Чернобыль жарылысынан кейінгі салдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 19:52, реферат

Краткое описание

ЧАЭС-те болған 1986 жылғы жарылыстың салдарына байланысты проблемалардан басқа, саммитке қатысушылар ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, елдердегі АЭС-тердегі оқиғалар туралы ақпарат таратушы халықаралық желіні жолға қою мәселелерін талқылады. Киевтегі саммит
Чернобыль АЭС-дегі апаттың – ХХ ғасырдағы ірі техногендік апаттың 25 жылдығына орайластырылды. Жапониядағы қасіреттен кейін әлем халқын атом электр стансаларының ахуалы алаңдатқандай...

Прикрепленные файлы: 1 файл

Чернобыль жарылысынан кейінгі салдар.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

                   Чернобыль жарылысынан кейінгі  салдар

 

ЧАЭС-те болған 1986 жылғы жарылыстың салдарына байланысты проблемалардан басқа, саммитке қатысушылар ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, елдердегі АЭС-тердегі оқиғалар туралы ақпарат таратушы халықаралық желіні жолға қою мәселелерін талқылады. Киевтегі саммит

Чернобыль АЭС-дегі апаттың – ХХ ғасырдағы ірі техногендік апаттың 25 жылдығына орайластырылды. Жапониядағы қасіреттен кейін әлем халқын атом электр стансаларының ахуалы алаңдатқандай... 

   1986 жылы 25 сәуiрден 26-сына қараған түнi адамдардың өздерiне деген сенiмдiлiгiнiң, немқұрайдылығының салдарынан бейбiт мақсатта жұмыс iстеп тұрған атом электр стансасы бақылаудан шығып, өзiнiң дүлей күшiн көрсеттi. Чернобыль АЭС-iнде болған апат мемлекет басына келген жаңа билiк үшiн қатаң сынақ болды. Орталық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары апатты жағдайды барынша құпия ұстады. Оқиға орын алған екi күннен кейiн орталық «Правда» газетi Чернобыль апатын қатардағы жағдай ретiнде көрсетiп, екi адамның қаза тапқанын жазды. Әлемнiң көптеген елдерiнiң қысымымен Кремль билiгi қалыптасқан жағдайды там-тұмдап жариялап, апатты аймақтан тұрғындарды көшiрудi 2 мамырдан бастап қолға алды. Киев қаласында қызмет iстейтiн шетелдiк мамандар мен студенттер қаланы тастап кетiп жатты.  

   Сол күндерi әртүрлi ақпараттар бойынша қаладан 500 мың адамнан 1 миллионға жуық тұрғындар жансауғалап, көшiп кетуге мәжбүр болған. Көз көргендердiң айтуы бойынша, қалаға келетiн пойыздар бос келiп, толып, қайта кететiн болған. Темiр жол басшылығы сол күндерi қалаға келу үшiн қосымша 30 пойыз шығарса да жетiспеушiлiктер орын алған. 

   Апаттан кейiнгi 8 минутта 4 реактордан сыртқа шыққан 140 тонна радиоактивтi отын ауаға тарап, халық АҚШ-тың Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастаған атом бомбасына тең сәулеге шалдыққан. Радиоактивтi сәулеге Белоруссияның Гомель, Могилев облыстары, Украинаның Киев, Житомир облыстары мен Ресейдiң Брянск облыстарының тұрғындары түгелiмен шалдыққан. 1995 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының арнайы есебi бойынша Чернобыль апатынан 9 миллион адам зардап шеккен. Оның 4 миллионы – 14 жасқа дейiнгi жас балаларды қамтыған. Бүгiнгi таңда апат зардабынан қаза тапқандардың саны 320 мың адамды құрап отыр. Бұл бiр ғана Украинадағы жағдай. 

    Чернобыль АЭС-iнде болған апаттың зардаптарын жоюға КСРО-ның барлық аймақтарынан ерiктiлермен қатар арнайы қызмет орындарының қызметкерлерi де барды. Алматы қаласынан бұл апатты аймаққа 16 мың адам қатысты. Олардың 90 пайызы – әскери қызметкерлер. Денсаулық сақтау, Қорғаныс министрлiктерi келтiрген мәлiметтер бойынша, бұл адамдардың бүгiнде тек 323-i ғана тiрi көрiнедi. Демек, 15 мың 577 адам апат зардабынан қайтыс болған. 
Жалпы, Чернобыль АЭС-i 1970 жылы салына бастаған. Стансаға графиттi – уран реакторы қойылып, оның қуаты 3200 Мвт. құраған. Орасан зор қуатқа ие реакторды салушылар әу баста оның қауiпсiздiгiн айтып, автоматты түрде апатты болдырмайтын жүйенi жобалауды ескермеген. Станса жобасын Мемлекеттiк комиссия қабылдап, МАГАТЭ халықаралық ұйымы бекiткен. 1977 жылы стансаның 1-ші, 2-ші блогы iске қосылған. Араға алты жыл салып, реактордың 3-ші, 4-ші блогы салынған. АЭС алғашқы электр энергиясын берiп үлгермей жатып, апат орын алған. 1983–1985 жылдары АЭС-те бес бiрдей апат орын алып, 63 рет негiзгi құрылғы iстен шыққан. Мұның өзi ерте ме, кеш пе, АЭС-те орасан зор апаттың болатынын ескерткен. Алайда өздерiне сенiмдi мамандар мұндай әрекеттiң болуы мүмкiн емес деген үстiртiн ойдан шыға алмаған. Ядролық реактордың жалыны 300 метрге көтерiлген. Жарылыс кезiнде салмағы 1 тоннаға жететiн темiр жабулар әуеге ұшқан. Атом отыны жалғанған 1661 канал ашық аспан астында қалып, атмосфераға араласып, жел бағытымен үдере көшкен. Жарылыс кезiнде кешенде 4500 адам жұмыс iстеген. 4 реактордағы өрттi ауыздықтау 8 күнге созылған. 
Апаттың алғашқы күнi бiрден 80 адам қаза болған. Ауруханаға апара жатқан жолда 2 мың адам көз жұмған. Кеңестiк идеология оны жасырып, 2-ақ адамның өлгенiн хабарлаған. Радиоактивтi элементтiң құрамында адам организмiнде рак ауруларын тудыратын цезий – 143, йод – 131 химиялық түзiлiмдерi болған. 
1986 жылы 14-мамырда СОКП Орталық комитетiнiң Бас хатшысы Михаил Горбачев Орталық теледидар арқылы сөз сөйлеп, апаттың орын алғанын ресми түрде мәлiмдедi. Ол өз сөзiнде апатты жағдайдың орын алуына Батыс елдерiнiң ықпалы болғанын, оның түпкi мақсатында кеңестiк жүйеге қарсы озбырлық тудыру ниетiнiң жатқанын түсiндiрдi. 
2000 жылы 5 маусымда Украина президентi Чернобыль АЭС-iнiң ресми жабылғанын жариялады. 1986 жылы қараша айында тұншықтырылған 4-блоктағы саркофаг ғайыптан саңылау берсе, оның зардабы орасан зор шығын әкелетiнi анық. Оны мәңгiлiкке жою үшiн 4 млрд.-қа жуық (доллар есебiмен) қаржы қажет. Әзiрше, 4-блоктағы реактор уақытша ұйқы құшағында көрiнедi. 
Чернобыль апатының куәсi ретiнде станса маңында күнi бүгiнге дейiн 500 тонна залалды ет тиелген 40 вагон-рефрижератор тұрған көрiнедi. Апатты күндерi Киев су қоймасынан су пайдаланған 150 мың адамның түрлi сырқаттармен ауыратыны анықталған. Олардың 60 мыңдайы – жасөспiрiмдер.

 

 

 

                     

                 Семей полигонының салдары

 

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом  полигонын жабу турасындағы Жарлыққа  қол қойғанына да, міне, жиырма  жыл толады. Бұрынғы Семей атом  полигонының ел мен жерге тигізген  зардаптары туралы БАҚ-тарда аз  жазылып жүрген жоқ. Әйтсе де, оны егемендік алған еліміздің қай халық өкілі болмасын естен шығармауы тиіс. Семейдегі Радиациялық-экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ тоқталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670-тей ядролық жарылыс жасалған. Мұның 95 пайызы Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынақ 1964-1965 жылдардан бастап қана жерасты шахталарына көшірілген. Ал 1949 жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген.

Сынақ алаңының  зардабы

     Ресми түрде тіркелген  сынақтар саны – 124. Бірақ кейбір мұрағаттық құжаттарға қарасақ, бұл алдамшы мәлімет сияқты. Шындығында, тек кейінгі жылдарда ғана полигонда 345 жерасты сынағы болғанға ұқсайды. Олар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар. 

   Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін?! Бұл жақта сирек те болса өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі. 
Қазақ – көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес. Қайнар – (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес. 

   Бір кезде қайнарлық қайсар азамат, марқұм Болат Жәкішев ауылында полигон зардаптарынан қайтыс болғандардың тізімін жасап жүрген. Ол қайтыс болғалы он жылдан асыпты. Оның сол кездегі деректеріне жүгінсек, 1963 жылдан бері қатерлі ісік ауруларынан алақандай Қайнардың өзінде 200-ден астам адам қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған. 
Жарма ауданының «Қалбатау» ұжымында тұрған марқұм Мүтән Аймақов та – сол кездің куәгері. «Қайнар» синдромын көзімен көрген адам. 1953 жылы 12 тамызда тұңғыш сутегі бомбасын сынау кезінде Қайнар ауылында 42 адам әдейі тәжірибе үшін қалдырылған. Бұл күнде солардың бірде-біреуі жер басып тірі жүрген жоқ. 
Көршілес Саржал ауылының да түпкілікті тұрғындарының айтуынша (кейбір мұрағат құжаттары растайды), осы ауылда 200-ге таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. Мұнда ауруханада 1962 жылдан бері радиация зардаптарынан қайтыс болғандардың да тізімі жасалыпты. Оқи бастасаң жаның түршігіп, жағаңды ұстайсың! 1962 жылдан бері Саржалдың 70-тен астам адамдары өзіне-өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді. 
    Иә, өзекті өртеген өкініш осымен тынбапты. Сол ауылдағы дәрігерлердің айтуынша, қазір мұндағы әрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке ауытқушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерттерге шалдығушылық факторлары байқалады. Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есебіне тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500-ден астамының денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800 оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған. Әр үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады. 
Радиациялық сәуле алу кесірінен бұрын естіп-білмеген сұмдықтарды көру пешенемізге жазылыпты. Мәселен, Қарауылда бір әйел босанып, қол-аяғы жоқ, басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге әкелген. Мұндай бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Осындай кембағал жан, суретші, қарағандылық Күйіковтің есімі, кескіні қазір бүкіл әлемді шарлап кеткен. 
    Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді. 
1995-2000 жылдары бұрынғы Семей облысында туғандар санынан өлгендер саны басым түсе бастауы дабыл көтерерлік жағдайдың босағадан аттағанын көрсетеді. 
1990 жылдан бастап полигон маңайындағы бес аудан халқы медициналық тексерулерден жыл сайын өтіп келсе, бұл жұмыс қаржы жетіспеушілігінен 1992 жылдан тоқтатылған. Ал қолда бар мәліметтерге жүгінсек, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отыр. Ол «Қайнар синдромы» деген атпен құпия түрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған. Осы медициналық тексерулерді сол кездегі Кеңес Одағына мәлім радиолог-ғалым А.Ф.Цыб басқарып келген. Кезінде осы ғалымның медициналық комиссия сараптамасы баспасөзде жарияланды. Оны негізгe алсақ: 
– полигондағы атом сынақтары болған аймақта тұрғандардың қанында қызыл түйіршіктер азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық өзгерістер 4-5 есеге артқан; 
– 1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның орташа жасы үш жылға қысқарған; 
– медициналық тексеруден өткендердің 45-50 пайызының организмдерінде ауруға қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген; 
– 1969 жылмен салыстырғанда ақ қан ауруымен науқастанып, қайтыс болушылар саны үш есе көбейген; 
– полигонмен жапсарлас тұрған аудандарда туған балалар арасында ақыл-ойы кемістер сол кездегі Одақтық көрсеткіштен (әр мың адамға шаққанда) бес есе көп; 
– әр мың адамға шаққанда осы бес ауданда қатерлі ісік аурулары 445-460 адамға жеткен; 
– екіқабат әйелдердің науқастануы, түсік тастауы, үш әйелдің бірінің басындағы қасірет, тағысын-тағылар, айта берсең таусылмайды. 
Кеңестер Одағының әскери ведомствосы қолмен туғызған сорақылық, қылмыскерлік 40 жыл бойы Қазақстанның ең құйқалы өңірінде үнсіз қырғын ұйымдастырып келген. Біздің бағымызға орай, Радиологиялық зерттеу орталығының бас дәрігері В.Гусев семейлік болды. Ол республикамыз тәуелсіздік ала салысымен, көптеген құжаттардың көшірмесін алып қалып, жантүршігерлік жағдайлардың бетпердесін ашты. 
Атом сынақтарынан кейін пайда болатын 600-700 микрорентген бүкіл тіршілікті жояды. Ал 300-400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ақ қанға шалдығып, аз уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталық дәрігерлерінің зерттеуінше, бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алтай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25-30 бэр, кей аудандарда 40 бэрге дейін залал шеккен көрінеді. Мұндай сұмдықтың растығын Семей жеріне келіп, радиациялық деңгейді өлшеп жүрген ғалымдар да аракідік айтып жүр. Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған балық түрлерінде де байқалуда. 
Бұрынғы Кеңестер Одағының әскери ведомствосы Қазақстанда 20 миллион гектар жерді әскери сынақ алаңдары үшін бауырына басқан екен. Соның 2 миллион гектары Семей полигоны төңірегіндегі сынақтар алаңына жатқызылған. Осы алқапқа, полигонға жапсарлас аудандардың жері мен еліне сынақтардан қандай зиян келді? Кейбір шетелдік басылымдардың, әсіресе, америкалық және жапондық ғалымдардың деректері бойынша, Семей өңіріне атом сынақтары салдарынан келген зиян мөлшері 45-50 миллиард доллар көрінеді. 

   Күні кеше Ресей Кеңестер Одағының жалғыз мұрагері ретінде барлық әскери қуатты қаруды өзі жеке иемденіп кетті. Тіпті стратегиялық атом қаруымен жарақтанған бірнеше полкті де жеке-дара меншіктеніп, өз аумағына көшіріп алды. Ал күні бүгінге дейін Кеңестер Одағының осы мұрагерлеріне атом полигоны зардаптарын жою жөнінде талап қоймауымыз неліктен? Қаржылай көмек бере алмағанның өзінде, ағаш, мұнай, энергетикамен қараса алады ғой. 
Атом полигоны зардаптарынан қайтыс болғандардың толық тізімін жариялайтын «Қаралы кітап» шығаруды да қолға алатын мезгіл жетті.


Информация о работе Чернобыль жарылысынан кейінгі салдар