Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:02, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері.doc

— 268.50 Кб (Скачать документ)

Осы екеуін ажырату үшін одан  да тереңірек бағдарлау  қажет. Бұл    бағдарлар ғылым  дамуымен  жетілген. Абайсыздықтың  менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне  байқаушылық  және мұқияттылық  болмайды,  алайда      құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор  жасыл  жанған  кезде     өтсе,  онда   абайсыздықтың   қарапайым  түрі,  ал  трамвай  жолында  ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық    элементтері  болғанымен, абайсыздықтың  менмендік  түріне   жол  береді.

Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа  кінә  жауапкершілікті     шарасы   ретінде  емес,  шарты  болып саналады. Егер кінә  болған  жағдайда      құқық бұзушы  азамат  кінәнің формасына  қарамастан  келтірілген зиянды   толық көлемде өтейді. Алайда  заңмен  немесе шартпен кінә  формасы    көзделсе, онда  азаматтық-жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден   ауытқиды,  бірақ қылмыстық   құқықтағыдай  кінәні  төрт   түрге бөлу  қажеті жоқ. Көп ретте  жоғарыда  көрсетілгендей  кінәнің     үш     мүшелігі кінәнің ауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті.     Азаматтық құқықта аралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі      белгілермен   сипатталады:

а) зиян  тек қана  несие  берушінің    мүліктік   сферасында  жинақталады.

б)  зиян  бүтіндей  бірлікті  құрап, борышқордың  кінәлі әрекетін және  несие  берушінің  кінәлі  әрекетін  анықтауға мүмкін   болмайды.

Аралас  кінә  түрінде  борышқордың зиянды әрекеті қанша,  ал  несие      берушінің  кінәсінің  қанша  екендігін  анықтау  мүмкін болмаған  кезде,      осылардың  арасындағы  зиянды  анықтау  кезінде тек  бір белгі  ретінде     борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын)    анықтауға қолданады.  Бұл  кезде  міндеттеме  қайсы тараптың кінә   дәрежесі      көбірек      болса,   зиянның  көп  бөлігі  соның есебінен өтеледі.  

а)   зиян   несие  берушінің  мүліктік сферасына  пайда  болады.

б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы  әрекетімен  келтіріледі.

в) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін  анықтау  болмайды.

г) бірлесіп   зиян  келтірушілер   несие  берушінің  алдында  солидарлы  жауапкершілікте  болады.

Кінәнің  болмауынан міндеттемені  бұзған  тарап   дәлелдейді.

Қылмыстық құқыққа қарағанда  азамматтық құқықта құқық  бұзушының  кінәлі презумпциясын көрсетеді. Соңғы  өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Егер азаматтық айналымға  қатысушылардың  біреуі құқыққа  қарсы  әрекетімен  азамматтық   айналымды  бұзатын  болса,  әрекет  салдарынан  зиянның  болғанын  зиян  келген  тарап  қана  біледі. Сондықтан осы  тарапқа  зиянның  болуы  және  құқыққа  қарсы  әрекетімен  азаматтық  айналымды  бұзатын  болса,  әрекет  салдарынан  зиянның  болғанын  зиян келген  тарап қана  біледі.  Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және  құқыққа қарсы әрекетімен  құқық бұзушының арасындағы  себепті   байланысты  себепті байланысты  дәлелдеу  фактілері жүктеледі.

 Алайда талапкер  құқық  бұзушының міндеттемені  орындауда  қандай   шаралар  қолданғанын және оның  санасында  қандай  психикалық   процестер қалыптасқанын, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай  болғандығы  біле  алмайды. Сол уақытта  құқық  бұзушыға   осының  барлығы   белгілі  болады.Талапкерге қарағанда  өзінің  дәлелдемелерін  келтіре  отырып  құқық  бұзушы  кінәсіздігін  дәлелдей  алады.  Сондықтан  азаматтық  құқықта   құқық  бұзушы  өзінің  кінәсіздігін  дәлелдегенше  кінәлі  болып есептеледі.  Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлілік  презумпциясы  туралы сотқа талапкер  де   өзінің   дәлелдемелерін  де  келтіре  алады.

Азаматтық  айналымдағы  қатардағы  субъеатілермен  бірге  өзінің   кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша  қатынасындағы   кәсіпкерлер  де  қатыса   алады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асырудағы       азамматтық    құқықтық    жауапкершілік  тәуекел  кезінде  құрылады.    

