Пайдалы қазбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 19:00, реферат

Краткое описание

Облыс аумағы Солтүстік Қазақстан уран кенді, алмасты және қалайы-сирек металды аймағының бөлігі болып табылады. Онда минералды шикізаттың қомақты қоры анықталды, олар Қазақстан Республикасы теңгерімінде келесіні құрайды: қалайы бойынша-65%, цирконий-36,6%, уран-19%, титан-5%, вольфрам-1,1%. Минералды шикізат базасын кеңейту перспективасы бар, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пайдалы қазбалар.docx

— 25.41 Кб (Скачать документ)

Пайдалы қазбалар

Облысымызда пайдалы қазбалардың көптеген түрлері анықталды және әртүрлі дәрежеде зерделенді. 286 кенорны барланды. Солардың ішінде 34-металдық, 2-металдық емес, 217-құрылыстық және технологиялық шикізат және 33-жер асты сулары, одан 6 минералды.

Облыс аумағы Солтүстік Қазақстан уран кенді, алмасты және қалайы-сирек металды аймағының бөлігі болып табылады. Онда минералды шикізаттың қомақты қоры анықталды, олар Қазақстан Республикасы теңгерімінде келесіні құрайды: қалайы бойынша-65%, цирконий-36,6%, уран-19%, титан-5%, вольфрам-1,1%. Минералды шикізат базасын кеңейту перспективасы бар, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында. Осында алтын, күміс, техникалық және зергерлік алмас, қалайы, титан, түсті және сирек металдар, қоңыр көмірдің бірқатар маңызды кенорындары мен кен көріністері бар.

Пайдалануда құрылыс тасы мен құмының кейбір кенорындары ғана болуда. Жақсытұз көлінде ас тұзы барланды және өндіру жүргізіледі. Тұз қоры мемлекеттік теңгерімге қойылды. Есіл және Уәлиханов аудандарында фосфорит-глауконит құмдарының алтын кенорындарын өнеркәсіптік бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмысы жүргізілуде. Обухов титан-цирконий кені, Сырымбет қалайы кенорындарын өнеркәсіптік әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Су ресурстары

Облыстың су ресурстары (Аққанбұрлық өз., Иманбұрлық өз.), Селеты, Чаглинка, Қамысақты, Ащысу, Қарасу, Чудосай өз. және уақытша ағысы бар басқа да су ағындарымен Есiл өзенi ресурстарынан құралады. 2300 көлдер бар, олардан 1266 – балық шаруашылық көлдерi. Жалда 328 көлдер бар. Содан басқа, облыста 1401 тоған және 4507 батпақ бар.

1. Жер үстi сулары. Облыстың негiзгi су көзi – Есiл өзенi. Ортакөпжылдық жылдық көл ағысы 2,23 км3 құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында болады, мұз басудың ұзақтығы – 5 ай. Есiл суы жоғары минералдандырылған өзендерге жатады, бұл су жинақтық бассейнi климатының құрғақтығымен және өзендi суаратын жер асты суларының жоғарғы тұздылығымен айқындалады. Суды жалпы минералдандыру сабалық кезеңдерде 500-800 мг/л құрайды, су кермек. Оттегi режiмi қанағаттанарлық.

Өзеннiң су режiмi көктемгi тасқын және ұзақ мерзiмдi сабамен сипатталады. Көктемгi су тасу ұзақтығы өзеннiң жоғарғы және төменгi ағысында 1-1,5 ай және төменгi ағыс бойынша 2-3 айға созылады. Көктемгi су тасу үлесiне 86-95% жылдық ағысы жатады.

Есiл өзенiнiң үстiңгi ағысы Петропавл қаласын, Солтүстiк Қазақстан облысының елдi-мекендерiн сумен қамтамасыз ету және саяжайлық массивтердi суаруға пайдаланады. Есіл өзені Обь өзені жүйесіне жатады. Есіл Нияз каласынан бастау алады (Сарыарка) 560 м биіктікте, теңіз деңгейінің үстінде, Ертіс өзеніне құйылады. Өзеннің ұзындығы 2450 км, бұл әлемдегі екінші реттегі ең ұзын саласы; су тарту алаңы 177000 км 2, Өзеннің қайнар көзі сағаға дейін – 513 м, орташа еңісі – 21 см/км. Есіл ағысының құрылуы Қазақстандық ұсақ шоқы шегінде болады.

