Бұрғылау және шегендеу құбырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 18:52, доклад

Краткое описание

Мұнай өндіруде құбырларды скважина бағанасын бекітуге, скважина ішіне канал жасауға, скважинаға жабдықтар түсіруге, кәсіпшілік ішінде мұнайды, газды және суды тасымалдауға қолданылады.
Бұрғылау құбыры
Пайдаланау скважиналарының жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге байланысты жұмыстар жүргізу барысында бұрғылау құбырлары қолданылады. Жөндеу және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін скважиналардың шегендеуші құбырларының диаметрлерінің кішілігі бұрғылау құбырларының әртүрлі өлшемдерін қолдануды шектейді. Мұнай және газ өндіру кезінде пайдаланатын бұрғылау құбырларының өлшемдері 25.1- кестесінде көрсетілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диана.docx

— 19.34 Кб (Скачать документ)

Бұрғылау және шегендеу құбырлары

Мұнай өндіруде құбырларды скважина бағанасын бекітуге, скважина ішіне канал жасауға, скважинаға жабдықтар түсіруге, кәсіпшілік ішінде мұнайды, газды және суды тасымалдауға қолданылады.

 Бұрғылау құбыры

Пайдаланау скважиналарының  жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге  байланысты жұмыстар жүргізу барысында  бұрғылау құбырлары қолданылады. Жөндеу және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін скважиналардың шегендеуші құбырларының диаметрлерінің кішілігі бұрғылау құбырларының әртүрлі өлшемдерін қолдануды шектейді. Мұнай және газ өндіру кезінде  пайдаланатын бұрғылау құбырларының өлшемдері  25.1- кестесінде көрсетілген.

 

Кесте 25.1

Көрсеткіштер

Сандық мәні

Шартты диаметр, мм

60

73

89

102

114

127

Қабырға қалыңдығы, мм

7,9

7,9,11

7,9,11

7,8,9,11

7,8,9,10,11

7,8,9,10


 

Бұрғылау құбырлары жеті беріктік тобына (Д, К, Е, Л, М, Р, Т) жинақталған  көміртекті және төмен шынықтырылған  болаттардан жасалады. Бұрғылау құбырлары  ГОСТ 631-80 бойынша жасалады.

Бұрғылау құбырларының шартты белгілері:

а) Құбыр 140 х 9 Д ГОСТ 631 –  диаметрі 140 мм, қабырға қалыңдығы     9 мм, Д беріктік топты болаттан жасалған соңының ішкі беті ұлғайтылған құбыр.

б) Құбыр П 140 х 9 Д ГОСТ 631 – дәл сондай құбыр, тек жоғары дәлдікті жасалған.

в) Құбыр Н 140 х 9 Е ГОСТ 631 – Е беріктік топты болаттан, қарапайым дәлдікпен жасалған соңының  сыртқы беті ұлғайтылған құбыр.

г) Муфта Н 140 х 9 Е ГОСТ 631 – сол құбырға муфта.

Сол резьбалы құбыр және муфтаның шартты белгісіне «Құбыр»  және «Муфта» сөзіне кейін Л әріпі  қойылады.

Бұрғылау құбырлары келесі ұзындықтарда дайындалады :

а) шартты диаметрі 60 – 102 мм – 6,8 және 11,5 м;

б) шартты диаметрі 114 – 168 мм – 11,5 м.

Шегендеуші құбырлар

Шегендеуші құбырлар тізбегі  болаттың беріктік тобы әр түрлі және қабырға қалыңдығы әр түрлі шегендеуші құбырларынан толықтырылады. Негізінде  тігіссіз бүтін құбырлар қолданылады. Аз мөлшерде бағыттаушы мен кондуктор ретінде электрмен дәнекерленген құбырлар қолданылады. Шегендеуші құбырлардың келесі түрлері ажыратылады:

Конустық бұрандалы үшбұрыш  профильді құбырлар – қысқа және созылған;

Бұрандасы трапеция профильді ОТТМ шегендеуші құбырлар;

Жоғары герметикалық бұрандасы  трапеция профильді ОТТГ шегендеуші құбырлар;

Трапецедиальді бұрандалы муфтасыз ОГ-1М шегендеуші құбырлар;

Жоғары герметикалық бұрандасы  трапеция профильді муфтасыз ТБО шегендеуші құбырлар.

Шегендеуші құбырлар өлшемі.

Шегендеуші құбырлар мен  оларға арналған муфталар ГОСТ 632-80 бойынша  келесі өлшемдерде жасалып шығарылады (құбырдың шартты диаметрі, мм): 114; 127; 140; 146; 168; 178; 194; 219; 245; 273; 299; 324; 340; 351; 377; 406; 426; 473; 508. 351, 377 және 426 мм өлшемді құбырларды қолдану ұсынылмайды. Жеткізілетін құбырлардың ұзындығы 9,5 метрден 13,0 метрге дейін болады, алайда жеткізілген құбырлар партиясынан 20 %-ға дейін 8... 9,5 м ұзындықты және 10 %-ға дейін 5... 8 м ұзындықты құбырлыр рұқсат етіледі. Құбырдың бір жақ шетіне муфта бұралып бекітілген, ал бұранданың келесі шеті қауіпсіздендіретін сақинамен қорғалған. Құбыр шетінен 0,4... 0,6 м қашықтықтағы муфтадан еркін әрбір құбырда келесі таңбалар қағылады: шартты диаметр, мм; құбыр нөмірі; беріктік тобы; бұранда ұзындығы («созылған»); қабырға қалыңдығы, мм; жасап шығарушы зауыттың тауарлық таңбасы; шығарылымның айы мен жылы. «Созылған» таңбасы тек қана созылған бұрандалы құбырларға қағылады. Таңбалар жанынан құбыр бойымен ашық тұрақты бояумен келесі мәліметтер жазылады: шартты диаметр, мм; болаттың беріктік тобы; қабырға қалыңдығы, мм; құбырды жасап шығарушы зауыттың тауарлық таңбасы. Тұтынушыға тиелетін құбырлардың әрбір партиясы құбырлардың сапасын және олардың ГОСТ-қа сәйкестігін куәландыратын сертификатпен жабдықталады. Зауыттар берілген ГОСТ 632-80-тағы құбырлардан басқа арнайы техникалық шарттар (ТШ) бойынша қалың қабырғалы шегендеуші құбырлар жасап шығарады. Шегендеуші құбырлар созылған және қысқа болатын бұрандамен бірігеді. Шегендеуші құбырларда үшбұрышты және трапециялы бұрандалар қолданылады. Трапеция бұрандалы құбыр мен муфталы шегендеуші құбырлар, осыған орай ОТТМ шифрын иемденді. Трапеция профильді бұранда берік және жоғары герметикалық байланысты қамтамасыз етеді.

ОТТГ маркалы құбырларда беріктік трапеция бұрандасымен, ал герметикалығы – құбырдың шет жағында орналасқан арнайы конусты тығыздағыш беттер арқылы жетеді. Муфтасыз шегендеуші құбырлар (ТБО) ОТТГ құбырларымен өзара алмасады және ұқсас болып келеді. Олар жасалу әдісімен ғана өзгешеленеді. ОТТГ құбырлары муфта көмегімен байланысады, ал ТБО құбырлары муфтасыз байланысады, олардың бұрандалары сыртқы шығарулары бойынша жасалған. АҚШ-та шегендеуші құбырлар келесі он төрт сыртқы диаметрлер бойынша шығарылады: 5,2 мм-ден 14,15 мм-ге дейінгі қабырға қалыңдығымен 114,3; 127,0; 139,7; 152,4; 168,3; 177,8; 193,7; 219,1; 244,5; 272,5; 298,5; 339,7; 406,7 және 508 мм

Шегендеу құбырының элементтері

Стандарт бойынша болат  шегендеу құбырлары 114-тен 508 мм-ге дейін  шығарылады.Әр диаметрдегі құбырлар қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі  өлшемде дайындалады. Мысалы, диаметрі 146 мм шегендеу құбырының қалыңдығы 6,5; 7; 8; 9; 10 және 11 өлшемде дайындалады. Құбырлар шетіне конусты бұранда  ойылады. Ұзындығы 9,5-13 құбырлар муфта арқылы жалғанады. Шегендеу құбырларын ұңғыма ішіне түсіру және оны цементтеуді жеңілдету үшін тізбектің төменгі шеті төмендегідей жабдықталады: бағыттау тығыны, башмак, башмактың келте құбыры, кері клапан және тірек сақинасы. Цементтен немесе шойыннан дайындалатын бағыттау тығыны шегендеу тізбегін ұңғы ішіне түсіру барысында бағыттау қызметін атқарады. Цемент тығыны тез бұрғыланады, сондықтан оларды аралық тізбектерді түсіруде қолданады. Шойын тығындар кейінгі кезде жаппай қолданылуда. Оларға бір орталық және тар бүйірлік тесіктер тесіледі. Бұл тығындардың беріктігі жоғары, әрі тез бұрғыланады.Башмак ұзындығы 300-600 мм қабырғасы қалың болат келте құбыр, жоғары шетіне шегендеу құбырларына жалғау үшін, ал төменгі шетіне шеген тығынмен жалғау үшін бұранда ойылады. Ұзындығы 1,5 м башмактық келте құбыр қалың қабырғалы шегендеу құбырларынан дайындалып шеттеріне бұранда ойылады. Келте құбырдың төменгі шеті башмакқа, ал жоғарғы шеті ішіне кері клапан отырғызылатын ұзартылған муфтаға жалғанады. Башмактық келте құбырға шегендеу тізбегіне жуу сұйығы, ал цементтеу барысында цемет ерітіндісі шығу үшін тесік тесіледі. Кері клапан сұйықтардың жоғарыдан төмен қарайғы бағытта айналуын қамтамасыз етеді. Шегендеу тізбегін ұңғыға түсіру кезінде сұйық ұңғыдан тізбек ішіне өтпейді, бұл бұрандалы қосылмалар мен тәл жүйесіне және мұнараға түсетін күшті азайтады. Кері клапан қойылған ұзартылған муфтаға қалыңдығы 15-20 мм, ішкі диаметрі 60-80 мм тірек сақинасы отырғызылған стандартты муфта арқылы шегендеу құбырына жалғанады. Тірек сақинасы цементтеу үрдісінде цементтеу тығынын тоқтату қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бұрғылау және шегендеу құбырлары