Азаматтық  Кодекстің  359 –бабында   2-ші бөлігі  және 360 -   бабында былай делінген: «Кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асырған кезде   міндеттемені   орындамаған немесе  тиісті дәрежеде  орындамаған  адам, егер бой  бермейтін күштің,  яғни осы  жағдайлар кезіндегі төтенше  жән  тойтаруға  болмайтын   мән-жайдың (дүлей-құбылыстар,   соғыс   қимылдары және  т.б.)  салдарынан   тиісті дәрежеде  орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей  алмаса,     мүліктік жауаптылықта болады. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда     міндеттемені  орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе     қызмет    көрсетудің    рынокта   болмауы  жатпайды.

Егер міндеттемеде кәсіпкердің  тапсырысы бойынша әлде бір   жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдалануды мүмкін   еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз  болу тәуекелі кәсіпкерге   жүктеледі.  

Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде        өзінің кәсіпкерлік  қызметін  орындамағаны үшін  жауапкершілікте болады.

Алайда, кәсіпкерлік қызметпен  байланысты міндеттеме кәсіпкер   қатысы оның  жауапкершілігі  тәуекел  ету барысында емес, кінәсіне қарай    болады. Кәсіпекерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің   жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса,       кәсіпкер     жауапкершіліктен   босатылады. 

Бұл ереже диспозитивті  сипатта   екендігін     естен   шығармау  керек. Осы  сұрақтың  басқа шешімі  заңда  немесе шартта көзделуі мүмкін.    Азаматтық заңдылық негіздеріне  сәйкес келтірілген зиян үшін     жауапкершілік  егер   оның  кінәсінен  болмағандығын дәлелдей алса, залалды өтеуден босатылады.

Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптарегер кінәсі болмаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі  мүмкін.

Көтеріңкі қауіппен байланысқан (транспорт ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар,құрылыстар, автотранспорт құралдарының иелері және т.б. азаматтар және заңды тұлғалар, егер бой бермейтін күштің немесе талапкердің қасақана  әрекетінен зиянның келгендігін дәлелдей алмаса, көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен келген зиян үшін жауап береді.Көтеріңкі қауіптің қайнар көзіретінде көрсетілген обьектімен толық адам басқара алмайтын,өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер танылады. Мысалы, томобильді қас қағым сәтте тоқтату мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады. Көтеріңкі қауіптің қайнар көздерінің  иелері көтеріңкі жауапкершілікті қолдану (кінәсіне қарамастан) оларды көтеріңкі қауіп қайнар көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді. 

Сақтау қызыметімен  байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой бермейтін күштің әсерінен  болмаса, жауапкершіліктен босаылады.            

Алайда азаматтық заңдылықпен  бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз жауапкершілікті  белгілеу шексіз емес.Кейбір жағдайларда  егер талапкердің қасақана әрекетінен болса жауапкершіліктен босатылады.Мысалы,көтеріңкі қауіп қайнар көзінің иесі егер зиян талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса,жауапкершіліке тартылмайды.Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса жауапкершілік қолданылмайды.

Ежелден тыс СССР –  дің әуе кодексінің 101- бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде  жолаушыға  келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе  транспорт кәсіпорын жауапгершілікке  тартылады. Осыған байланысты оқиға  және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз қажет.

Оқиға – бұл алдын-ала  ешкім көру мүмкін емес жағдай. Егер орқиға орын алса, онда кінәнің да болуы  да мүмкін емес. Алдын-ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субъективті  қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап болатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын- алуға мүмкін болар еді. Мысалы, сауда ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұраныстың төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас үшін басқа тауар әкелетін еді.

  Егер оқиға субъективті алдын-ала алмаушылық тән болса, бой бермейтін күшке объективті алдын алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алуға  мүмкіндік болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткіліксіз. Мысалы, кеме жүк тасымалдау міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындағын білсе де,  сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы.

   Бой бермейтін  күші ретінде табиғат құбылыстарын  жатқызамыз (жер сілкінісі, су  тасқыны, дауыл т.б.) сонымен қатар  қоғамдық  құбылыста(әскери іс-әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген  іс-әрекетке тиым салушы құзретті  билік органдарының бұйрығы және  т.б.). Алайда міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің белгілі болуы үшін оған төтенше және жоя алмаушылық белгілері тән осы аталған екеуін біреуі жоқ болса, онда тиісті міндеттеме бой бермейтін күш ретінде саналмайды. Жыл мезгілдеріне ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншілік белгісі жоқ әдеттегі құбылыс. Сондықтан берілген жағдай бой бермейтін күшінде саналмайды. Бой бермейтін күш ретінде кісі өлімін қарастыруға болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ.

