Жерді нысандарды орналастырудың көзі ретінде қарастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:08, реферат

Краткое описание

Нысандарды жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді;

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 СӨЖ.docx

— 20.89 Кб (Скачать документ)

№1 СӨЖ 

Жерді нысандарды орналастырудың көзі ретінде қарастыру

 

Нысандарды жерге  орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Нысандарды жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны

      1. Жерге  орналастыру жер қатынастарын  реттеуге, жердi ұтымды пайдалану  мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған  Қазақстан Республикасы жер заңдарының  сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.

 

      2. Жерге  орналастыру меншiк нысанына тиесiлiлiгiне  және оларда шаруашылық жүргiзу  нысанына қарамастан, барлық санаттағы  жерде жүргiзiледi.

      Жерге орналастыру  жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде  белгiленген, Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген тәртiппен  қаралған және бекiтiлген жердiң  нысаналы мақсаты, жердi пайдалану  мен оны қорғау режимi, шектеулер  мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң  шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшерi туралы деректер және басқа  да деректер жер құқығы қатынастары  субъектiлерiнiң орындауы үшiн  мiндеттi болып табылады.

Нысандарды жерге орналастыруды жүргiзу

      1. Жерге  орналастыру облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың,  аудандардың, облыстық маңызы  бар қалалардың жергілікті атқарушы  органдарының шешімі бойынша  не мүдделі жер учаскелерінің  меншік иелері мен жер пайдаланушылардың  өтініші бойынша жүргізіледі. 

      Жер учаскелерiнiң  мүдделi меншiк иелерiнiң немесе  жер пайдаланушылардың бастамасы  бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру  олардың тиісті жергілікті атқарушы  органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде  жүзеге асырылады.

      2. Жерге  орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды.

      3. Жерге  орналастыру жұмыстарын орындау  тәртiбi мен технологиясы орталық  уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк  құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын  орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.

      4. Белгiленген  тәртiппен келiсiлген жерге орналастыру құжаттамасын:

      1) шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын және жердi ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын жобаларды - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарымен келiсiм бойынша жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушiлер;

      2) жер учаскелерiнiң шекарасын қалыптастыруға, оларды белгiлi бiр жерде белгiлеуге, жер учаскесiнiң жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөнiндегi, жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және iздестiру жұмыстарының материалдарын - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары жеті жұмыс күні ішінде бекiтедi.

Жерге нысандарды орналастыру процесi

      1. Жерге  орналастыру процесi мынадай кезеңдердi  қамтиды: 

  • жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;
  • дайындық жұмыстары;
  • жерге орналастыру болжамдарын, схемалары мен жобаларын әзiрлеу;
  • жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
  • жерге орналастыру жобасын орындау.

      2. Жерге  орналастыруды жүргiзу бойынша  тапсырыс берушi, жерге орналастыру  құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды  жүргiзу кезiнде құқықтары мен  заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн  үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге  орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн  және оны бекiтетiн мемлекеттiк  органдар мен басқа да тұлғалар  жерге орналастыру процесiне қатысушылар  болып табылады.

Аумақты тазалау жұмыстарының құрылымына келесідей негіздер кіреді: көгалдандыру жұмыстары, ағаштарды  отырғызу, оларды қорғау жұмыстары; алаңдарды  керек жоқ ағаштардан тазарту; жердің құнарлы қабатын алу; керек жоқ  құрылыстарды алып тастау немесе сұрыптап-бөлшектеп  алу; орныққан инжинерлік желілерді  алаңнан көшіру; құрылыс аумағының  алғашқы жоспарын алу.

Аумақты құрылыс жұмыстарына  дайындаған кезде кедергі келтіретін, жұиыс өндірісіне кері әсер ететін байланыс желілерін және электртасымалдауыштарды, жер асты коммуникацияларын, басқа  да желілерді уақытша ауыстыруға дәл келеді. Ең алдымен келістіріп отырып, кейіннен барып жоспарлық  құжаттамаларға кіргізеді, ал бақылау  жұмыстарын сәйкесінше ұйымдардар жасайды.

Қоршаған ортаны қорғау органдары  құрылысшылардан максималды түрде  табиғатқа ұқыпты көзбен қарауды  талап етеді. Құрылыс жұмыстарына  кері әсерін беретін, қымбат ағаштарды  және бұталарды қазып тастайды және оларды басқа жақтаға аударады, отырғызады. Басқа жаққа отырғызуға және кесіп  тастауға жатпайтын жасыл өскіндерді қоршайды, ал бір-бірінен  алшақ орналасқан ағаштардың діңгектерін мүмкін болатын  кескішматериалдың зардаптарынан  сақтап тұрады.

