Ұлы географиялық ашылулар кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 05:40, курсовая работа

Краткое описание

Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТУМАР.DOC

— 133.50 Кб (Скачать документ)

Тынық мұхиттың солтүстік  бөлігі жалпы алғанда батыс европалық  теңізшілерге мәлімсіз күйінде қала берді. Бірақ XVI ғасырдың орта шенінде  иезуиттер  Жапонияға  барып  кірді.    Солтүстік Американың  батыс жағалауы да көпке дейін ешкімді қызықтырмады:кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.Тынық мұхиттың солтүстік бөлігі жалпы алғанда батыс европалық теңізшілерге мәлімсіз күйінде қала берді. Тек XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана испандықтар Калифорния бойымен солтүстікке қарай өтіп, 58 параллельге жетті. Бірақ бұл жерге орыстар олардан бұрын жеткен еді.

  Ағылшындар мен голландықтардың Американы солтүстіктен (“Солтүстік-батыс өткел”) немесе Азияны (“Солтүстік-шығыс өткел”) айналып шығып Зонд жәнеМолукка аралдарына жету талаптары нәтижесіз болып шықты. Олар бұл жолдарды португальдықтар пайдаланбағандықтан аса қысқалау және қолайлы деп санады.Батыс жаққа қарай жылжи отырып, ағылшынның XVI ғасырдағы теңізшілері Фробишер мен Дэвис, ал XVII ғасырдың бас кезінде Бэфин мен Гудсон қазірде салардың есімідерімен аталатын аралдар мен бұғаздарға және шығанақтарға жетіп, америкалық Арктиканың шығыс бөлігіне кірді-  солтүстік- шығыс өткелді іздеген ағылшындар (Ченслен) 1553 жылы Жаңа Жерге жетті. Бірақ осы аудандардың бәрі де орыстың теңіз саяхатшыларына әлдеқашаннан-ақ белгілі болатын-ды және ағылшын мен голланд теңізшілері олардан талай рет көмек те алған еді. Европа мен Азияның Мұзды мұхитпен қоршалып тұрған жағалауларын ашып, зерттеуге орыс теңізшілері көп еңбек сіңірді.(10 –90 б.)

“Америкада алтын мен күміс кендерінің ашылуы , жергілікті халықты құрту, құлдыққа сатып, рудниктерге тірідей жерлеу, Ост-Индияны басып алып, талап-тонау жөніндегі алғашқы қадамдар , Африканы қара түстілерді аулайтын қорыққа айналдыру- өндірістің капиталистік заманының таң шапағы  міне, осындай болды. Бұл идиииялық процестер – капиталдың алғашқы қорлануының  басты кезеңдері ғана”.

  Жергілікті халықты қанаудың Испания Америкасында ұзақ уақыт бойына үстемдік еткен формалары, испандықтардың Эспанольеде жүргізген билеп – төстеуінің алғашқы жылдарында-ақ қалыптасты. Келімсектер үндістерді құлдыққа сала бастады. Құлдардың бірнеше партиясы тіпті Испанияға да жіберіліп, онда сатылды. Колумб бүкіл үндістерді құлдыққа айналдыруды ұсынып, мұнан корольге орасан зор пайда түсетіндігін дәлелдеді, бірақ оның ұсынысы қабылданбады. Үндістерді “еріктілер ” деп жариялады, сөйтіп құлдыққа, расында біраз құйтұрқы ережелер белгілеумен, тыйым да салынды. Испания үкіметі мен католиктік шіркеу үндістерді жаппай құлдыққа салуға немесе қырып тастауға мүдделі болмады. Шіркеу өзінің діншілдерінің санатын ұлғайтуды көздеді, демек, өз отарларындағы ықпалдарын күшейтіп , табыстарын арттыруға ынталы болды. Үкімет болса жергілікті халықты алым- салық төлеуші және жаңа бас июшілер деп білді, олардың еңбегін тікелей қанаудан бас тартпаумен қатар оларды кастилиялық қоныстанушылардың қарауына бүтіндей бергісі келмеді. Өйткені бұлардың түбінде бағынбай қойып жаңа сеньорларға айналып кетулерінен сескенді. Бірақ қоныс аударған отаршылар іс жүзінде күштірек болып шықты.Олар үндістердің қыр соңңынан қалмады және кісі етін жейтіндер дегенді сылтауратып құлдыққа айналдыруларын қоймай жүргізе берді. Сөйтіп, олар бүкіл жергілікті халықты құлдыққа салды және үкіметті бұған рұқсат беруге мәжбүр етті.