 Бой бермейтін күшке  берілген мысалдағыдай төтеншілік және жоя алмаушылық қасиеті тән. Ал басқа жағдайларда міндеттемені орындау кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін, ал кейбірінде міндеттемені орындауға кедергі болатын әдеттегі құбылыс ретінде қарастырылады. Дауыл туралы хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса онда дауыл бой бермейтін күш болып табылады.

  Егер кеме иесі  дауыл  туралы  хабарлаған  кезде  портқа жақын   болса,  және тиісті шаралар  қолданбаса, онда  бой  бермейтін  күш   ретінде     қарастырылмайды. Орман өрті өрт сөндіруге құралы жоқ тарапқа бой бермейтін   күш   ретінде   саналады,  ал   өрт   сөндіру   құралы бар тарапқа    бой   бермейтін   күш   ретінде қарастырылмайды. 

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой  бермейтін күш  түсінігі туралы пікірлер  көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе     жоя  алмаушылық   белгісінің    бірі  ретінде  саналып,  бой  бермейтін   күш  маңызын  жоғалтып   отыр. Мысалы: найзағай бұрын бой  бермейтін күш   ретінде  саналған. Қазір  техника  жетістіктеріне   байланысты  азаматтық   қатынасқа    қатысушылар   оны   бой  бермейтін    күшке   жатқызбайды.

 

 

 

 

2.4.  Зиян

Зиян  -  заңмен  қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян  мүліктік  сипат алатын  болса,   оны   залал   деп атайды.  Залалдың  ақшалай    баламасы  шығын   деленеді.   

Азаматтық кодекстің 9-шы  бабында  құқығы  бұзылған  адам, егер   заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды   толық  қалпына   келтіруді  талап  ете алатындығы  бекітілген. Залалдың орнын   толтыру   жөніндегі норма  императивті тұрғыда  келеді, ол барлық  азаматтық   құқықтық қатынастарға жүреді  және жақтардың шартында шығынды  келтіру қаралды  ма,  жоқ  па,   оған   қарамай  әрекет  ете  береді. 

Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік     органының заңдарға сай келмейтін  құжат шығаруы, сондай-ақ осы  органдардың  лауазымды адамдарының әрекеті  (әрекетсіздігі) салдарынан    азаматқа  немесе  заңды  тұлғаға Қазақстан  Республикасы немесе тиісінше    әкімшілік     аумақтық   бөлініс  өтеуге  тиіс.

Залалдар   мынадай  екі  түрге  бөлінеді:

1) Құқығы бұзылған  тұлға жасаған немесе жасауға   тиісті   шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы  (нақты нұқсан);

2)  Сол   тұлғаның  құқығы  бұзылмаған болса,  дағдылы   айналым   жағдайында  болатын,  бірақ  алынбай  қалған   табыстары    (айрылып  қалған   пайда).

Мысалы: тасымалдау шарты  бойынша мүлік бүлінсе немесе    зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде   шығынын   төлейді.  Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа  жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші    жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа       зақым келтіруден   туындайтын  шығындар (емделуге,   қосымша  тамақтануға  т.б.)   жатады.

Егер  құқықты  бұзған тұлға  кейін  кіріс  түсіретін  болса, онда  құқығы  бұзылған  тұлға өзге  де  айырылып қалған пайдасымен  қоса түсуге  тиісті   кірістен  кем емес  мөлшерде  орын алған залалды  қалпына  келтіруді  талап  ете  алады.  

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық  ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге     келетін  залал,   біреудің  атын  пайдаланып  оған  залал және  т.б.  жатады.

 

2.5.   Азаматтық  –құқықтық   жауапкершілік    тұтынушылардың   құқығын   қорғау  құралы.

Тұтынушылардың құқығын  қорғау  ретінде   мүліктік     жауапкершілік   ерекше  орын  алады.  Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты мүліктік     жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы  бұзылған  тараптың мүліктік   сферасын    қайта   қалпына   келтіру   болып   табылады.    

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік  юридистикалық жауапкер-шіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік   белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары  ретінде  жауапкершілік  кеңінен  таралған.   

В.П.Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік   мемлекеттік   және   қоғамдық     ұйымдардың    мәжбүрлеу    формасы.       

Тұтынушылардың   құқығын   қорғау  құралы  ретінде  азаматтық  –құқықтық жауапкершілікті қарастыра  отырып оның қызметін анықтап  алуымыз  қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік   компенцациялық  сипатта  кеңінен  таралған.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері