Ерекше  бөлім.  I.  том.-  Алматы:  Заң әдебиеті,  2003. 
  5. Джусупов  А.  Г.  Право  собственности  и  иные  вещные  права  —  Алматы:  Жеті  Жарєы,  1996.
  6. Иоффе  О.  С.  Советское  гражданское  право.—Изд-во  ЛГУ,  1961., 
  7. 7.Гражданское право.  Учебник.  Часть І/Под ред.  А.  П.  Сергеева,  Ю.К.Толстого.-М.:  "Проспекты",  1996. 
  8. Суханов  Е.  А.  Лекции  о  праве  собственности.—  М.;  Ю.Л.,  1991.
  9. Гражданское  право.  Учебник.  Часть  II/  под.  Ред.  А.П.Сергеева,  Ю.К.Толстого.  Проспект,  1997№
  10. Хейфец  Ф.С.  Недействительность  сделок  по  российскому  граж-данскому  праву.-М.:  Юрист,  1999.

 

 

 

 

 




Информация о работе Рента шарты