    Колумбтың ашқан елдеріндегі орасан зор байлық үздіксіз ағылып келіп жатады деген үміттер, оның саяхатынан соңғы алғашқы жылдарда-ақ үзілді.Алғашқыда Эспанольеден адам айтқысыз алтын байлықтарын таппақшы болып қиялдаған Колумб, арал халқының 14 жастан асқандарының  бәріне  алтын  құмымен  немесе  мақтамен  төленетін салық салды. Бірақ көп ұзамай – ақ  керекті  алтын  мөлшері  үндістердің жылына  төрт  рет жинап бере алмайтыны  анықталды : Эспанольедегі алтын қоры да аз болып шықты және үндістер  оны  үнемі өндіре  де алмады. Сондықтан да бұл жарналар кастилиялық қоныстанушыларға сыйға тартылған рудниктер немесе жер учаскелерінде ауыр еңбек міндеткерліктерін  атқарумен  алмастырылды. Мұндай  сыйлықтар,  дәлме-дәл айтқанда , жер “ бөліктері” (пепартимьенто) Эспанольеде  1497  жылдан  бастап  1514  жылға шейін әлденеше  рет жүргізілді.  Әрбір жер (бөліктеріне)  үндістердің бір немесе  бірнеше деревняларында  тұратын халық бекітілді. Олар жер иелерінің пайдасына барщиналық жұмыс атқаруңа    міндетті   болды.

   Құлдыққа   салудың екінші бір түрі – “ энкомьенда”( “сеніп тапсыру” немесе “патронат”) кеңінен тарады. Король өзінің “ерікті” үндістерін – вассалдарын   кастилиялық   қоныс   аударушыға  (колонистке) – біржолата   емес, тек  уақытша  пайдалануға  сыйлады, (шын “сеніп берді”). Ал колонист (“энкомендер”) үндістердің   еңбегін қанағанымен   тапқан   табыстарының   әдетте  төрттен бірін қазынаға төлеп отырды. Шын мәніндегі толық крепостнойлыққа айналдырудың осы түрі екі жүзділікпен үндістер  мен   христандардың   арасында   тығыз байланыс  орнату  деген  желеумен бүркемеленіп, үндістерді христиандарға  айналдыру  мақсатын  көздеді

 Кейінірек Мексика  мен Перуде де жерді осылайша  бөліп оған жергілікті   халықты   бекітіп  берушілік   кеңінен   қолданылды. (11 –89 б.)

  Европалықтардың Антиль аралдарына келіп қоныстанулары  жергілікті халықтардың  түбіне  жетті.  Плантациялар  мен  рудниктердегі титықтататын ауыр жұмыстар, жиі - жиі болып тұрған көтерілістерді айуандықпен  тұншықтырып  тастау,  толып  жатқан  індеттер,  аштық ақыры   испандықтардың  билік құрған 20 жыл ішінде Эспанольеде тұратын  жергілікті  миллион   халықтың   не бары 10-15 мыңының қалуына әкеліп соқты, ал XVI  ғасырдың  орта  шеніне  таман  Антиль аралдарындағы   жергілікті   халықтан  бірде - бір   адам   қалмады.

  Барған  сайын   жетіспеген   жұмыс  күштерін  толықтырып  отыру үшін 1501 жылдан  бастап – ақ  аралдарға Африканың   негрлерін  әкеле бастады.  1518  жылы  негрлерді  әкелу   туралы  ең  алғашқы  келісім  (асиенто) жасалынды. Еріксіз  негрлердің  саны  күрт  өсе  бастады.  Олпо жергілікті  халыққа   қарағанда   қара  жұмысқа  анағұрлым  бейімдеу болды.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Европадағы ұлы географиялық ашылымдардың нәтижелері

 