Есіл өзені қарды қоректену типіне жатады, ол 80 пайыздан астам жылдық ағыс береді. Өзеннің режімі анықты көктемгі су тасуымен ерекшеленеді, оның басталуы 10-12 сәуірге келеді, ал нағыз кезі – сәуірдің үшінші онкүндігіне келеді.

Облыс шегiнде өзен арнасы Петропавл және Сергеевка су қоймаларымен реттелген. Жоба бойынша екi су қоймасының толық сыйымдылығы 712,2 млн. м3 құрайды, олардан Сергеевкалық – 693 млн. м3, Петропавлдық – 19,2 млн. м3.

Сергеевка су торабы (Петропавл қаласынан жоғары 175 км Есіл өзені ағысының ортасында орналасқан) көп жылдық реттеу ағысының су қоймасын құрайды, үлкенірек толық деңгейде – 138,0 м, ағыс бойынша жоғары қарай 100 км жалғасады. Толық көлемі – 693 млн. м3, пайдалы – 635 млн. м3. Су қоймасын толтыру су тасқыны кезінде 1970 жылы атқарылды. Сергеевка су торабы су қоймасымен 1969 жылдан бастап бар.

Петропавлдық маусымдық реттеу су торабымен су қоймасы Есіл өзенінің орташа ағысында Петропавл қаласына жақын орналасқан, іске 1973 жылдан бастап енгізілген. Осы су қоймасы, Сергеевка су қоймасы Сергеевка су қоймасының сарқырамасында жұмыс істей отыра, бірыңғай су шаруашылық кешенін құрайды, ол шаруашылық-ауыз су және техникалық қамтамасыз ету үшін арналған.

Су қоймалары сарқырамада жұмыс iстей отыра, бiрыңғай су шаруашылық кешенiн құрайды, олар шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету үшiн арналған.

Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстанның өзендермен ең бай аймағы болып табылады. Мұнда аумақ ландшафтысының бөлiнбес құрамы ретiнде 2,3 мыңға жуық кiшi көлдер саналуда. Көлдер су айдынының жалпы көлемi 340 мың га жетедi, су көлемi – 4,5 млрд. м3 жуық. Көлдердiң ең үлкен тереңдiгi 1,5-3,0 метр құрайды.

Ағынсыз сулардың бар болуы су тарту алаңдарының болуымен белгiленедi немесе су тартулармен. Баланстың кiрiс бөлiгi – бұл негiзiнен атмосфералық жауын-шашындар, олар су айдынына түседi (жылына 350 мм), және сулар, су тарту алаңынан көлге түсетiн, жиi жер асты ағындысы қосылады. Баланстың шығындық бөлiгi ашық су бетiнiң булануынан құралады (жылына 650-700 мм жуық буланады). Сонымен, су тарту көлдiк экожүйенiң бөлiнбес бөлiгi болып табылады.

Су тарту алаңдары әр түрлi, бiрақ негiзiнен олар 3-5 рет көлдердiң акваториясынан асып кетедi, бұл жазықтар үшiн тән.

2. Жер асты сулары. Солтүстiк Қазақстан облысында жер асты суларының 20 жуық саны есептелуде, олар бұрғылау және скважиналарды орналастыру жолымен елдi мекендердi сумен қамтамасыз етудiң баламалы көздерi ретiнде пайдаланады.

Есiл өзенi су тарту алаңының ауданында жер асты суларының болжамдық көлемi 85,1 млн. м3/жылына құрайды.

Жалпы облыс бойынша тұрғындардың 53,5% ашық көзден құбырлық сумен қамтамасыз етiлген, 18,5% - жер асты көзiнен құбырлы сумен, облыс тұрғындарының 26,2% орталықтандырылған көздерден су пайдаланады, 1% әкелiнген су пайдаланады, 0,8% ашық тоғандардан су пайдаланады

 


Информация о работе Пайдалы қазбалар