Ресейдің экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2015 в 18:25, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі жаһандану кезеңіндегі Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық және табиғат жағдайын, табиғи ресурстарын, сондай-ақ, шаруашылығы мен өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстарын анықтау – география ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл курстық жұмыс Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипатын анықтауға бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.....................................................................

1.1 Экономикалық – географиялық жағдайы............................................
1.2 Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.......................................
1.3 Ресей Федерациясының халқы..........................................................
1.4 Ресей Федерациясының шаруашылығы.Өнеркәсібі........................
1.5 Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.......................................................................................................
1.6 Ресей Федерациясының экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ресей Федерациясының экономикалық ГЕОГРАФИЯЛЫҚ жағдайы.docx

— 315.97 Кб (Скачать документ)

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы құрайды. Бұл аудандағы тарихи қалыптасқан шаруашылық салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, қала маңы шаруашылықтары сияқты салалары қарқынды дамыған. Сонымен қатар теңіз көлігі, ғылым мен мәдениет, туризм өркен жайған.

Солтүстік экономикалық аудан

Солтүстік экономикалық аудан құрамына Карелия мен Коми республикалары және құрамында Ненец автономиялық облысы бар Архангельск, Мурманск мен Вологда облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына отын-энергетика өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман, балық өңдеу жатады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы түрлері өркендеген. Сонымен қатар кеме жасау мен теңіз көлігі тарихи қалыптасқан кәсіп түрі болып табылады.

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы, құрамына Адыгей, Қарашай-Черкес, Кабарда-Балқар, Солтүстік Осетия, Ингуш, Шешен және Дағыстан республикалары мен Краснодар, Ставрополь өлкесі, Ростов облысы кіреді. Ауданның маманданған салаларына отын-энергетикалық өнеркәсіп, түсті металлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері жатады. Ауыл шаруашылығы аудандағы жетекші сала болып табылады, оның дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, көкөніс пен жеміс өсіру, ірі қара, қой және шошқа өсіру сияқты салалары қатар дамыған. Теңіз көлігі жақсы өркендеген. Табиғат жағдайының ерекшеліктеріне байланысты емдеу-сауықтыру, туристік-рекреациялық шаралар өте жақсы жолға қойылған.

Волга бойы экономикалық ауданы

Волга бойы экономикалық ауданы Татарстан және Қалмақ республикалары мен Ульянов, Пенза, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарынан құралады. Аудан электр энергиясы, отын өнеркәсібі, машина жасау (автокөлік, трактор және әуе техникасы), химия, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығаруға маманданған. Ауыл шаруашылығының дәнді дақылдар өсіру, күнбағыс, қант қызылшасы, көкөніс пен жеміс, ірі қара мен қой өсіру сияқты салалары қарқынды дамыған.

Орал экономикалық ауданы

Орал экономикалық ауданы құрамына Удмурт және Башқұрт республикалары, Пермь (Коми-Пермяк автономиялық округі), Свердлов, Челябі, Орынбор және Қорған облыстары кіреді. Маманданған салалары отын-энергетика, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс, сүтті-етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге бағытталған.

Батыс Сібір экономикалық ауданы

Батыс Сібір экономикалық ауданы құрамына Алтай республикасы, Алтай өлкесі, Кемерово, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен (Ханты-Манси және Ямал-Ненец автономиялық округі) облыстары кіреді. Ауданның жетекші маманданған салаларына отын-энергетика, қара металлургия, машина жасау, химия және орман өнеркәсіптері жатады. Аса ірі мұнай-газ алабы болғандықтан Ресейдегі өндірілетін мұнайдың 70%-ға, газдың 90%-ға жуығы осы аудан үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар, зығыр және ірі қара басым өсіріледі. Аудан зығыр өсіруден Ресейде Орталық ауданнан кейінгі 2-орында тұр. Алтайда марал өсіру мен омарта шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Шығыс Сібір экономикалық ауданы

Шығыс Сібір экономикалық ауданы Бурят, Тува және Хакасия республикалары мен Красноярск өлкесі (Таймыр және Эвенк автономиялық округі), Иркутск (Усть-Орда автономиялық округі) және Чита (Агин Бурят автономиялық округі) облыстарынан құралады. Аудандағы маманданған басты салалар ретінде электр энергиясын өндіру, түсті металлургия, химия және орман өнеркәсіптерін атауға болады. Электр энергиясы, негізінен, Ангара және Енисей өзен жүйелеріндегі су электрстансыларынан өндіріледі. Ауданда машина жасау саласы жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар өсіру мен қой шаруашылығы кең өріс алған. Сонымен қатар солтүстікке қарай бұғы, оңтүстікте етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге маманданған.