Жаңа Дүниенің   отарларында   капиталистік  қатынастар дами  алмады, мұнда  құлдықпен   крепостниктіктің   қатыгез  формалары  кең өріс алды. Африка  халқын  үш  жүз жылдан  астам  уақыт  қанап (XIX ғасырдың орта шеніне дейін) сұрапыл езіп, үстемдік құрған құл саудасының  зардабы  африкалықтар  үшін  апатты  болды. Құлсаудасын жүргізушілер жергілікті князьсымақтардан соғыс тұтқындарының партияларын сатып алып, оларды көршілеріне айдап салды және тайпалардың арасын үнемі жауластырып , дау-жанжалдарды үдете берді.Америкаға Африкадан сол уақыттың ішінде 100 миллионнан астам негрлер жөнелтілді (солардың ішінен Америкаға төрттен бірі ғана аман-сау жетен болар, ал қалғандары жол ауыртпалығын көтере алмай қырылып қалды). Бұл жағдай континентті мейлінше қансыратып, оның өндіргіш күштерінің өсуін кідіртті және олардың мәдениетін европалықтар келгенге дейінгіден де мүлдем құлдыратып жіберді. Елді басып алған кезде храмдар мен сарайларда жинақталған қазына байлықтар испандықтардың талан-таражына түсті. Испандықтардың баса-көктеп билік жүргізуі салдарынан инкалардың ертеден келе жатқан мол мәдени байлығы жермен жексен болды. Елдің таулы бөлігінде, Потосиде (Боливияның қазіргі территориясы) 1545 жылы күмістің бай кені ашылды. Испандықтар күміс өндіруге айдап салған жергілікті халықтың көбі-ақ рудниктерде қырылып қалды.

Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхатына таңып жүрген және тегінде Колумбтың өз алдына онан кейінгі саяхаттарында қойған мақсаты- Индияға апаратын батыс жолын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдай уақыт өткеннен соң ашылды. Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу жұмыстары осы міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды. Бразилияны, сірә, Испания және Португалия теңізшілері 1498-1499 жылдары бір мезгілде ашса керек. Алонсо Охедының қол астында испандық экспедицияға қтысып, Бразилияның солтүстік жағалауының әжептәуір көп жерінен өткеннен итальяндық космограф Америго Веспуччи, сол кездің өзінде-ақ бұл жерді континент деп таныған еді.(6- 35 б.)

   Ұлы географиялық ашылымдар Европаның шаруашылық өміріне терең өзгерістер енгізді. “Дүние Жүзілік рыноктың шұғыл кеңеюі,- деп жазды Маркс,- айналысқа түскен товарлардың алуан түрде көбеюі, Азия өнімдері мен Америка қазынасына иелік етуге ұмтылған Европа ұлттарының арасындағы бәсекешыластық, отарлық система – міне осының  бәрі өндірістің феодалдық шеңберінің бұзылуына елеулі түрде әсер етті”.

   Географиялық ашылымдар алайда, барлық жерге бірден және біркелкі әсер етпеді.Бұл жерде географиялық ұлы ашылымдардың маңызды екі нәтижесіне ( бірақ олардың маңызын асыра айтудың керегі жоқ) тоқтап кеткен жөн, олар: Батыс Европаның шеңберлерінде сауда жолдарының , сауда орталықтарының ауысуы және бағалардың революциясы дейтін еді. Европаның Индиямен қарым- қатнастары ұлғайтылып , өмір жаңа жолдармен жүргізілді, сондай-ақ Жаңа Дүниемен байланыстар да орнатылып , үсті-үстне дами түсті. Осыған байланысты Европа үшін жерортатеңіздік сауданың маңызы төмендеді және теңізшілердің ар жағындағы елдермен Европаның сауда- саттық жүргізуінде делдалдық жасаушы итальян қалаларының маңызы да кеми түсті. XVI ғасырда делдалдық рольдерді Лиссабон мен Севилья, Антверпен қалалары атқара бастады. Бірақ бұларды тек географиялық ашылымдармен байланыстыра берудің қажеті жоқ. Егер Севилья мен Лиссабонның экономикалық маңызы өте-мөте артқан болса , ал Антверпен бұрыннан да XV ғасырдың аяғында-ақ Англиядан әкелінетін шұғаны, Германиядан келетін металдарды (қалайы, мыс, күміс) және металл бұйымдарын, Брабант пен Фландрияның жүн маталарын өткізетін маңызды халықаралық сауда орталығы болған еді. Жаңа елдердің ашылуына байланысты Индиямен сауда- саттық жасау үшін португальдықтар өздеріне керек күмісті сатып ала бастаған кезде , Антверпенде тағы да татымды жеміс пен отандық товарлардың барлық саудасы да шоғырланды. Антверпен европалық елдердің ең ірі ақша орталығына айналды, мұнда европалық елдердің купецтік және банкалық фирмалары өздерінің конторалары мен агенттерін ұстады.

    Сауда мен финанс операцияларының жаңа ұйымдары – сауда және финанс биржалары дами бастады. Биржадағы келісімдер үлгілер бойынша жасалды.Баюдың жаңа түрі – алыпсатарлық етек ала бастады. Фонд биржасында алуан түрлі финансист – кредит операциялары жасалды: заемдар жасалынды, вексельдер есептелінді , ең ірі банк үздіктері мен европалық монархтардың ақша міндеттемелері қолдан – қолға өтіп отырды. Мұндағы алыпсатарлық товар биржасындағыдан аса дамымады. Товар бағаларымен қағаз ақша курстарына әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар , соның ішінде саяси жағдайлар да ықпал етіп отырды. Сондықтан купецтер мен финансистер өздеріне керекті мағлұматтар хабарларды тез және толық түрде алып орыруға мәжбүр болды. Сауда фирмаларының агенттері жаңалық біткеннің бәрін де мұқият жинастырып ,  өздерінің қамқоршыларына толық жазып хабарлап отырды. Бұл хабарлар болашақ газеттердің бастамасы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Ұлы   географиялық   ашылымдар   Европаның  шаруа-шылық   өміріне  көптеген  әсерін  тигізді.  Испания,  Португалия елдерінің    Колумб,   Магеллан   сияқты  саяхатшылар,      ұлы географиялық     ашылымдардан   кейін     өздерінің     аттарын  өшпестей       етіп       қалдырды.   Солардың  ішінде  Колумб  өз  мақсатына   жетіп,   адам  баласына     Американы ашып берді.  Ашқан   жерін   ол  Индия,   ал халқын  индеецтер    деп    атап кеткен.  Колумб   есімі    бүкіл    дүние   жүзіне  әйгілі    болды.  Колумбтың география зерттеуіне қосқан жаңалығы өте мол, сондықтанда   оны   атақты   географ,  теңізші,  саяхатшы,   әрі ғалым ретінде  бүкіл  дүние  жүзі    құрметтейді     Ал,  Ф.Магелланның    саяхатынан    кейін   оның    жер   шарын айланып   шығуы   көп  кешікпей  дүние жүзіне  тарап, жердің    шар   тәрізді   екені,  оның да   басқа  планеталармен  бірге  күнді айналып   жүретіндігі   белгілі   болды.    Бұдан   былай    жердің  зерттелуі  ғылыми  тұрғыда   дамыды,   көптеген    географиялық жаңалықтар    ашылды. 

   Сонымен,  Колумб, Магеллан  сияқты саяхатшылардың ашқан жаңалықтары география үшін үлкен жаңалық болса,Европалық елдер үшін одан кейін,басып жаншуды, отарлау саясатын  көздейді.

  Кейінірек Англия,  Голландия,  Германия, Дания, Франция, Ресей , т.б Европалық елдердің жер  шарын  зерттеуі  белгісіз  болып келген  мұхиттар мен теңіздер,  құрлықтар мен түбектер ашылып  адам аяқтары баса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

    1. Авадеева Е.Н. , Зданович Л.И.  Сто великих мореплавателей

Москва.  “Мысль” ., 2002 г.

2.История средних веков .  Москва .  “ Просвещение” . – 1980г.,

3.Орта ғасырлар тарихы 2-том -, оқулық. С.Д.Сказкинаның және басқалардың редакциясымен . Орысшадан өңделіп , 2- рет басылуынан аударылды. Алматы.”Мектеп”.1979жыл,.

         4.  Сказкина С.Д.  История средних веков .  2-том .Москва. ,          

                                     “Просвещение” 1980г., 

         5. Константинович Б.Р. Маркин В.А.   История  географических 

окрытии  - 100 великих .- географических открытия .                          

Москва . “Вече” –2004ж  

6 .  Григориевич Ф.З. , Баранский Н.Н. Замечательные географы и путешественники. Москва- “Мысль”,1990г.

          7. Михайлович Ш.И.  , Татичев В.Н. Замечательные географы и                                   

путешественники.  Москва. “Вече”  2002г

Под. Ред. С.Я. Серова .  Подобно солнцу… Жизнь Ф.Магеллана  и первое кругосветное плавание. Москва “Прогресс” –1988г,.

9.Калашников В.И.  Загадкии историй:средние века:занимательная история. Москва. “Белый город” ,Энциклопедия . Тайн и загадок.

10.История средних веков  .2-том . под. Ред. З.В. Удальцовой  С.П.Карпова .  москва . “Выс. Школа”  1991г.

11.Абрамсон М.Л.   История средних веков . Москва. 1964г.

12.Баяндин НЯ. Географиялық ашылымдар.  Алматы.

“Мектеп” .1979жыл.

 


Информация о работе Ұлы географиялық ашылулар кезеңдері