Шөл топырақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

Құмды шөл өсімдіктері. Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері бірқатар көп және әр түрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтан сутөмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады; бұдан су өте алмайды.

Содержание

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................

2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

3.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТАБИҒАТ-РЕСУРСТАРЫ.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                              Ф-ОБ-001/035

Мазмұны

 

кіріспе 

 

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

 

1.1 Қазақстанның    минералды-шикізат  ресурстары.........................

 

1.2 Қазақстанның   жер    ресурстары................................................  

 

1.3 Қазақстанның    су   ресурстары....................................................

 

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

 

1.5. Қазақстанның  биологиялық  ресурстары..................................

 

 2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

 

3. Табиғи  ресурстарды тиімді пайдалану  мен қорғау мәселелері

 

3.1. Минералды  шикізат   ресурстары  мен   жер  қойнауларын  қорғау............................................................................................................

 

  3.2. Атмосфералық  ауа  мен  климаттық  ресурстарды  қорғау

 

3.3.  Су  ресурстарын  қорғау

 

қорытынды

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық  реформаның   негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы  тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және  қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.

Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын.  Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы  экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.

Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.

Көп мөлшерде  табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен  табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте  бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.

Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде Қазақстан Республик-асының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш, Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.

Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің  жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Табиғатты төлемді пайдаланудың теориялық негізі Л.В.Кантарович, Н.Г.Федоренко, Н.Н.Баранский, Э.Б.Алаев, Н.Н.Колосовский, Ю.Г.Саушкин, А.А.Минц, М.И.Агашковтың еңбектерінде қаланған. Бірақ, сол кездегі (экономиканы басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесінің үстемдігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым кезінде олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлем төлеудің қажет екендігіне әкеп саяды.

Табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеу табиғатты төлемді, әрі ұтымды пайдаланудың басты бір құрамдас элементі ретінде, экономикалық география-ның негізгі бір жаңа бөлімі болмақ. Бұл жаңа бөлімнің  пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады, ал табиғатты ұтымды пайдалану мәселесі төңірегіндегі қоғамдық-экономикалық қатынастар нарықтық әдістермен, негізінен табиғи рестурстарды пайдалану үшін төлем төлеумен реттеледі. Себебі, экономикалық және әлеуметтік географияның орналастыру мен бағалау бөлімдерінен табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем белгілеу бөлімінің айырмашылығы ол жоспарлық есеп беру, шаруашылық-тық есеп сияқты болып табылады. яғни табиғи ресурстардың игерілу барысында шұғыл түрде реттеушілік танытады, сондықтан табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді іс жүзінде қолдану экономикалық және әлеуметтік географияны экономи-калық ғылымдармен және халық шаруашылығындағы іс-тәжірибемен бұрынғыдан да етене жақындастырады. Табиғат ресурстарын пайдалануға төлем жүйесін енгізу арқылы, табиғатты пайдалануда басым болып келген басқарудың әкімшілік-әміршілдік, жоспарлы-орналас-тыру әдістерінен басқарудың экономикалық-нарықтық әдісіне басымдылықпен өтеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :

-    Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;

  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін төлем жүйесінің орны мен рөлі жайында ұғым қалыптастыру;
  • табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері мен жүйесін қолдану жайында ұғымды қарастыру;
  • табиғат пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістері мен ұсынылған және  қолданылып жүрген принциптерін зерттеу;
  • табиғат пайдалану төлемдерін табиғи ортаның тазалығын сақтауға және табиғат ресурстарының жеке түрлерін пайдалануға байланысты белгіленген ережелерін, тәртібін, нұсқауларын талдау және зерттеу.

Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принципі іс жүзінде барған сайын кең қолданылуда және барлық негізгі құжаттарда, заң актілерінде көрініс табады. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақтылы экономикалық механизмі, нақтылып айтқанда төлемдердің көптеген түрлерін анықтаудың әдістемесі, нұсқаулары болмағандықтан Қазақстан Республикасында қабылданған Заңдардың көптеген тұстары әлі де болса толық қолданылмай отыр. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақты механизмі дүниежүзі елдерінің көпшілігінде негізінен жәй ғана қарапайым тәжірибемен қалыптасты, сондықтан оның жеке элементтері бір-бірімен байланыссыз, үйлесімсіз және шамалары нақтыланбаған. Бұлай болу себебі көп жағдайда жалпы табиғатты төлемді пайдалану мәселелерінің ғылыми тұрғыдан қарастырылған жүйелі теориясының болмауы салдарынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанның табиғат ресурстарына жалпы сипаттама
    1. Қазақстанның    минералды-шикізат  ресурстары

        Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

    Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

    Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

    Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

          Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

    Қазақстанның  минералдық-шикізаттық кешені әлемдік  минералды шикізат балансында айтарлықтай  күшті  позицияға ие,  әлемдік минералды шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

    Минералды  шикізат өнімдерін өндіру және  алу жөнінен республика хром  бойынша екінші орында, титан  бойынша – екінші-үшінші, мырыш  және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында.

     Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа  және болат рыноктарында Қазақстанның  атқаратын рөлі аз емес, ал  Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

     Бұл жетістіктер өздігінен келген  жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық  қызметкерлердің ерен еңбегінің  жемісі болды. Кезінде осы сала  Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.

      Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология   жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

     Тәуелсіз   мемлекет  болғаннан кейін, біздің   үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға өз салаларында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі –  “Қазақстан Республикасының  минералды шикізатты  кешенді ұқсату  жөніндегі   ұлттық орталығы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша бағдарламаны  орындау жүктелді. Әрине, біз   бұл міндетті   бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға   қосымша  атқарып   жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы  ірі ғылыми  кәсіпорындардың бірі.

          Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық экономикада мемлекет   кәсіпорынның  шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет өз меншігіндегі кен орнын  кәсіпорынға пайдалануға бергеннен  кейін, сол пайдалы  қазбаны    өндіру    мен өңдеу барысында жеке  қожайындардың   мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.  Бұл не деген сөз?

     Біріншіден, кен орнын пайдаланушылар руданы өндірген кезде үкімет белгілеген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы емес) қазып алулары керек.

     Екіншіден, руданы өңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді  мейлінше толық бөліп алу керек.

     Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.

     Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.

Информация о работе Шөл топырақтары