Керек емес болып тұрған ағаштарды алып тастауға – механикалық, электрлік аралар; құйқылжыған-тамырымен  жұлуға арналған тракторлар көмегімен; жоғары көтеріліп тұратын қайырмасы (жыртылған жер қыртысын аударып  отыратын канат) бар булдозерлермен іске асады. Диаметрі 50 см болатындай жекелеген  ағаш түптерін алу үшін – арнайы қыршу-жинақтаушы құрылғылары қолданыс табады. Аумақты тал-шіліктерден  тазарту мақсатында шынжыртабанды  тракторлар, бұтакескіштер қолданылады.  Құрылс аумақтарынан қойтастарды (мұз  дәуірінен қалған тау жынысты  үлкен домалаң тастар) алып тастау үшін экскаватор не болмаса бульдозер  қажет. Кей уақытта қойтастарды  үгіту үшін – сырқы не теспе (тау  жыныстарын қопару үшін қопарғыш затпен толтырылған бұрғылап тесілген дөңгелек тесік) құаттылығынан жарылыс жасайды.

Топырақтың үстіңгі құнарлы  қабатын жиып алады да, бульдозермен немесе автогрейдейлермен бір қойма  орындарына жинақтайды, кейіннен керекті  бөлігін қолданып отырады. Ке» кездері  ол құнарлы топырақты көгалдандыру жұмыстары үшін де қолданып жатады. Ол құнарлы қабатты желден, батпақ басып қалудан, шайып кетуден  сақтап отыру керек.

Құрылыстарды, ғимараттарды немесе олардың іргетастарын боршалау үшін оларды қиратады немесе бөлшектейді. Темір бетонды құрылыстарды бөлшектеуді  құлату сызбасына сай етіп жасау  керек. Бөлшекетуді бастамас бұрын  олар байланысып тұрған элементтерден  босатады, одан кейін ажыратып, нық  жай-күйде орналастырады. Элементтерге бөлінбейтін құрама элементтерді жиынтық  ретінде бөледі.

Жиынтық және темір құрылыстарды ерекше ойластырылған бөлшектеу  сызбасы бойынша орындайды,  ол сызба олардың нық орналасуына  кепіл болады. Блоктарға бөлшектеуді  темір арқауды алудан бастау алады.  Одан кейін блоктарды қатайтып, темір  арқауларды кесуді бастайды, кейіннен блоктарды сындыру орын алады.   Темірден жасалған элементтерді кесу – оларды бір-бірінен ажыратып болғаннан  кейін ғана жүзеге асады. Бөлшектелінген темір бетонның неғұрлым көп массасы  немесе темір элементтерінің көп бөлігі жүккөтергіш кранның жартысынан асатын салмақты алмау керек.

Құрылыстар мен ғимараттарды, тастан жасалған құрылыстарды алып тастау, бөлшектеу кезінде – әр түрлі  құралдармен күрделенген аспалы экскаваторларды (ұсақтағыш шар, сыналы, шойбалға) қолданылады. Ғимараттың қалдық-сынықтарын шетке бульдозермен итеріп тастайды не болмаса көлік-құралдарына тиейді. Шашылуды болдырмау үшін  құрылыстардың  тік бөлігіндегі сынықтардың  бәрін ішкі жаққа құлату керек. Кей  уақытта құлату жұмыстарын жарылыс  тәсілі арқылы жүзеге асырады.

Аумақтан инжинерлік желілерді  алып тастау немесе көшіру құрылыс  алаңын дайындаудағы маңызды әрі  қажетті дайындық элементі болып  табылады. Дайындалып жатқан аумақта  тек қана жергілікті ғана емес, сонымен  қатар  торапты электржабдықтау  желілері, сутартқыш, нысапты және шашынды  кәріз жүйесі, газтартқыш, жылужүйелері, телефонизация мен телеарналар  да орын алуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайларда, жоғарыда аталып өткен барлық желілер  құрылыс басталар сәтте енгізілу керек, құрылыстың сыртқы шегінде де жүзеге асып отыруы қажет, сонда ғана торапты желілердің қызметі еш кедергісіз іске асады.

Құрылыс аумағының алғашқы  жобалануы тек қана – алдыңғы  кезде қарастырылған барлық дайындық жұмыстары жасалғаннан кейін, жарықтандыру жұмыстарына дайындық жасалғаннан  кейін ғана іске асады.


Информация о работе Жерді нысандарды орналастырудың көзі ретінде қарастыру