Ет өндіру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 19:04, доклад

Краткое описание

Ет өндіру технологиясы.docМалды бордақылау. Малды өсіру, жетілдіру және бордақылау жөніндегі түсініктер. Бордақылаумен шұғылданатын шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Циклограмма туралы түсінік. Бордақыланатын малдарды әртүрлі бағып-күту жағдайындағы операцияларды экологиялық және экономикалық негізде бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ет өндіру технологиясы.doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

 

Ет өндіру технологиясы

 

 

«…Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету керек.

Малды бордақылау. Малды  өсіру, жетілдіру және бордақылау жөніндегі  түсініктер. Бордақылаумен шұғылданатын шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Циклограмма туралы түсінік. Бордақыланатын малдарды әртүрлі бағып-күту жағдайындағы операцияларды экологиялық және экономикалық негізде бағалау. Малды қант өндіру технологиясы қалдықтарымен (сығынды, барда) бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту. Мамандандырылған етті ірі қара шаруашылықтарындағы «сиыр-бұзау» технологиясының ерекшеліктері. Бордақыланған малда

Ет өнімділігі. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы, тағамдық маңызы. Ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар, малды бордақылау және жайып семірту. Тірілей және сойғЕтті бағыттағы қолтұқымдар[өңдеу]

 

    Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.  Герефорд  пен ангус —  әлем бойынша ең көп тараған сиыр тұқымдары. Қыстың қатты суығы мен жаздың аптап ыстығына шыдамды. Жайылым  талғамайды. Қазақстанның жер бетіне орналасу бедері Канадамен бірдей ендікте, бірдей бойлықта жатыр. Екі елдің климаттық жағдайлары да өте ұқсас. Шөп құрамының құнарлылығы да Қазақстанмен бірдей. Сондықтан Канададан әкелінген малдар еліміздің жеріне тез бейімделеді.

    Абердин-ангус сиыры — сиырдың етті тұқымы. 1917 жылы Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Елімізге 1932 жылы Англиядан әкелінді.

    Ангус сиыры тез өседі. 210 күнде салмағы 250 келіден кем түспейтін жас төл алуға болады. Аталған тұқымның төлі тәулігіне орташа алғанда 800 грамм салмақ қосады. Сиырлардың тірі салмағы  500-550 килограмм, бұқалар —  750-950 килограмм. Жаңа туған төлдің салмағы —  18-28 килограмм. Күтімі жақсы болса, күн сайын шамамен 1200-1500 грамға дейін салмақ қосады.

   Герефорд тұқымы да — етті бағыттағы ірі қара. Бұл малдың тұқымы 18 айынан бастап барынша көп салмақ жинайды. Тәулігіне шамамен 1500 грамға дейін салмақ қосады. Сиырлары 3 жаста 430-500 килограмм, толық жасты сиырлар —  500-540 килограмм, бұқалар — 800-900 килограмм салмақта болады. Салмағы 750 килограмм тартатын сиырлар да бар. 
Бір жарым жасында 1 келі сүйекке шаққанда 5,5 келі еті болады. Герефорд тұқымының малы жақсы жемделеді.

          Ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, үдемелі экономикалық даму жолында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруда айрықша орын алатыны талай айтылып келеді. Осы бағытта мемлекет тарапынан бірқатар батыл да құтты қадам жасалып жатқаны белгілі.

Ет экспортын 2016 жылға дейін 60 мың тоннаға жеткізу керектігін тапсырды. Бұл қазіргі жағдайдағы 4 млн. тонна бидай экспортына тең әлеуеті зор жоба. Мемлекет аталған мақсатқа 130 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлмек. 
Жалпы, Кедендік одақ аясында елімізге тиімді өндірістің бірі – ет экспорты екені даусыз. Аумағында 170 млн.-ға жуық халқы бар «үштік одақтың» тұтынуына орайластырылған бұл бағдарламаның келешегі үлкен. Тіпті, бір ғана Ресейдің өзі бүгінгі күні әлемде сиыр етін тұтынуда 8 орында (АҚШ, ЕО, Бразилия, Қытай, Аргентина, Австралия, Мексика) деген мәлімет бар. Статистикалық мәліметтерге қарағанда бұл мемлекеттің ішкі сұранысы тек ірі қараның етіне жылына 2 млн. тоннаға баратын көрінеді (шошқа еті 1,5 млн. тонна, құс еті 1 млн. тонна). Әрине, осыншама азықты Ресей өз ішінде өндіре алмасы анық жайт. Қазірдің өзінде етті сонау Аргентина, Бразилия сияқты мемлекеттерден тасып жеп отырған РФ үшін іргедегі Қазақстанның өнімі тиімді болмақ. Олай болса, біз өндірген ет өнімдері түгелдей «орыс орманға» өтіп кетуі ғажап емес. Елімізде ет бағасы өскеннің «көкесі» сонда болмақ. Шілденің 1-нен бастап,үштік одақ территориясында кедендік рәсімдеу алынып тасталып, әкімшілік кедергілер жойылды. Сондай-ақ, ветеринарлық талаптар да бір ізге түсірілуде. Малдың пұл болатынына шынымен көзі жеткен үкіметіміз назарын мал шаруашылығына аударып отыр. Міне, сондықтан да, осынау ауқымды, халықтық жобаны игеруді бақылау тікелей премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктелді.

Мамандар  аталған жобаны игерудің арқасында ауылшаруашылығының экспорттық әлеуеті 1,5 есе күшейетінін айтады. Оның үстіне, әлемде ет саудасының қызып тұрғанын ескеретін болсақ, болашақта тек Ресей бағытымен ғана шектеліп қалмасымыз анық. Бүгінде адам өміріне ең қажетті әрі экологиялық таза өнімге дамыған еуропа мемлекеттері де, аштық құрсауында қызылсырап отырған африка елдері де мұқтаж. Сондықтан, ежелгі ата кәсібіміз мал бағуға қайтадан жаппай мойын бұратын уақыт келді. Себебі, ет өндірісінің артуы алдымен өзіміздің ішкі тұтынуымыз үшін де қажет. 2009 жылғы дерек бойынша Қазақстан сыртқа 300 тонна етті зорға шығарған болатын. 
Дегенмен, экспорт көлемін жылына 60 мың тонналық көрсеткішке жеткізу үшін жыл сайын 300 мың ірі қараны жемге байлап, бордақылау керек. Дәл қазіргі жағдайымыз мұндай талапты әсте көтере алмайтыны белгілі. Сондықтан, қолда бар малдың тұқымын асылдандырып, мол өнім беретін ірі қара санын көбейткен жөн. Неге десеңіз, дүниежүзінде ет саудасымен аты озып тұрған Бразилияда асылтұқымды малдың үлесі 75 пайыз болса, Аргентинада – 72 пайыз, Канадада – 65 пайыз. Ал, біздің елдің бүгінгі көрсеткіші 2 пайыздың төңірегінде ғана. Таяуда, бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев үкімет алдағы бес жыл ішінде шетелдерден 72 мың асылтұқымды ірі қараны әкелуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл республикамыздағы малдың сапасын жақсартып, мол өнім алуға жағдай туғызбақ. Атап айтқанда, ұрықтандыру жұмыстарына баса көңіл бөлініп, жыл сайын 300 мың ұрғашы малды асылдандыру көзделген. Ол дегеніңіз 2020 жылға дейін мүйізді ірі қараның 60 пайызын асылдандыруға мүмкіндік бермек.

Бүгінгі күні әр облыста кестеге сай жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде елімізге 10 мың бас шетелдік асылтұқымды мал келеді деп күтілуде. Осы 10 мың бас арқылы елімізге жеткізілген «шетелдік малдың» саны 17 мыңға көбеймек. «ҚазАгро» АҚ-ның хабарлауынша, 1 шілдеге дейін аталған 10 мыңның 410 басы АҚШ, Канада, Германия секілді елдерден жеткізіліпті. Өзгесі жыл аяғына дейін ұшып келуге тиісті. Жоба аясында асылтұқымды 300 мың бас малға арналып, 2,5 мың фермерлік шаруашылықтар құрылады деп жобалануда. Бұған қоса, 150 мың малға бордақылау алаңдары салынады. «Ет және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қазірдің өзінде елорда қажеттілігінің үштен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр» дейді мамандар. Мәселен, бүгінгі таңда Астана қаласының азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған 38 жоба бар. Оларды қаржыландыру «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мұндай жобалардың 27-сі толық іске қосылып, жемісін бере бастады. Солардың бірі – Астана қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Сабынды ауылындағы ет өндіру кешені. Аталмыш елді мекен Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарайды. Жоба 2010 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы құны 986,34 миллион теңге болса, соның жартысынан астамын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бөлді. Яғни жылына 6 пайыздық мөлшермен несие берілді. «Бақара» компаниялар тобының бақылаушылар кеңесі төрағасы Серік Рахымбаевтың айтуынша, бүгінгі күні осы несие біртіндеп қайтарыла бастады. Былтыр 30 миллион теңге қарыз жабылса, биыл бұл көрсеткіш 10 миллионға артпақ.

Ет  өндіру кешенін қолға алған кәсіпорын өнімді түрлендірген. «Астана Агроөнім» ЖШС директоры Қуаныш Нұрқияновтың айтуынша, қазір мұнда шұжықтың 30 түрі, жартылай дайын өнімнің 40-тан астам түрі өндіріледі. Айта өтейік, республика бойынша дәл осындай «блокты ет» және вакуумдық қаптамадағы ірі кесек ет өндіретін ет өңдеуші кешен үшеу ғана. Инвестициялық бағыт бойынша бұл үш кәсіпорынға 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Малды өзі жемдеп, сойып, дайын өнімді тікелей тұтынушыға ұсынатын кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Германиядан арнайы мамандар шақыртылып, ең озық деген технология ендірілді. Астана айналасын азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорын жылына 5 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіруге қауқарлы. Ет комбинаты, бұйыртса, 2013 жылы толық қуатымен жұмыс істемек. Осы межеден көріну үшін кәсіпорын Ақмола облысымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Кереку жерлерінен мал басын сатып алып отырады. Сондай-ақ Сабындыдан 40 шақырым қашықтықта серіктестіктің мал бордақылайтын алаңы бар. Онда 1000-нан астам сиыр семіртіледі. Болашақта жақын маңнан осындай тағы бір бордақылау алаңы салынбақшы. Отандық өнім Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен тағы басқа ірі қалаларға жөнелтіледі. 

                                      Етті бағыттағы қолтұқымдар

Ірі қара

Бұл бағытта  Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15—20 пайыз көп.

Ірі қараның  етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.

 

Елдер 

Өндіру көлемі, млн т 

Дүниежүзіндегі  орны

Қытай 

55,3 

1

АҚШ 

35,8

2

Бразилия

11,7

3

Германия

6,5

4

Франция

6,2

5

Үндістан

4,6

6

Испания

4,4 

7

Ресей 

4,2 

8

Мексика 

4,1

9

Ұлыбритания 

3,8 

10

Дүниежүзі бойынша

216,2

 

 


Информация о работе Ет өндіру технологиясы