Қиыр Шығыс экономикалық ауданы

Қиыр Шығыс экономикалық ауданы құрамына Саха (Якутия) республикасы, Еврей автономиялық облысы, Чукот автономиялық округі, Приморск және Хабаров өлкесі, Амур, Камчатка (Коряк автономиялық округі), Магадан және Сахалин облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына түсті металлургия, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жатады. Кеме жасау және теңіз көлігінің маңызы күшеюде. Ауыл шаруашылығы өз дәрежесінде дамымаған, көптеген өнім түрлері сырттан тасылады. Өз қажеттерін өтеу мақсатында күріш пен қытайбұршақ өсіріледі.

Калининград облысы

Калининград облысы 1945 жылдан Ресей Федерациясы құрамына кірген аумақ. "Янтарь" деп аталатын еркін экономикалық зона болып табылады. Отын-энергетикалық, машина жасау, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жоғары деңгейде ұйымдасқан. Ауыл шаруашылығында интенсивті жолмен дамыған сүт бағытындағы ірі қара, құс және шошқа өсіру кең таралған. Малазықтың дақылдар мен картоп өсіріледі. Аймақ теңіз көлігін тиімді пайдалануға және емдеу- сауықтыру, туристік-рекреациялық жұмыстарына да мейлінше маманданған.

Ресей Федерациясы 2000 жылы президент жарлығымен экономикалық аудандардан басқа 7 федерациялық округке біріктірілді. Округ шекарасы экономикалық аудандар шекарасымен сәйкес келе бермейді. Алайда олардағы мақсат — ортақ аймақтардағы (регион) экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешу.

 

Cыртқы экономикалық  байланыстары

                         Сыртқы сауда

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40 %-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60 %-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады. Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

     

 

Туризм

Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады. Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап әрі туристерге барлық қырынан толықтай таныстыруда түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Ресейдің аса ірі қалалары мен туристік-рекреациялық мүмкін- діктері жоғары аудандарда инфрақұрылымдар жаңартылып, заман талабына сәйкестендірілуде. Ол шараларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қордан өте қомақты қаржы бөлінуде. Осы шаралар нәтижесінде соңғы жылдары халықаралық туризм жылдам дамуда. Анықтамалық мәліметтер бойынша Ресейге келетін туристердің ішінде алыс шетелден келетіндер саны XX ғасырдың 90-жылдарындағы 13%-дан соңғы жылдары 29%-ға дейін көтерілген.

Қазақстанмен байланыстары

Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстардың тамыры өте терең. Ол тарих қойнауына тереңдеп енген, қалыптасып біте қайнасқан байланыстар. Кеңестер Одағы ыдырап, ТМД кеңістігі құрылған күннен бастап екі ел арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. 1992 жылы 25 мамырда екі ел арасындағы Достастық келісіміне қол қойылды. Ол келісім бүгінгі тандағы көршілес екі ел арасындагы өзара ынтымақтастық жағдайындағы тығыз байланыстардан: екі ел арасындағы 7000 км-ге жуық ортақ шекарадан, ортақ транзиттік жол қатынасынан, біртұтас энергетикалық және байланыс жүйелерінен, табиғат қорғаудың ортақ шараларынан және т.б. байланыстардан айқын көрінеді. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейдің ең жетекші сауда серіктесі болып отыр.

Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстардың ең қуаттысы — әлеуметтік және мәдени байланыстар. Ондай шаралар екі елдің көршілес орналасқан аймақтарында аса қарқынды жүзеге асуда. Мұндай байланыстар бауырлас қалалар арасындағы жүргізіліп жатқан шаралардың, ақпарат, ғылым мен білім алмасу жұмыстарының жүйелі де тиянақты нәтижелерінен айқын көрініс тауып отыр.

 

 

                          ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі жаһандану кезеңіндегі  Ресей Федерациясының  экономикалық-географиялық  және  табиғат жағдайын, табиғи  ресурстарын, сондай-ақ,  шаруашылығы мен өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы мен  көлік географиясын, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстарын анықтау – география ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл курстық жұмыс Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипатын анықтауға бағытталған.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ресейдің экономикалық жағдайы