Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

394_____.doc

— 73.50 Кб (Скачать документ)

        Психология  пәнін түсінудегі дағдарыстардың  себебі болып аталған теорияларды  қалыптастырған философияның әдістемелік  ұстанымдары саналады. Осылайша  сана психологиясы тұрмыс пен  сана арасындағы, объективтік пен  субъективтік арасындағы қатынастардың негізгі мәселелерін идеализм принципі тұрғысынан шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды вульгарлық материализм принципі тұрғысынан шешті. Олар үшін материалдық пен психикалық арасында айырмашылық болмады. Осылай, жалған бастапқы философиялық принциптер психология пәнін айқындауға жол бермеді.

Осы тығырықтан диалектикалық материализм философиясы шығарды. Диалектикалық материализм барлық тіршіліктің бір ғана көзін - материяны мойындайды, ал психиканы, ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық ілім, материалистік монизм (грек тілінен: "монос" - жалғыз) болып табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, олардың дамуына байланысты өзінің қорытындыларын анықтай түседі және тереңдетеді.

Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша материя бірінші болып саналады; психика, сана - бұл екінші, объективтік шындықтың мида бейнеленуі. Бұлайша материалдылылық (шынайы заттар мен құбылыстар) пен идеалдылылық (олардың сезімдер, ойлар және басқалар түрінде бейнеленуі) өзара қарама-қайшы болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің физиологиялық механизмін қарастырсақ, онда сезімдер, ойлар, түйсінулер және т.б. мидың -материалдық мүшенің - қызметі, сыртқы тітіркену қуатының сана айғағына айналуының нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық пен материалдылылық   айырмашылығы   абсолюттік    сипатта       емес,салыстырмалы сипатта болады. Психика мен сана ми қызметінен бөлінбейді және де басқа ешқандай амалмен білінуі мүмкін емес.

Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.

Материяның дамуы дегеніміз - оның төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне өтуі, материя қозғалысының төменгі түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз материя, өлі табиғат болды. Материяның белгілі бір даму сатысында, оның ұзақ та көп жылғы эволюциясының нәтижесінде органикалық материя пайда болды, материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда болды. Материя дамуының үрдісінде өсімдіктер, жануарлар және ақырында адам өзінің санасымен - материяның ең жоғары туындысымен пайда болды.

Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық материализм дәрежелерінің жүйесіндегі бейнелеу дәрежесі негізгі мағынаға ие болады. Дәл осы дәреже арқылы психиканың неғұрлым жалпы және маңызды сипаттамасы айқындалады: психикалық құбылыстар объективтік шындықтың әр түрлі формалар мен субъективтік деңгейлер түрінде бейнелеу ретінде қарастырылады. Психологиядағы бейнелеу теориясы тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер лабиринтінде жол табуға, психология ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің әдістерін жасауға мүмкіндік беретін жалпы әдістемелік бағытының рөлін атқарады. Органикалық материяның қасиеті ретіндегі психиканың сапалық ерекшелігін не құрайды?

Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен басқа түріне ауыса отырып пайда болады. Биологиялық эволюция барысында заң жүзінде пайда болған психика оның маңызды факторы болып табылады.  Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.

Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі [2, 9 б].

Сонымен, психиканың қызметі шындықтың қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден және осының негізінде адамның әрекеті мен мінез-құлқын реттеуден құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық көзқараспен қарау, психиканың шындықтан ажыратылған және оған ешқандай қатысы жоқ тұйық дүние емес екендігін көрсетеді.

Диалектикалық материализм принципінің тұрғысынан қарағанда психологиядағы ғылыми ілімнің пәнін не құрайды? Бұған алдымен, психикалық өмірдің нақты айғақтары жатады. Психикалық өмір айғағы ретінде есті, яғни адамның жеке тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін алайық. Бірақ психология ғылымы психологиялық айғақты сипаттаумен ғана шектелуі мүмкін емес - оны түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды ашу керек. Теориялық және эксперименталдық зерттеулер дәл осы мақсатқа бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар арасындағы қайталанатын, маңызды, тұрақты, қажетті байланыстарды (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен, ес қызметінің өз заңдылықтары болады. Естің көптеген түрлері болатыны белгілі. Мәселен, материалды қайталау есте сақтауға ықпал етеді, ал құрылымы жақсы жасалған материал, байланыссызға қарағанда, оңай әрі тез есте сақталады.

Психика заңдылықтарын анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндеті ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықты анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Сондықтан психологиялық айғақтармен бірге психологиялық заңдылықтар да психологиядағы зерттеудің тақырыбы болып саналады.

Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.

Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

 Илина  Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.

 Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

 Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

 Педагогика  және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

 Детская  практическая психология. / Под редакцией  проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

 

 

 


Информация о работе Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері